Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 14:38, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60
1996 жылы БСҰ-ның бақылаушысы статусын алып, оның 135 мүше-сімен сауда-саттық қатынасты иемденіп, 2002 жылдан Қазақстан БСҰ-на кіру үшін келіссөз процесінің белсендІ кезеңіне аяқ басты. 2005 жылдың ортасында ҚР заңнамаларының 80% онымен сәйкестендіріліп, оған БСҰ жұмыс тобы мүшелерінің 16 елі қатысты. Жер қойнауын пайдалану, техникалық реттеу жүйесі мен санитарлық шаралар саласындағы заңнамалар ғана қалды. Елдің келіссөз позициясы қазіргі эрекет етуші импорттық тарифтің қала тұруына негізделеді. Қызмет көрсету рыногына ену үшін диалог 11 елмен жүргізіліп жатыр. Пәкістанмен, Грузиямен, Қырғызстанмен келіссөздер аяқталды. Дегенмен қызмет көрсету секторы бойынша мәлімет-тердің статистикалық базасы жоқтығы рынокқа жету жөніне сәйкесті жағдайлар жасауды және ырықтандыру бойынша ұсыныс жасауды қиындатады.
Банк сарапшыларының пікірінше, ҚР-на бұл салада бэсекелестіктен жүрексінбеуге болады. Бірақ келіссөз жүргізуші топ заңнамалық базаны жасау үшін келіссөздік кезең берілуін талап етеді. Сонымен қатар республика қызметтің сәулет жэне құрылыс секторын қорғауға тырысады, ауыл шаруашылығы бойынша экспорттық субсида, ауылшаруашылық тауарына импорттық кедендік салықты, ішкі қолдау шараларын сақтауды көздейді.
Сарапшылар БСҰ-на кіруге дайындықты талқылай отырып, сыртқы сауда серіктестерімен, БЭК жэне ЕурАзЭҚ интеграциялық бірлестігі бойынша Қазақстан серіктестерімен қатынастың күрделенуі мүмкіндігін болжауда. Негізгі проблемалар ҚР-ның сыртқы саудасының шикізаттық сипатында: шикізаттық емес сектордың әлсіздігі, әсіресе ауыл шаруашылығында және азық-түлік мэселесінде отандық өндірушілер мен. ішкі рынокты қорғау қажеттілігінде болып отыр. Мұндай мәселелерді реттеуге стратегияны жасау жэне бизнесті үйрену үшін өтпелі кезең қажет. Халықаралық сарапшылардың пікірінше Қазақстан БС¥-мен импорттық тарифтерді эсколациялаудың ең оңтайлы жағдайын талап етіп жэне сезімтал импорттық тауарлардың тізімін, импорттық кедендік салықты төмендетуі жөнінде саудаласуы керек. Бұл экономиканы диверсификациялау жолымен елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету міндеттерімен тікелей байланысты. 2003 жылы қабылданған 2003-2015 жылдарға бағытталған ҚР-ның индустриалды-иновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған сервистік-технологиялық басымдылықтарға бірте-бірте өтумен де тығыз сабақтас /9,45/.
Сыртқы сауданың әрі қарай дамуы үшін жэне тиімділігін арттыру мақсатында сыртқы байланыстарда экономиканы диверсификациялау сияқты шаралар жүзеге асырылуда. Бұл салада басты жетістік болып кеден ауқымының интеграциясы болып табылады. Осының арқасында (ЕурАзЭҚ саясатына қайшы бір жақты протекционистік шаралардың қолданылуына қарамастан) ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымына жеңілдетілген жағдай жасалынып отыр.
