Қазақстан -2030: мақсаты, басымдылық міндеттері және оны іске асыру мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 12:06, курсовая работа

Краткое описание

Менің осы такырытггы тандаған себебім:осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2030 жытға дейінгі даму Стратегиясы ескеріле отырып жэне Қазақстан Республикасы Парламентінің (1999 жылғы 12 қараша, N 204-1 ҚРП) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің (1999жылғы 11 қарашадағы N 1684) каулыларымен макүлданган Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасы туралы курстық жұмысымды әзірлендім.

Содержание

І.Кіріспе
П.Негізгі бөлім
1.Экономикалық өсу
Макроэкономикалық тепе-теңдік
Сыртқы сауда саясаты,баға және монополияға қарсы саясат
1.3 Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығының ғылыми-техникалық әлеуетін нығайту
2.Әлеуметтік даму
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес
Білім беру,денсаулық сақтау,демография және көші-қон
Қоршаған ортаны қорғау жэне табиғатты пайдалану
3.Инфрақұрылым

Инфрақұрылым,көлік жэне байланыс
Энергетикалық ресурстар
Кәсіби үкімет
III. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

2030 курстық.doc

— 263.00 Кб (Скачать документ)

балалардың жазғы демалысын қамтамасыз ету, оқушы жастарға әскери- 
патриоттық және адамгершілік тәрбие беруді одан әрі жақсарту жөнінде шаралар қолдану көзделіп отыр. 

     Жоғары білім беру жүйесінде:

білім берудің  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын әзірлеудің конкурстық жүйесі енгізіледі;

ел азаматтарының  кәсіптік білім алуы үшін мемлекеттік  білім фанттары мен несиелері жүйесі дамытылады;

жоғары оқу  орындарын, олардың меншіктік нысандарына және ведомстволық бағынысына қарамастан, аттестациялаудың жаңа жүйесі әзірленеді және енгізіледі;

жоғары оқу  орындары рейтингтерінің жүйесі енгізіледі;

ғылым мен  жоғары білімді кезең-кезеңімен  интеграциялау жүзеге асырылады;

білім берудің бірқатар объектілерін 3-5 жылға сенімді басқаруға беруге, осы ұйымдардың ұжымдарына (басшысына) кейіннен белгілі бір шарттарды орындаған жағдайда жекешелендіру құкығын беру жөнінде эксперимент басталды;

білім берудің  барлық деңгейлеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарының жаңа нұсқаларын конкурстық негізде әзірлеу және шығару жалғастырылады

       "Халық денсаулығы ″ мемлекеттік бағдарламасын және денсаулық сақтау саласының өзге де бағдарламаларын іске асыру;

 медициналық қызмет көрсетулердің еркін рыногын қалыптастыру және халықтың қалың бұқарасы үшін денсаулық сақтаудың еркіндігін сақтау мақсатында салаларды қаржыландырудың және қайта құрылымдаудың әзірленген жаңа тетіктерін енгізу.

     Қазақстан Республикасында фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, "Салауатты өмір салты" және жыныс жолымен берілетін аурулардың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламаларды, туберкулезге қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды. Әйелдердің анемиямен және сүт безі рагымен ауру дёңгейін төмендетуге ерекше назар аударылатын болады;

"Диабет", "Қазақстан Республикасында жарақаттанудың  алдын алу және оны азайту", "Нашақорлықты емдеу және медициналық алдын алу" мақсатты кешенді бағдарламаларын әзірлеу, бекггу және іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды;

фармацевтикалық және медициналық өнімдерді отандық өндірушілерді қолдау мәселелерін шешуді;

денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығьн қамтамасыз етуді;

денсаулық сақтаудың  ерекше маңызды бағдарламаларын және медицина саласындағы зерттеулерді тиімді қаржыландыруды;

үйде күндізгі стационарларды, стационарларды ұйымдастыру жолымен, отбасылық дәрігерлер институтын одан әрі енгізумен стационарлық емдеудің амбулаторлық принциптеріне кезең-кезеңмен өтуді;

ішінара қор ұстауды енгізуді; 

денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторын одан әрі дамытуды, емдеу-алдын алу мекемелерін кезең-кезеңімен жекешелендіруді;

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүйесін жетілдіруді;

санитарлық-эпидемиологиялық қызметті халықаралық стандарттарға бейімдеуді, емдеу-алдың алу мекемелерінде инфекциялық бақылаудың жаңа жүйесін енгізуді және дамытуды, жұқпалы аурулардың алдын алу және оларды азйту жөніндегі жұмысты күшейтуді, республиканы полиомиелиттен тазарған аумақ ретінде сертификаттауды;

медицина  қызметкерлерін даярлау мен қайта  даярлауды жетілдіру, ғылыми 
бағдарламаларды, тиімділігін және іс жүзіндегі маңызын ескере отырып, әзірлеуді және енгізуді; 

салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, емдік гигиена мен санитарияны сақтау жолыңдағы науқанды кеңінен ақпараттық-насихаттық  қолдауды қамтамасыз етуді көздейді..Аурулар диагностикасы саласында жаңа медициналық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.

     Алдағы  кезеңде демографиялық және көші-қон  процестріндегі ылайықсыз ағымдарда бетбұрыс жасау және елдің халық санын ұлғайтудың негізін қалау қажет. Демография және көші-қон саясаты халықтың бегігілі бір топтарына сараланған ықпал ету жолымен жүзеге асырылатын болады.

Үкімет белсенді демографиялық саясат жүргізбек, оны жүргізу үшін заңдардың базасын жетілдірмек ниетте.Үкімет адамдарды кері көші-қонға итермелейтін факторларды жоюды, көшіп келушілердің (оралмандардың) құқықтары мен мүдделері қорғалуын жүзеге асыруды қалайды. Сонымен бірге көші-қонды реттеу кезінде негізделген квота белгілеу жолымен мемлекеттік мүдделердің сақталуын есепке алу көзделеді. Үкімет отандастардың қайтып келуіне, оларды орналастыруға, жергілікті жағдайларға бейімделуіне және Оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесетін болады.

Көші-қон процестерінің ылайықсыз ағымдарын жою үшін "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңның жобасын әзірлеуді аяқтау қажет

Үкімет болашақта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу үшін халықтың ішкі көші-қоны проблемаларын талдау жөніндегі жұмысқа кірісуді көздеп отыр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          2.3. Қоршаган ортаны қорғау және табиғатты пайдалану

            Қоршаған ортаның нашарлау қарқынын бәсеңдету және оның сапалық тұрақтана бастауын қамтамасыз ету. Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайлардан қорғаудың сенімділігін арттыру, елдің жер ресурстарын ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік саясат қазіргі заманғы картографиялық және топофафиялық-геодезиялық өнімдерді қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

        Қазақстан Республикасыньің Үкіметі табиғатты қорғау жүйесін оңтайлаңдыруды, мемлекеттің халықаралық экологиялық бағдарламаларға қатысуын кеңейтуді, экологиялық қауіпсіз технологияларға ауысу үшін жағдайлар туғызуды, қалдықтарды пайдалану деңгейін арттыруды көздейді.

Республикалық және жергілікті деңгейлерде табиғатты пайдалануды, жер қойнауын пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесі құрылады, экологиялық ағарту жүйесі қалыптастырылатын болады.

Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау жөніндегі жобаны әзірлеу және іске асыру жоспарланған.

         Үкімет қоршаған ортаны қорғау табиғатты, жер қойнауын ұтымды пайдалану, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарды экологияландыру саласындағы негізгі заң актілерін дайындауды жалғастырады.

Табиғи-ресурстық  әлеуетті зерделеу мен теңбе-тең  пайдалану, экологиялық аудандастыру мемлекеттік кадастрлер жүйесін жасау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық туризм объектілерінің торабын дамыту, өнеркәсіп орындарына экологиялық аудит жүргізу, экологиялық таза және ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу бағдарламалары әзірленетін болады.

         Халықты қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сапада ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

       Үкімет өнімі аз перспективасыз жерлерді айналыстан шығару шарттарын қатайтады және бұл процесті экономикалық әдістермен ынталандыратын болады, бұл үшін республиканың егістік жерлерін түгендеуді жүргізу көзделеді.

       Картографиялық фабрика салу көзделіп отыр.

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың мемлекеттік жүйесін құру мақсатында аймақтық және ғаламдық ауқымдағы төтенше жағдайларға жедел ден қоюдың жүйесі қалыптастырылады, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында мемлекет аралық келісімдердің іске асырылуы одан әрі дамытылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    3.Инфрақұрылым

                   Инфрақұрылым, көлік және байланыс

           Экономика мен қоғамның көлік және ақпараттық сұранысын отандық өнімнің өзіндік құнындағы көліктің құрамдас бөлігін кеміте отырып қанағаттандыру, республиканың тасымалдау әлеуетін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету.

     Салмақты тарифтік саясатты жүргізу, елдің көліктік-коммуникациялық рыногында тасымалдаушылар мен операторларға арналған заңдық базаны дамыту және жетілдіру жұмыстың аса маңызды бағыттарының бірі болмақ. Бұл салада табиғи монополистердің қызметі саласын қайта құрылымдау, болжамды түрде тарылту және жекелеген функцияларды жеке секторға тапсырып беру саясаты жалғастырылатын болады.

     Темір жол көлігі саласында басқару жүйесін одан әрі жетілдіру көзделеді. Реформа сала қызметінің тиімділігін көліктік қызмет көрсету рыногында бәсекелестік ортаны құру есебінен арттыруға бағытталады. "Қазақстан темір жолы" РМК-ын монополиядан шығару және қайта құрылымдау белгіленіп отыр. Жаңа құралдарды пайдаланудың шарттары қайта қаралады, ресурс үнемдеу технологиясы енгізіледі.

    Темір жол саласында негізгі темір жол учаскелерін жаңғырту, жылжымалы құрамды жөндеу үшін өндірістік базаны қайта жаңарту жалғастырылады. Ақсу - Конечная темір жол желісін төсеу жалғасады, Донское - Краснооктябрь кеніші жаңа темір жол желісін салу белгіленген..

    Тасымалдаудың осы заманғы технологиясына ауысу мақсатында темір жолдарды техникалық қайтадан жабдықтау жалғастырылады, басқарудың осы заманғы ақпараттық жүйесі енгізіледі, автоматтандырылған ақпараттық тораптар, оларды халықаралық көлік ақпарат жүйесіне одан әрі интеграциялай отырып, ұйымдастырылады және дамытылады.

Автомобиль  көлігі саласында республиканың  экономикалық, сауда және мәдени байланыстарын  кеңейту ге жәрдемдесетін халықаралық  автомобильдік тасымалдар одан әрі дамитын болады. Көліктік тасымалдардың дамуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі кодексі қабылданады.Автомобиль жолдары саласында халықаралық тасымалдарды қамтамасыз ететін бағыттардағы автомобиль жолдары басымдық тұрғыда дамьггылады, жеке меншіктегі жолдарды құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Халықаралық ұйымдардың басшылығында және көмегімен, халықаралық көлік жүйесін интеграциялауға жәрдемдесетін көлік қатынастарын дамыту жөніндегі инвестициялық саясат жандандырылады. Батыс Қазақстанның автомобиль жоддарын, Алматы-Астана автомобиль жолын оңалту жүргізіледі.

      Бұдан әрі қаражаттың кезең-кезеңмен ұлғаюы және автожолдарды қаржыландырудың қосымша көздерін іздестіру қамтамасыз етіледі. Республиканың жалпы көлік кешенінде автомобиль жолдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетудің сервистік жүйесімен қамтамасыз етілген жоғары санаттағы жолдарды салу негізінде жол секторы сапалық жаңартылатын болады. Ірі қалалар мен елді мекендерді айналып өтетін жаңа жолдардың құрылысы дамытылады.

      Әуе көлігі саласында нақты жағдайлар жасауға көңіл бөлетін боламыз. Бірнеше тұрақты аймақтық компаниялар құру жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Азаматтық авиация саласын дамыту бағдарламасы жүзеге асырылады. Саланы қатаң мемлекеттік басқаруға топтастыру үшін Орталық Азия мен ТМД рыноктарын қоса алғанда, бәсекеге қабілетті және негізінен сыртқы рынокқа бағдарланған күшті Ұлттық тасымалдаушыны қалыптастыру көзделіп отыр.

       Қызмет көрсету саласын кеңейту және жаңа рыноктарды игеру мақсатында ескірген ұшақтар паркін лизингтің және жоғары сыныпты ұшақтарды белгілі мөлшерде сатып алу есебінен жедел ауыстыруды жалғастыру жоспарланған. Әуе жайларды олардың әлемдік стандарттарға сай келуі мақсатында қайта жаңарту және салу жалғастырылады.

Су көлігі саласында Ақтау портының инфрақұрылымын одан әрі дамытуды қамтамасыз ету, экспорттық-импорттық жүктердің алмастырылу көлемін ұлғайту, су жолдары мен шлюздерді кеме жүретіндей жағдайда ұстау; Каспий аймағында теңіз кеме шаруашылығын ұйымдастыру үшін "өзен-теңіз″ сыныбындағы кемелерді сатып алу, мультимодальды тасымалдауды - ішкі су жолдарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында пайдалану үшін қызметтің негізгі басым бағыты болмақ..Байланыс пен телекоммуникациялар саласында байланыстың осы заманғы жүйелері мен құралдарын енгізу есебінен дамудың сапалық жаңа деңгейіне қол жеткізу жобаланып отыр                                                                      Коммутациялық жабдықтарды, магистральдық желіні жаңғырту жоспарланған, байланыстың магистральдық және аймақтық желілерін ұйымдастыру үшін жер серігі байланысын қалыптастыру жалғастырылады.

     Байланыстың Трансазия-еуропалық талшықты-оптикалық желісінің батыс учаскесін салу аяқталады, бұл Қазақстанның аумағы арқылы өтетін Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия транзит трафигін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Елдің почталық байланысын жаңғырту жүзеге асырылады, бұл оның қызметін және қайта ұйымдастыру аясын кеңейтумен бірге почта саласын, кең ауқымды ұсынылатын қызмет көрсетулермен қоса, осы заманғы деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             3.2 Энергетикалық ресурстар

        Ішкі рыноктың сұранысын қамтамасыз ету және экспортқа бағыттаған, технологиялық байланысқан отын-энергетикалық кешенді қалыгггастыру.

       Елдің отын-знергетикалық кешенін энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ететін бағьтта дамыту және энергия көздерін әлемдік тұтыну рыноктарына жеткізу жөнінде белсенді іс-қимыл жасалады. Экспорттық газ және мұнай құбырларының сызбаларын айқындау және олардың жекелеген учаскелерін жобалау мен сала бастау көзделіп отыр. Энергия көздерін шетелге тасымалдаудың көп салалы жолдарын құру. Сондай-ақ республиканың ішкі рыногын мұнай өнімдерімен толықтыру жөніндегі жұмысы жандандырылады. Экономикалық пайдалылықты және елдің энергетикалық қауіпсіздігін ескере отырып, элёктр куатын өндірудің экологиялық қауіпсіз технологиясына кезең-кезең мен көшу бағдарламасын әзірлеу көзделіп отыр.

Мұнай. Мұнай-газ өнеркәсібінде Қазақстан Республикасының Үкіметі таяудағы жылдарда құбыр желісі көлігімен мұнайды тасымалдауға арналған квотаны ұлғайту, сондай-ақ Каспий Құбыржелісі Консорциумы (КҚК) жобасы бойынша бірінші кезектегі кұрылысты аяқтау жөнінде Ресей Үкіметімен жұмыс істеуді жалғастырады.

Үкімет қосалқы  мұнай құбырларының түпкілікті нұсқаларың айқындайды және темір жол, теңіз көлігін мұнайды тасымалдау,жөнінде пайдаланудың бағдарламасын әзірлейді және бекітеді. 

Информация о работе Қазақстан -2030: мақсаты, басымдылық міндеттері және оны іске асыру мәселелері