Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 17:07, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың мақсаты тұтынушыларды қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететіндей есеп жүйесін құру.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырып, шаруашылық операцияларын орындау кезіндегі заңдылықты сақтауға кәсіпорын басшысы жауап береді, ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға, бас бухгалтердің есепке қажетті құжаттар толтырып, деректер беруге қатысты талаптарын кәсіпорынның барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, қызметкерлерінің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовой б.docx

— 69.16 Кб (Скачать документ)

Ақша қаражатының  есебін жүргізу үшін, шоттардың үлгілік  жоспарындағы

1000 – Ақша қаражаттары

1010 – Кассадағы  ақша қаражаты

1020 — Жолдағы  ақша

1030 – Ағымдағы  банктік шоттағы ақша қаражаты

1040 – Карт-шоттағы  ақша қаражаты

1050 – Жинақ шоттардағы  қаражат

1060 — Өзге ақша  қаражаты

Счеттарының тобы пайдаланады.

Ақша қаражатының  есебін жүргізетін счеттарының, актив  есебін жүргізетін счеттарға жатады.

Колледжде ұйым кассасына  қалма-қол ақшаның түсуін ресімдеу үшін ақпаратты компьютерде өңдегенде  де қолданылады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.Қолма-қол ақшаны берумен байланысты операциялар шығыстық кассалық ордермен (ШКО) № КО-2 ф. немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискалъды коды бар бақылау-кассалық аппараттар арқылы жүргізіледі. Кассадағы аппарат «Меркурий 115Ф» маркасы 2006 жылы 17 маусымда қойылған.

Колледжде кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен  беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО –лерді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар жоқтығын,растығын; ал ШКО – да басшының да қойылған қолы бар екенін тексеру; құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын; құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын. Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады. Колледжде ұйымының ақша қаражаттар қозғалысы шетел валюталық шотында жүргізілмейді. Колледжде  ақшалай қаражаттарды тексеру жылына бір рет берілген айдың отызына қарай жүрізіледі немесе басшының бұйрығымен жоспарланбаған тексерулер жүргізіледі. Түгендеу қорытындыларын «ақшалай қаражаттың бар жоғын түгендеу актісімен» жеке рәсімделеді. Колледж құрылтайшысы ҚР заңды тұлғасы  Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университеті акциянерлік қоғамы болып табылады.

Есептесу  шотындағы операциялар.    

  Есептесу шотындағы операциялар, шоттардың үлгілік жоспарындағы 1030 счетында жүргізіледі. Счеттың дебетінде колледжде ай басындағы бос ақшаларының қалдығы көрсетіледі. 1030 счет бойынша операциялар қозғалысын есепке алуда журнал-ордерлік формадағы есептесу қолданылып, олар №2 журнал-ордерлік және №2 ведомоста жүргізіледі

Колледжде 1030 счеттың  кредиті бойынша жасалатын сома айналымын көрсету үшін №2 журнал-ордер  пайдаланады. Осы счеттың дебетінде сома  айналысы әртүрлі журнал-ордер жазылып, сонымен қатар, №2 ведомос бойынша бақылауға алынады. Кай уақытта жасалғанына қарамастан, әр банкілік құжат үшін бір жол бөлу, регтстрлерді толтырылады. №2 журнал-ордер мен ведомостағы толтырылған жолдардың саны сол кезеңдегі банкіден алынған банкілік құжаттардың санына тең болуға тиіс.

Колледж өз еңбеккерлермен есеп айырысыды және жабдықтаушылардан  негізгі құрал және материалды емес активтер сатып алған немесе сатқанда есеп айрысу шотын қолданады.

Ағымдағы  валюталық шоттағы 

ақша  қаражаттары есебі.

Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:

а) ұлттық;

б) еркін  айырбасталатын  (шетелдік басқа  валюталарға еркін және  ек-теусіз айырбасталатын);

в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);

г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді  өзара  есепке  алу  негізінде   қолма-қолсыз  есеп айырысуға   қатысушылар  келіскен   валютада)  операциялар жасайды.

Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының  барлығы, нормативтік актілерде  қарастырылғаннан басқасы, тек теңге  түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан  Республикасындағы резиденттер  және резидент еместер арасындағы валюталық  операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.

Валюталық операцияларды  жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы    №54-1 «Валюталық ретту туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып табылады.

ҚР Ұлттық банкі  Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы  № 206 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды  жүргізудің ережесіне» сәйкес валюталық  операцияларды жасау үшін заңды  және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.

1) Валюталық шотты ашу туралы етініш;

2) Құрылтай құжаттарының  нотариалды растәлған кешірмесі;

3) Әкілетті тұлғалардың қойған  қолдары  мен  мөртабан белгісінің үлгілері;

4) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

5)Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.

Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.

Заңды тұлғалар —  резиденттері өкілетті банктердегі  шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 «Қазақстан Республикасының  банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы» Нұсқауда қарастырылған болатын.

Занды тұлғалардың  өкілетті банктердегі есеп шоттарына  қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп  түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде  есепке алынады.

Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.

Шетел валютасын  сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер  шетел валютасын сатып алуға  тапсырысты әзірлеу кезінде сатып  алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді  орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған  күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша  ішкі валюталық саудада сатуға тек  банкке ғана өкілеттік берілген.

Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып  алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы  тиіс.

Заңцы тұлға —  резидент толықтай немесе жартылай сатып  алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Занды тұлға-резиденттерге  валюталық операциялар бойынша  көрсетілген банктік қызмет түрлеріне  өкілетті банктер арқылы тараптардың  келісімі бойынша ұлттық немесе шетел  валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған  несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен  басқа да төлемдердің шетел валютасымен  орнын жабуға тыйым салынады.

Занды тұлға –  резиденттер пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқада  түсімдер ретіндегі түскен шетел  валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді.

 

Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.

Ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметін жүзеге асыра отырып, заңда  және жеке тұлғалармен ақшалай есеп айырысуға негізделген қарым  – қатынастарға түседі. Есеп айырысулардың  көп бөлігі қолма – қол ақшасыз  тәртіпте, яғни банк мекемелері арқылы жүргізіледі. Ұйым банк мекемелері арқылы жүргізетін қолма – қол ақшасыз  есеп айырысулармен қатар, касса  арқылы қолма – қол ақшамен  операцияларды да (еңбек ақыны  беру, есеп беруге тиісті тұлғаларға авнстар  беру, іс сапар ақысы және басқадай ұсақ шаруащылық қажеттіліктеріне ақша беру) жүргізіледі.

Ұйымдардың қолма –  қол ақшамен жүргізетін операцилары  кассалық операциялар деп аталады, олар сәйкесті нормативтік актілермен реттеледі.

Ұйым қолма – қол  ақшамен есеп айырысуды жүзеге асыру  үшін кассаны пайдаланады және белгіленген  үлгідегі касса кітабын жүргізеді. Сондай – ақ ұйым қолма-қол ақшалармен еңбекке ақы төлеу бойынша, есепті тұлғалармен, дебиторлармен және кредиторлармен қолданыстағы заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы жүзеге аспайтын төлемдер бойынша есеп айырысады.

Ақшаның сақтығын қамтамасыз етуде кассада жұмысты дұрыс  ұйымдастырудың маңызы зор. Касса орналасқан бөлме бөлектенген, терезелері темірмен торланған, дабыл құралдарымен жабдықталған болуы қажет. Ұйым басшысы кассадағы  ақшаның, сондай – ақ оларды банкке өткізгенде немесе банктен алып келгенде сақтығын қамтамасыз етуге міндетті. Басқа ұйымдардың жеке тұлғаларынаң ақшасын кассада сақтауға тиым салынады.

Ұйымда кассирдің материалдық  жауапкершілігі жөніндегі ұйым төрағасымен  кассир арасында келісім шарт жасасқан. Онда кассир мен төрағаның міндеттері мен жауапкершіліктері көрсетіліп, екі данада толтырылған. Және тараптардың  қолдары қойылған.

Осы келісім шарттың негізінде  ұйымның кассирі «Кассирдің міндеттемесін» қабылдайды, онда кассалық операцияларды  жүргізу ережелерін орындауға, оны  бұзған жағдайда жауапкершілікті өз мойнына алуға міндеттенеді. Сондай – ақ кассалық операцияларды жүргізу  тәртібімен танысқандығын растап, қолын  қояды.

Ұйымның кассирі ауысатындай  болса, онда кассаны және құндылықтарды  өткізу – беру актісі бойынша рәсімдейді.

Кассаға қолма – қол  ақшалар есеп айырысу шотынан  ақшалай чек бойынша келіп  түседі. Кассаға ақша бас бухгалтер  қол қойған кассалық кіріс ордерлері (КО-1 үлгіде) бойынша қабылданады.

Кассаға ақша салған адамға бас бухгалтер және кассир қол  қойған түбіртек (ордердің жыртылатын бөлігі) беріледі. Кассалық кіріс ордері бойынша ақшаны қабылдау тек қана оларды толтырған күні жүргізіледі.

Ұйымда кассир құжаттардың  дұрыстығын тексеріп, кіріс және шығыс  кассалық құжаттарымен бірге есеп берулерді  бухгалтерияға тапсырады.

 Құжаттардың сақталуын  және пайдалану ыңғайлылығын  қамтамасыз ету мақсатында «Кассалық  кітап» есеп беруін кассир  әр айға жеке – жеке дайындап  қояды. Жыл соңында есеп беруде  хронологиялық ретпен тігеді. Кассалық  кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылау  бас бухгалтерге жүктеледі. Кассирден  қабылданған есеп беруді бухгалтер,  кассалық есеп беруге барлық  ордерлердің толық кіргізілуін,  толтырылуының дұрыстығын, есептелген  жиынтықтарының дұрыстығын және  кассадағы қалдықтың жұмыс күнінің  соңына шығарылуының дұрыстығын, ақшаны алғанда қолдарының қойылуынқарай  отырып, мұқият тексереді. 

 Ұйымда кассадағы ақша  қаражаттарын есепке алып отыру  үшін 1010 (451) «кассадағы ұлттық валютадағы  ақша» шоты арналған. Ол кассадағы  ақшаның нақты бары және қозғалысы  туралы мәліметтерді жинақтауға  арналған. Шоттың дебеті бойынша  1040 (441) «Есеп айырысу шотындағы  ақша», 1250 (333) «Есеп беруге тиісті  тұлғалардың қарыздары», 1210 (3010 «Сатып  алушылар және тапсырыс берушілермен  есеп айырысу» шоттарымен корреспонденциялана  отырып, кассаға ақшаның түсуі,  ал кредиті бойынша 1040 (441) «Есеп  айырысу шотындағы ақша», 1250 (333) «Есеп  беруге тиісті тұлғалардың қарыздары», 1210 (301) «Жеткізушілермен және мердігерлермен  есеп айырысу», 3430 (681) «Қызметкерлермен  еңбек ақы бойынша есеп айырысу»  шоттарымен корреспонденциялана  отырып, кассадан ақшаның төленуі  көрсетіледі.

Кассадағы ақшаның қозғалысы  бойынша толтырылатын алғашқы құжаттардың  негізінде жазылатын бухгалтерлік есептің мәліметтері 1010 (451) шоттың   кредиті бойынша  жүргізілетін №1 журнал ордерлерге және шоттың дебеті бойынша жүргізіліп, оған қоса тіркелетін ведомоске түсіріледі. Бұл регистрдерге жазулар бухгалтерияғакассирдің есеп беруі келіп түсуіне қарай  жазылады. Жазу кезінде шоттар корреспонденциялары  бірдей сомалар біріктіріледі. Ай соңында  осы регистрлерге қалдық шығарылып, одан әрі бас кітапқа апарылады.

Серіктестігі кассадағы  ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау  жасау кезінде 1010 (451) шот есебі  бойынша айналым-қалдықтық ведомосін  алуға болады.

Ұйымда ақшаға түгендеу жүргізу  – бұл активтерді қорғау және қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай – ақ бухгалтерлік шоттарда бейнеленген мәліметтердің шынайылығын  анықтау үшін қабылданған саясат пен іс әрекет болып табылады.

Ақшаны қорғау көптеген ұйымдар  үшін маңызды мәселеге айналатынын  белгілі, өйткні оларды жасыру, алып кетудің  өте оңай екендігімен қатар, оларды меншіктену белгілері жоқ.

Есеп беруге тиісті тұлғалармен 

есеп айырысу  есебі.

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі  барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын  сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі  банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз  есеп-айырысу жолымен төленуі  мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол  ақша беріледі және олар сол алған  ақшасына есеп беруі тиіс.

Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген).

Информация о работе Бухгалтерия құрылымы және ұйымды ұйымдастыру есебі