Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың мақсаты тұтынушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететіндей есеп жүйесін құру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға кәсіпорын басшысы жауап береді, ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға, бас бухгалтердің есепке қажетті құжаттар толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой б.docx

— 69.16 Кб (Скачать документ)

Аванс есептерін бухгалтерия  тексереді, сонан соң оларды субъектінің  басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген  аванс есептері және оларға қоса тіркелген  құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп беруші адамдарға қайтарылады.

Есеп беруге тиісті адамдар  өздеріне берілген аванстарды толық  қайтармаса, онда ол олардың сомасы жалақысынан біртіндеп немесе түгелдей ұсталады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома еңбеккерлерге кассадан беріледі.

Іс-сапары бойынша жұмсалған  шығыстардың есебі. Іс-сапар шығыстары деп кәсіпорын басшысының жарлығы бойынша белгілі бір мерзімге қызмет бабының тапсырмасын орындау үшін қызметкерлердің (еңбеккерлердің) басқа кәсіпорынға бару үшін алған қаражатын айтады. Ол алдын-ала жасалған еңбек шартымен, Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" заңымен қаралған шаралар бойынша беріледі. Іс-сапар шығыстары өтелетін шығыстар қатарына жатады.

Қазақстан Республикасының  аясында іс-сапарда жүргендерге  екі ең төменгі есептік көрсеткіштер (ТЕК) деңгейінде тәулік ақысы тәленеді, демалыс және мейрам, сондай-ақ жолда  болған күндері де қоса есептелінеді.

Іссапарға жіберілген қызметкердің үй-жайды жалдауына кеткен шығындары  негізінен ұсынылған құжаттардың  негізінде, бірақ Қазақстан Республикасының  Қаржы Министрлігі бекіткен мөлшерден  артық емес көлемде өтеледі.

Іс-сапар бойынша өткізілген аванстық қүжаттар бойынша белгіленген  норматив деңгейінде және тиісті кұжаттармен  дәлелденген жағдайда: іссапарда  көрсетілген жеріне дейін және кері жүрген жолына кеткен нақты шығындарымен қоса броньға кеткен шығыстары да қоса алынады. Келгеннен кейін бес күннің ішінде алған аванс бойынша есеп беру керек.

Негізгі құралдар және

материалдық емес активтердің есебі.

Негізгі құралдар  дегеніміз ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

НҚ-ң келіп түсуі  НҚ-ды қабылдау-өткізу (ф.№ НҚ-1) нысандағы  актімен рәсімделеді. Ол жекелеген  объектілерді НҚ-ң құрамына есептеу  үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, НҚ-ң бөлімше  ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, НҚ-ды қоймадан пайдалануға беру үшін , сондай-ақ  басқа субъектіге беру мақсатында  НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. НҚ-ды қабылдауды рәсімдеген кезде  басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы  әр бір жеке бір дана объектіге акт жасайды. Акт рәсімдеогеннен кейін  осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды  және субъект басшысы немесе уәкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдегенде акт 2 данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылғанда акт 3 дана жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады.

Негізгі құралдардың  есебі активтік 2410 шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен  немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға  пасивтік 2420 шоттар арналған.

НҚ-ң келіп түсуі.

НҚ-р кәсіпорынға  сатып алуға байланысты, құрылыс  нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға  салым ретінде  және т.б. жағдайларда келіп түседі.

НҚ-р өндіріс  үдерісіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық  күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен  өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Амортизация – бұл  тозудың құндық белгісі.

Амортизациялық  құн- дегеніміз бастапқы құн мен  жою құнының арасындағы айырмашылық.

Амортизация нормасы  – бұл амортизациялық аударымдардың  жылдық сомасының НҚ-ң жылдық орташа құнына қатынасы.

1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі.  Объектінің амортизациялық құны  ай сайын бірдей сомамен есептен  шығарылады.

2. Өндірістік әдіс. Амортизация объектіні пайдалану  мен уақыт бөлігінің нәтижесі  ғана болып табылады деген  негіздеме оны есептеген кезде  ешқандай роль атқармайды.

3. Сандар сомасы  бойынша құнды есептен шығару (кумулятивті) әдісі  есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады.

4. Кемімелі қалдық  әдісі амортизацияны есептеу  бастапқы құнынан емес, баланстық  құннан  жүргізілуге тиістілігін білдіреді.

НҚ-ң шығарылуының есебі.

НҚ объектілері  субъектінің бухгалтерлік балансынан:

1. физикалық және  моральды тозғанда;

2. шаруашылық қызметте  пайдаланылмаған объектілер сатылғанда;

3. жарғылық капиталға салым ретінде басқа субъектілерге берілгенде;

4.  басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;

5. қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;

6. кемшіліктерге, табиғи апаттарға және басқа себептерге байланысты есептен шығарылады.

Материалдық емес активтер есебі.

Материалдық емес активтер — өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын ( 1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.

Материалдық емес активтерге (МЕА): лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан  алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды  пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

МЕА-ді  бағалау:

1. Басқа банктер  мен адамдардан ақыға сатып  алынған МЕА есепте оларды  сатып алуға жұмсалған нақты  шығындардың сомасымен көрсетіледі;

2. Банкке өтеусіз  келіп түскен МЕА сараптау  жолымен бағаланады;

3. Жарғылық капиталға  салым ретінде құрылтайшыдан  келіп түскен активтер есепте  тараптардың келісімімен белгіленген  құн бойынша көрсетіледі.

МЕА-р басқа банкке табыс етілгенде  ( сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі.

МЕА амортизациясын ексепке алу үшін 11 «МЕА амортизациясы» бөлімшесінің 5784 шоттары көделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 5784 шоттардың кредиті бойынша  МЕА амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 5784 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.

МЕА аудиті ретінде  қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты  қолда бар, құжаттарда көрсетілудің  анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.

Белгіленуі мен  атқарылатын функцияларына байланысты МЕА үш негізгі топқа бөлінеді:

1. Санаткерлің ( зияткерлік) меншік.

2. Мүліктік құқықтар.

3. Кейінге қалдырылған шығындар.

Санаткерлік  меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер ( модельдер),  өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.

Мүлік пайдалану жөніндегі  мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын ( жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін ( учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін  және т.с.с.

Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады: ұйымдатыру шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тауарлы – материалдық  қорлар және

жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі.   

  Өндіріс процесінде еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы заттары ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы өндіріс процесіне қатысады және олардығ құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып  өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Колледжде тауарлық-материалдық  қорлар келесідегідей активтер түрінде  болады: материалдар, сатып алынған  жартылай фабрикаттар, отын, ыдыс материалдары қосалқы бөлшектер, басқада материалдар, дайын өнім, тауарлар, аяқталмаған  өндіріс

Бухгалтерлік есеп шоттың бірінші бөлімінде, яғни  қысқа марзімді активтер бөлімінде көрсетілген.

1300 Тауарлық-материалдық  қорлар

1310 Шикізат пен  материалдар

1320 Дайын өнім

1330 Тауарлар

1340 Аяқталмаған  өндіріс

1350 Өзге қорлар

Тауарды қабылдаушы ұйым, ҚР Кабинет министірлігінің 9.11.1994ж  №1240 ж, қаулысымен бекітілген, қнімдер  мен тауарларды көлемі мен сапасына сай қабылдап алу тәртібі жайлы  Нұсқауын  басшылыққа алуға болады.  Шоттардың үлгілік жоспарында, қолдану мерзіміне байланысты, есеп жүргізу шін төмендегі счеттарды қолданады: 1610 « Берілген қысқа мерзімді аванстар», 2910«Берілген ұзақ мерзімді аванстар »; 3310 «Қоюшылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредитролық қарыздары», 4110 «Қоюшылар мен мердігерлердің ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздары».  Жеткізушілерден келіп түскен құндылықтар үшін , счет-фактуралар, жүкқұжаттар, актілер және тағы басқа құжаттар толтыру талап етіледі, Құндылықтармен қоса келген құжаттарға сәйкес, қоймадағы материалдар есебін жүргізетін каточкалар толтырылады, сол арқылы материалдардың қозғалысы бақылауға алынады. Қоймадан жіберілетін материалдар үшін лимиттік-алым карточкасы толтырылады.

ТМҚ-ның бухгалтериядағы  есебі.  Колледжде материалдардың бухгалтериядағы талдамалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Бухгалтерияда материалдың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдарың кіріс етілуіне, босатылуына жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгалтериядағы карточкаларда, қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.         

ТМҚ-ның есептен  шығарылуы. ТМҚ-лардың есептен шығарылуы  типтік формаларының (талап,акт т.б.) негізініде, бас директордың қолдауымен жүргізіледі және сәйкес кіріс түскен кезде шығысқа жатқызылады. Егер ескірудің, бұзылудың салдарынан ТМҚ-лар  өзіндік құнын өтей алмаса, онда Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономикалық колледжі қорларды сатылу мерзіміне қарай  өткізілу мүмкіндігін таза құнымен  бағалайды.           

ТМҚ-ны түгендеу.  Колледжде  коймадағы ТМҚ-рға жоспарлы түгендеу жылына бір рет 1 қаңтарда жүргізіледі. Түгендеуді жүргізу үшін басшының бұйрығымен комиссия тағайындалады. Сонымен қатар әрбір бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.

Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін  қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық  ұйымдармен келісім-шартка отырады.

Демек, кәсіпорын  жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар  және мердігерлермен есеп айырысу» шотын  пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының  деңгейіне және нысандарына (алдын-ала  төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған  материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті  бойынша жабдықтаушылардың акцептелген  шот-фактурасы және дебеті бойынша  — есеп айырысу, валюталық және басқа  шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы  журналда, машинограммада немесе тізімдемеде  әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап  тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат  бойынша есеп айырысуларды бақылап  отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі  журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне карай журналда кіріс  құжаттары бойынша есепке алынады  да, қоймаларға босалқы қорлардың  немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде  алынған деректер негізінде келіп  түскен күнін жазып кояды. Журналдың деректерін 3310 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады.

Қойма шаруашылығының ұйымдастырылуы.

Қойма шаруашылығының өнеркәсіптегі  маңызы, жүйесі. Кәсіпорындағы өндірісті материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, өнім өткізу жұмыстарьш жэне қойма шаруашылығын ұйымдастырудың міндетіне кэсіпорынның қызметіне қажетгі шикізат қорын, материалдарды, сатып алынатын жартылай фабрикаттарды, аяқталмаған ондіріс өнімдерін және сатуға шығарған дайын өнімді сактау жэне тұтынушыларға жіберу сияқты жүмыстар жиынтығы жатады.

Материалды құндылықтардың сақталуы, олармен өндірісті үздіксіз қамтамасыз ету, айналым қаржыларының айналу жылыдамдығы, өнім сапасы мен  кұны қойма шаруашылығы жұмысының  сапасын анықтайды. 
Кәсіпорын қоймалары бірқатар белгілеріне қарай жіктеледі. 
Қызмет корсету саласына қарай қоймалар цехаралық (орталық) (кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтуға арналған) жэне цехтың (яғни, дайын өнім сақтайтын қоймалар) болып бөлінеді.

Информация о работе Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі