Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:02, реферат

Краткое описание

Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (10).docx

— 92.17 Кб (Скачать документ)

Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның, немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.

Біраз елдерде  соттың тәуелсіздігін және әділдігін  қамтамасыз ету үшін ант берген әділ сот құрылады. Мұндай жағдайда сот  процесінде судьяларға тәуелсіз, арнаулы  ант берген азаматтардан тұратын  қазылар алқасы қатысады. Олар айыпкердің кінәсы жөнінде шешім қабылдайды. Соның негізінде судьялар үкім шығарады.

Қазіргі кезде биліктің үш тармағы  жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әр түрлі көзқарастар бар. Олардың  кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе, екіншілері кеміткісі келеді.

Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын атайды. Олардың қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор. Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше. Ел басқарушы шенеуніктердің қылмысты істерін қалт жібермей әшкерелеп отырса (сондықтан олардан қаймықса), халықтың мұңын мұңдаса, шынында да, төртінші билік емей немене?

Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады. Мұнда сайлаушылардың еркі, талап-тілектерімен қатар кейбір елдерде сайлаушылар соты да бар.

Алтыншыға бақылау билігін жатқызады. Қайсыбір елдерде қарамағында аппараты бар Бас бақылаушы да болады.

Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.

Кейбіреулер биліктің ерекше түрі деп әскери билікті атап жүр.

Сонымен қатар мемлекеттік билік  санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы, француздың белгілі саясаткерлері Р. Арон, Ж. Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді. Сот билігін жоққа шығармайды, бірақ оны әкімшілік билікке қосады.

Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы  елдерінде үш тармақгы билік қалыптасқан. Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық (жоғары) және жергілікті билік болып бөлінеді.

Биліктің  кейпін, сырт бейнесін, қоғамдағы рөлін, жұмысын және болашағын бағалау  үшін оны жүйелеп, топтастырудың  мәні зор. Әр түрлі билік өзара байланысты бірқатар белгілермен өзгешеленеді. Атап айтқанда:

1) институционалданған (өзінің басқарушы және тәуелді құрылым деңгейі бар әр түрлі мекемелер түрінде ұйымдасқан, төмен шенділердің жоғары шенділерге бағынышты болып, араларында билеу-бағыну қатынастары орнаған) және институционалданбаған (би ресми, басқарушы және атқарушы топтар анық, ашық көрсетілмеген) биліктің түрі (мәселен, саяси ассоциациялардағы билік, би ресми топтарды және т. б. басқару);

2) жұмыс істеу саласына байланысты билік саяси және саяси емес болып бөлінеді. Мысалы, соңғысына экономикалық, ата-аналар, корпорациялар және т. б. билігі жатады;

3) құқықтық шегіне, құдіретінің мөлшері мен саласына қарай билік мемлекеттік, ассоциативтік (партиялық, топтық, жергілікті әкімшіліктің және т. б. билігі) болып, сыртқы саясат қатынастарындағы, дүниежүзілік үй ымдар мен одақтардың халықаралық билігі болып жіктеледі;

4) биліктің субъектісі бойынша парламенттік, үкіметтік, соттық, дербес (монархиялық — корольдік, патшалық және т. б. — президенттік), ұжымдық (партиялық, басқарушы топтардың алқалық, халықтық, таптық жөне т. б. билігі) болып топталады;

5) қолданылатын әдіс, тәсіліне қарай үстемдік, озбырлық, басқа түрлерді еріксіз көндіру, сендіру, ерік, бедел және т. б. билігі болып бөлінеді; 6) әлеуметтік түріне қарай феодалдық,, буржуазиялық және т. с. с. билігі болып жүйеленеді

.

 Саяси билік пен мемлекеттік билік. Биліктің легитимдігі

 

Билік саяси және мемлекеттік болып  екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.

Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.

 Бұдан біз саяси биліктің  мағынасының мемлекеттік биліктен  кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезендерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ НАТО және т. б.) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгеніндей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оңын, билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.

Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылыгымен шешімдерін растауы.

Демократиялық жағдайда мемлекеттік  билік легитимді болуы үшін мынандай екі шарт қажет:

1) ол  халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс;

2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.

Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктіңмінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.

Ең біріншісі — әдет-гурыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді. Сондықтан, мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір және т. б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата-салтымыз деп мойындап отырды.

Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди, Аятолла Хомейни және т. б. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жетті. Харизма деген сөздің өзі де кесемге, мемлекеттік басқарушының жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.

Үшінші түріне Вебер ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігін жатқызады. Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұндай легитимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.

Легитимдіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән  болса, үшінші түрі қазіргі дамыған  елдерге тән. Шығыс елдерінің саяси қайраткерлері биліктің легитимділігіне зор назар аударады. Себебі, халық қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны жұртшылық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.

Мемлекеттік құқықтық тәртіптің легитимдігінің ең биік дәрежесіне конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының, жаңа Конституциясы саяси билікке нақтылы легитимдік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқыктық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның, өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол — халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі. Парламент — заң шығару функциясын жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы. Сот билігі азаматтардың кұқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған. Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында ҚР Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып саналады.

Саяси билік мәселесін сөз еткенде  оның принциптеріне тоқталмауға болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін қажет. Оған мыналар жатады:

  1. легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады),
  2. қорғау принципі (билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыра білу керек),
  3. ұтымдылық принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны жөн, онсыз билік билік бола алмайды),
  4. сыр бермеу принципі (билік үшін ең қауіпті нәрсе — шындықты уақытынан бұрын айтып қою).

Қолдағы билікті атқара да білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар: іштей еріксіздік (әміршінің өз билігі өзінде бола бермейді), сақтық (саяси іс-әрекетті алдын ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс), қызметтестік (биліктің мықтылығы бірлесіп іс басқара білуде), шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезінгені абзал), ұлылық (билік жүргізуші өзінің ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және т. с. с. Билік — дәйектілігімен, іс-әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек кезінде соңғы қорытынды сөзді айта білгеннің де маңызы зор.

Қоғамдық, өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнеше түрі бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т. б. бәрі қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді. Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді уағыздайды. Бұл жолдың да болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдер биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып, барлық адамдарын өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды. Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс-тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т. б. сияқты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.

Биліктің түрлері

 

Биліктің  жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік  құрылысы болып бөлінеді.

Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолыңда болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархия  өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монарх ін деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған коғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы баскарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т. б. елдерде сақталған.

Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.

Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) балып үшке бөлінеді.

Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны "парламенттік президент" дейді. Ол — салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір кұқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сезбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.

Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор. Мысалы, АҚШ, Франция т. б. елдерде. Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Мұндай билік алғаш рет АҚШ-та орнады. Бұл елдің басқаруы президенттік демократияның ішінде ең үлгілісіне жататындықтан оған толығырақ тоқталайық. АҚШ-та президент 4 жылға хайланады. Онда премьер-министр болмайды. Президент мемлекетті де, үкіметті де басқарады. Ол департаменттердің (министерстволардың аты) басшыларын, министрлер кабинетін және үкіметті тағайындайды. Олар тек Президентке ғана есеп береді. Оның қылмыскерге кешірім жасауға, марапаттауға, халықаралық келіссөздерді жүргізуге құқығы бар. Атқарушы билік шеңберіндегі шешімдердің бәрін президент қабылдайды. Ол саясаттың ішкі және сыртқы басты бағыттарын айқындайды, тұрақтылықты бейнелейді. Ал үкімет бұл кезде күнделікті істермен, елді басқару мәселелерімен айналысады. Президенттік билік төрелік ететін әділ қазы сияқты релді атқарады. Мысалы, экономикалық бағыт қиыншылықтар тудырса, үкімет алмасуы мүмкін. Жаңа үкімет басқа саясат жүргізеді, ал мемлекеттің бастығы баяғы орнында қала береді. Бұдан біз президенттік басқарудың билігі зор екенін көреміз. Бірақ бүл биліктің де шегі бар. Ең алдымен президенттің заң шығаруға өкілеттігі жоқ. Ол бюджетті де шеше алмайды (оны Конгресс шешеді). Парламент президенттің қай тағайындауын болса да бұза алады (оны "право вето" деп атайды). Конгресс президентті орнынан ала алады (оны "импичмент" дейді). Мысалы, АҚШ-тың бұрынғы президентінің бірі Р. Никсон "уотергейт ісі" үшін ("Уотергейт" қонақ үйінде орналасқан демократтардың штаб-пәтеріне жасырын тындау құрылғысын қоймақ болғаны үшін) отставкаға кетуге мәжбүр болды. Егер президент конституцияны бұзса, не мемлекетке опасыздық жасаса, Конгресс оны жұмыстан босата алады. Бірақ ол президенттің саясатымен келіспесе, ол үшін оны босата алмайды. Президенттік республика Латын Америкасы елдерінде кең тараған. Ондай билік Ресейде, Қазақстан және ТМД елдерінің басқа республикаларында да орнауда.

Информация о работе Билік саяси ғылымның категориясы ретінде. Биліктің табиғаты, оның негіздері мен қайнар көздері