Рынок құрылымының сипаттама белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 4
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері 4
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері 9
1.3 Монополистік, жетілмеген бәсеке 11
2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ 15
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты 15
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 21
3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1.doc

— 374.50 Кб (Скачать документ)

Қоғам өндірістің үлкен  көлемі мен жеке өнімге аз шығындарға ынталы. Шығарудың өсуі кезінде орта шығындар азаяр еді, бірақ онда қосымша  өнімді өткізу үшін не бағаны төмендету, не сатуды ынталандыратын шығындарды көбейту керек. Бұл жол жетілмеген бәсекелес үшін жарамайды. Ол өз рыногын бағаны төмендету арқылы «бұзғысы» келмейді. Фирма бағаға себепші болатын белгілі бір тапшылық жасайды. Жетілмеген бәсеке рыногы үлесінде монопольді пайда жетілмеген бәсеке белгіленген әдеттегі пайдадан артық пайда ретінде түсініледі. Монопольді пайда жетілген бәсекені бұзу ретінде, рыноктағы монопольді фактордың көрінісі ретінде көрінеді.

Маңызды сұрақ: бұл артық  пайда «қарапайым» пайдадан көп  қаншалықты тұрақты сақталады? Ол осы  салаға жаңа фирмалардың ену мүмкіндіктеріне байланысты. Жетілген бәсеке кезінде қосымша пайда салаға (әдеттегіден жоғары) жаңа фирмалардың көптеп енуіне байланысты тез жоқ болып кетуі мүмкін. Егер салаға ену тосқауылдары жеткілікті жоғары болса, онда монопольді пайда тұрақты сипат алады. Жетілген бәсеке өндірістің барлық факторларынының бір саладан екінші салаға еркін жағдайында, неоклассикалық мектеп аты көрсеткеніндей, «нөлдік пайдаға» деген тенденция анық көрінеді. Нөлдік, пайданың жоқ болуы емес, тек пайданың әдеттегі деңгейде болуы.

2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ

2.1 Монополия және нарық  жағдайындағы монополия табиғаты

 

Рынок құрылымында  жетiлген бәсеке рыногына қарама-қайшы рынок түрi  бұл монополиялық рынок. Монополия жағдайында  тұтынушылардың алдында бiр ғана  iрi өндiрушi тұрады. Демек, мұнда фирма және  монополия  түсiнiктерi теңескен. Тұтынушы қаласа да, қаламасада  монополистiң өнiмiн пайдалаып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.

Мысалы, жетiлген бәсеке мен монополия  нақты түрде  шын өмiрде сирек кездеседi.  Олар  көбiнесе  рынокта араласып, бiрақ бiр жағы басымырақ болып  келедi.  Өйткенi жетiлген бәсекеде бiрдей  тауар олар  мен үшiн әр түрлi болып көрiнуi мүмкiн. Ондай жалған көрiнiс дүкендердiң  орналасқан жерiне, қызмет көрсету деңгейiне, жарнамаға және тауар орамының  ерекшелiгiне байланысты [12].

Бiздiң өмiрiмiзде  жетiлген бәсеке көбiнесе  астық, құнды қағаздар және  жемiс-жидек рыногында көп кездеседi.Ал монополияның толық қамтитын түрi  ол сол өнiмнiң алмастырушысы жоқ, сол өнiмдi  қайта тұтынуға  келмейтiн немесе белгiлi фирмаға ерекше  құқықтар беру арқылы  көрiнуi мүмкiн.  Сондықтан монополия көбiнесе қызмет көрсету  саласында орын алады.Мысалы, елiмiзде монополиялық көрiнiс  халыққа қызмет көрсету саласында, яғни телекомуникация, электроэнергиясы, жылумен және ауыз суымен  қамту салаларында  көрiнiс табуда. Өйткенi мұндай салаларда монополияның көрiнiс табуы  орынды,  себебi электр торабын алатын болсақ, егер нарықта  екiншi бәсекелес фирма келу үшiн  ол бүкiл сол аумаққа  өз алдына электр тораптарын таратуға алып келедi, ол дегенiмiз артық шығындарды туғызады.

Монополиялы рыноктың қалыптасуының  ежелгi тәсiлi бұл - басты ресурстардың жалғыз өндiрушi фирманың қолында болуы. Ол ресурстарға: негiзгi немесе ерекше шикiзат көздерi, инновациялық жаңалық, жоғары ғылыми немесе бiлiм жетiстiктерi, қызмет көрсетудiң ерекше түрi сияқты ресурстар жатады. Яғни, бұл рыноктың түрiнде монополистер сол ерекше ресурстары арқылы ел iшiнде немесе әлемдiк рынокта монополис болып табылады. Бұған қарапайым мысал ретiнде, бiр қала iшiнде бiр ғана су құдығы болып, ал басқа су құдықтары болмаса, онда осы құдықтың иесi ерекше ресурс көзiне ие болған монополист болып табылады. Егер шынымен де монополист тауары ең бiрiншi қажеттi тауарларға жатса, бiздiң мысалымыздағыдай “су”, онда монополист ол өнiмнің максималды баға деңгейiн белгiлей алады.

Бiрақ мұндай ерекше ресурстар  рынокта болғанымен, бiрақ шын  өмiрде мұндай ресурстық монополиялы  рынок өте сирек кездеседi. Олардың  әлем бойынша бiрнеше түрлерiн  атап өтуге болады. 

Мысалы, бiрiншiден Оңтүстiк Африка республикасында әлемдегi алмаз  өндiрiсiнiң 80-85% өндiрiледi және ол өндiрiс  тек қана бiр компанияда, яғни “De Beers” компаниясы 100% өндiрiс көлемiн  иемденген. Әрине мұндай ауқымды  көлеммен монополист компания әлемдiк алмаз және брилиант бағаларына өзгерiс енгiзе алады. Сондықтан, бұл компания ұлттық экономика деңгейiнде қолдау тауып, оған мемлекет ерекше құқық беру арқылы өз елiнiң әлемдегi рыногының орнын сақтауға тырысады. Өйткенi, бұлай ерекше қолдау көрсетудiң басты мәселесi осы алмазды алмастыратын басқа да асыл тастардың көп болуы. Осы себептен бұл компанияның әлемдiк рыноктағы жарнамалық бюджетi өте көлемдi. Ол жарнамалардың мақсаты бриллиант пен алмаздың басқа асыл тастардан өзiндiк қасиеттерiн арттыру, ылғи да бұрынғы сұраныс көлемiн сақтап қалу және рынокта қосымша билiкке ие болу екендiгi белгiлi.  

Екiншiден, Американың “алюминиум компаниясының” нарықта ресурстық монополиялы рыногының қалыптасуы және әлi күнге дейiн сақталып келе жатуы. Ол бұл жағдайға өзiнiң алюминий өндiрiсiнде қолданылатын негiзгi шикiзат бокситтiң қайнар көздерiне жоғары дәрежеде бақылау жасауы арқылы жеттi.

Үшiншiден, көптеген жылдар бойы “Ксерокс” компаниясы әлемде өзiнiң өнiмдерiне жоғары және ерекше технологиялар енгiзу арқылы монополист болып келе жатыр, яғни бұл рынокқа  басқа фирмалардың кiруге мүмкiншiлiгi болмауда. Сөйтiп қандай монополиялы  жағдай болмасын олардың бәсекелес фирмадан айырмашылығы, нарықтық билiкке ие болған жағдайда фирма тауарына сұраныс қисығы ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре аламыз [13].

    Р                                                                     Р


                

 

 

 

 

 

           а)                          Сұраныс (D)             ә)                              Сұраныс (D)       

                                                        Q                                                 Q

Сурет- 5 – (а) – Жетiлген бәсекелi рыноктағы фирма тауарына сұраныс қисығы,  (ә) – Бәсекелiк монополия тауарына  сұраныс қисығы.

Монополистiң өнiм шығарушы ретiнде  бәсекелестiк фирма сияқты өндiрiс  мақсаты – пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу болып табылады. Монополист тауар бiрлiгiнiң бәрiне бiр баға деңгейiн белгiлейтiн болғандықтан, тауардың бағасы монополистiң орташа түсiмiн көрсетедi. Монополист өндiрушiнiң пайдасы төмендегiдей формуламен анықталады.

 П = TR – TC = p(Q) * Q –  TC(Q) 

Мұндағы,  П – монополист пайдасы;

        TR - өндiрушiнiң жалпы түсiмi;

                   TC – жалпы шығын;

Q - өнiм көлемi;

Р – баға деңгейi.

Яғни, пайданы барынша көбейту  шарты “MR = MC” болып табылады.

Мұндағы,  MR – шектi түсiм;

MC – шектi шығын.

Бұдан монополистiң пайдасы өндiрiстiң шектi шығындары шектi түсiмге тең болғанда ғана ең көп болатынын көремiз. 

Ресурс нарығындағы  монополист қысқа мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша көбейту шарты MR=MC болса, онда келесi жағдай орны алады: [14]

                                           МR = Р (1/Е +1) = МС

Бұдан пайданы мейлiнше  көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:                                    Р (1/Е +1) = МС

Ал монополиялық қысқа  мерзiмдi жағдайда  пайданы барынша көбейту шарты MR=MC.                  МR = Р (1/Е +1) = МС

Бұдан пайданы мейлiнше  көбейту шартын келесi түрде көрсетуге болады:                                          Р (1/Е +1) = МС

     Жалпы жағдайда сұраныстың икемдiлiк коэфициентi  Е< 0, демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өндiрiстiң  шектi шығынына қарағанда  жоғары болады,  яғни Р  >МС. Пайданы барынша көбейту шартын 6-шы сурттен көре аламыз.

   Суреттен көретiнiмiз монополиялық нарық бағасы  өндiрiс көлемi (Qm) мен сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесi арқылы анықталады. Яғни монополиялық  баға Pm болып табылады.


        Баға (Р)   MC

                  Р1       

Рm В АТС

                   

Р2 А

 

      MR                        AR

                            

                           QQ max Q2  Көлем (Q)

Сурет-6 – Монополистiң пайдасын барынша көбейту

Монополиялық бағаны табу  формуласы келесiдей болады.

                            Р =  МС/ 1+1/Ер                                               

Мұндағы, Р - монополиялық баға;

                            МС – шектi шығындар;

   Ер – сұраныстың бағалық икемдiлiгi.

Сондай-ақ  монополиялы  рыноктағы фирма ылғида экономикалық пайда ала бермейдi. Себебi, егер де сұраныс қисығы AR мен орташа шығын  қисығы ATC бiр-бiрін жанау арқылы өтсе, онда фирманың пайдасы нольге тең болады. Егер, фирманың шығындары сұраныс қисығынан жоғары орналасса, онда фирма экономикалық зиян шегедi.

2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға  қарсы саясаттар

 

Ұзақ мерзiмдi кезеңде  монополиялық жағдайдағы тепе-теңдiкке келетiн  болсақ  келесi жағдайларды ескеруiмiз керек: [15]

1. Қандай жағдайда  жалғыз өндiрушi  ұзақ уақыт  кезеңiнде өзiнiң  монополиялық   билiгiн сақтай  алады. 

2. Егер салада ұзақ мерзiмдi кезеңде  тепе- теңдiк орнаса онда  монополист бiрнеше зауыттар салу арқылы  өндiрiс ауқымын көбейтуге қандай күштер итермелейдi.

Ұзақ мерзiмдi  монополиялық тепе-теңдiкке  жетудiң  негiзгi шарты жеке өндiрушiнiң  оң экономикалық пайда табуға  мүмкiндiгi болуы.

Экономикалық пайда алу мүмкiндiгi  өндiрiстiң орташа шығындары мен монополиялық  бағаның ара қатынастарында орнайды.  Егер тауар бағасы монополист фирманың  ұзақ мерзiмдi орташа шығындарынан  жоғары болған жағдайда ғана, өндiрушi оң пайда алады. 

Ұзақ мерзiмдi кезеңде  монополист фирма екi жағдайда  қызмет етедi: бiрiншi, зауыттың өндiру қуатын кеңейту, ал екiншi бiрнеше зауытпен  iстеу.

Ұзақ мерзiмде монополист  өндiретiн  өнiмнiң ұтымды санын  ұзақ мерзiмдегi шектi  шығынның шектi түсiмге  тең  болған жағдайында анықтайды: 

                                      LRMC = MC 

 

 Мұндағы:  LRMC- ұзақ мерзiм кезiндегi шектi шығын;

                    MC – шектi түсiм.

Өнiм шығару көлемiн  ұлғайту  ұзақ мерзiмдi  орташа шығындардың азаюы қатар жүрiп тұрған кезде монополист тек қана бiр зауытта өнiм өндiредi, оны 7-шi  суреттен көре аламыз.

Суреттен көрiп отырғандай  LRMC < LRAC  кезiнде монополист фирма  бiр зауытпен жұмыс iстейдi. Егер, одан әрi өнiм шығару орташа шығындардың өсуiне әкелiп соқса, онда монополистке  бiр зауытпен жұмыс iстеу тиiмсiз болады. Бұл кезде монополист екiншi зауытты салу туралы шешiм қабылдайды [16].

 

 

                 P


MC

LRMC

Pmn AC 

LRAC

LRAC min

D

 

MR

Qm                             Q

 

Сурет-7- Бiр зауытпен жұмыс iстеп  тұрған монополист фирма.

 

Бiзге белгiлi табиғи монополияның туындауы бұл бiр салаға iрi фирманың мамандануы және басқа фирмалардың кiруiнiң артық шығындарды алып келуi болып табылады. Бiрақ осы табиғи монополиялар өзiнiң ерекше қасиеттерiне сүйенiп бағаның жоғары деңгейiн белгiлеуi қоғамдық шығындарға алып келедi. Атап айтқанда, осы монополистiң өнiмiн тұтынатын халық зиян шегедi.

Сондықтан монополияларды мемлекет немесе билiк органдары  әр түрлi тәсiлдермен реттеу саясаттарын  жүргiзiп отырады. Яғни, монополиялыны  реттеу саясаттарының тәсiлдерi өздерiнiң  қолданылуына, нарыққа әсер етуiне байланысты келесiдей төрт түрге бөлiнедi:

  1. Монополиялы рынокты бәсекелестiк рынокқа алмастыру;
  2. Монополия жағдайын реттеу;
  3. Жеке меншiк монополияларды мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру;
  4. Оларға әсер етпеу.

Осы монополияны реттеу саясаттарының iшiнде мемлекеттiң табиғи монополияны реттеуi монополия жағдайын реттеу және жеке меншiк монополистердi мемлекеттiк кәсiпорындарға айналдыру болып табылады.

“Монополия жағдайын реттеу” саясатын мемлекет монополистердiң  тауарларына баға белгiлеу арқылы реттеп отырады. Мысалы, электрмен қамтамасыз ету, су тарату немесе жылу беру салалары бағаларын белгiлеуде мемлекет жетекшiлiк етiп араласып отырады. Баға белгiлегенде мемлекет бағаның шектi шығындарға тең болатын көлемiн белгiлейдi.

Бағаны шектi шығындар арқылы реттеу жүйесi өзiнiң қызмет етуiнде келесiдей тәжiрибелiк мәселеге жолығады. Табиғи монополияның ауқымнан үнемдеу анықтамасы бойынша олардың сұранысының ылдилы болуы себебiнен орта жиынтық шығындардан шектi шығындардың төмен болуы табиғи монополист фирманы зиян шегуге алып келедi. Мұндай кезде монополист фирма өзiнiң қызметiн тоқтатуы да мүмкiн. Ал бұл болса қоғамдық игiлiктердi және монополиялық өнiмдердiң тапшылығын тудырады.

Сондықтан мемлекет бұл  мәселенi шешу үшiн монополистiң шеккен шығындарын өз мойнына алу болып табылады. Оны келесi 8-шi суреттен көре аламыз. Суреттен көрiп отырғанымыздай монополист фирма мемлекеттiң баға белгiлеуде шектi шығындарға тең деп алған кезде олардың зиянының пайда болуын көрсетiп тұр. Яғни, табиғи монополист зиянының аумағы суреттегi боялған аумаққа тен. Бұл саясатты мемлекет iске асырғанда осы зияндарды өз мойнына алады. Ал бұл саясаттың тиiмдiлiгi қоғамға тиедi, яғни тұтынушылар үшiн бұл саясат дұрыс болып табылады. Бiздiң елiмiзде осындай табиғи монополияларды мемлекеттiң реттеу арқылы саясат жүргiзуiн көруге болады [17].

Информация о работе Рынок құрылымының сипаттама белгілері