Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.
КІРІСПЕ 3
1 МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 4
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері 4
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері 9
1.3 Монополистік, жетілмеген бәсеке 11
2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ 15
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты 15
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 21
3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31
Таза монополия – бір сатушы. Таза немесе жетілген монополия – бір фирма, көп сатып алушылар;
Монополия өнімі таңғажайып, оның теңдесі жоқ. Сатып алушы үшін балама жоқ. Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бағаларына билік етеді. Өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап, ұсынылған өнімнің санымен амалдау, яғни ол бағаны бақылайды. Монополист өз саласына басып кіру қаупін тудырған жаңа фирмаларға стратегиялық инвестицияны жүзеге асыру арқылы қасарыса жауап қата алады.
Рынокты монополиялаудың негiзгi себептерiне байланысты қысқаша айтқанда монополияның төмендегiдей түрлерi бар: [6]
Бiрақ монополиялы
рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi
шарты монополияда
Бұған бiр мысал
ретiнде АҚШ-тың “Microsft”
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады. Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 4-шi суреттен көре аламыз [7].
Шығындар
АС2
АС1 Орташа жиынтық
Q2 Q1 Өнiм көлемi
Сурет-4 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi
Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуналды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополист болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондықтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi тиiмдi [8].
3) Жеке өндiрушiге мемлекет
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке түралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады. Ол мемлекет антимонополиялық саясатты жүргiзедi.
Ең алдымен бәсеке деген ұғымға тоқталайық. Бәсеке – рыноктық қатынас субъектілері арасындағы күрестің немесе бақталастықтың қоғамдық формасы. Бәсеке мақсаты - өндіріс факторлары мен тауарларды таратуға апаратын жақсы жағдайларды ұйымдастыру арқылы қосымша таза табыс алу. Бәсекелестік күрестің негізгі әдістері болып: баға және бағадан тыс бәсекелестік саналады [9].
Бағадан тыс бәсеке – бұл төменгідей жолдармен қосымша таза табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес:
-ең жаңа технологияны қолданып, соның негізінде жаңа және жоғары сапалы тауарлар мен игі қызметтерді шығару;
-ұқсас тауарлар жасау;
-сатып болғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсетуді жақсарту;
-өз тауарларыңды жарнамалдау.
Баға бәсекесі – бұл мынадай жолдармен таза табыс алу үшін фирмалар арасындағы күрес:
- өндіріс шығынын азайту және, тиісінше, ассортименттер және тауарлар мен игі қызметтердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету.
Жетілген бәсеке деп, басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Өндірушілер сатып алушылардың қалған заттарын шығара отырып, сол тұтынушылардың талғамдарына сергектікпен қарайды және олар бір-бірлерімен бәсекелестікте болғандықтан тауарларын мүмкін боларлықтай ең төменгі бағамен өткізуге тырысады. Егер өндірістегі немесе өнім таратудағы өзгерістер кез келген тұтынушының немесе сатушының (ешкімнің де осы жағдайға дейінгі күйлерінен төмендетпестен) жағдайларын жақсарта алмаса, рынок сол кезде тиімділікте болып шығады. Қоғамның әл-ауқаты әбден жақсарады, себебі ресурстар барынша тиімді пайдаланылады, ал өнім шығарудың көлемі оңтайлана түседі.
Жетілген бәсекенің өмір сүруін көздейтін келесі жағдайларда белгілі бір рынокта бәсекелес әрекеттің туу ықтималдығын болжағанда пайдалы болмақ:
Рынокта сатушылар мен
сатып алушылардың көп
Рыноктағы бір сатып алушының сатып алған немесе бір сатушының сатқан өнімдерінің саны осы рыноктағы сатылған жалпы санмен салыстырғанда соншалықты аз, ол санды өзгерткеніңен, ол дәл сол рыноктағы бағаға ешқандай ықпал ете алмайды.
Өнім біртекті болып, бірде-бір сатып алушының бір сатушыны өспеттеуіне және керісінше теріс пиғыл білдіруіне себеп жоқ.
Барлық сатушылар мен сатып алушылар рыноктағы баға туралы және сатылып жатқан өнімдердің сипаттамасы туралы ең соңғы мағлұматтарды біледі.Рынокқа ену секілді, одан шығуға да толық еркіндік бар.
Рыноктың бұл жағдайлары не себепті бәсекеге ықпал ететіндігін қысқаша талдау мынаны көрсетеді. Сатушылар көп болса бірде-бір өндіруші сол тауардың өндірілуі мен таралуына байланысты шығындарынан асып түсерліктей (инвестицияланған капиталға келген таза табысын қамтый отырып) баға қоя алмайды. Егер өте жоғары баға қойса, сатып алушы тікелей ол сатушының бәсекелесіне тартады. Рынокқа шығу мен одан кетудің жеңілдігі өте маңызды нәрсе, өйткені солардың арқасында инвестиция тартымды болып кетеді: рынокта «қаңтарылып» тасталған фирма, сатылып та кете алмайды, оның тартымдылығы да аз, ал сол рыноктағы фирманың рынокқа шығуының оңайлылығы фирманың тауар санын аз өндіріп және бағаны бірлесіп немесе жекелеп көтеру мүмкіндігін шектейді [10].
Жетілген бәсеке билік еткен, рыноктың жұмыс істеу механизмін көрсету үшін мынадай мысал келтіруге болады. Стандарттанған өнім – сүт шығаратын әлдебір мықтымсынған өнеркәсіпте дайындығы мықты 100 сатушы және 500 хабардар сатып алушы әрекеттенеді. Жеке бірде-бір сатушы (немесе сатып алушы) сүттің бағасына ықпал ете алмайды, себебі олардың әрқайсысы рыноктың болымсыз ғана бөлшегі болып табылады. Егер рынок өзгермесе (шығындағы өзгерісті, тұтынушы-лардың талғамдарын және т.б. көрсетіп) баға біркелкі болады. Өнімнің біртекті болуына орай сатып алушылар өздеріне өте қолайлы бағалар мен игі қызметтерді ұсынатын сатушыларға клиент болады. Бұның өзі сатушылардың өз тауарлары мен игі қызметтерін жақсартып, сонымен қатар олардың салыстырмалы түрде айтарлықтай төмен бағаны қамтамасыз етулеріне итермелейді.
Жетілген бәсеке тұтынушылар үшін қолайлы, себебі ресурстар тиімді пайдаланылады және бөлінеді. Былайша айтқанда елеулі сәттерді еске алу (қайталау) әрқашанда пайдалы, біз де солай етеміз. Жетілген бәсекелі рынокта жеке фирмалардың қызметтері өндірілетін тауарлардың санын реттеуші секілді болып көрінеді. Бірақ фирмалар шеккен шығын деңгейінде сатады және тек инвестицияланған капиталға ғана толымды таза табыс алады. Әрбір фирма рынок бекіткен бағаны қабылдайды. Бірде-бір фирма өнім шығаруды өзгерте отырып бағаға, немесе өзгерте отырып өнім шығаруға ықпал ете алмайды. Әрбір фирма өз өнімдерінің көлемін өзгерте отырып (сатылатын тауарлар санын көбейтуге немесе азайтуға), оның шектеулі шығындары рыноктық басымдылықтағы бағаға теңескенге дейін таза табысты ұлғайта беруге тырысады. Бұл жағдайда бәрін анықтайтын фигура тұтынушы болып шығады. Бәсекелі рынокта фирмалар рыноктық бағаның өзгеруіне көңіл қояды (оны билеп, төстемейді). Сонымен еркін рынок жүйесі жекелеген фирмалардан тиімділікті талап етеді және бірде-бір фирма монополиялық таза табыс алмайды.
Жетілген бәсеке теориясы өте аз сандағы рыноктарды сипаттайтын-дығына қарамастан (егер жалпы алғанда ондай рыноктар өмір сүреді деп ойлайтын болсақ) өте маңызды мәнде болып келеді. Бұл теорияның ережелері мен тұжырымдары бәсекедегі рынок қалай жұмыс істейтіндігін және ол қандай пайда келтіретіндігін айқындайды. Мұның сыртында ол рыноктың жұмыс істеу тиімділігін өлшеу үшін белгілі стандартты қамтамасыз етеді. Жетілген бәсеке шарттары (сатушылар мен сатып алушылардың көптігі, рынокқа қатысудағы шамалы үлес, біртекті өнімдер, жетілген ақпарат және рынокқа шығу мен одан кетудің оңайлығы), сондай-ақ бәсекелік әрекеттердің сөзсіз болатындығын болжамдау кезінде де пайдалы. Екінші жағынан бұл шарттардың болмауы рыноктың бәсекелестік әрекетіне қалайда кедергі келтіреді деп айтуға болмайды. Көптеген салалардың тәжірибелері көрсетіп отырғандай (мысалы, азаматтық ұшақтар жасау), егер, тіпті, рынок жоғары дәрежеде шоғырлануымен сипатталынса да қарқынды бәсеке алға шығады. Басқа сөзбен айтқанда, бұл шарттар жетілген бәсекені айқындай алмайды және бәсекелестік күрес сөзсіз немесе боулы ықтимал жерлерде долбар болмайды [11].
Сонымен, «бәсеке, егер оған кедергі келтірілмесе ол өнімнің өндірілуіне жағдай жасайды: біріншіден, кім де болса, нені болса да өндіріп және оны сатып алу үшін таза пайдалы тиімді бағамен сата алатын болса, екіншіден, соның бәрін жасай алатын адамдар арқылы өндіріп, болмаған жағдайда, тағы біреулер секілді әбден арзандатып (тіпті, сол бір әлдекім, бәлкім, сол өнімді шығармайды да), және, үшіншіден, барлығы ең төменгі бағамен сатылатын болады (немесе, аз мөлшерде төменгі бағамен), іс жүзінде сол тауарды сатпайтын кісі солай деп баға белгілеуі мүмкін.
Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді, бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Монополистер (тағы басқа кімдер болса да) кейбір тұтынушылар үшін бұл шығындардың орнын толтырмайды, өйткені монополист өзі шығарған өнімнің санынан табыс таппайды. Қоғам кедейлене түседі, себебі тауарды алмастыратын төменгі сапалы заттарды шығаратын салаға қарағанда, өндірістік ресурстарды өнім санын қысқартатын экономика саласында одан да тиімді пайдалануға болар еді.
Ғылыми айналысқа «өнім
даралануы» ұғымын енгізген Э.Чемберлиннің
жұмыстарының маңызын атап өткен
жөн. Рыноктағы монопольды билікті
Э.Чемберлин бәрінен бұрын
Монополист-фирманың рационалды тәртібі оның ең жоғарғы пайда алуға ұмтылатынын көрсетеді. Сондықтан монополист фирма жалпы табыспен жалпы шығындардың айырмашылығы барынша үлкен болатын баға мен өндіріс көлемін орнықтырады. Пайда дегеніміз жалпы табыс пен жалпы шығындардың айырмашылығы. Сұраныс қисығына ілесе отырып, монополист бағаны төмендетіп, сату көлемін ұлғайтуы мүмкін. Жетілген бәсеке жағдайында фирма сату бағасын төмендетпей өз өндірісін ұлғайтады. өндіріс шығындар мен табыстар тепе-теңдігіне жеткен сәтке дейін ұлғаяды. Жетілмеген бәсекелес те сол ережені басшылыққа алады. Жетілмеген бәсеке жағдайында монопольді пайда «қарапайым» пайданың деңгейінен асып түседі. Рационалды түрде әрекет етуші фирма қоғамдық мүдделер «үшін» өндірістің ұлғаюы қосымша табыстарға қарағанда ол үшін үлкен қосымша шығындар орын алатынын дұрыс жағдай деп есептемейді.