Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:02, реферат

Краткое описание

Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (10).docx

— 92.17 Кб (Скачать документ)

Адам  құқығының жүзеге асып, орындалуы  бойынша қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ондай елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болмақ. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды. Қазақстан  Республикасы Конституциясы қоғам  мен мемлекет өмірінде біздің әрқайсымыздың  құқығымыз бен бостандығымызды  қорғау үшін, лайықты өмір сүру жолында  елімізде жүргізіліп жатқан түбегейлі  реформалардың табысты болуы  үшін қажетті тәртіп орнатуға мүмкіндік  береді деп сенеміз. Ол — біздің республикамызда әр адам құрметке бөленеді деп болашаққа зор үмітпен  қарауымыздың кепілі.

Адам  құқығының іске асып, орындалуының өте зор маңызы бар. Ол бойынша  қай елдің болмасын даму өрісін, адамгершілік, парасаттылығын байқауға болады. Ол арқылы адам ардақталып, асқақтатады, мерей, мәртебесі көтеріледі. Ондай  елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік дамуы да жоғары болады. Ол елде кертартпа, тоталитарлық тәртіпке де жол беріле қоймайды.

Жалпы дүниежүзілік мөлшерде алсақ, адам құқын орындау  халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады. Ол адамға өзінің жеке және қоғамдық өмірінің саналы жасаушысы, ішкі және сыртқы саясаттың толық субъектісі болуына, мемлекеттің бірқалыпты прогресті  дамуына жағдай жасайды. Адам құқығының  қамтамасыз етілу деңгейі қоғамның даму дәрежесі мен демократиялығын  көрсетеді.

 

 

Бақылауға және өзін-өзі тексеруге  арналған сұрақтар.

 

"Саясаттың  субъектісі", "саясаттың объектісі"  деп нені айтады?

Тұлғаға кім жатады?

Тұлғаның  қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының маңызы 
неде?

Жеке  адамның қандай негізгі құқықтары  мен бостандықтарын 
білесіз?

Жеке  адамның құқықтары қалай жіктеледі?

Қазіргі коғам қалай жіктеледі, оның өлшемі қандай?

Қазақстан Республикасындағы ұлттық-мемлекеттік  жағдайының 
ерекшеліктері қандай?

Қазақстандағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарына  не жатады?

 


Информация о работе Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері