Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:02, реферат

Краткое описание

Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (10).docx

— 92.17 Кб (Скачать документ)

АҚШ-тың  Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар  құқығының Декларациясында да бекітілді. Олармен салыстырғанда қазіргі  кездегі жеке адамның, құқығы туралы ұғым анағүрлым ауқымды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейін екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы Еуропадағы демократияның әлсіздігін байқатты. Сондықтан алдыңғы қатарлы күштер адам құқықтарын әлемдік деңгейде қорғау үшін өзара келісіп, ынтымақтасып іс-қимыл  жасау керектігін түсінеді. 1942 жылы 1 қаңтарда гитлершілдікке қарсы коалицияға кірген 26 мемлекет нацизмге қарсы адам өмірі, бостандығы, тәуелсіздігі, оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресуге Декларация қабылдады.

Екінші  дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін  бұл мәселеге ерекше зор мән берілді. Оған себеп болғандар: 1) соғыс кезінде  гитлерлік Германия мен Еуропаның  басқа елдерінде адам құқықтарының сақталмауы ондаған миллион әр түрлі  халықтардың өкілдерінің өмірлерін  алып кетті; 2) Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде демократиялық және жұмысшы  козғалыс-тарының өріс алып, қысым көрсетуі және соның нәтижесінде қабылданған демократиялық реформалар; 3) бұрынғы отар елдерде ұлт-азаттық көтерілістің күшеюі және олардың біразының тәуелсіздік алуы.

1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары аталып қана қойған жоқ, оларды қорғау шаралары да қарастырылған. Бүл Декларация және басқа адам құқықтары жөніндегі келісімдер міндетті түрдегі заңдық құжаттарға жатпайды. Дегенмен, оларды мойындап, қол қойған елдер онда көрсетілген тәртіптерді сақтаулары тиіс.

Халықаралық ұйымдар одан кейін де бірқатар маңызды  құжаттар қабылдады. Мысалы, оларға 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы Конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалау шылықтың барлық түрін болдырмау туралы Конвенция, Бала құқықтары туралы Конвенция, Әйелдер жағдайы туралы Конвенция және т. б. жатады. Бүл құқықтарды сақтамаған мемлекеттерге ықпал жасау шаралары да карастырылған. БҰҰ  өз өз шешімі бойынша 10 желтоқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі.

Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи-тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.

Табиғи-тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның  табиғи құкықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ, жаратылысынан ие болып туады, олар адамға туғанынан тән. Мемлекет бүл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ. оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды. Олар адамның табиғи, ажырамас құқығы болып табылады және әділеттіліктің табиғи, жалпыға бірдей және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.

Заңдылық - позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, кезі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша, құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат-мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.

Марксизм  де адам құқығын мемлекеттік құқыққа  бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ  зандық-позитивтік бағытпен салыстырғанда, ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға  айналдырған еркі, қалауы деп үйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмайды деп  уағыздайды. Соған орай ол жеке адамның  құқығына жөнді мән де берген жоқ. Бұдан марксизм жеке адамның еркі мен құқығы жөнінде ештеме демеді деуге болмайды. Олар туралы бұрынғы  Кеңес Одағының заңдарында бірталай баптар болды. Себебі, дүние жүзінің  халықтарының алдында өзін-өзі әшкерелегісі келмеді демократиялық мемлекет болып көрінгісі келді. Адамдарға  берілген бостандық пен құқықты  партия мен үкіметтің өз азаматтарына жасап отырған игілігі ретінде  көрсетті. Бірақ тоталитарлық тәртіп кезінде оның бәрі сөз жүзінде  ғана қалып отырды. Шын мәнінде, өмірінің барлық салалары, әсіресе бостандықты  сүйіп, ол туралы ойын ашық айтуға тырысқан (Сахаров сияқты) азаматтардың жеке өмірі, тыныс-тіршілігі қатаң тоталитарлық бақылаудың астында болды, жеке адамның  құқығы мемлекетке түгелдей тәуелді  еді.

Қазіргі кезде әлемдік саяси  ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи түрғынан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, "адам құқығы" деген  ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар: барлық адамдардың заң алдындағы тендігі; тәннің дербес құқығы (тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар-намысты сыйлау, оны қорламау; негізсіз, заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау; дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың, балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т. с. с.

 Жеке адамның құқықтарының  жіктелуі

Қазіргі саяси ғылымдарда жеке адамның құқықтарын жіктеудің бірнеше түрлері бар. Солардың ішінде кең тарағаны —  барлық құқықтарды негативтік және позитивтік (қолданушы) етіп бөлу.

Негативтік мағынада бостандық мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет жағынан адамды қажетсіз әрекеттерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Оларды жүзеге асыру мемлекеттің қаржы-қаражатына, елдің әлеуметтік-экономикалық дәрежесіне, жағдайына байланысты емес. Бұлар, негізінен абсолюттік, позитивтік құқықтарды басшылықка алатын құқықтар болып есептеледі. Мұны, әсіресе, АҚШ-тың конституциялық құқықтары туралы Билльден анық аңғаруға болады. Мысалы, оның бірінші бабында (түзетуінде) былай делінген: "Конфесс белгілі бір дінді белгілемеу немесе оған ерікті түрде кіруге рұқсат етпеу, сез және баспасөз бостандығына немесе халықтың бейбіт түрде жиналып үкіметке қиянат ету шілікті тоқтату жөнінде коллективтік арнаулы өтінішпен баруына тыйым салу туралы заң қабылдамауға тиіс". Бұдан біз мемлекеттің "не істемеу керек" екендігін білеміз.

Позитивтік мағынада құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттілігін көрсете білуді білдіреді. Негативтік құқықтармен салыстырғанда мұнда мемлекеттің, ұйымдардың, адамдардың азаматтарды қайсыбір игіліктермен қамтамасыз ету, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауды көрсетеді. Мысалы, бұған әлеуметтік көмек көрсетуге, білімге, денсаулықты қорғауға, лайықты тіршілік дәрежесінде өмір сүруге құқықтылық және т. т. жатады. Негативтікі құқықпен салыстырғанда позитивтік құкықты қамтамасыз етіп, іске асыру киын. Себебі, біріншісінде мемлекет тарапынан ешқандай іс-әрекеттің керегі жоқ. Тек қана ол табиғи құқыққа араласып, бөгет жасамаса болғаны. Ал позитивтік құқықта, керісінше, мемлекет жоғарыда көрсетілген және т. б. құқықтарды іске асыру үшін қыруар жұмыс атқаруына тура келеді. Ондай мемлекетте жеткілікті жағдай, қаражаты, мүмкіншіліктері болуы керек.

Сонымен негативтік құқықта біз  мемлекеттің "не істемеу керектігі" жөнінде білсек, позитивтік құқықта  оның "не істеу керектігіне" көзіміз  жетеді. Негативтік құқықты жақтаушылар позитивтік кұқыққа адамдардың арасындағы "табиғи" қарым-қатынастарды бұрмалау деп қарайды.

Адамдардың құқықтары  мен бостандықтары әр түрлі болады. Орындалу, іске асырылу ортасына қарай олар азаматтық (жеке, дербес), саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді.

Азаматтық құқықты сөз еткенде оны азаматтардың құқығымен араластырмаған жөн. Азаматтардың құқығына мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы жатады. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, негізінен, Негативтік кұқыққа жататын адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке, жеке адамның дербес құқылығы, ар-намысты және ізгілікті аты мен атағын, қадір-қасиетін сақтауға, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің, құпиялылығына, бір жерден екінші жерге еркін барып келуіне, тұрақты қоныс таңдауына, оның ішінде қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуіне немесе келгің келгенде қайтып оралу бостандығы және т. б. құқықтар жатады.

Саяси құқықтар азаматтардың мемлекетті басқаруға және қоғам өміріне белсенді қатысуын белгілейді. Оған сайлауға және сайлануға құқықтық; одақтар мен ассоциацияларға, демонстрациялар мен шерулерге, жиналыстар мен жиындарға, митингілер мен пикеттерге еркіндік; ақпарат хабарлар құқы, сөз, пікір, оның ішінде баспасөз, радио, теледидар арқылы айтылатын сез, дінге сену бостандығы және т. б. жатады. Әрине, бұдан ауызға келгенді айта беруге болады деген ұғым тумайды. Ең алдымен, конституциялық заңдылықты, қоғамдық тәртіпті сақтау керек. Елдің прогресті дамуы, жалпыхалықтық гуманистік тұрғыдан әрекет жасау керек. Бірақ бұрынғы Кеңес Одағы кезінде адамдардың саяси құқықтары езіліп, жаншылды, еркін дамуына мүмкіншілік жасалмады. Коммунистік партия оған мүдделі болмады да. Себебі, адамдар өздерінің саяси құқықтарын білсе, оның өрістеуіне жағдай жасалса, бұрынғы Одақта орын алған көптеген жауыздыққа жол берілмеген болар еді.

Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттарын, жеке меншігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Бұрынғы Одақ кезінде жеке меншікке тыйым салынып, оған капиталистік системаның, буржуазиялық жолмен баюдың, қанаудың белгісі деп қарап, дамуына жол берілмегені мәлім. Бұл адамдардың жұмысқа деген ынтасын, ықыласын түсірді, жауапсыздықты туғызды, материалдық байлық жетіспеді, ақыры, елді аздырып-тоздыруға әкеліп соқтырды.

Әрине, жеке меншікті қалай болса солай дамытып  қоя беруге және болмайды. Демократиялық  жолмен дамып келе жатқан елдерде  жеке меншік мемлекеттің бақылауына алынады. Мысалы, Германия, Франция, Италия, Швеция және т. б. елдердің заңдарында жеке меншік жалпы қоғамның, хал  ықтын, мүддесіне сәйкес пайдалануы керектігі көрсетіле келіп, оны  қаншалықты дамытуға болатындығы, яғни шегі белгіленеді. Бұдан жеке меншікті, жер жүзі мойындаған дара адамның  жеке меншікке құқықтығын жоққа шығаруға мүлдем болмайды. Әсіресе, біз сияқты бұрынғы тоталитарлық жүйенің құрсауынан жаңа босаған шақта жеке меншікті, іскерлікті дамытудың, маңызы өте зор.

Әлеуметтік құқық әрбір адамға лайықты өмір деңгейін және әлеуметтік қорғануды қамтамасыз етуді білдіреді. Мүнда пәтер-үйге, дем алуға, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортаның жайлы болуына, азаматтарды қартайғанда, сондай-ақ ауырып-сырқағанда және еңбек ету қабілетінен айрылған жағдайда материалдық жағынан қамтамасыз етілу құқықтары жатады. Ол мемлекеттің әрбір мұқтаж адамды күнелтуге керек қаржымен, адамшылық абыройын қорғауға тиіс, қарапайым қажеттілігін қанағаттандыратын әлеуметтік қамсыздандыру құқын анықтайды.

Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени қазыналарды көруге рұқсат, енер мен техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т. б. жатады.

Адам  құқығы мен бостандығының жүзеге асырылуын оның қоғам мен мемлекеттің  алдындағы міндеттерінен ажыратып қарауға болмайды. Олар өзара тығыз  байланысты. Бұл міндеттердің орындалуы жеке, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету үшін қажет.

"Адам  құқығының жалпыға бірдей Декларациясымен" салыстырғанда жеке адамның кемшілік мақұлдаған міндеттері жоқ. Дегенмен, казіргі демократиялық. мемлекеттердің конституцияларында, әдетте, мынадай міндеттер аталады: заңды бұзбау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу; полициялық ұйғарым, бұйрықтарға бағыну және орындау; әскерлік борышты өтеу; заң жүзінде белгіленген салықтар мен алымдарды төлеу; қоршаған ортаны, табиғатты, мәдени ескерткіштерді қорғау және т. т. Кейбір елдерде азаматтардың міндетті түрде сайлауға қатысуға тиістілігі көрсетіледі. Жапония, Италия және т. б. елдердің конституцияларында еңбек ету, Италияда балаларды тәрбиелеу, Жапония, Уругвайда өз денсаулығы жөнінде қам жеп уақытында тексеріліп, емделіп отыру керектігі енгізілген. Бірақ ол міндеттер орындалмаса, ол үшін әдетте адамдарды жауапкершілікке тартпайды.

1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің өмір сүруге, өзінің жеке басының бостандығына, ар-ождан бостандығына құқығы бар. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Әркімнің жеке өміріне, өзінің жеке отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының, қорғалуына құқығы бар. Сез бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қоғамдық бірлестіктердің қызметі заңмен реттеледі. Қазақстан мемлекеті адам құқығы мен бостандығын оның қай елдің азаматы екендігіне қарамастан мойындайды, кепілдік береді әрі қорғайды.

1993 жылғы егеменді Қазақстан Республикасының түңғыш Конституциясында негізгі міндеттерге республика азаматтары мемлекеттік нышандары — Елтаңбаны, Туды, Әнұранды үрметтеу, қастер тұту кіргізілген. Ондай бап Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясында да бар. Бүл ереже мемлекеттің абырой, беделін нығайтуға, арттыруға бағытталған және біздің мемлекетіміздің белгілерін құрметтеу сезімін дамытуға әсер етеді, адамдарды ұлтжандылыққа баулиды.

Республикамыздың  Негізгі Заңын сөз еткенде  оған демократиялық елдерде көрсетілген  құқықтар мен бостандықтардың кейбірі  кірмей қалған ғой деген ой тууы мүмкін. Шынында, ол солай да. Бірақ  бұл жерде еліміздің. өтпелі кезеңде  тұрғанын, демократиялық жолға жаңа қадам басқанымызды, көп кепілдікті беруге республикамыздың әлі материалдық жақтан, не басқа жақтан болсын, әлі шамасы келмейтінін естен шығармау керек. Келешекте олар да төлқұжатымызға кіретініне сенеміз.

Информация о работе Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері