Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 14:38, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60
Кесте 2000-2004 жылдардағы Орталық Азия мемлекеттерінің ІЖӨ өндірісі (АҚШ долларымен млрд.)
Мемлекеттер |
2000ж. |
2001ж. |
2002ж. |
2003ж. |
2004ж. |
Қазақстан |
18,3 |
22,1 |
24,6 |
30,3 |
40,7 |
Қырғызстан |
1,2 |
1,4 |
1,6 |
1,9 |
2,2 |
Тәжікстан |
0,9 |
1,1 |
1,2 |
1,5 |
2,1 |
Өзбекстан |
13,8 |
11,5 |
9,5 |
8,6 |
9,2 |
2004 жылғы берілгендер бойынша ІЖӨ - нің жан басына шаққандағы үлесі: Қазақстанда 2714 АҚШ долл. құраса, Түркіменстан бойынша мәлімет жоқ, Қырғызстанда - 433 долл., Өзбекстан мен Тәжікстанда - 357 және 309 АКДІ долл. Келеді /17 №4/.
2004 жылы Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы көлемі 33 млрд долларға жақындады. Позитивті сальдо 7 млрд доллардан жоғарылап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Тәуелсіздіктің алғашкы жылдарында негізінен ТМД көлемінен аспаған сыртқы сауда-экономикалық байланыстың жағрафиясы да кеңейе бастады. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымының қүрылымында Еуропалық одақ мүше елдері, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасы іс жүзінде әлемдік экономиканың бөлігі болып қалыптасты, сондықтан да жаһандық бәсекенің толқынына ілесуге тура келді.
2005 жылы жаңа
қаржылық институтқа сүйенген
Қазақстандық бизнес-тің инвест
Әлемдік банктің 'Т)оіп£ Визіпезз іп 2006" атты бизнес жүргізудің ыңғайлығы туралы баяндамасында зерттелген 155 елдің ішінде Қазақстан 86 орынды иеленді. Алдына ТМД елдерінің ішінен Арменияны (46 орын), Ресейді (79), Молдавияны (83) жэне Қырғызстанды (84) жіберді. Дүниежүзілік экономикалық форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік туралы соңғы есебі бойынша 2005 жылы ҚР есепке кірген 177 елдің ішінен 61-ші орынды иеленіп, ТМД-ғы көршілерін басып озды. 2005 жылы республикадағы ІЖӨ-нің өсуі 7,9% құрады, он жыл ішінде орташа есеппен жан басына шаққанда ІЖӨ 700 доллардан 2700 долларға дейін өсті. 2008 жылы ол екі еселеніп, 2015 жылдары үш еселенуі де мүмкін деген болжам бар. Әлеуметтік саладағы статистикалық мэліметтерге жүгінсек, Әлемдік банк Республикамызды орта дәрежелі табысы бар мемлекеттер қатарына жатқызады. Мұндағы басты көрсеткіш реформа кезендеріндегі халықтың табыс мөлшерінің едэуір өсуі. Ең төмен жалақы 25 есе, орта жалақы 6 есе өсті. Көптеген мемлекеттерде нақтылы жалақы қыркүйек айларында да бірте-бірте өсе бастады, валютаның ресми курсына қарағанда ол 101 долларға сәйкес келді. Ал Ресейде 86, Белоруссияда 65, Украинада 46, Әзірбайжанда 45 және Арменияда 41 доллармен сэйкесті. Ең төменгі орташа жалақы Тэжікстанда болды, шамамен 9 доллар (Қар. қосымша 15) /3-15б/.
2005 жылдың 22-23 қарашасында Мэскеуде "Мэскеу Бизнес-диалогы" II халықаралық форумы болып өтті. Онда атап көрсетілгендей, ҚР-да жұмыс жасап жатқан экономикалық субъектілерде толықтай салықтың салмағы РФ-ға қарағанда шамамен 2 есе төмен. Қазақстандағы ІЖӨ-нің мемлекеттік табысының дербес салмағы 20% болса, Ресейде 38%.
ҚР-ғы тікелей шетелдік инвестициялар шамамен ІЖӨ-нің 8%-ын құраса, ал Ресейде ІЖӨ-нің 1%-ын қүрады. ІЖӨ өсуінің орташа жылдық екпіні Қазақстанда соңғы 7 жылда 10,6%-ды, осы кезенде Ресейде 6,6%-ды қүрады. Комулятивтік өсу нәтижесінде ІЖӨ 83%-ға жетті. Ал салыстыра қарасақ РФ-да 53%-ды көрсетті. Осындай экономикалық өсу жалғасатын болса 2006 жылы 8 жыл ішінде ІЖӨ 2 еселенуге дейін жетеді. 7 жыл ішінде Ресейде мұнай өндіру 55%-ға өссе, Қазақстанда 2,3 есе өсті. Екі елдің өңдеуші өндірістік салаларында өсу екпіні бүдан да таңғаларлық жайды көрсетеді. Машина жасау өндірісі көлемінің кумулятивті өсуі 7 жыл ішінде Ресейде 75%, ал ҚР-да 600%. Сонымен тұтастай алғанда бүкіл экономикалық бэсекеге қабілеттілігін қолдау саясатын жүргізу тек экономиканың жоғары екпінмен өсуіне ғана қол жеткізбейді, сонымен қатар экономикалық шикізат саласының да, өндірістік өңдеу салаларыныңда тепе-тең қалыпты дамуына мүмкіндік береді.
ҚР мен
РФ-ның макроэкономикасындағы
Сонымен Қазақстан мен Ресейдің жан басына шаққандағы көрсеткіштерінің айырмашылықтарын жоюдың жарты жолы артта қалды. Қазақстанда жан басына шаққанда табыс көрсеткіштері Ресейге қарағанда әлдеқайда жоғары аудандар пайда болды. 2005 жылы Астана түрғындарының жан басына шаққандағы орташа нақты табысы сатып алу қабілеті жағынан Мәскеу тұрғындарының жан басына шаққандағы орташа табысынан асып кетті. Дегенмен, бұл жерде екі астананың тұрғын халқының сан жағынан едәуір айырмашылығы мен ондағы жоғарғы ақы төленетін жұмысшылардың дербес салмағын ескерген де дұрыс шығар (Астанада 0,5 млн., Мәскеуде шамамен 12 млн). Бұл - ұзақ мерзімді жауапты экономикалық саясат жүргізу нэтижесі /3-18/.
Дей тұрғанмен қарастырылып отырған кезеңде ТМД-да нарықтық негіздегі нақты экономикалық интеграция үшін қажетті объективті шарт қалыптаспады. ТМД мүшелері экономикалық және қоғамдық қатынастарды реформалау, басқарудың демократиялық негіздерін қалыптастыру жэне дамыту үдерісі жағдайында жүйелі элеуметтік-экономикалық қиындықтар-дан әр түрлі дәрежеде шығуда. Мүндай жағдайда жекелеген мемлекеттер басшыларының "саяси ерік күшіне" ғана сүйеніп экономика саласындағы интеграциялық үдерістерді тездету оңай іс болмады. Бұл күрделі үдерістің объеістивті жағдайын, алғышарттарын жэне зандылықтарын толық түсінбей түрып әрекет ету интеграциялық тенденциялар мен үдерістерде қателіктерге үрынуды жоққа шығармайды.
Ал Қазақстан үшін Ресей - басты сыртқы саяси әріптес. Екі ел арасындағы тауар айналымы тек 1993 жылы 47%-ға өсіп, 7 млрд. құраса, 2005 жылы 9 млрд. доллардан асып кетті. ҚР А тауар айналымы РФ-на тиесілі. Кооперациялық Қазақстан-Ресейлік байланыстар эр салада беки түсуде. Олар: табиғи шикізаттарды өндіру жэне алғашқы өндеуге бағытталған салалар, қосымша қүны жоғары дэрежедегі өнімдерді өндіру, оның ішінде жоғары технологиялық салалар. Ресей ҚР-ның Каспий теңізі флоты үшін Выборг кеме құрылысы зауытында танкерлер жасауда. Мұның өзі Ресей мен Ираннан мұнай таситын кемелерін жалға алудан құтылуға мүмкіндік береді. Түркия мен Пэкістан тауарларымен нәтижелі бәсекелесу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік кэсіпорны ЖШС "Қазақ-орыс тоқыма альянсы" салынуда.
Ақырында РФ мен ҚР ең жоғары технология саласында ынтымақтасып жұмыс істей бастады. Байқоңырда "Ангара" экологиялық қауіпсіз ракетасы базасында жаңа ғарыштық ракеталық кешен салу үшін ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Шекаралық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша 1999 жылдың қыркүйек айында елдердің шекаралас аймақтарының жэне олардың шаруашылық субъектілерінің арасында эр түрлі мәселелер бойынша 116 келісім - шарт, контракт бекітілді. Экологиялық ынтымақтастықты одан эрі дамыту жөніндегі қүжаттар 2005 жылы қаңтарда Алматыда екі ел президенттері тарапынан талқыланып, позитивті тенденцияларды бекітіп, екі жақты экономикалық байланысты нығайтып, іс-жүзінде қарқынды дамытуға үлес қосуға шақырды /3,23б/ .
Ғасырлар
тоғысындағы ТМД-ның басты
Соңғы уақыттарда анық болғандай, ең алдымен КСРО құлауының қиын салдарын азайту үшін қүрылған ТМД интеграцияның бастапқы кезеңінде-ақ принципиалды жаңа негіздегі интегратор рөлін атқара алмады. принципті жаңа негізде басқару қиындық туғызды. Сондықтан ТМД мүше елдерінің кейбір саясаткерлері мен азаматтарында қалыптасқан ТМД туралы жоғары үміттері шын мәнінде жүзеге аспайтын, идеалистік армандар еді. Дегенмен де ТМД-ның экономикалық өзара әрекеттері тарихы сабақтарының позитивті жақтарын жоққа шығаруға болмайды, ол оны алға қарай дамытудың жаңа, бұрынғыдан әлдеқайда прагматикалық және тиімді жолдарын анықтауға көмектеседі.
ТМД кеңістігіндегі экономикалық қүрылымдарды құрудың ең мүмкін бағыттары - экономикалық ынтымақтастықтың екі жақты сипатының, сонымен қатар бірлестік шеңберіндегі жекелеген мемлекеттердің "әртүрлі дәрежелі", "әртүрлі жылдамдықтағы" интеграция әдісінің басымдылығы. ТМД ішінде бүдан кейінгі уақыттарда да жекелеген мемлекеттер арасында тығыз интеграциялық байланыстар емір сүретін болады. Осы мэселеде бүлар Достастықтың ортақ мақсат, міндеттерімен, әсіресе экономикалық жэне гуманитарлық салада, қылмыс пен есірткі бизнесімен күресте, қоршаған ортаны қорғауда қарама-қайшылыққа келмеуі керек. Қазіргі таңда мемлекеттердің өте алшақ саяси және экономикалық мүдделеріне қарамастан болашақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың бағыт-бағдары жасақталып жатыр. ҚР мен ТМД елдерінің экономикалық кеңістігіндегі шын мәніндегі интеграция - байланыстардың жаңа құрылымы және қатысушылар қүрамының анықталуы, өз елдерІ ішінде жэне мемлекеттер арасында өзара тиімді нарықтық қатынастарды дамыту негізінде жүзеге асырылады.
ЕурАзЭҚ - қүрамына Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жэне Тэжікстанды енгізе отырып, Кедендік одақты дамыту үшін үлкен мақсатты - ортақ экономикалық кеңістік пен ортақ рынокты қалыптастыруды, саяси одақ құруды көздеді. Украина, Молдова және Армения бақылаушы мәртебесін алды. 2003 жылдың 19-20 ақпанында ЕурАзЭҚ-ның "Бірінші экономикалық форумында" ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қауымдастықты құрудың бастамашысы ретінде 2011 жылға арналған негізгі міндеттерді атап көрсетті. Соның бірі біріккен мемлекеттердің ортақ ақша бірлігін енгізу. Аз уақыттың ішінде дайындалып, 2003 жылдың 23-ақпанында Белоруссия, Қазақстан, Ресей жэне Украинаның Біртүтас экономикалық кеңістігін (БЭК) құру туралы Келісімге қол қойылып, бекітілді.. БЭК-тің мақсаты: суперұлттық экономикалық реттеуші ұйым арқылы аймақтық интеграцияға қол жеткізу, сэйкесті заңнамалар мен экономикалық саясатты үйлестіру, сауда және тариф бойынша бірыңғай жүйелеп отыратын мемлекетаралық тәуелсіз комиссия құру.
Қазақстан, Ресей, Украина және Түркіменстан президенттері газ саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы ұсынысқа қол қойды. БЭК-ке қатысушы елдердің экономикалық әлеуеті ТМД-ның барлық әлеуетінен 96%-ға жетеді. Қазақстан, Ресей, Украина мен Белоруссия экономикалық реформалар қарқыны, ортақ байланыс тілі т.б. факторлар бойынша ТМД елдерінің ішіндегі нақты әріптестерге айналып, ал мұндай құрылым құру БСҰ-ға мүше болуға қайшы келмейді [83. 2003. 15 маусым].
БЭК ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістердің "локомотиві" бола алады деген қорытындыға келгенімен әр елдің сарапшылары бұрынғы тәжірибелерге сүйене отырып, жаңа ұйымға үстамдылықпен қарады. РФ-ның Мемлекеттік думасы комитетінің ТМД істері және отандастармен байланыс бойынша төраға орынбасары А.Лебедов ТМД-ның 70 мемлекетаралық органының басты кемшілігі - бюджетке үлкен салмақ салу деп көрсетті. ТМД балама ретінде БЭК-тік шеңберінде интеграцияға кірісті. Ал Х.Тиммерман (ғылым және саясат Қоры институты, Берлин) ТМД-ны мықты интеграциялык фактор ретінде танып, БЭК-ке оң баға бермеді. Ресей ғылым академиясының халықаралақ экономика жэне қүқық институтының директоры Р.Гринберг БЭК-тің болашағын жоққа шығарды, ҚР-ньщ әлеуметтанушы жэне саясаттанушы Ассоциациасының сарапшысы М.Сәрсенов те БЭК-тің декларативті-саяси сипатын атап көрсетті. "Төрт елдің экономикасьшың эр түрлі бағытта өріс алуы себепті экономикалық тұрғыдан ... әзірше сенімсіз. Қазақстан экономикасының бағыты -шикізаттық, төрт елдің заңнамаларында да қарама-қайшы түстар көп ...бірақ
Қазақстанның
позитивті айқын мақсаты бар.
Біз КСРО бойынша тағдырлас
Мұндай тұжырым ҚР-нда және басқа да посткеңестік елдерде модернизациялық қайта құруларды дамыту шараларында анық болды. Түптеп келгенде еріктілік қана емес, өте-мөте темірдей қажеттілік оларды ынтымақтастыққа ұмтылуға мәжбүрлейді. "Төрттіктің" жақын мандағы мақсаты тауарлардың жылжу, капитал, қызмет көрсету және жұмыс күші жолындағы кедергілерді жою. Ынтымақтастық үлгісін жасауда ТМД мен ЕО тәжірибелері ескерілді. Яғни іс жүзінде әр түрлі аймақтарда интеграциялық күштердің өзара толықтыруларын қамтамасыз ету жэне бірыңғай кеңістікті қалыптастыру қажет.
Кедендік одаққа қарағанда ЕурАЭҚ қабылданған шешімдерді орындаудың механизмдері жэне нақты құрылымы бар халықаралық ұйым мәртебесіне ие. Ерекше құндылығы - әр қатысушыға көбірек кеңістік беретін әр түрлі деңгейдегі және әр түрлі қарқындағы интеграция ұстанымы болуы; бұрынғы қол жеткен келісімдерді, олардың табыстарын, қаралған нақты мақсаттар мен қабылданған шешімдердің орындау мерзімі туралы келісімдер сабақтастығы. Елдер экономикалық әлеуетіне сай интеграциялық комитеттің қызметін қаржыландырып, дауыс береді. Бүл жерде бірінші рет ТМД кеңістігінде "ойластырып дауыс беру" жолы арқылы шешім қабылдау жүйесі қолданылады, мәселен, 2006 жылы Қауымдастыққа мүше мемлекеттердің шекараларында өткізу пункттерін жөндеу жұмыстарын жүргізу жэне 2010 жылы ЕурАзЭҚ-тың сыртқы шекарасының келісілген күзеттерін заңдастырып және толық жөндеуден өткізу қажет. Сонымен қатар кеден қызметінің біртұтас басқару жүйесін орнатып, мемлекеттер арасындағы шекараларда кедендік бақылауды алып тастау мәселесі күн тәртібінде түрса, 2015 жылы Қауымдастық мүшелерінің шекаралық қызметтерімен біртұтас басқару жүйесін құру жоспарға енгізілді.
Информация о работе Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы