Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т.т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................................3-8

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР

Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері..............................................................................................9-16
Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.....................................17-27



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы.... 28-41
Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде................. 42-48


ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................49-54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ.............................................55-60

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-ТӘУЕЛСІЗ-ҚАЗАҚСТАННЫҢ-ТМД-МЕМЛЕКЕТТЕРІМЕН-ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ2006.doc

— 517.50 Кб (Скачать документ)

 

Қатысушы елдердің көрсеткіштері  іс-жүзінде өскендігін мына фактілерден көруге болады: 2000-2004 жылға ІЖӨ - нің өсуі ҚР-да 10,3%, ТР-да - 9,7%, БР-да - 6,5%, РФ-да - 6,2%, КР-да - 4,8 % көрсетті. Бұл турасында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "ЕурАзЭҚ -қа кіру барлық мемлекеттердің экономикасының өсуіне эсер етеді. Біз еркін сауда аймағын құру үшін барынша белсенді жұмыс істеуге, 1,5 млрд. долларға жинағы бар Мемлекетаралық банк қүруға, сонымен қатар біздің елдердің Кедендік тарифін бір жүйеге келтіруге келістік", - деуінің заңды негізі бар. Халықаралық еуразиялық қозғалыстың лидері, РФ-ның геосаяси сараптау Орталығының директоры А.Дугин " ЕурАзЭҚ - посткеңестік кеңістіктегі экономикалық интеграцияның теориялық мінсіз жоспары, бүл қазіргі элемдік экономикадағы біртектілікке ұмтылушы әлемнің көпқырлы үлгісі» /19,78/.

Сонымен Қазақстанның ТМД елдерімен және басқа да мемлекеттермен өзара әрекеттІң барлық кешенінің ірге тасы өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты құрайды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей аймақтық интеграция жаһандануға үн қосатын басты құбылыс. Оның элеуетін ТМД елдері геосаяси және геоэкономикалық шынайылылыққа ортақ бейімделу жағдайында толық жэне нэтижелі пайдаланады. Жалпы әлемдік экономикалық проблемаларды шешуге үйлесімді қатысу, шаруашылық байланыстарды сақтап жэне тереңдетуге оның ішінде аймақтық деңгейде сақтауға қызығушылық, тарихи қалыптасқан өзара байланыстарға сүйенеді. Сонымен қатар әлемдік рыноктағы қатаң бәсекелестіктің өзі де ұлттық тауар өндірушіні нәтижелі сақтауды талап етеді. Бұл бірлестіктің қатысушы мемлекеттерінің сыртқы байланыстарының жағрафиялық кеңеюі ғана өзінен өзі-ақ оларға халықаралық еңбек бөлінісінде өздеріне тиісті орын алуын қамтамасыз етеді.

ЕурАзЭҚ кеңістігінде екі жақты сауда-саттық келісімдерге сүйенген еркін сауда тәртібі әрекет етеді. Заңды қүжатталған көп жақты ЕСА шаруашылық байланыстарды және өзара сауда-саттықты ынталандыруға, кедендік одақтың қалыптасуына алғышарттар жасауға қабілетті. Дегенмен де өзара сауда-саттықтың объективті теңсіздігі жағдайында ЕСА-ның қалыптасуы әлі аяқталған жоқ және барлық әріптестердің экономикалық мүддесін нақты есепке алуды талап етеді. Бүл түста әлемдік қауымдастықта жалпы қабылданған сыртқы саудадағы кедергілерді кезең-кезеңімен жою туралы БСҰ-ның заңдарын есепке алуды қамтамасыз ету керек. Ұлттық рынокта еркін бэсекелестікке кепілдік беретін сәйкесті кұқықтық базаны қалыптастыру қажет.

 

Келісілген валюталық  саясат қауіп-қатерді азайтып, мемлекетаралық төлем төлеу жүйесін жетілдіріп, бірте-бірте төлемдік, одан кейін валюталық одақ күруға мүмкіндік береді. Бұл міндеттерді табысты жүзеге асыру өндіріс көлемінің ұлғаюына, үшінші ел рыногындағы қауымдастық мемлекеттерінің тауар өндірушілерінің арасындағы бәсекелестікті бір мезгілде жоюда өтім рыногын кеңейтуге, көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге эсер етеді.

Экономика - көлік  құрылысының нақты секторын, байланыс қүралдарын дамыту үшін бірлескен күштерді бағыттап, отын-энергетика, азық-түлік және басқа да кешендерде халықаралық технологиялық тізбек құрудың маңызы зор. Мүдделі елдердің мемлекеттік қолдауының құралы ұлттық кэсіпкерлік құрылыммен халықаралық қаржылық институттар негізінде жүзеге асса, арнайы қорлардың өзегі бола алар еді. Еуразиялық интеграцияның маңызды бағыты - болашақта біртүгас көліктік кеңістік құрып, бұл салада келісілген тарифтік және кедендік саясат жүргізу. ЕурАзЭҚ және ТМД шеңберінде жүк жэне жолаушы тасымалында теміржол тарифі мәселесі бұрынғысынша күрделі күйінде қалып отыр. Мәселен, РФ-да халықаралық өтпелі темір жол тарифі ҚР-на қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан тауар өндірушісі Ресей территориясынан өз өнімін алып өту үшін Ресейлік тауар өндірушіге қарағанда 2,5 есе артық төлейді. Бұл келіспеушілік Қызмет көрсету саудасы туралы бас Келісім (ҚКСБК)-нің ережелеріне, өздері қатысушы болған 1998 жылғы 22 қаңтардағы Көлік одағын қалыптастыру туралы Келісімге қарама-қайшы болып тұр. ҚКСБК- нің негізгі талаптарын орындамау екі елдің БСҰ-на кіруінде басты кедергі болуы мүмкін /20,4б/.

Ресейдегі ВЦИОМ  жэне ЦИРКОН, әлеуметтік-экономикалық зерттеу және болжау институты және ҚР-дағы ЦеССИ — Қазақстан, Белоруссия мен Украинадағы дәл осындай ұйымдар "Еуразиялық монитор" бірлескен жобасының аясында кезекті сұрақ-жауап жүргізді (қар. Қосымша 10). БЭК шеңберіндегі экономикалық интеграция мәселесі 2005 жылғы көктемгі мониторингтің басты ойыны болды. Мәселен, әлеуметтік бейімделу деңгейі барлық 4 елде ЕО елдеріндегі орташаға да жетпейді, ал оның шамасы 79 % құрайды

БЭК елдерінің  әлеуметтік бейімделу динамикасы эр елде эр түрлі. 2005 жылы өмірге деген қанағаттылықты білдіру дэрежесі ҚР-да 79%, РФ-да 40%, Белоруссияда-39%, Украинада - 28% болды. Экономикалық жағдайы жақсы деп баға берілген жалғыз ел Қазақстан - 30%, 2005 жылдың күзіне қарай 42%-ға дейін өскен. Басқа елдерде орташа бағалар ауытқып тұрады, мэселен, Белоруссияда - 56 және 18% немесе Ресейде - 45 жэне 10%. 2005 жылдың күзінде Украинада - 2%, немесе жарамсыз және орташа бағалардың тең үлесі көрінеді. Қазақстанда анык позитивті динамика қалыптасқан. Ресейде тіпті экономикалық жағдайды бағалауда анық негативті вектор байқалады. Қазақстан мен Белоруссияда отбасының жеке материалдық жағдайы мен елдің экономикалық жағдайының бағасы теңге жақын, ал Ресей мен Украинада отбасының материалдық жағдайы тұтас елге қарағанда элдеқайда позитивті. Қазақстан халқы анағұрлым оптимист, 2005 жылдың күзінде ҚР-нда отбасының материалдық жағдайын жақсы деп жауап бергендер 32% көрсетті, Ресей мен Украинада - 11, Белоруссияда - 14%. Қазақстандағы әлеуметтік оптимизмнің динамика дэрежесі позитивті болса, Ресейде негативті, ал Белоруссия бір орында түр. Ал БЭК-ке көзқарасы мәселесіне келетін болсақ, жауап бергендердің 15% ғана өз болашақтарын осы бірлестікпен бірге көргісі келеді, Қазақстанда 27% немесе 23%. Бұл тұрғыда БЭК-интеграциялануға арқа сүйейді. Қазақстандықтардың тек 12% Еуроодақта өмір сүргісі келеді, КСРО-ның қайта қалпына келгенін 17%-ы қалайды /18,78/.

БЭК туралы акпараттандырудың  дэрежесі Украинада ең жоғары, Қазақстан одан кейінгі орында, ал ең төменгі орында Ресей. Тауарлардың толық еркін рыногын 2005 жылы көктемде қолданушылар тек Белоруссияда - 51%, Украинада 44 жэне 45% еркін алып шығуды, шектеуді жоюды қолдайды.

Төрттіктің  шеңберінде ашық экономикалық өзара  әрекеттерді қолдай отырып қандай да бір шектеулер мен оқшаулануға қарсылықты білдіреді. БЭК-тің шын мэніндегі қолдаушылары эзірге көп емес, БЭК-тің барлық елдерінің көптеген респонденттері капитал мен еңбектің тауар рыногына біріктірудің базалық ұстанымдарын ауыр қабылдайды. Дегенмен де мұндай интеграция сияқты жаһандық императивке, Еуразиялык негіздегі бірлестікке төрт елдің азаматтары келісуге эзір. Бірақ интеграцияның нақты аспектілері, бірінші кезекті экономикалық аспектілері оларды қауіптендіреді, тіпті үркітеді. Яғни төрттіктің шеңберіндегі белсенді дайындалып жатқан келісімдердің пакеттерінде азаматтардың көңіл-күйіне қажетті элеуметтік-психологиялық база келтірілмеген. Экономикалық интеграцияның нақты мәселелері бұл БЭК елдері саясаткерлері жұмыстарының маңызды бағыты. Түптеп келгенде БЭК-тің барлық елдері азаматтарының арасында іс жүзінде негативті стереотивтер жоғары деңгейде болғанымен, БЭК шеңберіндегі нақты интеграциядан бас тартып кете алмайды.

Келелі міндеттердің бірі БЭК қалыптастыруды қамтамасыз етудің құқықтық бағдарламасын жасақтау. Оның қалыптасуы үлттық экономиканы дамыту дәрежесін жоғарылатуда кейбір себептерге байланысты олқылықтар бірден байқалды. Біріншіден, бұл аймақтық топтың құрылымы жағынан экономикалық мақсатқа лайық жэне экономикалық әлеуеті бойынша ТМД-ның ІЖӨ жиынтығының 90 % -ға жуығын күрайды. ТМД-ның барлық өзара сауданың 90%-ын және достастық халықтарының 80%-ын көрсетеді. Екіншіден, барлық қатысушыларды әлеуметтік - экономикалық өлшем бойынша салыстыруға келеді жэне олардың бірде біреуі "төрттіктің" интеграциясына кедергі келтіретін халықаралык және экономикалық үйымдардың алдында міндетті емес. Келесі маңызды мәселе, бұл әлдеқайда дамыған ғылыми-техникалык, өндірістік, қаржылық, кадрлық жағынан қуатты елдер. Бұларды толық және нәтижелі қолдану әлдеқайда кең рынокты талап етеді, ал төрттіктің рыногы — 230 млн. адаммен бай, табиғи ресурстары мол елдер. Бұлар іс жүзінде қатысушы елдердің экономикасының негізгі сұраныстарын толығьшен қамтамасыз етеді. Экономика интеграциясы бірінші кезеңнің өзінде-ақ көлік, энергетика, байланыс басқа да қызметтер саласында бір ізге келтіру мен үйлесімділікті қажет етеді.

БЭК-ті қалыптастыру мақсатында көптеген елдер бІрінші кезекте интеграцияның сауда - экономикалық аспектілерін қарастыратын нормативтік-құқықтық базаны қальштастыру қажеттігін түсіңді. БЭК бұл елдің кедендік территориясын біріктіретін экономикалық кеңістік ретінде қабылданады. Мұнда бірыңғай ұстанымдарға негізделген экономикалық реттеу механизмдері жұмыс істейді. Тауарлардың қызмет көрсетуін, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етіп, тең қүқылық бәсекелестікті қалыптастыруға қажетті бірыңғай сыртқы сауда келісімдері жүргізіледі. Макроэкономикалық тұрақтылық, салықтық, несиелік және валюталық-қаржылық саясат қолдау тауып отыр.

БЭК құру қатысушы елдердің нарық жұмысында экономикалык көрсеткіштерін нақгы жақсартуды қамтамасыз етер еді, әсіресе: ішкі сауда кедергілерін жою және кедендік тәртіпті реттеу, тарифтік реттеуді жеңілдету, валюталық реттеудің бірыңғай ережесін енгізу, инвестицшшың қосымша өзара кепілдігі, еңбек миграциясын жеңілдету, нақты монополиялардың қызметіне тариф белгілеуде бірыңғай тәртіпке өту, ортақ техникалык талаптар, стандарттар және дәстүрлі тұтыну арқасьшда дайын өнім рыногын кеңейту.

Сонымен қатар, бизнесті дамытудың жаңа құрылымдық алғышарттарь: қамтамасыз етіледі - бірігу жэне жұту барысында іскерлік кұрылымдар ірілендіру мүмкіндіктерін жасау, БЭК аймағындағы экономикалық саясатть: келісу үшін   ортак құрылымдардың пайда болуы, даулы мэселелерді шеш} үшін тәуелсіз 4 жақты механизмдер қүру.  БЭК құрудың     халықаралық аспектілері   косымша   жеңілдіктер   алудың   мүмкіндігін   туғызуды   жәш аймақтық интеграциялық бірлестік құрамына кіретін ел ретінде дамыған елдердің рыногына ену үшін артықшылыкка қол жеткізудІ көздейді. БЭІ сияқты маңызды және кең масштабтағы жоба асығыстықты,  жетілмеген шешімдерді қаламайды. Ортақ келісім мэтінінен кейбір мәселелерді, эсірес көліктік тариф  мәселесін  алып тастауға жэне  соған  сүйеніп  екі  жақті келісімді де бекітуге болмайды. Сондықтан да БЭК жобасының аясынд жұмыс күші жэне капитал, қызмет, тауар жөнінде 29 келісімнен тұраты құжаттардың бірінші пакеті туралы шешім қабылданды.

 

Ортақ валюта мәселесі ескерусіз қалды. Түптеп келгенде БЭК "төрттігінің" аясындағы бірде бір халықаралық келісімге қол қойылмады. Заңнамалық база тек қағаз жүзінде өмір сүріп, күрделі, көп қырлы келісімді талап етті. "Бірінші кезектегі" пакеттегі келісімдердің саны 15-ке кеміді. БЭК-тің кедендік одақ және болашақтағы біртүтас рынок сияқты бастапқы идеясын Украина позициясына байланысты жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да жобаны ашық аймақтылық және функциональды интеграция тұжырымдамасы ағымында өзгерту ақылға қонымды болар еді. БЭК форматындағы ынтымақтастықтың мазмүнды толыгуы салалық жэне инфрақұрылымдық жобалар болуы мүмкін. Бүлар қызмет көрсету мен тауарлардың ортақ рыногын қалыптастыруға қол жеткізеді. БЭК-те ұлттық жэне мемлекетаралық ТМД елдерінің салалық кеңестерінде жэне бизнес-ассоциацияларында бар корпорациялардың тәжірибесін кеңінен қолдану керек.

ЕурАзЭҚ аясындағы  экономикалық үдерістердің қосымша динамикасын қожайын субъектілер мен аймақтар арасындағы белсенді дамып келе жатқан ұзақ мерзімдегі көлденең, байланыстармен қамтамасыз ету қажет. Бұл іске іскерлік орталықтар, аймақтық ассоциациялар, сауда үйлерін және басқа да осындай қүрылымдар қалыптастыру оң эсер етер еді. Қазақстандық-Ресейлік шекаралық аймақта 300-ге тарта бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішінде мынадай ірі мемлекетаралық бірлестіктер бар: "Казросхром", "Консохим", Урал АЗ базасындағы автомобильді кешен және Қостанай дизель зауыты. ҚР территориясында шикізат өндіретін жаңа бірлескен кэсіпорындар құру туралы келіссөздер жүргізілуде. Мәселен, трансшекаралық өндірістік-технологиялық тізбекті қамтамасыз ететін объектілерді инвестициялау, Қазақстан шикізатын Ресей кәсіпорнынЕ тұрақты жеткізуді және Қазақстан электр энергиясы шикізатының негізінде шығарылғаң өнімді ҚР-на қайта жеткізуді колдау, мұндай қажетті шикізат өнімдері, құрал жабдықтары жэне т.б. тасымалдауда жеңілдетілген тарифтерге келісу /24,54/.

Қазақстан РФ көптеген шекаралық аймақтары ішінде бірден бір беделді серіктесі болып, Ресейдің 5-11 шекаралық субъектілерінІң арасында сыртқы тауар айналымында бірінші орын алады. Өз кезегінде ҚР аймақтық әріптес ретінде Челябинск және Орынбор облыстары алғашқы екі орынды тұрақты иеленді. Свердлов облысының (3-ші орын) айналымы - 379214,1 мы: доллар, Мэскеу (339551,6 млн. доллар) Омск облысынан кейінгі орындг Сайып келгенде РФ-ның шекаралық аймақтары Қазақстанның жетеки сыртқы сауда әріптестері болып отыр [165]. Бұл тұста РФ үлесі 36-да 80%-ға дейін өзгеріп тұрады. Ең аз үлесті (36%) РФ сыртқы саудада (оны 61% импортын, экспорттың тек-16% қосқанда) индустриалдық жағынан е жетілген Шығыс Қазақстанмен байланыстан алады /21,12/.

 

Экономика саласындағы  алға басу тарифтік саясатын одан эрі жетілдіруді, қоғамдастық елдерінің инновациялық ынтымақтастығының тездетіп дамуын талап етеді. Оның ішінде ортақ ғылыми-техникалық жетістіктер арқылы көрсетілген мақсатқа жетуді көздейді. ТМД және ЕурАзЭҚ елдерін интеграциялауда Қазақстан мен оның серіктестері күшінің маңызды құрамы олардың жағрафиялық жағдайын, өтпелі әлеуетін әлемдік экономикада тиімді пайдалану болып табылады (қолдағы мәліметтерге қарағанда, ТМД-дан транзиттік жүкті тасымалдаудағы жылдық жиынтық тобы 2000 жылы 1 млрд. доллар қүрады, жэне жылына 15 млрд. долларға дейін өсу мүмкіндігі бар). Сонымен қатар энергетика саласындағы өзара әрекеттер мүмкіндігі де негізгі құрамдарының бірі. (ТМД мемлекеттеріне әлемдік мұнай қорының 18% жэне табиғи газдың 40%, электр энергиясын әлемдік өндірудің 10% тиесілі) /22,54/.

Ішкі рыноктың мүддесін қорғау қауымдастық елдерінен  келісілген әрекетті талап етеді. Оның ішінде БСҮ қатысты мәселе де маңызды. Әсіресе ҚР-мен РФ-ның оған кіруіндегі дайындық әрекеттерін үйлестіріп отыру өте маңызды. Сондықтан да 2002 жылы ЕурАзЭҚ қатысушылар өз әрекеттерін келісе отырып жүргізу туралы арнайы шешім қабылдады. Атап айтсақ өз күштерімен өндіре алатын өнім түрлерін үшінші елдерден кіргізуді шектеу мэселесін қарастырып, үйлестіру қажет-ақ.

Қазақстан әлемдік стандарттарға өтуде ТМД-ның басқа да мемлекет-терімен белсенді ынтымақтастық қатынас жүргізеді. Стандарттардың ұлттық жүйесін реформалау Украинамен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен, Грузиямен, Белоруссиямен, Армениямен, Әзірбайжанмен сертификаттау жэне метрология, стандарттау жөніндегі қазіргі тандағы эрекет етіп жатқан үкіметаралық келісімдер аясында өтеді. Стандарттардың мемлекеттік қоры шамамен 40 мың нормативтік құжаттардан тұрады, олардың 20 мыңы мемлекетаралық, шамамен 800-і ҚР-ның мемлекеттік стандарты, 4 мыңнан жоғары халықаралық жэне шетелдік, үлттық стандарттар шамамен 10 мың.  ЕурАзЭҚ жэне ТМД шеңберіндегі серіктестік оның мүшелеріне ЕО-пен, басқа да аймақтық ұйымдармен, халықаралық қаржы институттарымен әлемдік экономикалық кеңістікке кіру мақсатында ынтымақтас-тықты дамыту әрекетіне қайшы келмейді. Қазіргі заманғы стандарттарға өтудегі басты проблема Қазақстандағы жоғары білікті, жаңа нормативтерді енгізу үшін тэжірибесі бар мамандардың жетіспеуі. Осы мақсатта ТАСИС ЕО бағдарламасы бойынша кеңес, семинар, тренингтер үшін 190 мың еуро бөлінді

Информация о работе Қазақстан – Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы