Дидактикалық ойындар – қоршаған ортаны тану құралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 18:02, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның аса ірі индустриалдық аймағы – Қарағанды облысының қуатты өнеркәсіптік және ғылыми- техникалық әлеуеті көптеген шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнату үшін өте тартымды екендігі сөзсіз.
Қарағанды облысы экономикасының негізі – қара және түсті металлургия, кен өндіру өнеркәсібі және машина жасау.
Қарағанды облысындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар (шетелдік ивесторлардың қатысуымен):

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМІН ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕКСЕРІСІ................................................................................5
1.1 Дидактикалық ойын туралы жалпы түсінік...............................................5
1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін жүйелеудегі дидактикалық ойындардың мүмкіндігі..........................................................9
1.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны тану үдерісіндегі даму мен қалыптасу ерекшеліктері............................................15
2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМДЕРІН ЖИНАҚТАУ ҮШІН ОҚЫТУ - ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ОҚЫТУ.................................................19
2.1. Эксперимент әрекеті..................................................................................19
2.2. Ата-аналармен жұмыс істеу арқылы экологиялық білімдерін дамыту .........................................................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................24

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой ӘШІМҚҰЛ А 25.12..doc

— 189.50 Кб (Скачать документ)

         Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

         Қарағанды  маңызды білім беру «Болашақ»  колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

            

              Курстық жұмыс

 

Тақырыбы: Дидактикалық ойындар – қоршаған ортаны тану құралы

 

 

 

 

                                                         Орындаған: Әшімқұл А.Д.

 

                                                             Ғылыми жетекші: Жұмырова Г.Ө.

 

 

 

  Тіркеу номері_______

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               Қарағанды – 2013ж.

Мазмұны

 КІРІСПЕ................................................................................................................3

1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ  ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМІН  ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ҚҰРАЛЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ  ОЙЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША  ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕКСЕРІСІ................................................................................5

1.1 Дидактикалық ойын туралы жалпы  түсінік...............................................5

1.2 Мектепке дейінгі жастағы балалардың білімін жүйелеудегі дидактикалық ойындардың мүмкіндігі..........................................................9

1.3 Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны тану үдерісіндегі даму мен қалыптасу ерекшеліктері............................................15

2. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӨНІНДЕГІ БІЛІМДЕРІН ЖИНАҚТАУ ҮШІН ОҚЫТУ - ТӘРБИЕЛЕУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІ ҚОЛДАНУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ОҚЫТУ.................................................19

2.1. Эксперимент әрекеті..................................................................................19

2.2. Ата-аналармен жұмыс істеу  арқылы экологиялық білімдерін  дамыту                                                                                        .........................................................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................24

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         

            Кіріспе

 

  Курстық жұмыстың көкейкестілігі:

           Мектепке дейінгі кезең - осындай қабілеттердің негізін қоршаған ортаны белсенді зерттеу барысында қалыптастыратын кезең. Балаларда белгілі бір жаңа затты, ерекше затты тануда нақты талпыныс болмайды. Қоршаған ортаны тану кезінде балада өмірге деген өзіндік көзқарасы, өмір туралы өзінің сурет әлемі пайда болады. Мектепке дейінгі жастағы баланың ой - өрісін кеңейту мектепке дейінгі білім берудің ең басты міндеттерінің бірі ретінде танылады. Сондай-ақ, білімді қалыптастыру емес, оларды жүйелеу, өзіндік таным қызметінде оларды еркін қолдана білу мен білімдерін бекіту - мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың басты мәні.

Балалардың қоршаған ортаны танудағы өзіндік ойларының дамуына пайдаланылатын шығармашылық, қимылдық, бақылау ойындармен қоса, кең тұрғыда дидактикалық ойындарда қолданылады. Дидактикалық ойын- бұл өмірді тану құралы: ойын арқылы бала заттардың құрылымын, түрін, түсін, пішінін, өсімдіктер мен жан - жануарларды білетін болады. Ойын ойнату барысында балаларда бақылай алу қабілеті дамиды, қызығу ортасы кеңейеді, талғам мен сұрақтары пайда болады.

Шетел елдерде ойындардың, оның ішінде дидактикалық ойындардың қағидасын мына ғалымдар жасады: К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.А.Сухомлинский,  О.С.Газман, А.И.Мазаев, Н.Н.Шацкая, А.К.Бондаренко, А.В.Корзун, Р.М.Миронова, И.Я.Гуткович, Т.В.Владимирова, С.В.Кишко және тағы басқалар.

Курстық жұмыстың мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта жөніндегі білімін жүйелеу және дидактикалық ойындардың қолдану тиімділігін білу үшін оқу - тәрбие үдерісіндегі дидактикалық ойындардың қолдану ерекшелігін оқыту.

Курстық жұмыстың міндеттері:

          -    дидактикалық ойын туралы  жалпы  түсінікті анықтау;

          - мектепке дейінгі жастағы балалардың  білімін жүйелеудегі дидактикалық  ойындардың мүмкіндігін анықтау;

         -  мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған ортаны тану үдерісіндегі даму мен қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

        -     дидактикалық ойындарды қоршаған ортаны тану құралы екенін

              іс-тәжірибе жүзінде тексеру;

         Курстық жұмыстың нысаны: мектепке дейінгі жастағы балалардың оқу - тәрбие үдерісі.

Курстық жұмыстың пәні: оқу - тәрбие үдерісіндегі дидактикалық ойындар.

Курстық жұмыстың теориялық негіздері: дидактикалық ойындардың қоршаған ортамен таныстырудағы маңыздылығы.

Курстық жұмыстың әдістемелік негіздері: дидактикалық ойындар қоршаған ортаны тану құралы ретінде  дамытудың тәжірибелік жолдары анықталды.

          Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 5 тақырыптан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, көлемі 24 беттен тұрады.

            Курстық жұмыстың болжамы: дидактикалық ойындар мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта жөніндегі білімін жүйелеу үдерісіне қалыпты ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың қоршаған орта жөніндегі білімін жүйелеудің құралы дидактикалық ойындардың мәселесі бойынша әдебиеттердің теориялық тексерісі

         1.1 Дидактикалық ойындар туралы жалпы түсінік

 

Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады. 
Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.

Әр қашан да тәрбиеші ойынға койылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

  1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен 
    материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы 
    керек
  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.
  3. Ойынға топтағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші  балалардың түгел қатысуын қадағалауымен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғүрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. [2,87]

Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылады. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады. Сондыктан да тәрбиешіге жүктелер міндет жүгі өте ауыр. Шәкірттерінің ертеңін ойламаған ұстаз еліміздің болашағына жаны ауырмағаны. Ісіне берілген жаңалықты жатсынбай, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, баланың жанына нұр құя білу тәрбиеші парызы деп білеміз. Көп балалар тәрбиешісіне ұқсағысы келеді. Тәрбиеші бақыты мен қуанышы - оның шәкірттері білімді болып, тәрбиеші сенімін ақтай білуі. Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек. Тәрбиешінің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты. Ағартушы Ы. Алтынсарин "Егер шәкірт бір нәрсені түсінбесе оған баланы кінәламау керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн" деген ойды айтқан.

Тәрбиешілер мен балалардың ойын мен тәжірибе сабақтарына қызығушылығы балалар үшін әсерлі де тартымды ойын тәсілі болса,бала үшін бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын түрінде өтетін сабақтар балаларды бала-бақшадан шыққаннан кейінгі өмірге дайындайды. [22,10]

Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын - оқу, еңбек іс - әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез - құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдык тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі.

Әлі де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне байланысты функциялары анықталуда. Ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, дамиды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір - біріне деген сенімділігін арттырады.

  Ұлы Абайдың: «Ойын ойнап ән салмай өсер бала болама?» деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бала-бақша балаларының психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар өз еңбектерінде айтып кеткен: Ж. Аймауытұлы, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров.

Педагогикалык үрдісті жетілдіру ойынның алар жөнінде Қазақстандық ғалым Н. Құлжановада зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті негізгі іс әрекет және өмірі деп дәлелденген. Оның айтуы бойынша ойынды әдептілік тәрбиелік мақсатқа пайдалану болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу деп түсіндірген.

  Кезінде К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі - балалық үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай жасау керектігін атап көрсеткен болатын. 
Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек». 
         К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескерсе, былай деп жазады: «Бала табиғатты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді». 
Дидактикалық ойын көпжоспарлы, күрделі педагогикалық құбылыс екенін білдіреді: ол әрі балаларды оқытудың ойын әдісі, әрі оқыту түрі, әрі өзіндік ойын әрекеті, әрі баланың жеке тұлға болып қалыптасуына жан - жақты тәрбие беру құралы болып саналады.

Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар оқытуға арналған.

Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортамен танысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. [1,35]

       Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту, игі қасиеттерді тәрбиелеу.

        Дидактикалық ойындардың мазмұны - қандай да болмасын ақыл - ой міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балаларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, балаларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

       Тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орындалғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.

       Адам өскен сайын ойын өзінің мәнін, жетекші ролін жоғалта бастайды. Бірақ ол кейбір адамдарда өмірлік іске айналады (шығармашылық, техникалық және басқа да мамандықтар). Ойын тарихы, оның еңбектен пайда болғанын көрсетеді, ендеше ол адамдар үшін еңбектің түрі болып қала береді.

       Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол -мазмұнының тәрбиелік - танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.

       Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан - ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып – үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.

Информация о работе Дидактикалық ойындар – қоршаған ортаны тану құралы