1998 ж. Орынбор
облысының экімшілігінің
Бұл жобаның
жүзеге асырылуының ойдағыдай
Шекаралас аудандардың экономикалық байланыстарын дамытуда Кеңес өкіметі кезінде қалыптасқан технологиялық байланыстарды қайта қалпына келтіруге көп көңіл бөлініп отыр, атап айтқанда, Қазақстанның шикізатын Ресей Федерациясының кәсіпорындарында өңдеу. Осы схемамен жұмыс жасайтын Ресей аймақтары (Челябинск және Оренбург облыстары) Қазақстан Республикасымен ең көп тауар айналымына жетіп, соған байланысты шекаралас серіктестікті дамытуға арналған қүқықтық базаны жасауда біраз жетістіктерге жетті. Ал көтерме сауда жүйесінде, трансшекаралас инфрақұрылымның дамуында, өзара есептесу механизмін қалыптастыруда жетістіктер өте қарапайым десе де болғандай.
"Қоғамдық пікір лидерлері
мен сарапшылардың ойынша
27 тамызда 2005 жылы Қазан қаласында Ресей, Қазақстан, Белоруссия, Украина мемлекет басшыларының кездесуін Қазақстан мен Ресей сенімдІ серіктес екенін бекіте түсті, осы серіктестік ТМД мемлекеттері арасындағы интеграцияның іргетасын қалады. Сол себептен бұл серіктестік уақытша саяси коньюнктуралық мүдделерден туындамаған, қайта керісінше ұзақ мерзімді стратегиялық даму үшін қажет /4,45/.
Сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Е.М. Примаковтың айтуынша: "Қазақстан бүгінгі таңда Ресейдің басты одақтастарының бірі, бірінші кезекте БЭК құруда .... бізде Қазақстанмен біріккен кәсіпорындар саны Қытай, АҚШ, Англия, Германиямен біріккен кэспорындарының барлығын қосқандағы санымен тең. Бүл интеграциялық үдерістің біздің экономикамызға тереңдей түскендігінің айғағы. Бірақ интеграция тек мемлекетгік көлемдегі біріккен кәсіпорындар жолымен жүріп қана қоймайды. Ресей Федерациясыньщ 89 (қазір 88-87) субъектісінің 76-сы Қазақстанмен тікелей байланысуының маңызы зор. Бұл интеграцшшың айтарлықтай "жеңіс шеруі», экономиканың өзара араласуы. Тек макро емес, микро деңгейде де. Сонымен, "өркениеттік ажырасу" жылдарында Нұрсұлтан Назарбаев қойған мақсат-біртұтас, еуразиялық экономикалық кеңістік құру-бүгінде жүзеге асты...".
ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық кеңесінің Душанбедегі мәжілісі (2005 ж. қыркүйек) бірыңғай кеден одағын құру жұмысын жеделдете түсті. 2006 жылы мемлекеттердің салық және кеден заңнамаларын тиісті дәрежеде унификациялау жүмысы атқарылмақ. 2005 жылы ЕурАзЭҚ шеңберінде бұл үдеріс 62% құрады. Кеден одағын кұру кезінде интеграциялық процестерді жеделдету үшін мемлекетаралық орган құрылмақ. Ортақ кеден тарифтерінің базалық тізімі қабылданып, 25 құжатқа қол қойылды: ЕурАзЭҚ-тың көлік маршруттарының тізімі, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруда лицензиялауды рэсімдеу тэртібі, ЕурАзЭҚ мемлекет-мүшелерінің қаржы-экономикалық саясат кеңесінің жарғысы және т.б. Кеңестің құрылымы бекітіліп, ЕврАзЭҚ біртұтас көлік кеңістігін күру жүмысын жеделдету туралы шешім кабылданды, сонымен қатар мүше мемлекеттердің жарналарынан қалыптасатын қауымдастықтың 2006 жылғы бюджет жобасын тездетіп аяқтау көзделді /23,30/.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1 Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасы төуелсіздікке ие болғаннан кейінгі жаңа кезеңде әлемнің көптеген елдерімен қарым-қатынастарын нығайта түсті. Соның ішінде көршілес Ресей мемлекетімен ынтымақтастықтың дамуына екі елде қоныстанған ұлттық диаспора арасындағы ежелден қалыптасқан байланыс та өзіндік ықпал етуде
Қазіргі таңда Ресей Федерациясының аумағында миллионнан аса қазақ тұрады. Олардың басым көпшілігі Ресейдің Қазақстанмен шектес аймақтарында, атап айтсақ Алтай Республикасында, Астрахан, Орынбор, Самара, Қорған, Челябі, Омбы, Саратов, Волгоград, Екатеринбург, Новосібір, Түмен және басқа облыстарында. Бүгінде Ресей қазақтары Қазақстан аумағында тұратын орыс ұлтының өкілдерімен қатар екі ел арасындағы мызғымас достық пен еріптестіктің кепілі болып отыр.
Қазақ диаспорасының пайда болуы және қалыптасуы негізінен екі жолмен түзілгендігі белгілі: оның біріншісі мемлекеттік шекараларды белгілеген кезде өзінің байырғы жүртында түрса да негізгі этникалық ортасынан бөлініп қалған қазақтар болса екіншісі, тарихи жағдайларға байланысты әр кезеңдерде көшіп барып орнығып қалғандар.
Ал, Ресейдегі қазақ диаспорасына келетін болсақ, әсіресе шекаралас аймақтарда түратын қазақтардың барлығы дерлік - осы өлкені ежелден мекен еткен қазақтардың үрпағы, XX ғасырдың басында Кеңес мемлекеті құрамындағы республикалардың шекаралары белгіленді. Соның салдарынан жүздеген қазақ ауылдары РКФСР (РСФСР) аумағында қалды. Ал Кеңес мемлекеті тарқағаннан кейін РКФСР аумағында тұрған қазақтар Ресей Федерациясының азаматтарына айналды.
Қазақстан тәуелсіздігі жарияланған 90 жылдардың басындағы әлеуметтік экономикалық жағдайлардың күрт төмендеуі (жүмыссыздық, ақылы оқу т.б.) адамдарды еріксіз қоныс аударуға мәжбүр етті. 1994-1997 жылдар аралығында Ресейге сегіз мыңнан он мыңға дейінгі қазақтар қоныс аударған, ал 1998-2001 жылдар аралығында бүл көрсеткіш ақырындап төмендеп қоныс аударушылар 4613 адамға азайды .
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, Санкт-Петербург, Астрахань және Омбы қалаларындағы Консулдық мекемелері Ресей аймақтарындағы қазақ ұйымдарымен жүмыс істей отырып, әрі шекаралас облыс, елді-мекен әкІмшіліктерімен де тығыз ынтымақтастық орнатуда.
Аз үлтты халықтарға, оның ішінде қазақ диаспорасына қатысты Ресей Федерациясында атқарылып жатқан шаралар тікелей елдің конституциясы мен осы мәселе жөнінде қабылданған халықаралық қүжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Атап айтсақ, 1996 жылы 17 маусымда қабылданған "Үлттык мәдени автономиялар жөніндегі" Федералды заң аз ұлттарға қоғамдық ұйымдар құруға жол ашты. Бұл ұйымдар ұлттық ерекшеліктерін сақтау, өз тілін дамыту, білім беру, ұлттық мәдениетті сақтау сияқты мүраттарды көздейді.
Қазіргі таңда Ресей аумағында қазақтардың 20-ға тарта ұлттық ұйымдары тіркелген. Олар ұлттық салт-сананы жоғалтпау жолындағы әрекетпен өздері түрып жатқан елді-мекендердің ресми басшылығымен тиімді қатынас орнатуда. Қазақ қауымының түтас үлт бөлігі ретінде ұйымдасу дәрежесін арттыру мақсатында жергілікті ұлттық үйым жетекшілері түрақты түрде Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде бас қосып отырады. Әр аумақтан келген үйым өкілдері өзара тәжірибе алмасып, сонымен қатар Қазақстан Республикасында болып жатқан саяси, өлеуметтік-экономикалық жағдайларды сараптап, талдау жасайды. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың басында Ресейге жасаған ресми сапары барысында Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде Ресейде түратын қазақ диаспорасы өкілдерімен болған кездесуі ерекше өттІ. Кездесу барысында Президент қазақ диаспорасы өкілдерінің мұң-мұқтаждарын тыңдап, Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени, ғылыми-техникалық және іскерлік байланыстарды дамыту барысында диаспораның алатын рөлі жөнІнде де пікір алмасты.
Сондай-ақ Президент өз сөзінде Мөскеудегі отандастарымыздың 70 пайызы ақыл-ой еңбегімен айналысып жүргенін: олар ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының үстаздары, студенттер екендігін атап өтті.
Толығырақ тоқталатын болсақ Ресей Федерациясындағы білім, ғылым салаларында еңбек ететін ғалымдар: тарих ғылымдарының докторы , профессор Н.Е. Бекмаханова, Мәскеулік "Қазақ диаспорасы" қорының президенті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Б.Ө. Жамалов, РФ Мемлекеттік Думасындағы Үлт істері жөніндегі комитет аппаратының жетекшісі Р.М. Қанапиянова, Ресей мемлекеттік халықтар достығы университетІнің гуманитарлық жөне өлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы Н.С. Қирабаев, РҒА Тіл зерттеу институтының түркітанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор К.М. Мүсабаев, РҒА Салыстырмалы саясаттану институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.Н. Оңдасынов, М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің Азия және Африка елдері институты директорының орынбасары Ж.С. Сыздықова және т.б.
70-пайыздық көрсеткіш қазақ диаспорасының жоғары интеллектуалдық сапасын көрсетеді. Сондықтан да басты назарымызды білім беру саласына аударғанымыз жөн болар, оның ішінде бүгінгі күні туындап отырған мәселелердің бірі - оқулықтар мен оқу күралдарымен жабдықтау мәселесі. Бүл жаңадан басылып шыққан оқулықтар мен оқу қүралдарымен қандастарымызды да қамтамасыз етуіміз керек, Себебі, мүндай байланыстар әсіресе мәдени қатынастар қандастарымыздың өз тілін, дінін, өдет-ғүрпы мен салт-дәстүрлерін сақтауға, дамытуға қосар үлесі үлан ғайыр. Сондай-ақ Ресейдегі қазақ диаспорасы да екі ел арасындағы қарым қатынастардың барлық салаларын нығайтуда өз үлестерін қосып отыр. Бүған дәлел соңғы жылдары Санкт-Петербург, Астрахан қалаларында Бас консулдықтар ашылды, енді Омбы және Самара қалаларында да ашылу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Омбы қазақ мектептерінің мұғалімдері білімін біздің елде тегін жетілдірсе, Қазақстанның орыс мектептерінің орыс тілі пәні мүұалімдері өз білімін Омбыда жетілдіреді. Омбы Ауыл шаруашылығы институтында, Танк училищесінде және Омбы университетінде қазақ жастары жолдамамен білім алуда.
Омбы облысында үш қазақ қоғамдық үйымы жүмыс істейді. Аймақтық қазақ үлттық-мөдени автономиясы, қазақ мөдениетІнің "Мөлдір" Сібірлік Орталығы аймақтық қоғамдық ұйымы және Омбы қазақтарының мәдени-ағарту автономиясы. 1993 жылы облыста қазақ тілін ана тілі ретінде оқытатын 13 мектеп болған болса, 2004 жылы ондай мектептердің саны 17-ге дейін өсті. Бүгінгі таңда ол мектептерде 1029 бала оқиды /19,32/.
Ресей аймақтарындағы ең ірі қазақ диаспорасы Орынбор облысында түрады. Мұндағы қазақтың саны 200 мыңға жуық. Өңірде "Ақ Жайық" атты Орынбор облыстық қоғамдық үйым жүмыс істейді. Қазақ тілінде 1991 жылдан бастап "Айқап" газеті шығып тұрады, қазақ диаспорасы өкІлдеріне кең танымал жөне үлкен сүранысқа ие. Облыста 18 мектепте қазақша сабақ жүреді. Қазақ тілі мен әдебиетІ 55 топта қосымша сабақ ретінде өтіледі /16,32/.
Информация о работе Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы