Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың мақсаты тұтынушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететіндей есеп жүйесін құру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға кәсіпорын басшысы жауап береді, ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға, бас бухгалтердің есепке қажетті құжаттар толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой б.docx

— 69.16 Кб (Скачать документ)

Бұл кемшілікті жою  үшін нормативтік әдісін қолданады, бұл кезде өнімнің бір өлшемінің  және шығарылымның өзіндік құны нормативтік  өзіндік құнмен салыстырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Дайын өнім және оның сату есебі. 

   Дайын өнім — өндірістік үрдістің соңғы нәтижесі. Ұйым  сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен жасалған келісім шарттардағы өнімнің сапасы, көлемі, түрлері жайлы шарттарға байланысты өнім дайындап, шығаруды ұйымдастырады. Ол өнімнің  стандартқа сәйкес және техникалық шарттарға сәйкестігі техникалық бақылау қызметінен өткендігі паспорт, сертивикаты және тағы басқа құжаттарымен  куәләндірылған  қоймаға қабылдап алғаны  және басқа жәйлары міндетті түрде АКТ пен рәсімделеді

Дайын өнімді есептеу  үшін 1320 «Дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлы шот пайдаланылады. Дайын өнім Кәсіпорынның  айналым қаражат құрамына кіреді. Және қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша кіреді.  Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең аяқталғанан кейін ғана анықталады. Есепті кезең соңында ауытқудың пайызынан сомасын есептеу  жолымен  шығарылып оның есептік баңасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді. Ауытқудың % мен  сомасы ай ішінде түскен және ай басындағы өнім қалдығынан есептеледі. Ауытқуды мына формуламен есептейді:

 

Дайын өнімді жөнелту  мен сату. Дайын өнімді босату үшін бұйрық – жүкқұжаты жасалады, онда екі құжат  біріктірілген: қоймаға  берілетін бұйрықты және босату жүкқұжаты. Қоймада берілетін бұйрықты тиісті қызмет бөлімі сатып алушымен  жасалған  келісім шарттың негізінде, сатыпалушының атын, өнімнің көлемі мен түрлерін,жіберілу мерзімін көрсете отырып толтырады. Материалды жауапты тұлға әрбір бүйрық бойынша өнімдерді  жинақтап, оларды босату үшін экспидиторға береді, «Жіберілді » деген графаға өнімнің саны көрсетіледі.

Құжатқа қызмет бөлімінің  бастығы, қоймашы және экспидитор қол  қояды. Бұйрық – жүкқұжатқа екі дана етіп жасалады: біріншісі экспидиторға беріледі, Ол тауарлы көліктік жүкқұжаты  бойынша, сатып алушы қабылдап  алатын  стансаға дейін қанша сома тасмалдау құны төленгенін, қанша жүктің жіберілгенін, оның орнына санын көрсетеді; екінші жүктің жіберілгендігін растау үшіе қоймаға қалады, Осы құжат бойынша қойма есебінің карточкасында «Шығыс» графасында жөнелтілген жүктің мөлшері көрсетіліп, ол бухгалтерияға өткізіледі. Келесі күні экспидитор бұйрық-жүкқұжатын және көлік тасмалдау ұйымының түбіртегін, типтік формадағы және шот-фактураны сатып алушының атына жазып беру үшін ұйымның бухгалтериясына өткізеді.

Олар бұйрық –  жүкқұжатынан басқа, теміржолдың, басқада  тасымалдау мекемелернің стансадан  жүкті жіберілгендігі туралы белгісі  бар жүк  тасмалдау құжаты немесе коносамент, жұмысы қабылдау актісі және басқа да тиісті құжаттар болуы мүмкін.

Дайын өнімді шығарудың  және оның қоймадағы есебі. Дайын өнім өндіруді ұйым бухгалтериясы тұрақты түрде бақылап отыруға тиіс. Дайын өнім шығару туралы құжаттар бухгалтерияға күнделікті келіп тұрады, сол жерде өнімнің түрлері, көлемі жайлы натуралды түрде есеп жүргізіледі. Ай аяқталғаннан кейін шығарылған барлық өнімнің көлемі жоспарлау, сату бағасымен және нақты өзіндік құнымен бағаланады (өндірістің аналитикалық есебі бойынша).  Есеп жүргізудің журнал-ордерлік формасына сай, шығарылған өнімнің нақты өзіндік құнының сомасы № 10 журнал-ордердің 1320 «Дайын өнім» деп аталатын счеттар тобының дебитінде  және 8110 «негізгі өндіріс» деп аталатын счеттың кредиті бойынша көрсетіледі. Қоймадағы дайын өнімнің есебі оперативті-бухгалтерлік тәсіл бойынша жүргізіледі, яғни әрбір өнімнің номенклатурасы бойынша ТМҚ-р (ТМҚ-5) карточкасы ашылады.

Колледж білім берумен  айналысқандықтан  дайын өнімі болып оқушылардың оқу ақысынан  тапқан табысы болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық  есеп беру, оның мәні.

Есеп беру дегеніміз–меншіктің  барлық түріндегі кәсіпорындардың  қаржы шаруашылық қызметін және ұйымдық– құқықтық мәртебесін кешенді түрде  сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.

Берілетін есептің деректеріне  жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі  және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай–ақ министрліктер, ведомостволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен  міндеттемелерін және оның басшы  органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары  берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға  қатысты экономикалық саясат пен  салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады. Оларға сондай–ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық  деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Қаржылық есеп негізінде  субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақыттында аңдап, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай–ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа  жетуге болады. Кәсіпорындағы қаржы  қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайжы, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі мен қаржылық жағдайының қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорының төлем қабілетіне кепілдік береді.

Алайда, субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына  қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты–оның қызметіне қажетті  капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен  басқа да инвесторлар есептен  алатын ақпаратқа қанағаттануға  тиісті. Мұндай жағдай ақпарат пайдаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап  беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты  есеп деп аталады, ол барлық тұтынушыларға  арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Кейбір тұтынушылар, мысалы несие берушілер қосымша ақпарат  талап етуі мүмкін. Алайда, тұтастай алғанда, есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты  және ол бәрінен бұрын өз капиталын  субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.

Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:

  1. Меншік иелеріне (қатысушыларға, құрылтайшыларға) немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
  2. Кәсіпорының тұрған жеріндегі салық органдарына;
  3. Жергілікті қаржы органдарына;
  4. Мемлекеттік статистикалық органдарына;

Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістікрі туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.


Информация о работе Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі