Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2013 в 14:02, реферат
Ағылшынның ең ірі пәлсапалашыларының бірі, қоғам кайраткері болған Бертран Рассел (1872—1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902—1979) экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың, негізгілеріне тоқтала кетейік.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді жөне т. б.
Қазіргі кезде көптеген елдердің парламенті екі палатадан тұрады. Феодалдық мемлекеттерде ол елдің өкілдігін үйлестіруге мүмкіндік берді. АҚШ-та, Францияда оны үстемдік етуші топтар заңгерлерді "шектен тыс демократияландыруға" жібермеу үшін парламент ішінде қосымша тежеу факторы ретінде пайдаланды.
Төменгі палата жалпыға бірдей тікелей сайлау арқылы қалыптасады. Жоғарғы палатаның құрылуы әр түрлі болады.(слайд) Мысалы, Англияда парламенттің жоғарғы палатасына (Лордтар палатасы) мұрагерлікпен өмір бойы болатын пэрлер (жоғарғы аристократтық атақ), ондай құқығы жоқ пэрлер және Англия шіркеуінің жоғарғы шенділері кіреді. АҚШ-та сенатқа (Конгрестің жоғарғы палатасы) әр штаттан (халық санына байланысты емес) екі екіден сайланады. Германияда жоғарғы палатаның депутаттарын әр жердің үкіметі тағайындайды.
Көп елдерде белгілі бір дәрежедегі адамдарды парламентке сайламау заң жүзінде ескерілген. Әдетте, бұл ереже мемлекеттік, қарулы күштер, сот қызметкерлеріне қолданылады. Сонымен қатар депутатсың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты өрбітпеу үшін парламент мүшелеріне олардың мерзімі өткенше мемлекеттік және жеке меншік фирмаларда, компанияларда қызмет етуге тыйым салынады. Саясаткерлер мен заңгерлердің қызмет бабындағы мәліметтерді ездерінің жеке басының баюына пайдалануларына рұқсат етілмейді.
Парламент бірпартиялық және екіпартиялық болуы мүмкін. Бірпартиялық парламент, әдетте, кішкентай елдерде кездеседі. Мысалы, Финляндияда солай, ірі және дамыған елдерде екіпартиялық парламент болып келеді. Мысалы, АҚШ-та, Англияда, Германияда, Францияда және т. б. елдердегі сияқты.
Парламенттің мезгіл-мезгіл үкіметтен есеп беруді талап етуіне, ең маңызды саяси шараларды бекітуге, үкіметке сенім білдірмеуге құқығы бар. Мұнда ең маңызды нәрсе — үкіметке сенім білдіріле ме, жоқ па, ол дауыс беру арқылы шешіледі. Сондықтан күрес дауысты көбірек алудың айналасында болады. Мысалы, Германия, Ұлыбритания және т. б. елдерде демократиялық парламенттік тәртіптің өмір сүруі олардың парламентте көпшілік дауыс алуынан. Егер сенімсіздік білдірілсе, кабинеттің отставкаға кетуіне тура келеді.
Әр елде парламентті әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ, Филиппинде және Латын Америкасының кептеген елдерінде оны Конгресс, Польша мен Финляндияда — Сейм, Иран мен Турцияда — Мәжіліс, Израильде — Кнессет, Швецияда — Риксдаг, Францияда — Ұлттық жиналыс дейді.
Республиканың үшінші түріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды) республика жатады. Мұнда президенттік те, парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі. Үкіметке екі жақты (президентің алдында да және парламенттің алдында да) жауапкершілік жүктеледі. Республиканың классикалық ондай түріне Франция жатады. Сонымен катар оған Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия және т.б. мемлекеттерді жатқызуға болады. Билік басқару түрімен қатар кұрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлекет құрылысы орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді. Ол унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде ез алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ондай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Швеция және т. б. жатады.
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті күруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы, мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т. б. жатады.
Конфедерация деп ездерінің кейбір амал-әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т. с. с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпы одақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оңын алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өмірде сирек кездеседі. Мысалы, ол 1848 жылға дейін Швейцарияда, 1778—1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981—1989 жылдары Сенегамбияда болды. Қазір конфедерацияға ұқсас кұрылымды Еуропалық одақ құрмақ ойы бар.
Мемлекеттер басқару түрі, өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді.
2 сұрақ. Жеке тұлға саясаттың алғашқы субъектісі мен объектісі ретінде. Адам құқығының тұжырымдамасы: тарихы және қазіргі кезі.
Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөнінде кейінгі тақырыптарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объектісі — адамға тоқталайық.
Мәселе түсінікті болу үшін әңгімені "тұлға", "субъект", "объект" деген терминдер нені білдіреді, содан бастайық.
Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-түрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.
Субъект (латынның негізікде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.
Объект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.
Басқа сөзбен
айтқанда, объект — зерттелетін
зат. Сонда саясаттанудың
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т. б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар каншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.
Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп — мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т. с. с. мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т. б. қажеттіліктер кіреді. Мұқтаждыкгы адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол — мүддеге айналады.
Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс-тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т. б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субъектісіне айналады.
Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.
Саясатпен кәсіби айналыспайтын "орташа" адам саясаттың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен үлдені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білуі керек. Сонымен қатар ол саяси "ойындардың" ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек. Бұл "ойында" оның қандай орында болғысы келеді және оған қандай мүмкіншілігі бар, қандай мақсат қойып, оны қандай әдіспен жүзеге асыруға болатынын білуі тиіс.
Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі;
ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат;
б) саяси ұйымдардың (партияның және т. б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; в) коғамдық, әсіресе саяси қайраткер;
г) саяси қызметтің арқасында күн керіп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы;
д) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең "соңғы саты" болып саналатын саяси басшы, кесем.
Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда айқындалады.
Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстар мен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға, сайлауға және сайлануға т. с. с. құқылыққа) тікелей байланысты. Мұнда мемлекет мекемелерінің, сот ұйымдарының және т. б. қызметін тексеруге жанама кепілдік беретін құқық та жатады. Бүл құқықтардың сырт (формальдық) кепілі — заңдар мен сот практикасы. Ал негізгі материалды кепіліне құқықтық тәртіпті бұрмалауға жол бермейтін саяси және қоғамдық ұйымдардың қызметі жатады. Сонымен бірге мұнда, бірінші жағынан, әлеуметтік топтар мен азаматтардың арасындағы тұрақты өзара байланысы және екінші жағынан, олардың жоғарыда көрсетілген ұйымдармен байланысы кіреді.
Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. Ленин айтпақшы, сауатсыз адам саясаттан тыс қалады, ол саяси амал-айла, қулықтың құрбаны болады. Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуға саяси-құқықтық алғышарттар да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық саяси тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының қалыптасуында, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т. б. жатады. Егер жоғарыда көрсетілгендей алғышарттар болмаса, тұлғаның қоғамдық саяси өмірге белсене қатынасып, оның нағыз субъектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялык, мемлекет ез мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.
3 сұрақ. Жеке тұлғаның маңызды құқықтары мен бостандығы және саясатты гуманизациялаудағы олардың рөлі.
Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі — жеке адамның құқығы мен бостандыктары.
Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды камтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады.
Жеке адамның бостандығына кісіге өз білгенінше істеуге мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.
Бұл мәселеге адамдар өте ертеде-ак назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафашылары (философтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады. Сондықтан олардың бәрінін де тен табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті. Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құкықты мемлекет орнатқан құкықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындағы келісімнің нәтижесінде пайда болады. Бірақ феодализм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады. Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылды. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.
Біздің
қазіргі үғымымыздағыдай адам құқығы
капитализм дәуірінде дүниеге келген
либерализммен тығыз
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, И. Кант, Т. Джефферсон, Т. Пейн және т. б. жатады. Олар адам құкығының негізгі қағидаларын ен алғаш анықтап, белгілеп берді. Олардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді (ол 1776 жылдың 4 шілдесінде бекітілді). Декларацияның негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі — халық, үкімет — халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар; өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып білену керектігі және т. с. с. жатады. Бұл қағидалар одан әрі АҚШ-тың Конституциясы мен құқықтар туралы Биллінде дамытылды. (Билль деп ағылшын парламентінде немесе Американың конгресінде қаралуға ұсынылған заң жобасын айтады.) Мысалы, Билльде жоғарыда айтылған баптармен қатар қандай адам болмасын шынайы, ашық, әділ сотқа құқығы бар деп көрсетілген. Ол жеке адамның еркіндігіне өкімет тарапынан қандай болмасын озбырлық байқалатын болса, одан қорғай алады. Құқық, туралы Билльде үкімет өз жұмысын халық алдында ашық жүргізуі керектігі талап етілген. Жұрт үкіметтің не істеп жатқанын әрдайым біліп тұруы керек және оны дер кезінде сынға алып тұруға тиіс.