Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда 2356 мектеп жалпы білімді орыс тілінде береді және 2000 мектеп білімді екі тілде немесе одан да көп тілдерде береді. Жоғары оқу орындарында орыс тілінде бІлім алатын студенттер жалпы проценті 1999-2000 оқу жыльшда 67 пайыз /8,64/.

Қазақстанда барлық мектептерде орыс тілі пөні жүргізіледі. Сондай-ақ орыс тілінде білім алуға барлық жағдай жасалған.

2003-2004 оқу  жылының басында ҚР Білім және  ғылым министрлігінде 7925 мектеп бар, оның 2122-сі орыс тілінде білім беретін мектеп болса (мектептің жалпы санының 27 пайызы), 2069 аралас мектеп (26 пайыз). Орыс тілінде білім алатын баланың жалпы саны 12073 03. Бүл көрсеткіштер Қазақстандағы орыс тілінің ешбір кедергісіз дамуда екендігін көрсетеді.

Қазақстанның  білім беру саласын өркендету  үшін қабылданып жатқан түжырымдарға тоқталсақ, "Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту түжырымдамасында" айтылған білімдегі жаңалық, біздің көзқарасымыз бойынша окушылардың өзінің өмір жолын ертерек таңдауына, нарықтык қатынасқа белсенді араласуына қол жеткізуге ықпал етеді. Яғни, білім беру саласын

Медениет саласындағы  біртүтас кеңістікті сақтаудың аса маңыздыларының бірі ақпарат-мөдени орталықтары болуы тиіс, олар екіжақты келісімдерге сәйкес ашылады.

Ауқымдану мен  ғылыми-техникалық жетістіктер үрдісі, өсіресе жаңа ақпараттык және телекоммуникациялық технологиялардын дамуы біздің аумақты, өрі аз қоныстанған еліміз үшін бірегей мүмкіндіктер үсынады. Алайда біз осы үрдістермен қатар адымдайтынымызға ешкім кепілдік бере алмайды. Демек, осы технологияларды үғыну, олардың біздің қоғамымызға толық кіруіне қол жеткізу, ғылыми техникалық кадрларды қолдау маңызды.

Ақпараттық  технологиялар, оның басқа түрлерімен салыстырғанда, өз мөнісі жағынан неғүрлым "көпшіл" өрі икемді бола отырып, бизнесті, экспорттық қызметті дамытуға және экономиканы орталықсыздандыруға барынша жәрдемдеседІ.

Ақпараттық  технологиялардың денсаулық сақтау мен білім беру салалары үшін, сондай-ақ айналадағы ортаны жақсарту үшін маңызына баға жеткіліксіз .

Қазақстан мен  Ресей арасындағы қарым-қатынастардағы Еуразиялық идеяның алатын орнына келетін болсақ 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырап, оның орнына ондаған жаңа, тәуелсіз мемлекеттер дүниеге келді. Олар өздерінІң бостандығы мен егемендігін барынша нығайтуға тырысты. Бірақ, 70 жыл бойы қалыптасқан шаруашылық, саяси, ғылыми-техникалық, мәдени тағы басқа байланыстардың үзілуі бүл жолда көптеген қиындықтар, мәселелер әкелді, экономика және басқа салаларын дағдарысқа үшыратты. ЕндІ ғана тәуелсіз болған барлық дерлік елдердің басындағы кездескен ауыр жағдай тығырықтан шығу үшін олардың ынтымақтасып, түйінді мәселелерді бірлесе шешуді талап етті. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың үсынған Еуразиялық идеясының ерекше маңызы болды.

Кеңес Одағы  тараған соң дербес болған мемлекеттердің 9-ы сол 1991 жылы желтоқсанда ТМД құрды, кейін оған тағы басқалары да қосылды. Аталған Достастық жаңа мемлекеттердің бұрынғы Одақтан қақтығыссыз, қамсыз, бейбіт түрде ажырауға жөне өз дербестіктерін бекітуге қомақты үлес қосты. Алайда, өзара экономикалық, ғылыми, техникалық, т.б. ынтымақтастыкты жасап бекітуге бағытталған жүздеген келісім-шарттар қабылданса да, көпшілігі іске аспады, қағаз жүзінде қалды. Сондықтан ТМД-дан түңілу, үміт үзушілер көбейе бастады.

1994 жылы наурыздың  29 жүлдызында Мәскеуге ресми сапар  шеңберінде Н.Ә. Назарбаев ММУ-нің  профессор-оқытушы жөне студенттер  қүрамымен кездесіп, өзінің сөзінде мемлекеттердің Еуразиялық одағын жасау туралы ойын айтты. Бүл ретте "одақ" деген сөз абыржытпасын, жаңа одақ бүрынғы Одаққа оралу емес, Еуразиялық одақ тіпті басқа қағидадаларға, негіздерде құрылуы керек екендігін айтты. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Еуразиялық одақ қүру идеясының он жыл толуына орай өткен конференцияда Елбасы деді: "Естеріңізге сала кетейін, сөз қағида төрт мөселе туралы болған еді. Біріншіден, кірігу, экономикалық кІрігу, екіншіден көп қабатты, түрлі жеделдіктегі кірігу идеясы, үшіншіден өңірлік қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, кірігудің еріктілігі"/18,15/. Бұқара көпшілік үшін, халыққа түсінікті болуы үшін еуразиялық идеяның негізгі қағидалары "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" деген үсыныстар да енгізілді.

Еуразиялық  идея, еуразияшылдық, еуразиялық кірігу - жаһанданудың қауіп-қатерінен күтылудың бірден-бір жолы, оның сүранысына жауап болып табылады.

Қазіргі өркениетті елдердің негізін қүраған халықтар кезінде бір-бірімен жөнді араласа алмай жатқақда, шаруашылықты жүргізу тәсілдері мен әскери өнерді меңгеруде алдына жан салмаған Еуразия қүрылығының қақ ортасындағы түркілер өзге халықтарға мөдениет жеткізуші, Шығыс пен Батыс мәдениетін бір-біріне жалғаушы рөлін атқарған.

Қазақстан мен Ресей бұрынғы кеңестік еуразиялық құрлық кеңістігін құрайды. Бүгінгі күн халықаралық қүқықтың дербес субъектісі ретінде өзінің геосаяси және геостратегиялық артықшылықтарын қалыптастыруда. Осы Қазақстан-Ресей одақтастық карым-қатынастарында маңызды рөлді олардың мәдени-рухани қүндылықтары алады. Бұл құндылықтардың астарында көрші екі елдің бірлігі және өзара түсінісушілігі жөніндегі халық даналығы жатыр.

Қоғам мен адам өмірінде өте маңызды, белсенді рөл атқаратын - рухани мөдениет, Рухани мөдениет көпжақты, кең салалы үғым. Қоғамның рухани жетістІгі оның әлеуметтік-экономикалық дамуына тәуелді бола отырып, сол жетістіктердің жеделдеуІне, не болмаса баяулауына ықпал етеді. Қоғамда ешнәрсе ақыл-ойсыз, сана-сезімсіз, адам жанының жүмысынсыз іске асып, өмір сүре алмайды. Ғылым, өнер, идеология, саяси және қүқықтық көзқарастар -қоғамның нақтылы өмірін, қоғамдағы өмір сүріп отырған топтардың қажеттерін білдіріп, қоғамдык сананың әртүрлі үлгілерін қалыптастырады. Ал, мүның барлығы адамның медениет арқылы қүндылықтарды ажырата білетіндігіне негізделеді.

Ерекше географиялық дүние іспетті Еуразия түрғындары не батыс еуропалықтарға, не қиыр немесе оңтүстік-шығыс азиаттарына үқсамайды. Еуразиялық халықтарда славяндардың жөне түрандықтардың ерекшеліктері аралас болады. Осыдан барып "Шығыс-Батыс" жүйесінде Қазакстан мен Ресейдің орны жөніндегі мөселе шешілуі керек. Қазақстан мен Ресей - Батыс та жөне Шығыс та емес, олар Еуразияға жатады және біртүтас славяндық-түрандық бірлікті білдіреді. Батыс (орыс) медениетінде Шығыс әуендері, керісінше Шығыс медениетінде Батыс өуендері мен элементтері кездеседі. Бүл орыс және басқа еуразиялық мөдениеттің үқсастығымен, олардың тарихи астасуымен, тіпті орыстардың түріктермен, кейін қазақтармен тарихи достастық байланыстарымен дәлелденеді.

Еуразияшылдық біртұтас үйлесімдік қүрамындағы өрбір халықтың қүқығы мен ерекшелігін мойындайды. Еуразияшылдар ұраны "ІзгілІк жасау немесе жақсылыққа,   жарастыққа,   парасаттылыққа   ұмтылу".   Рухани-адамгершілік

 

жағынан жетілген, Шығыстың руханияты мен Батыстың озық технологиясын, білімін, ақыл-ойын бойына сіңіріп, екеуін ұштастыра білу.

Еуразиялық  идея Шығыс пен Батыс идеяларымен  салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола түра, оларға кереғарлық жасамайды, олармен бір қатарда айрықша түрмайды. Керісінше екі идеяны да жандандырып, мәдени рухани жағынан біріктіреді, синтездейді. Ол дүниені жаңғырту мен адамды рухани жетілдіруді бір-бірінен алшақтатпайды, керісінше, жақындатады, толықтырады. Адамның материалдық-практикалық іс-әрекеті рухани-адамгершілік түрғыдан дамуы дүниеден сырт қалуды емес, қайта ол нақтылы іс-әрекетті талап етеді. Сондықтан елімізде 2004-2006 жылдарға арналған "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы іске асып жатыр. Бай мәдени мүраны игеру бүкіл қоғамның рухани жаңаруының негізі болып табылады.

Көне заманнан бүгінгі  күнге дейінгі Еуразия кеңістігінде ең шешуші суперэтностары - славян жөне түран халықтарының кейінгі үрпаққа  қалдырған бай философиялық және рухани мүралары бар. Осының нетижесІнде Еуразия кеңістігінде мемлекетаралық, үлтаралық, дінаралық жөне конфессияаралық сүхбат арқылы түрақтылық пен қауіпсіздік, былайша айтқанда еуразиялық рухани келісім қалыптасуда. Оған өткен жылы Астанада өткен Әлемдік және дөстүрлі діндер лидерлерінің съезі кепіл.

Еуразиялық  кеңістіктегі мемлекетаралық қатынастар мен интеграциялық үрдістерді алсақ, олар еуразияшылдықтың табиғи терең мәнін көрсетеді. Егер Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одак жөніндегі идеясы туралы айтар болсақ, ол саяси немесе жалаң сыртқары ойларға емес, Еуразия халықтарының мәдениеті мен болмысының іштей жақындығына, славяндар мен түрандықтардың іс жүзіндегі ішкі бірлігіне негізделген.

Еуразияшылдык аймақтағы геосаяси және өлеуметтік-мөдени кеңістік шеңберінде терең кірігу үрдістері басталған тарихтың жаңа философиясы рөліне үмтылып отыр.

Бүгінгі күні жаһандану заманында түрақтылық пен қауіпсіздіктІ қамтамасыз ету түрғысынан Шығыс пен Батыстың жақындасуы Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің дүниеге деген қатынасы мен кірІгуі іспетті тарихи қажеттілікке айналуда. Жаһандану заманында адам мен табиғат, техника мен адамгершілік, ислам мен христиандық, ұлттық пен жалпыадамзаттық қүндылықтар арасындағы теңсіздік аса зор әлемдік күйреуге, барлық адамзаттың жойылуына апарып соқтыруы ықтимал. Еуразияшылдықты дүниеге айрықша қатынас түріндегі мөдени-философиялық доктрина ретінде жүзеге асыру осы теңсіздікті жоюдың басты жолы, адам тіршілігінің әртүрлі тараптарын үйлестірудің бірден-бір төсілі болар еді. XXI ғасырда еуразиялық идеяның кең де терең мөнге ие болуы да сондықтан. Ендеше еуразиялық идея Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді түрі, сонымен қатар көпдеңгейлі интеграциялық үрдістердің қайнар көзі. Демек, бүл қүрлықтағы қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылады.

 

Қазақстан дербес дамуды үйреніп, сол жолмен нық жүріп  келеді. Енді жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып, оның серпінділігін сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек сияқты.

Қазіргі кезде  Л.Н. Гумилевтың артында қалған құнды қазыналары, жаңашыл ойлары мен интеграциялық түжырымдарының алатын орны ерекше. Ғалымның көптеген ой-толғамдары қазіргі ғылыми ізденістердің және болашақтағы мөдени дамудың негізі болып табылады. Л.Н. Гумилевтың ең күнды теориясы еуразиялық теориясы аймақтағы мемлекеттердің саяси және идеологиялық доктриналарының негізіне айналып, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен жүзеге асырылып Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық құрылды.

Еуразиялық  идеяның ғылым, білім кеңістігінде жүзеге асырылуы Еуразиялық Үлттық университет қүрылып, заңды түрде оған "рухани жағынан да мәні жағынан да еуразиялық" Лев Николаевич Гумилевтың есімі берілуі. Университет халықаралық ғылым, білІм салаларындағы байланыстарды дамытуда. Орынбор, Омск, Томск университеттерімен ынтымақтастык туралы келісм-шарттар бар.

Еуразиялық ұлттық Университет қазіргі таңда Л.Н. Гумилевтың артында қалған қазыналарын зерттеудегі, еуразиялық идеяны таратудағы қазақстандық орталық болып табылады. «Біздің университетте профессор М. Жолдасбеков басқаратын «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер орталығы және профессор, этнограф Ж.Ермекбаев басқаратын «Еуразиятану» институты жұмыс істейді. Орталық түркітанумен, әлемдік тарихпен байланыстағы Еуразия мәселелерін қарастырса, институт еуразияшылықты өркениет негізі ретінде зерттеп-зерделейді. Тәуелсіз елІміздің ғылыми бағыттағы сұранымы болашақта еуразиятанушылардың жаңа буынын қалыптастыратынына сенім білдіріп, осы ретте Еуразия университеті аянып қалмақ емес», - дейді кезекті сүхбатында университет ректоры С.А. Абдыманапов /21,24/.

Еуразиялық  идея жас мемлекеттер арасындағы қиыншылықтар мен қайшылықтарды бірте-бірте шешуде, сөйтіп оларды өзара жақындастыруда айтарлықтай қызмет атқару арқылы біздің санамызға мықтап орнықты. Аймақтық еуразиялық интеграциясы, Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың өрқайсысының үлттық егемендігі мен тәуелсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін де өте қажет. Сондықтан еуразияшылдықтың, еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағы өте зор. XXI ғасыр оны Еуразия кеңістігіндегі халықтардың көпшілігі мойындап, болашақта еуразиялық идея үлкен материалдық күшке айналып, Еуразияда, бүкіл дүние жүзінде өзара түсіністік пен рухани келісім салтанат күрған ғасыр болмақ.

 

Еуразиялық  кірігу - өзІнің дамуын жалғастырған нақты кірігу. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың басты бағыты еуразия мемлекеттері мен халықтары арасындағы түрақтылық пен қауіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, ғылым және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамытатын жүйе қалыптастыру болып табылады /21,11/.

2001 жылдың 1 шілдесінде  Минскіде ЕурАзЭҚ қатысушы мемлекеттер  басшыларының отырысы өтіп, онда кауымдастықтың іс-қимылына қатысты негізгі қүжаттарға қол қойылды. Осыдан кейін бұрынғы кеңестік кеңістікте ықпалдастық одағының жаңа тарихы басталды.

2004 жылдың  қазан айында дәстүрлі Екінші  еуразиялық ғылыми форум өткізілді және оның аясында Қазақстанның РесейдегІ жылына арналған "Еуразияның далалық өлкесі: тарихи-медени өзара іс-қимыл және қазіргі заман" атты III ғылыми конференция ұйымдастырылды. Конференция -Еуразиялық Ұлттық университеті, Омбы жөне Томск мемлекеттік университеттері бастамасымен өтті. Бұл форумға Ресей ғылым академиясының өкілдері және Солтүстік университеттердің алдыңғы қатарлы ғалымдар тобы келді. Бұл форум Еуразия аймағында ғылыми ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және жалпы ғылыми қоғамдастықтың назарын еуразиялық ықпалдастық мәселесіне аударуға арналды.

XXI ғасырдың табалдырығын аттаған жаңа ғасыр бастауында әлемдік мәдениеттердің тоғысы, олардың сан салалалы диалогы мен түтастығы ең басты тенденцияға айналып отырған бүгінгі таңда қазақстандық "Еуразиялық" идеясының Шығыс пен Батыс өркениеттері арасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністікке дөнекер болатын әлеуметтік тендік пен өркениетаралық ынтымақтастық идеясы екендігі ешқандай дау тудырмау керек. Өйткені өзіндік төлтума қасиетімен ерекшеленетін бүл идея - жаңа рухани-өнегелілік кеңістігінің қалыптасуы жөне оның негізінде өрбір халықтың үлттық санасының жаңғырығының, одан қалды бейбітшілік пен молшылық көзі бола алатын қуатты мемлекет қүрылуының кепілі болып табылады. Олай болса, бүл идеяның ойдағыдай жүзеге асырылуы әлемдік мәнділігімен қатар, Еуразиялық өркениеттің бір бөлшегі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан үшін және оны мекендейтін басқа да халықтардың үлттық, рухани, эстетикалық-өнегелік және т.б. мұраларын одан өрі өркендетуіне даңғыл жол ашып беретіні ақиқат.

Информация о работе Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы