Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2013 в 22:20, курсовая работа
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен айшықталады.
Қаржы бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айрбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.
Кіріспе
І-тарау. Инфляция экономикалық құбылыс ретінде
1.1 Қазіргі несие жүйесінің құрылымы............................................................4-7
1.2 Инфляция туралы ұғым................................................................................8-9
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.......................................................................................................10-20
ІІ-тарау. Қаржы және инфляция
2.1 Инфляцияның себептері мен салдары....................................................21-22
2.2 Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері.................................23-24
2.3 Инфляцияның түрлері. Филлипстің қисық сызығы..............................25-28
ІІІ-тарау. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясат шаралары
3.1 Инфляцияға қарсы саясат ........................................................................29-36
3.2 Әміршілдік-әкімшілдік жүйе жағдайындағы инфляцияның ерекшеліктері..................................................................................................37-38
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1.3 Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
«Инфляция» термині
(латынның inflation сөзінен шыққан –
кебіну,ісіну) ақша айналысына
қатысты ХІХ ғасырдың орта
шенінде пайда болды және АҚШ-
Инфляцияның дәстүрі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз массасымен лықа толып кетуі,оның құнсыздануы және оның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Демек,инфляция – бұл тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы және әркелкі өсуінде көрінетін ақшаның құнсыздануы. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс үдірісінің алшақтықтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай- күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
қолайсыз төмен балансы;
үмітке сенімнің жоғалуы.
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып,ол ақшаның құнсыздануымен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп келеді. Әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның жалпы деңгейінің артуы ретінде анықтайды. Алайда инфляцияның тауар бағасының өсуінде көрінгенімен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға болмайды. Бұл рыноқтық шаруашылықтың түрлі сфералардағы ұдайы өндірістің сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік экономикалық құбылыс. Инфляция әлемнің көптеген елдердегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның
өсу нәтижесінде ақшаның сатып
алу жарамдылығының құлдырауымен ғана
емемс,сонымен бірге елдің
Инфляцияның ішкі және сыртқы
факторлары (себептерін) айыра білу
қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай
– монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары –
бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы,экономиканың
циклдік дамуы,өндірістің монополиялануы,
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат,энергетика,валюта дағдарыстары),басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты,алтынды,валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.
Сөйтіп,көп факторлы үдіріс ретінде инфляция – бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс-әрекетін
қаржы проблемаларымен
белгілі бір салық
нысандары мен әдістерін
инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекееттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымы;
мемлекееттік бюджеттің тапшылығын жабудың әдістері;
мемлекеттік берешектің көлемі.
Жалпы қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің тиімділігі,оның институттары жұмысының жөнге салынғандығы ақша айналымының жылдамдығына,ақша айналысының жай-күйіне ықпал етуі мүмкін.
Ыңғайласпа материалдық баламаны ұйғармайтын мемлекет қаржысының сферасындағы қаржылық қатынастардың туу мүмкіндігінің негізін қалайды. Қаржы дағдарысы мемлекет шығыстарын,әсіресе өнімсіз шығыстарды көбейтудің қажеттігі бұл мүмкіндікті нақты болмысқа айналдырады.
Рыноқтық экономика
кезінде қаржы инфляциялық
Бірінші фактор – мемлекет шығыстарының өсуі,бұл ерекше төлейалушылық сұранымының артуына жеткізеді,сөйтіп тікелей баға белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне соқтырады,ал оның кірістері,ең алдымен салықтық түсімдер қажеттіліктен артта қалып қояды. Мұның өзі сөзсіз болатын ұзақ уақытқа созылған тапшылыққа ұрындырады. Бұл белгілі бір салық нысандары мен әдістерін қолдануды қажет етеді.
Екінші фактор – табысқа (пайдаға) салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға ауысады және рыноктағы бағаның көтерілуінің басты себебі болады.
Үшінші фактор – бюджеттердің ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік емес шығындардың неғұрлым өсуімен байланысты). Бұл инфляциялық сипаттағы шараларды мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың ауқымын реттеуді,мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың әдістерін қарастыруды қажет етеді.
Инфляция да қаржылық қатынастарды өзгерістерге ұшыратады.
Біріншіден,инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден,инфляция қаржы
ресурстарын құнсыздандырады
Үшіншіден,инфляциялық үдеріс мемлекеттің берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
Сөйтіп,қаржы мен инфляция
өзара тәуелді болып келеді,
Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі бюджет шығыстарының көбеюіне,мемлекеттің шынайы кірістерінің төмендеуіне,салық ауыртпалығының күшейту қажеттігіне,мемлекеттік бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады,өйткені салықтық кірістер мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақытын белгілі бір межелдемелері арқылы түседі,сондықтан алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі,өйткені қарыздарды тарату үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын кредиттік пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады,бұл мемлекеттік борыштың атаулы өсуін тудырады.
Қаржылық қатынастармен инфляциялық үдерістердің бір бағытты келеңсіз сипаты,бірін-бірі өзара толықтыра отырып,экономикалық жүйеде келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен,инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы,ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі,ақшалай жинақтардың құнсыздануы,нақтылы пайыздың төмендеуі,экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы
ұлттық шаруашылықтың түрлі
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші -1б пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің (“рынок себебі”) белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңінің бағасы
арасындағы арақатынасты өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп,өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді,сонан соң жүзге көбейтіледі:
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07; 1999-1,18; 2000-1,13; 2001-1,06; 2002-1,07; 2003-1,068; 2004-1,069; 2005-1,075; 2006-1,086.
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50 пайыз (немесе аптасына 11,5 пайыз) құрса, онда мұндай деңгей әсіре инфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп, Қазақстанда бұл деңгей 1992-1995 ж.ж. ішінде айтарлықтай асып түсті.
Соңғы жылдардың ішінде баға сферасында ең сәтті жыл 2001 жыл болды, бұл жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 6/4% - ға дейін төмендеді. Келесі жылдары оның деңгейін 3-5% - ға дейін төмендетуге сәті түседі деп ұйғарылды. Алайда 2002 жылдан бастап бағалардың өсуін бәсендету үрдісі тоқтатылды. Үш жыл бойына инфляцияның іс-жүзіндегі қарқыны берілген межелдемелердің жоғарғы шегінде болды және айтарлықтай шапшаңдады (кестені қараңыз).
2006 жылы инфляция 8,4%-да қалыптасты, ол орта есеппен жылына 8,6%-ды құрады. Оның деңгейі бюджетті қаланған және 2005-2007 жылдарға арналған ақша кредит саясатының негізгі бағыттарында анықталған (орта есеппен жылына 4,9-6,5%) бастапқы болжамды көрсеткіштерден айтарлықтай асып түсті. Кейінгі болжамдарға сәйкес тұтыну бағаларының өнуін 7% - дан аспайтын деңгейде ұстап тұру ұйғарылған бұл болжамдардан да инфляция асып түсті. Инфляцияның деңгейі баяу инфляцияның ауқымдарынан едәуір жоғары (яғни жылына 3-4%), ал соңғы жылдары оның динамикасы өсуінің тұрақты үрдісі болды. Бұл тауарлар мен қызметтер турасында ұлттық валютаның құнсыздануының күшейтіп отырған үдерісін білдіреді, осыдан – зейнеткерлер мен тіркелген табысы бар халықтын басқа топтарының тұрмыс құнының өсуі, инвестицияларға ынталандырмалардың төмендеуі және кәсіпкерлердің бағаларды жоспарлауға сенбеушілігінің қалыптасуы. Ақырында мұның бәрі экономикалық өсімнің қарқындарында жағымсыз бейнеленеді.
Инфляциялық үдерістің қуаттылығын бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратады:
Бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу – баға жылына 10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі –баға 100 пайыз шегіне өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
әсіреинфляция – баға жүздеген пайызға өскенде; баға мен табыстардың арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген инфляция кезінде - олардың бір-біріне ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық (болжап айтушылық) дәрежесіне қарай:
күтілген, болжалды және күтілмеген;
шығу немесе пайда болу орнына қарай:
импортталынған және экспортталынған;
сондай – ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын инфляцияның екі типі бойынша бақылап отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар инфляциясы) және шығындар инфляциясы (өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңи және жеке тұлғалардың ақша массасының өсуімен байланысты өнімге, тауарларға және қызметтерге сұранымның өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа, материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге (тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады. Нақты экономикалық өмірде инфляцияның бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар тығыз тоқайласады, өзін өзара толықтырады, бұл инфляциялық шиыршық деп аталынатынды тудырады, бұл кезде өндірістің өсуі нәтижесінде шығындардың көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының және экономиканың шектес секторларында материалдық шығындардың қосымша өсуін талап етеді және осылайша шексіздікке кете береді.
Нарықтық экономиканың механизмі
– бәсеке мен тиімсіз кәсіпорындардың
банкроттығы жеткіліксіз