Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:02, реферат

Краткое описание

Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (10).docx

— 92.17 Кб (Скачать документ)

 

 

Кіріспе.

Саясаттануда  саяси билік теориясы негізгі  орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар  мен барлық саясат әлемінің мәнін  түсініп - білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн - Халдун (1332—1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен.

Ағылшынның  ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.

Билік жөнінде  ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар  мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне  тоқтала кетейік.

 

1 сұрақ. Билік саяси ғылымның  категориясы ретінде. Биліктің  табиғаты, оның негіздері мен  қайнар көздері.

 

Теологиялық анықтама билікті белгілі бір  мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға  жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс (1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевисрисшік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструментадистік анықтама билікті белгілі бір кұралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз еркін билеп, басқарып, жол көрсетіп тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, билік қатынастары туады.

Конфликтілік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті беруді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің  құралы деп түсіндіреді.

Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет деңді.

Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.

Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың  арасында ортақ пікір, анықтама жоқ  екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы Ж. К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі көбірек ойландырған, магнитше тарткан.

Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық энциклопедиялық  сөздікте" билік туралы былай  делінген: "Сөздің жалпы мағынасында билік өз еркінді жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер - бедел, құқық, күштеу арқылы шешуші ықпал жасау" ("Философский энциклопедический словарь". М., 1983, 85-бет). Біздіңше, билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, шардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады. (слайд)

Билік адамзат  қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртүтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.

Алғашқы қауымдық қоғамда билік  қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады.

Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.

Биліктің  басқа түрлерімен салыстарғанда  саяси биліктің мынадай ерекшеліктері  бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа  биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оңын, көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге  қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, коғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы жөне т.б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік  бар. Мұнда біреулер билік етуге  құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. (слайд) Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар. Оған жататындар:

1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Мысалы, АҚШ-тың көрнекті президенттері: Ф. Рузвельт "Жаңа бағыт", Дж. Кеннеди "Жаңа шеп", Л. Джонсон "Кедейлікке қарсы соғыс" және т.с.с. бағдарламаларды алға тартқан. Оларды жүзеге асыруға қыруар ақша іздестіруге тура келеді.

Экономикалық  қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық кұндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы  қазба байлықтары және т.б. кіреді.

2. Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлері орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың кемшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде түр атын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90%-ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т.с.с.

3. Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.т. Тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.

4. Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.

5. Ақпарат  құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі танда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің қолында болса, XXI ғасырда билік соның қолында болады дейді.

Саяси билік әлеуметтік институттар  арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдык. жәйттар, қоғамдық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.

Биліктің қайнар көзі, бастауына  бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы  алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама мәліметтер (информация) жатады.

Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс-амалдар  пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау  жатады.

 

Биліктің қызметтері мен жіктелуі

 

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. (слайд) Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен коғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршаулатып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.

Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді:

1) жоғары  орталық саяси институттар, мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдар, саяси  партиялар мен қоғамдық ұйымдарды  басқару органдары кіретін өте  ірі деңгей;

2) орта  буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті Әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей;

3) адамдар,  кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар,  өндіріс және басқа ұжымдар  арасындағы қоғамдық қатынастардың  негізі, арқауы болып табылатын,  саяси және қоғамдық өзін-өзі  басқару ерісін құрайтын кіші  деңгей.

Билік мәселесін қарастырғанда  саяси биліктің "субъектісі" және "иелік етуші" деген ұғымдарға  назар аударуға тура келеді.

Субъект деп іс-әрекетті жасаушы, объекті  өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке "иелік етушілерді" биліктің өзімен шатастырады немесе "иелік етушілерді" билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс-әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.

Биліктің  субьектісіне жеке адам немесе партиялар, үйымдар және т. б. жатады дедік. Бірақ  олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі, Бұдан келіп билік  етуге сенім білдіру мәселесі туады.

Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай  өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік  билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632—1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689—1753) болды. (слайд)

Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.

Атқарушы билікке үкімет пен  әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке тәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және коғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек). Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.

Информация о работе Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері