Рынок құрылымының сипаттама белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 4
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері 4
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері 9
1.3 Монополистік, жетілмеген бәсеке 11
2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ 15
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты 15
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 21
3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1.doc

— 374.50 Кб (Скачать документ)

«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 ж. 19 қаңтардағы №144-ІІ Заңы.

1-бап. Заңның мақсаттары:

  1. Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүддесін қорғау және тауар рыноктарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайлар қамтамасыз ету осы Заңның мақсаттары болып табылады.
  2. Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеудің ұйымдастыру және құқықтық шараларын айқындайды.

2-бап. Заңның қолданылу аясы.

  1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады және республиканың қазақстандық және шетелдік заңды тұлғалар (олардың филиалдары мен өкілдіктері), жеке кәсіпкерлер, орталық және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар), сондай-ақ жеке тұлғалар қатысатын тауар рыноктарындағы бәсекеге ықпал ететін қатынастарға қолданылады.
  2. Осы Заң, айрықша құқықтар объектілеріне байланысты қатынастарды пайдалануға байланысты келісімдер бәсекені шектеуге бағытталған жағдайларды қоспағанда, осы объектілерге байланысты қатынастарға қолданылмайды.

3-бап. Қазақстан Республикасы  бекіткен халықаралық шартта осы заңдардан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

5-бап. Монополияға қарсы орган. 1. Тауар рыноктары мен бәсекені  дамыту, монополистік қызметті болғызбау,  шектеу мен тыю, бәсекені және  тұтынушылар құқықтарын қорғау, монополияға қарсы заңдардың сақталуын бақылау, бағаларды реттеу, сондай-ақ мемлекеттік басқа да органдардың осы саладағы қызметін үйлестіру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізуді бәсекені қорғау және монополистік қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы монополияға қарсы органының негізгі міндеттері, атқаратын қызметі, өкілеттіктері және жауапкершілігі осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде айқындалады. Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган мен оған бағынышты аумақтық бөлімшелер монополияға қарсы органның бірыңғай жүйесін құрайды. Аумақтық бөлімшелер өз қызметін монополия бөлімшелер өз қызметін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқарушы орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады [20].

6-бап. Монополияға қарсы органның  міндеттері:

1) кәсіпкерлікті қолдау, тауарлар (жұмыстар қызметтер көрсету) рыногында бәсекені дамыту;

2) монополиялық қызметті, тауар рыногындағы үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалануды болғызбау, шектеу мен тыю, жосықсыз бәсекені тыю жөнінде шаралар қабылдау;

3) табиғи монополия субъектілерінің  қызметін реттеу;

4) мемлекеттік органдардың қызметтер көрсету тәртібін реттеу мен бақылау;

5) монополияға қарсы заңдар мен  баға белгілеу тәртібінінің сақталуын  бақылау; 

6) рынок субъектілерінің тауар  рыноктарындағы үстем (монополиялық) жағдайын бақылау; 

7) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың  мүдделерін қорғау жөніндегі  қызметін үйлестіру.

7-бап. Монополияға қарсы органның  атқаратын жұмыстары. Монополияға  қарсы орган өзіне жүктелген  міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде мынадай жұмыстар орындайды: 1) тауар рыногында үстем жағдайға ие, бәсекені шектейтін және монополистік қызметті жүзеге асыратын рынок субъектілерін анықтау мақсатында талдау жүргізеді; 2) тауар рыногының жұмыс істеуіне, бәсекені дамытуға, баға белгілеу және тұтынушылардың мүдделерін қорғау мәселелеріне қатысты бар заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жасайды; 3) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне тауар рыногының, ондағы бәсекенің жай-күйі туралы баяндамалар, монополияға қарсы заңдарды және оларды қолдану практикасын жетілдіру туралы ұсыныстар жібереді; 4) өз құзыреті шегінде монополияға қарсы заңдарды бұзушылық туралы істерді қарап, олар бойынша шешім қабылдайды; 5) рынок субъектілерінің монополияға қарсы заңдарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 6) рынок субъектілерінің орындауы үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді.

Монополияға қарсы органның қызметі. Монополияға қарсы орган бәсекені сақтап тұру және дамыту мақсатында: 1) тауар рыногының жай-күйін, ондағы бәсеке деңгейін зерттейді және осы негізде кәсіпкерлікті қолдау жөнінде, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөнінде шаралар әзірлейді.

 

                                                ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе, рынок құрылымының қызмет ету механизмiн теориялық және практикалық түрде толық зерттеу, ұлттық экономиканың тиiмдi дамуына өз септiгiн тигiзедi. Рынок құрылымына байланысты және олардың рыноктағы салмағына байланысты экономиканың әр салаларында, әр елде әр түрлi болып келедi. Сондай-ақ ұлттық экономикамыздағы рыноктық қатынастардың күрделенуi көптеген мәселелердi талқылауға қажет етiп отыр. Елiмiзде рыноктың қарама қайшы түрi жетiлген бәсеке мен монополиялы рыноктың қызмет етудiң ерекшелiктерi көрiнуде.

Осы рынок құрылымдары өз кезегiнде  өзiнiң қызмет етуiне байланысты экономикаға, әлеуметтiк салаға және сыртқы экономикалық байланыстарда қызмет етуi,  оның түрлерi де әр түрлi екенi белгiлi.

Осындай рынок құрылымының бiр  түрi монополия болып табылады. Монополияның пайда болуының және оның басқа рынок  құрылымдарынан ерекшелiгi өндiрушiнiң немесе тұтынушының жалғыз фирма болуы, рынокқа басқа фирмалардың енуiне тосқауылдардың болуы және монополист фирма баға саясатын өзi iске асыратын болуы тиiс.

Сонымен, монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз. Бұл рыноктағы фирмалар баға деңгейiне толық өзгертулер енгiзе алады. Экономикалық тұрғысынан келетiн болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық компаниямызды табиғи монополия қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады. Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта бәсеке қабiлеттiлiгiн артыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауындағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдыңғы қатарлы елдер” санатына қосады. Қорытындылай келе, байланыс саласындағы монополия жағдайында келесi iс-шараларды атқаруымыз керек.

  1. Телекоммуникация саласында интернет және сымсыз байланыста бәсекенi тиiмдi жолмен жетiлдiру, ал ел аумағындағы қалааралық және жергiлiктi телефон байланысында табиғи монополияны сақтап қалу, яғни монополист фирма “Қазақтелеком” ААҚ  болып отыр; 
  2. Осы салаға белгiлi дәрежеде мемлекеттiк реттеудi iске асыру, оның бiрден-бiр әдiсi тарифтiк саясат болып отыр;
  3. “Қазақтелеком” ААҚ  байланыс саласындағы дамуы екi кезеңнен тұрады, яғни өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телеком-муникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу;
  4. Әлемдiк рынокта жоғары бәсеке қабiлеттiлiгiнiң артуы үшiн жоғары дәрежелi технологиялармен қызмет етiп, ұлттың iшiнде бiрыңғай байланыс тораптарын жүргiзiп, Азия мен Еуропа арасындағы байланыс көпiрi болуы керек.

   Бiздiң өмiрiмiзде  жетiлген бәсеке көбiнесе  астық, құнды қағаздар және  жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.Ал монополияның толық қамтитын түрi  ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi  қайта тұтынуға  келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше  құқықтар беру арқылы  көрiнуi мүмкiн.  Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету  саласында орын алады.Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс  халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекоммуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен  қамту салаларында  көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы  орынды,  себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта  екiншi бәсекелес фирма келу үшiн ол бүкiл сол аумаққа өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.

Монополиялы рыноктың қалыптасуының  ежелгi тәсiлi бұл - басты ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға: негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополист болып табылады. Бұған қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие болған монополист болып табылады. Егер шынымен де монополис тауары ең бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су”, онда монополист ол өнiмi максималды баға деңгейiн белгiлей алады.

 

 

 

                                 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы,Алматы,1995ж.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім). Алматы,1995ж.
  3. Нарықтық экономика дамыған елдер өнеркәсібінде салыстырмалы еңбек құқығы мен өндірістік қатынастар. Ред. Р.Бланпейн, С. Энгельс. Алматы, 2008 ж. 29 б.
  4. Аубакиров Я. А.  Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория.  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.2006ж.
  5. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 2009. – 784 с.
  6. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 2006. – 464с.
  7. Хайман Д.Н.  Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 2002. – 384 с.
  8. ПиндайкР.,Рубинфельд Д.,Микроэкономика.–М.:Экономика,Дело,1992.
  9. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А.  Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004 ж. – 420 бет.
  10. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университетi, 2008. – 219 б.
  11. Н.Ә. Назарбаев.  Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
  12. Кузеков А.С., Управление локальными монополями в сфере информационный услуги (на примере ААҚ “Қазактелеком”). Автореферат. – Караганда. – 2009 г.
  13. Экономика и права Казахстана, 2009 / №13.
  14. Жайдары Ж.Б.  “Этапы достижение конкурентспо<span class="dash041e_0

Информация о работе Рынок құрылымының сипаттама белгілері