Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 18:02, дипломная работа
Қазақстанның аса ірі индустриалдық аймағы – Қарағанды облысының қуатты өнеркәсіптік және ғылыми- техникалық әлеуеті көптеген шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін өте тартымды екендігі сөзсіз.
Қарағанды облысы экономикасының негізі – қара және түсті металлургия, кен өндіру өнеркәсібі және машина жасау.
Қарағанды облысындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар (шетелдік ивесторлардың қатысуымен):
КІРІСПЕ................................................................................................................3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕКСЕРІСІ................................................................................5
1.1 Дидактикалық ойын туралы жалпы түсінік...............................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін жүйелеудегі дидактикалық ойындардың мүмкіндігі..........................................................9
1.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны тану үдерісіндегі даму мен қалыптасу ерекшеліктері............................................15
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМДЕРІН ЖИНАҚТАУ ҮШІН ОҚЫТУ - ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ОҚЫТУ.................................................19
2.1. Эксперимент әрекеті..................................................................................19
2.2. Ата-аналармен жұмыс істеу арқылы экологиялық білімдерін дамыту .........................................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................24
Ойынға қатысушыларды қажетті құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, тағы басқа сондай болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына, оның түріне байланысты болу керек
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар: ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұл жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар т.с.с) балаларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру - оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден тәрбиешінің шеберлігін, үшіншіден балалардың психологиялық көңіл – күйінің болуын талап етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі, олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының тәрбиешінің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын – ала дайындап алуға, ойын процесіне балаларды белсенді ұйымдастыруға байланысты. [7,32]
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында балалар түрлі іс - әрекеттерді орындайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс - әрекеттің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс - әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс - әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда балалардың орындаушылықпен (қайта берілген үлгіге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жаңғыртумен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс - әрекеттер орындалады. Ойын элементтерін пайдалану нәтижелі болу үшін осы сияқты іс - әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыру керек. [17,135]
Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін төмендегі жүйе бойынша өткіземін:
1.Ойыншықпен ойналатын ойындар.
2.Үстел үстінде ойналатын ойындар.
3.Сөздік ойындар
Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктелінеді, сондай - ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсіп және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектеседі.
Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент - дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты.
Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке - дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты. [9,166]
Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі.
Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. [23,7]
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін жүйелеудегі
дидактикалық ойындардың мүмкіндігі.
Ересек топта балаларда қоршаған ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Баланың ой-санасы мен жүйесінің қозуы мен тежелуі ширығып, күшейеді. Тепе-теңдік сипат алады. Абстрактылы ойлау біршама дамиды, қоршаған орта туралы талдау, ой түю, жап-жақсы жетіледі. Бұл топтағы балаларда табиғат туралы түсінік тәрбиеші көмегімегімен (көшені, жолды тазарту, қарды күреу) балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулері. Қыс туралы картиналар, бақылаулар бойынша әңгімелесу, қыс қызығын тамашалау мен қатар қысқы табиғатты қорғай білуге назарларын аудару қажет.
Дидактика - термині гректің «дидактос», яғни үйрететін деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.
Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. [19,72]
Н.Н.Поддъяков балалардың қоғам және табиғаттың маңызды құбылыстары жайлы түсініктері бір- бірімен тығыз байланысты: олардың біреуі түсініктердің дамуына қарай байқалмай қозғала дамиды, жинақтайды деп атап айтқан. Бұл негіз болатын түсініктер қоршаған орта жайындағы пайымдауы мен түсінігін, алда кездесетін мәліметтердің, білімнің ерекшелігі мен бағытын анықтайтын баланың эстетикасының, дағдысының және ақыл - ойы дамуының зияткерлік дағдысының шеңберіндегі өзіндік бейнесін кескіндейтін түйінді нүкте болып табылады. Басқаша айтқанда, бастапқы түсінік олардың жаңадан пайда болуына қарамай, өмір көзқарастарының қызметін атқара бастайды. Олардың ішінде, баланың психикалық дамуының әртүрлі кезеңінің негізгі қорытындысы байқалады. Аталған түсінік баланың түйсік қызметінің дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасу дамуымен тығыз байланысты. [18,112-113]
Бұл көрініс адамның барлық өмірінде даму үстінде болады. Дәл осылар өмірдің әр түрлі кезеңдеріне керек болатын ақыл - ойдың дамуын қамтамасыз етеді, және бұлар мектепке дейінгі жаста жеткілікті дамиды. Бұл білімдер өзіндік дамуда бір-бірімен тығыз байланысты. Балалардың өлі және тірі, өмір және өлім секілді өмірдің маңызды құбылыстары жөніндегі тереңдетілген түсініктері, заттар мен құбылыстардың дамуы мен өзгеруі жөніндегі және олардың өткені мен бүгіні, болашағы жөніндегі, заттардың құрылымы туралы жалпы түсініктерінің өзгерісіне әкеледі. Бұл түсініктер балаларда болжам, нақты емес білім түрінде көрініс табады.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың бұл базалық түсініктері объективті өмірдің негізгі құрылымын ғана беріп қана қоймайды, сондай-ақ, бала таным тәжірибесіндегі жалпы ұйымдастырылуын, оның когнитивті ауқымындағы ұйымдастырылуын көрсетеді. Айтылған мәселенің маңыздылығы, бұл түсініктердің айналадағы құбылыстарды тануға әсер ететін жалпы формасының қалыптасуы мен тығыз байланыстылығында. Баланың әртүрлі заттар мен құбылыстарды тануда таным қызметінің өзіндік әдісінің тануы жүзеге асады [20,320].
Сонымен, қазіргі кезде ойлау құрылымының бастапқы түрі ерте дамып жатыр. Мектепке дейінгі жастың өзінде баланың ақылының дамуы маңызды роль атқарады. Осындай дәлелдер мен көп деректер жинақталады. 4-6 жастағы балаларда да уақыт пен кеңістік, қозғалыс пен тыныштық, өзгеріс пен даму, тірі мен өлі, заттар құрылымы, сан және сапа тағы сол сияқты түсініктер негізінің бастапқы деректер қалыптасу кезеңі өтеді.
Осыған байланысты И.Э.Куликовская мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрісінің кеңеюі мектепке дейінгі жастағыларға білім берудің маңызды міндеттерінің бірі деп есептейді [11,8].
Балалар қоршаған ортамен байланысына, қоршаған ортамен қарым- қатынасы мен оны тануына табиғи талпына алады. Кішкентай балаларда түсініктердің өзіндік түрінің бастамасы қалыптасады, қай жерде болмасын, қашан болмасын, үнемі өмірді танитын болады. Олар қоршаған ортамен қарым- қатынас жүргізе алмайды, керісінше қоршаған орта әртүрлі жолмен олардың эмоциялық, физикалық және қоғамдық дамуына әсер етеді. Бұл әсер оң немесе теріс әсер болуы мүмкін (егер бала үлкендерді өзіне қаратудың жалғыз тәсілі - «қоғамға қарсы»деп аталатын жүріс - тұрыс, қылығы деп санаса және соған сенсе). Келесі бір айта кететін мәселе, барлық мектепке дейінгі мекемелер білім берумен қатар, балаларға бірінші кезекте қамқорлық жасайтынын мойындауымыз керек.
Егер балаға көп көңіл аударылса, қамқорлық көрсетілсе, сонда әрбір тәрбиеші оларды оқытуда оқыту кезеңдерін белсендіре және жеңілдете алады, сонда ғана оқыту үдерісі тиімді болады. Білім беру мен тәрбие беруді ажырату мүмкін емес. Білім - бұл баланың жағдайы, бұл барлық жағынан қамтамасыз етілген және барлық негізді басшылыққа алынған, үзіліссіз үдеріс.
Мектепке дейінгі жастағы баланың өзінің жасына сәйкес маман- ізденуші саналады. Ол өзіне қызықты нәрселерге баса назар аударады. Педагогтар бұл ерекшелікті бұрыннан байқаған. Сондықтан да, мектепке дайындаудың сапалылығының жоғарылығына талпынысын ояту үшін балаларға арналған оқу түрі мен құралдарды ойлап табуға тура келді (дидактикалық ойындар, конструкторлар, құрастырмалы ойыншықтар, саяхат сабақтар, т.с.с).
Балалардың айналасындағы өмір жайлы түсініктерін кеңейту бағытында қолданылатын бақылау, қозғалмалы, шығармашылық ойындардың ішіндегі дидактикалық ойындар жиі қолданылады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны балалардың айналадағы қоғамдық өмірге, табиғатқа және заттарға дұрыс қарым - қатынас жасай білуін қалыптастырады, айналадағы өмір жайлы, әртүрлі мамандықтардағы адамдар жайлы білімін тереңдетеді және жүйелейді.
Дидактикалық ойындар көмегімен педагог балаларға өздігінен ойлауға, алған білімдерін қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі жағдайларда қолдана білуге үйретеді. Дидактикалық ойындардың көпшілігі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін табу, салыстыру, топтастыру, негізгі белгілер бойынша жүйелеу, дұрыс шешім қабылдау, ойлау жүйесіндегі бар білімдерін тиімді қолдана білуін міндеттейді. [3,6]
Дидактикалық ойындар балалардың зейін қабілетін дамытады. Пайымдау мен сезіну үдерісі қоршаған ортаны танудың негізі болып табылады. Дидактикалық ойындарды қолдану барысында балалар заттың түсін, көлемін, түрін ажыратуы дамиды, заттың құрылымы мен сапасын меңгереді, зейін тәжірибесі жинақталады.
Айналадағы өмірді тану мақсатында қолданылатын дидактикалық ойындар заттармен, жазбаша және ауызша түрде жүргізіледі.
Заттық ойындар - жапырақпен, тұқыммен, гүлдермен, жемістермен, көкөністермен, тағы сол сияқтылармен ойналатын ойындар. Бұл ойында заттардың сапасы мен құрылымы жөніндегі түсініктері артады, нақтыланады және айшықталады, оларды зерттеу білімдері қалыптасады, белгілі бір кезеңде зейін қалыптасады. Заттық ойындар, әсіресе, кіші және орта топтарда кеңінен қолданылады. Олар балаларға табиғаттағы заттарды білуге, оларды бір - бірімен салыстыруға, олардың өздеріне тән негізгі белгілерін байқауға мүмкіндік береді. Мұндай ойындарды топпен де, жекелей де, жасына қарай күрделендіруге болатындай етіп өткізуге болады. Күрделендіру білімнің кеңеюіне және ой өрісі мен әрекеттің дамуына ықпал етеді.
Жазба ойындар балаларға өсімдіктер, хайуанаттар, өлі табиғаттың құбылыстары жөніндегі білімін жүйелеуге, заттың кескінін сөзбен жеткізе білу білімін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ойындар сөзбен жүргізіледі (соған сәйкес келетін сөздерді немесе суретті пайымдау). Бұл ойын күнделікті баламен жұмыс істеумен ерекшеленеді.
Ауызша ойындар ешқандай құралдарды қажет етпейді. Олар сол заттың не болмаса басқа заттың әрекеті мен қызметі жөніндегі білімдерін бекіту, білімдерін жүйелеу мен толықтыру мақсатында ойналады. Бұл ойындар баланың сөз бен сөзді байланыстыруда жедел қабылдау, байқау қабілетін дамытады. Барлық дидактикалық ойындарға тән ереже бойынша ауызша ойын да солай жүргізіледі. Кіші топтарда ойын ойналған алғашқы кезде тәрбиеші балалармен қоса жеңіледі. Ойын барысында ол бір ережені бірнеше қайталап, оның жүзеге асуын қадағалайды. Ойынды қайталағанда қосымша ережелерді хабарлайды. Екінші кезеңде тәрбиеші сырт жағынан басқарып, өзі толықтай қатыспайды. Үшінші кезеңде балалар өздігінен ойнайды.
Ортаңғы топтан бастап, ойыннан басқа нәрселерді үйрене бастайды. Бастапқы кезде тәрбиеші ойынның мазмұнын айтады, бір - екі маңызды ережесіне тоқталады, ойын жүргізу барысында бұл ережелерді қайталап, ойын әрекеттерін көрсетеді, қосымша ережелер береді. Келесі кезеңде балалар өздігінен ойнайды, тәрбиеші оларды бақылайды, қателерін түзейді, реніш болмауын қадағалайды. Ойынға деген қызығушылықтары бәсеңси бастағанда, тәрбиеші ойынның жаңа түрін ұсынады [14,63-65].
А.В.Корзунның пікірі бойынша, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту тәжірибесінде жиі кететін қателіктердің бірі деп балаларға жүйеленген, дайын ақпараттардың берілуін айтамыз. Айналамен таныстыру бағытындағы әрбір таңдалған сабақтардың бағдарламалық мазмұнын саралайық. Біз міндетті түрде «үйрету..... туралы білімін қалыптастыру», «...- мен таныстыру» және тағы басқа міндеттерді кездестіреміз. Бұл ретте біраз көріністерді балалар танып қалғандықтан, олар үшін білімді қалыптастыру емес, оларды жүйелеу, оларды өзіндік таным қызметінде еркін қолдану үшін білімдерін бекіту және өңдеу мектепке дейінгі кезеңде оқытудың басты мәні болып табылады. [4,23]
Басқа да деректер бар: айналадағы өмірдегі болып жататын үдерістерді жақсы сезінеді, диалектиканың, ересектердің негізгі заңдарына бағынады, метафизика тұрғысында ойланады, құбылыстар мен уақиғалардың қарама - қайшылықтарын байқамайды (немесе байқағысы келмейді), белгілі бір үдерісті қарастырғанда айналадағы ақиқаттың шартын есептемейді. Басқаша айтқанда, кез келген мәселені қарастырады, барлық материалдық өмірден алыстата отырып тұрмыстық немесе ақыл - ес міндетін шешеді. Балалар ересектерге қарағанда, өмірді біртұтас жүйеде қабылдауда өте сезімтал. «Барлығы және барлығымен» деген оймен байланыстыруға талпынуды бала ақыл - ойының ерекшелігі ретінде танылады. Дәл осылар мектепке дейінгі жастағы балалардың дұрыс шешім қабылдамауының және ақылының дамымауының алдын алады: мұнда балалардың сөз шығармашылығының ағыны пайда болады. Бірақ, ересектер бұл талпыныстың бәсеңсуіне өздері жағдай жасайтынын сезінбейді, өз ұрпағына жазба ақиқатын есте қалатындай және керек уақытында қолдана алатындай етіп мұра етіп отырады. Қорытындысында, керек кезінде ғана меңгеру дағды болып қалыптасып кетеді [5,23-24].
Информация о работе Дидактикалық ойындар – қоршаған ортаны тану құралы