Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстан ғылымы жөне оның барлық салаларының өкілі  мәдени және саяси-әлеуметтік қүбылыстарды танып білуде өртүрлі ғылыми өдістер қолданғанымен де, олардың қай-қайсысы да мөдени сүхбаттастықтың өрісін кеңейтіп, өлемдік өркениетті дамытуда кеңінен көрініс табатын мөдени факторларды саралай отырып, белгілі бір идеяларға, сараланған ортақ пікірлерге келді.

 

Олар былай  деп жазады: "Біздің ғасырымыздың 20-жылдарынан бастап мөдениеттің еуразиялық типі туралы мәселе шет елдегі орыс ғалымдарының арасында қызу айтыс-таластар туғызды. Олар Ресейдің географиялық орналасу жағдайының өзіндік ерекшеліктері орыс мәдениетінің рухани жағынан дамуына сөзсіз әсер ететіндігін мойындады. Князь Трубецкой тіпті орыс мәдениетінде жалпы еуразиялық үлтшылдықпен қатар түрандық мәдениеттің нышандары бар екенін мойындады /21,24/.

Қоғамның  шынайы қажеттіліктері мен халықтың рухани ізденістерінен туындайтын мәдени қатынастар ғана мемлекеттердің мөдениетінің байи түсуіне, өркендеуіне жол ашады. Үнемі өзгеру мен даму үстіндегі мәдени қатынастарға айқын жол табу үшін өткен күннің сабағын ой елегінен өткізудің өзіндік негізі бар.

Қүрлық бойымен  дүние жүзіндегі ең үзақ ортақ шекаралардың бірі және іргелес жатқан ұлан-ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздің халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол тәжірибесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді.

Әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдени мүраның көлемі, оны келесі үрпақтарға өту тәсілдері мен белсенділігі, мәдениеттің ескерткіштерін сақтау әдістері өзгеріп отырды. Бүның бөрі тек әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғана емес, сонымен қатар билеуші класстардың мүдделеріне, олардың идеологиялық төртіптерімен көзқарастарына теуелді болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Қазақстан ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде.

 

Мәдени ынтымақтастыққа қажеттілік ТМД елдерінің интеграциясы үшін маңызды рөл атқарады. Посткеңестік кеңістік айтарлықтай дәрежеде орыс тілімен және тығыз ұлтаралық байланыстармен, КСРО кезіндегі мемлекеттік стандарттар бойынша қалыптасқан білім беру және техникалық мәдениетпен т.т. біріктірілді. ТМД елдерінің халықтары интеграцияға анық қажеттілікті сезінді, себебі, қоғамдық санада бұрынғыша біріктіруші ұстанымдар алдыңғы қатарда тұрды. КСРО кезеңінде «Үлкен отбасында» бірге түрған әр түрлі ұлттар өздерін жағымды жағдайда сезініп, өмір жоспарларын құрып, ұрпақ тәрибелеп, қалыпты жұмыс жасап, біраз жетістікке жеткен болатын. Мемлекеттің ұлттық саясатында көптеген қарама-қайшылықтар орын алғанымен, күллі әлем санасатын ұлы елде бірге өмір сүргендігін сезінеді.

Әлеуметтік  сұрақ-жауап бойынша талдаулар  көрсеткендей, Қазақстан бүгінде әлдеқайда Еуразиялық бағыт-бағдар ұстаған ел. ТМД-ның басқа елдерімен салыстырғанда Қазақстандықтар шетелдерден жұмыс күшін енгізуге үзілді-кесілді қарсы емес. Олар өздері үшін айтарлықтай қауіп-қатерді сезінбейді және бәсекелестіктен қорықпайды (Қосымша, 10,11). Қай елде тұрғыңыз келеді деген сұраққа жауап бере келіп, БЭК-тің 4 елінің азаматтары әртүрлі көзқарас білдіреді. БЭК-ті қолдайтындар Қазақстан тұрғындарының ішінде басым (27%), ал Белоруссияда бұл көрсеткіш төмен (24%, 22%-ы Біріккен Еуропада өмір сүруді қалайды). Украинада да Біріккен Еуропаға ұмтылады (30% қарсы дауыс берсе, 26% БЭК үшін дауыс берді). Ал Ресейге келсек өз елінде өмір сүргісі келгендер (30%) мен қайта құрылған КСРО-да өмір сүргісі келетіндер де бар (27%). Ал БЭК пен Біріккен Еуропаны жақтаушылар әлде қайда аз (14-15%). Салыстырмалы түрде алсақ Қазақстан елдің дербес үлттық дамуын қолдайтындар саны бойынша екінші орынды алады (25%), ал Белоруссия мен Украина үшінші орында түр (20-21%). Сонымен кестеден Қазақстан түрғындарының интеграцияны қолдайтынын байқаймыз /23,47/.

Бүл объективті ортақ бағыттағы әрекет етуші үдерістің ТМД-ның дамуы үшін үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Ол халықтардың тарихи жалпылығына, әлеуметік гуманитарлық ақпараттық салалардағы көп қырлы байланыстарға сүйенеді. Гуманитарлық салада басты міндеттің бірі болып тарихи қалыптасқан ортақ білім беру, ғылым және мәдениет кеңістігін одан эрі дамыту интеграциялық үдерістерді ынталандырушы негізгі маңызды фактор ретінде қалып отыр. Гуманитарлық саладағы оңтайлы әдістерді зерттеу барысында білім беру, мәдениет, денсаулық, туризм, гидромет-рология және экология салаларында ТМД-ның үйлестіруші құрылымдары (ынтымақтастық жөніндегі кеңістіктер) құрылған. ТМД қүрылған кезден бастап оның қызметінің басты аспектісі ЕҚЫҰ құжаттары мен халықаралық қүқық нормаларымен, жалпыға бірдей танылған ұстанымдармен сәйкес келетін адам еркіндігі мен қүқығын қамтамасыз ету болып табылады. ТМД-ны дамытуда, халықтардың рухани ортақтығын сақтап және нығайтуда мэдениет саласындағы    өзара    әрекеттердің    маңызы    зор.    Қоғамдық    пікір    мен мамандардың ойынша осы салада олардың ынтымақтастығы жемісті дамуда. Бұл өзара байланыстарды реттеудегі Келісім, ТМД аясындағы бекіген алғашқы ресми келіссөздер еді. Олар тарихи және мәдени құндылықтардың тағдырына қатысты мэселелерді шешіп, бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік мұрағатына қатысты мұрагерлік мэселелерді реттеді. 1992 жылы мамырда Ташкент қаласында ТМД мемлекеттерінің мәдени ынтымақгастығы туралы көп жоспарлы келісімге қол қойылды. 1995 жылы наурызда Минск қаласында мәдени ынтымақтастық жөнінде Кеңес қүрылып, ол ТМД органдарының бірден-бір белсенді әрі өнімді жұмыс істейтін құрылымы болды. Оның жұмысына бақылаушы ретінде кәсіподақтардың Жалпы Конфедерациясы және мәдени байланыстардың Халықаралық ассоциациясы қатысты. Кеңестің ұсынысы бойынша және оның тікелей қатысуымен Минскіде ТМД елдері мәдениет қызметкерлерінің Бірінші конгресі табысты өтті. Бірлескен бағдарлама аясында халықаралық кездесулер мен театр фестивалдары, байқаулар, көрмелер ұйымдастырылды. 1996 жылы наурыз айында қол қойылған экономикалық жэне гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы РФ, Белоруссия, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы келісім шарттың принципті маңызы бар. Онда интеграцияның негізгі мақсаттарымен қатар азаматтарды элеуметтік қорғаудың минималды стандарттарын жасау жоспарланды; білім алуға тең мүмкіндік беру және ғылым мен мәдениет жетістігіне қол жеткізуге барынша жағдай жасау көзделіп, заңнамаларды үйлестіру қарастырылды /23,57/.

Мәдениет саласындағы ынтымақтастық көрсеткендей өзара мүдделілік пен мақсат-мүдде бір бағытта болғанда ғана мемлекет дами алады жэне бүрынғы байланыстарды нығайтады. Мәдениет саласындағы интеграциялық құрылымдардың келешектегі жұмыс бағыттары 1998 жылы 22 қаңтарда Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша "Қарапайым адамдарға қарай он қадам туралы" Мәлімдемесінің жобасын талқылаған Кедендік одақтың мемлекетаралық кеңесінің қызметінен көрінді. Сэуір айында ҚР Президенті "Қарапайым адамдарға қарай он қадам туралы" Мәлімдемені нақтылай түсіп, оны тұтас іс-әрекет бағдарламасы ретінде үсынды. 1998-1999 жылдары ТМД-ның 5 мемлекетінің басшылары бағдарламаны құраушы 10 құжатқа қол қойып, онда мынадай мэселелер қаралды: азаматтықты қабылдауда жеңілдетілген тәртіп енгізу; басқа елдің аумағында жүріп жатқан екінші бір мемлекеттің азаматына жедел медициналық көмек алудың бірдей жағдайын ұйымдастыру (1998 жылы 24 қарашада БР, ҚР, Қырғызстан және РФ үкіметтерінің арасында сэйкесті келісімге қол қойылды); Кедендік одақ елдерінің әр елінің газет-журналға еркін жазылуын және оның жеткізілуін қамтамасыз ету (сол уақытта сәйкесті хаттамаға қол қойылды); одақтың барлық мемлекеттерінде телерадио бағдарламаларды көрудің ыңғайлы жағдайын туғызу (1999 жылғы 26 ақпандағы Келісім 2000 жылы 11 ақпанда күшіне енді); орта білім туралы куәлікті, орта және жоғары білім туралы дипломды, ғылыми атақтар мен дәрежелер туралы дипломды өзара тану (1998 жылғы 24 қарашадағы келісім 1999 жылы 1 қазанда күшіне енді.

2000 жылы 23 мамырда  2000-2004 жылдарға арналған гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың Негізгі бағыттары бекітілді. Бүл бағдарламада азаматтық еркіндік пен адам құқығын қамтамасыз ету, білім және ғылым, жастар саясаты, спорт және туризм, ақпарат, медициналық, әлеуметтік қамту және халықты жүмыспен қамтамасыз ету мәселелері белгіленді. Тұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру және оның механизмдері мен жағдайларын жасау саласында негізгі міндеттер қойылды. Интеграциялық үдерістерді дамыту мен қолдау мэселесін реттеу үшін нормативті базаларды қалыптастырьш, этникалық азшылыктың мәдени мүрасын және кедендік одақ елдері халықтарының мәдениетінің ұлттық түрлерін қолдаудың да маңызы қарастырылды [296]. Сонымен қатар жекелеген елдердің аумағында барлық құзырлы институттар мен азаматтық құқықты қорғау жэне одаққа мүше мемлекеттердің кез-келген азаматының еркіндігін қорғау, кез-келген салада заңнамалық көмек көрсетуге кепілдік беру, мэдениет жэне ғылым кадрларының біліктілігін жетілдіру жэне қайта дайындау жүйесін ұйымдастыру, одаққа қатысушы елдер халықтарының мәдени, діни, тарихи, ұлттық дәстүрлері туралы бірлескен телерадио бағдарламаларын ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Гуманитарлық  жэне басқа да салалардагы Қазақстанның интеграцияға тигізген үлкен ықпалы мен белсенді рөлінің көрсеткіші ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998-2000 жылдары Кедендік одақтың мемлекетаралық кеңесіне төрағалық етуі болды. 2005 жылға дейін мэдениет саласындағы ТМД елдері ынтымақтастығының негізгі шараларының бағдарламасын жүзеге асырудағы бірлескен акциялар 2000 жылы маусымда Мәскеуде ТМД елдерінің үкіметі мен мемлекет басшыларының мэжілісінде қабылданып, халықтардың өзара түсінісуі мен мэдениеттердің бірін-бірі байытудағы ісіне қызмет етеді. Онда ортақ ақпараттық кеңістік құру жэне үлттық ақпараттық жүйенің өзара байланысын дамыту, нормативтік-қүқықтық базаны жетілдіру және гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын жүзеге асыру қарастырылды. Бүл бағыттағы интеграцияның жаңа келешегі 2005 жылы тамызда Қазанда өткен ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуінде белгіленді [40. 2005. 24 тамыз].

Ортақ ғылыми-технологиялық  кеңістікті қалыптастырудың маңызы зор. Бүл кеңістікте ТМД мемлекеттері жоғарғы техникаларды өндіру мен игеруге бағытталған келісілген ғылыми-техникалық саясат жүргізеді. Мұның өзі үлттық экономиканың оңтайлы дамуына қызмет етеді. Осыған байланыс-ты ТМД мемлекеттері үшін қазіргі кезеңдегі басты міндеттердің бірі өндірістің технологиялық базасын түпкілікті модернизациялауды келісе отырып, жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар сапалық дәрежені арттыру және өнімнің элемдік рыноктағы жэне ішкі рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін жетілдірудің қажеттілігі туралы ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Жаһандану жэне ғылыми-техни-калық прогресс процесі, әсіресе жаңа ақпараттық және телекоммуникация-лық технологиялардың дамуы біздің аумақты әрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Алайда, біздің осы процестермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технология-ларды ұғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми-техникалық кадрларды қолдау маңызды» /24-66б/.

ТМД-ның біртүгас білім беру кеңістігі дегенде  білім беру саласындағы мемлекеттік саясат ұстанымдарының ортақтығы, мемлекеттік білім беру стаыдарттарының сәйкесуі, бағдарламалардың үйлесімділігі жэне ғылыми, ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттау жэне дайындаудағы талаптың бірдейлігі айтылады. Достастыққа қатысушы мемлекеттің аумағындағы білім беру мекемелеріндегі білім алудағы азаматтардың тең құқылығын және еркіндігін ұйымдастыру да өзекті мэселе. 1998 жылы ТМД мемлекеттерінің білім министрлігінің өкілдерінің, ЮНЕСКО және басқа да халықаралық үйымдардың қатысуымен Кеңестің кеңейтілген мэжілісі өткізілді. Ол білім министрлерінің конференциясын өткізудің тәжірибесін қайта жаңғыртудағы маңызды қадам болды. 1999 жылы наурыз айында-ақ Мэскеуде 6 жылғы үзілістен кейінгі ТМД елдерінің білім министрлерінің III конференциясын өткізуге бастамашы болды. Мүнда интеграцияны нормативтік-қүқықтық және оку-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету саласындағы өзара байланыстар проблемасы жан-жақты талқыланды.

1999 жылы маусымда  ҚР-ның "Білім туралы" заңы  қабылданды. Бұл ЮНЕСКО үсынған, білім берудің халықаралық стандарттық классификациясына сай ұлттық білім беру жүйесінің жаңа үлгісін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осыған сәйкес үзіліссіздік жэне сабақтастық ұстанымы негізінде 4 білім беру дэрежесі белгіленді. Отандық білім беру жүйесін алдыңғы қатарлы элем тәжірибесі сараптаған жүйеге жақындастыруға маңызды қадам жасалды. Астанада құрылған Қазақстандық басты жоғары оқу орны - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті, М.Б.Ломоносов атындағы ММУ филиалы мен білім беру бағдарламасын әмбебаптандыру және жаңа мамандарды халықаралық стандарттар дәрежесінде, еуразиялылықтың гуманистік негізінде дайындаудағы маңызды қадам болды. 1999 жылы қыркүйекте Минск қаласында өтпелі экономикалы елдерде орта мектепті реформалау проблемасы бойынша Орталық жэне Шығыс Еуропа, ТМД елдері білім министрлерінің Халықаралық конференциясы болып өтті. Онда ортақ бағдарламаны жүзеге асырудағы келешектегі ынтымақтастықтың бағыттары анықталып, маңызды құжаттар қабылданды. ТМД-ның үкімет басшыларының Кеңесінде (ҮБК) 2001 жылы 29 қарашада 1997 жылы 17 қаңтарда қабылданған ТМД-ның біртүтас білім беру кеңістігін қалыптастырудың тұжырымдамасын жүзеге асырудағы мемлекетаралық Бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның жобасы 2000 жылы

 

24 мамырда  ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің  білім беру саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің VII мэжілісінде және 2000 жылы 10 қазанда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің білім министрлерінің Конференциясының V мэжілісінде де бұл бағдарлама бірауыздан қолдау тапты .

Бағдарламаны  Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тэжікстан қолдады. Бағдарламаның мақсаты - ТМД-ның біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру жэне басқарудың механизмдері мен шарттарын жасау, ол үшін біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыруды ақпараттық қамтамасыз ету; интеграциялық үдерістердің даму мэселесін реттеуші құқықтық база қалыптастыру; біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастырудың ұйымдық және оны ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету көзделді. Негізгі атқарушылар ТМД мемлекеттері білім беруді басқару және ғылыми, ғыльши-педагогикалық мамандарын аттестаттаудың мемлекеттік органдары, ғылым және білім жөніндегі ТМД-ның парламентаралық тұракгы комиссиясы, халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясы, Универси-теттердің Еуразиялық ассоциациясы, Ғылыми жэне ғылыми-педагогикалық мамандарды аттестаттаудың мемлекеттік органдарының халықаралық ассоциациясы, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, қырғыздық-ресейлік Славян университеті және басқа органдар болып табылады. Бағдарламаның орын-далуын үйлестіруді ТМД-ның Атқарушы комитеті және білім министрлерінің Конференциясы, білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Кеңес жүзеге асырады.

Информация о работе Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы