Банктік жүйенің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2013 в 19:39, реферат

Краткое описание

арықтық экономикада банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражттарды халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады. Сондай-ақ, көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Содержание

Кіріспе ....................................................................................................................4

І. Банктік жүйенің теориялық негізі
1.1. Банктік пайда болуы, мәні және түрлері.......................................6
1.2. Банк жүйенің мәні, құрылымы. ҚР банктік жүйесінің қалыптасуы.......................................... ..............................................................8

ІІ. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
2.1. Ұлттық банктін мақсаты, міндеті және құрылымы .................14
2.2. Коммерциялық банктердің экономикалық жағдайын талдау ................................................................................................................................19
ІІІ. ҚР банк жүйесінің даму бағыттары
3.1. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің даму бағыттары ...........................................................................................................23
3.2. Коммерциялық банктердің даму бағыттары .............................24

Қорытынды .......................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .......................................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

referattar.kz_260015757.DOC

— 250.50 Кб (Скачать документ)

   1990 жылы  ''Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк болып табылатын ұлттық банктiң негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы ақша-несиелiк реттеу құралдары, оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

   Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi  жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.

   Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты қызмет етуiн қамтамасыз ету мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''қазақстан Республикасында векселü айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

   1995 ж. Қазақстанның банк жүйесiн реформалаудың бағдарламасын жүзеге асыру, осы жүйедегi орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

   Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен байланысты болып келедi. Жоғарыда атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа үшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.

Банктердің және тауарлы  –ақшалай қарым-қатынастардың дамуы  тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметтінің бардық деңгейіндегі басқару мен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдесіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдардың халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқада бос ақша қаражаттарын тарта отырып қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

 Қаржылық делдалдар  осылай қоғамға ақша капиталын  салааралық, ауданаралық үйлестіру  мханизімін қамтамасыз ету арқылы маңызда халықшаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада  басты қаржылық делдалдар болып  табылады. Өз қызметінің үрдісінде  олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді  жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер  мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие  беруші қарыз алушыға және соған  қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлі көздерден  ақша капиталын жинау арқылы банктер  жалпы ақша қаражаттарының « тобын  » құрайды және де оларды жұмыс  істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды  роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналады және балық қаржылық капитал арқылы нарықты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып « нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы » мүмкін

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерствовалар, компания, фирмалар) және аумақтарды ( жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты жұмыс істейді.

  Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де  экономикалық сипатта. Банктердің экономикалық жауапкершілігің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомствовалық тәуелсіздігіне байланысты емес. Шаруашылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайда мен қамтамасыз етілетін,өзі және клиенттері үшін оперцияларды неғұрлым тиімды жүргізетін несиелік сипат жүргізіледі.

ҚР банк жүйесі екі  деңгейлі болып құрылған, яғни бірінші  деңгейлі бұл ҚР Ұлттық Банкі, ал екінші деңгейлі- коммерциялық банктер.

Орталық банк- бірінші  деңгейдегі мемлекеттік банк, кез келген елдің  ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк- бұл «банктердің банкі» Ол заңды және жеке тұлғалармен опрециялар жүргібейді, оның клиенттеріне коммерциялық банктер мен басқадай мекемелер, үкімет ұйымдары жатады.

          Банктік мекемелерге қатысты  Орталық банк тікелей әрекет  ету және реттеу, бақылау мен  қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буына  Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноқтың әртүрлі секторлары,  несие-қаржы қызметтерінің өзара байланастарында байқалатын жанама әрекет етеді.

           Коммерциялық банктер – қарыз  капиталы нарығынан әр түрлі  секторларында қызмет ететін  көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжирибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі , базалық буын ролін атқарады.

                    Олар ұкіметтің іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді  Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бактік заңдарда, банктердің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктйді.

  Банктерді ұйымдастырудың акционерлік формасының ерекшеліктері артышылықтары не де  «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік туралы » заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам – бұл құрылтайшылардың (акционерлік қоғамының қатысушыларын құрылтайшылар дейді) меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен күәляндырылатын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкершілігі тек сатып алынған акция сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшраса немесе  өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.

Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына  қатысты сұрақтар  бойынша дауыс  беруімен шектеледі.

Банкті ұйымдастырудың акционерлік емес формасы ( үлестік жарна формасы) қатысушылардың меншік құқын куәляндыратын қандай да бір формалды күәлікті қажет етпейді.

 Үлес қосушы банк  қызметі мен байланысты бар  тәукелді өз мойына алады да, оның барлық міндеттері бойынша  жауап береді. Банкрот болған жағадайда кінә банкке және де өзінің бар мүлкімен жауап беретін әр бір үлескерде қойылады.

 Екіншіден, акционер өз акцияларын басқа тұлғаға бере алады. Бұл жерде банктің қызмет етуі жекелеген акционерлердің қоғамнан шығуына, біліксіздігіне банкроттыкқа ұшрауына байланыссыз. Ал үлестік жарна формасында қатысушы өз үлесін, басқа қатысушылардың келісімісіз бере алмайды.

 Үшіншіден, акционерлік  банктте оны басқару бойынша  қызметтер нақты үлестірілген. Акционерлер  басқарманы таңдайды, соңғысы төреағаны, ал ол басқару аппаратын , басқару аппаратты өз кезегінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды.

Жеке банкте қатысушылар  өздері тікелей банкті басқаруға  қатысады да әкімшілік қызметкерлері  болады және басқарудың тиімділігі жұмыс  сапасына байланысты.

         Банкті ұйымдастырудың акционерлік формасының кемшіліктері мыналар жатады:

  • Акционерлік банкті құру қиындығы ( жергілікті билік органдарынан рұқсат алуды талап етеді);
  • өзгермелі жағдайларға бейімделу мен икемділік дәрежісінің төмен болуы

Осы аталған кемшіліктерге қарамастан банкті ұйымдастыруды акционерлік формасы нарық жағдайда тиімді, қолайлы болып келеді және нарықтық экономикасы дамыған барлық елдерде банктер акционерлік компания немесе корпорация нысанында ұйымдастырылуы да кездейсоқтық емес.

Банкті ұйымдастыру қиын процедураны білдіреді және ол елдің арнайы заңдарымен реттеліп отырады. Ұлттық банк ҚР аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен, олардың филиалдарын тіркеуге алу кітабын жүргізеді.

 Рұқсат Ұлттық банк  белгілеген мөлшердегі төлем негізінде беріледі.

      Рұқсат  берген кезде Ұлттық банк атқарылатын  банктік операциялардың шеңберін  анықтайды. Банктің заңдар мен  заң актілерінде банктердің қызметінің  ашылуымен тоқталуы реттеліп  отырады. 

       Банкті құруға рұқсат алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Рұқсат беруге арыз;
  • Экономикалық негіздеме;
  • Алдағы 2-3 жж.толық ақпараттарды қамтитын іскерлік болжалды жоспар;
  • Құрылтайшылар ұсынатын банк жетекшілерінің (төреаға мен бас бухгалтерлердің) кәсібі жарамсыздығы жайлы мәліметтері;
  • Құрылтайшылардың қаржылық тұрақтылығы жайлы аудиторлық қорытынды;
  • Жарғылық қор шотына қаражат салғанын растайтын құжат.

Сонымен қатар, бірлескен немесе шетелдік банк және де олардың еңшілік банктерін құруға рұқсат алу үшін келесідей құжаттар қажет:

Құрылтайшы заңды тұлғалар үшін:

    • олардың заңды мәртебесін растайтын жарғы немесе басқа да құжат және алдыңғы екі жылдың жарияланған балансы;
    • ҚР аумағында шетелдік құруға немесе қатысу жөніндегі шетел құрылтайшыларының сәйкес органдарының рұқсаты;
    • Шетел құрылтайшысы бақылау органының ҚР аумағындағы шетелдік бірлескен банкке қатысуына қарсы еместігі жайлы жазбаша анықтама.

Құрылтайшы жеке тұлғалар ұшін:

Шетелдік беделді банктің  осы тұлғанын төлем қабилеттігін куәляндіруы қажет.

  Банкті ашуға рұқсат  беру жайлы арыз-құжатты алған мерзімнен бастап, 3 айдан аспайтын уақыт ішінде Ұлттық банкте қарастырылады.

          Рұқсат беруден бас тарту себептері:

    • Құрылтайшы құжатының жұмыс істеп тұрған заңдарға сай келмеуі;
    • Құрылтайшылардың қаржылық жағдайының тұрақсыздығы;
    • Банктің құрылтайшысының басқарма және жетекші мүшелерінің алдағы қызметтеріндегі заңға қайшы әрекеттің болуы;
    • Алғашқы 2 ж. ішіндегі банктің меншікті қаражаттар есебінен активтік операциялар жүргізе алмауы, т.б.

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан  Республикасында банк жүйесінің  қазіргі жағдайын талдау

 

2.1. Ұлттық  Банктің мақсаты, міндеті және  құрылымы

 

Қазақстан Республиксының екі деңгейлі банк жүйесі бар.  Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі Қазақстан Республиксының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі деңгейдегі банктер болып табылады.

Қазақстан Республиксының Ұлттық Банкі  басқа елдердің орталық банктерімен, халықаралық  банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қарым-қатынастарда өз өкілеттігі шегінде Қазақстан Республиксының мүддесін білдіреді.

«  Қазақстан    Республикасының   Ұлттық    банкі     туралы »    заңына  сәйкес,    банктің  ең  маңызды    міндеті    ұлттық    валютаның тұрақтылығы   және  оның  негізіндегі бағаның тұрақтылығы болып табылады.  Нарықтық  қатынас жағдайында бұл     мақсаттарғы    жету    үшін  Ұлттық  банк  ақша – несиемен  реттеу  тәсілдерін  қолданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының  Ұлттық    банкі    беретін    қайта  қаржыландыруға  несиені     және  олардың  пайыздық  ставкасының  көлемін  реттеу;  екінші  деңгейлі  банктер  үшін    міндетті    резервтердің    көлемін    анықтау;  ашық   бағалы   қағаздар  нарығының    операциясынынң    жүзеге    асуы,   ақша  массасын  НОТ – тың  көмегімен  тазалауды  қоса;  валюта  нарығындағы  Ұлттық  банктің  басқыншылығы.  Бұл    құралдар    Ұлттық    банктің    айналыстағы    ақша   массасы  көлеміне, сондай – ақ  инфляциялық процеске  күшті әсер  етуіне  мүмкіндік береді.  Бірақ бұл   құралдар  басымды    монетарлы сипаттағы факторларды реттеуге  мүмкіндік береді,  айналыстағы ақша   массасының  көлеміне  әсер ететін  және  осындай    бейнеде,  оң  инфляция   деңгейін қамтамасыз   етуге Ұлттық  банк    мүмкіндігінің    шегінде    табылады.  Айтып кету  керек,  бұл жоспарда Ұлттық банк оған  байланыстынның  барлығын  біліктілікпен істеп жатыр.

Информация о работе Банктік жүйенің теориялық негізі