Рынок құрылымының сипаттама белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 4
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері 4
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері 9
1.3 Монополистік, жетілмеген бәсеке 11
2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ 15
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты 15
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 21
3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1.doc

— 374.50 Кб (Скачать документ)

 Баға


 

 

 

        Орта жиынтық шығындар

 

Реттелген Шектi шығындар

         баға деңгейi

  Сұраныс

 

                   

Өнiм көлемi

Сурет-8 – Табиғи монополистiң  өнiмiне шектеулi шығын қағидасы

бойынша баға құруы

 

Келесi табиғи монополистi реттеу тәсiлi болып мемлекеттiң жеке меншiк монополист фирмаларды мемлекет иелiгiне өткiзуi болып табылады. Бұл  саясат әсiресе Еуропа елдерiнде жиi кездеседi. Онда мемлекет табиғи монополияға  жататын коммуналдық қызметтердi, яғни телефондар, электр жүйелерi және су құбырларын өз қолына алған. Ал АҚШ-та бұл саясат почталық байланыс саласында қолданылады.

 

 

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ  ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ

3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай  (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында                                                                                                  

 

Елiмiздiң нарықтық экономикаға  өтуiне байланысты экономикамызда микро  және макродеңгейде қатынастары  күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.

Қазiргi кезде нақты  рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн  тек қана сұраныс пен ұсыныс деп  төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.

Рынок құрылымы фирмалардың  саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар  сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына  байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.

ҚР бойынша монополиялық жағдайын “Қазақтелеком” ААҚ мысалға  алу арқылы зерттедiм. Табиғи монополия  “Қазақтелеком” ААҚ ұлттық масштабтағы  қалааралық және жергiлiк телефон байланысында қызмет етедi. Ал интернет және жанұялық телефондар, сымсыз байланыс салаларында бәсеке жағдайында iс-әрекетте болып табылады [18].

“Қазақтелеком” ААҚ қазiргi  таңда байланыс саласында интернет, сымсыз байланыс тораптары бойынша бәсекелестерi “Nursat”, “Katelko”, “Алтел”, “GSM Қазақстан”,  “K-Mobile” компаниялары болып табылады.

Яғни, Қазақтелеком ААҚ 1990 жылы осы тораптар бойынша телекомуникация саласындағы үлесi 85% болса, ал 2008 жылғы мәлiметтер бойынша ақпарат және интернеттегi үлесi 78% .

Қазақстанда қазiргi таңда экономикалық дамумен байланысты  телекоммуникация саласында  компаниялар саны күннен күнге көбейiп, бәсекелi орта қалыптасуда. Бұл бiр жағынан елiмiз халқы үшiн  ақпарат және интернетпен жоғары сапалы  қамтамасыз етуiне әкеледi.

Мысалы “Қазақтелеком” ААҚ өзiнiң  бәсекелестiк ортасын  мығымдау үшiн  әлемдiк интернет жүйесiн ADSL-ге қосылатындығын айтты. ADSL жүйесi жылдам әрi сапалы қызмет етедi. Сондай-ақ  бұл жүйеде бiр  мезгiлде  интернеттi қолдануға және телефонмен сөйлесуге болады. Яғни “Қазақтелеком” ААҚ ADSL технологиясына қосылу арқылы тұтынушы-лардың  қаржысын және уақытын үнемдеуге  жағдай жасайды.

Ал екiншi жағынан “Қазақтелеком” ААҚ аймақаралық және жергiлiктi байланысында толық қанды табиғи монополист компания болып табылады. 

Ол монополист ретiнде және телекомуникация  саласында ұлттық компания ретiнде  негiзгi екi қызметтi атқарады: өз қызметiнiң  тиiмдiлiгiн арттыру  және өзiнiң  телекоммуникация  қызметiн халықаралық стандартқа сәйкестiру  болып табылады.

Сондықтан монополист  компания бүгiнгi таңда  “ұлттық ақпараттық супер  магистрал” қызметiн және торабын  ел арасында орнатуда. “Қазақтелеком” ААҚ 2010 жылға қорытынды шығара келiп, компания инновациялық телекоммуникация жүйесiн Шығыс Қазақстан облысында  ұзындығы 14400 км болатын торап тартумен сәттi аяқтады, сондай-ақ телекоммуникация орталығына  Семей және Ақтауды қосты.

2011 жылы “Қазақтелеком” ААҚ  2600 км болатын “Солтүстiк” торапты  аяқтамақшы.

Ұлттық компания “Қазақтелеком” ААҚ халықаралық және аймақаралық бесекелестiкте орны өте төмен. Сондықтан елiмiздiң бұл компаниясын қолдау арқылы бiз әлемдiк рыноктағы шетел компанияларына тойтарыс бере аламыз. Бүгiнгi таңда компания алдында екi негiзгi қызмет туындап отыр: өз қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру және өзiнiң телекоммуникация қызметiн халықаралық стандарттар саласына енгiзу.

Осылайша компанияның таза пайдасының өсуiн келесi суреттен көре аламыз.


 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

Сурет-9- “Қазақтелеком” ААҚ  стратегиялық мақсаты

     

 

 

 

 

Анализ көрсеткенiндей, телекоммуникация саласында басты табиғи монополия телекоммуникация жүйелерi мен каналдары арқылы құрылады. “Қазақтелеком” ААҚ  бәсекелестiк рынокта басты элементi бұл қызмет көрсетуде инновация мен техниканы жоғары дәрежеде, халықаралық стандартарға сәйкес дамыту болып табылады. Бұл шара бүгiнгi таңда iске асуда. Оның көрiнiсiн “Қазақтелеком” ААҚ  елiмiз аумағында жүргiзiп жатқан “Ұлттық ақпараттық супермагистрал” торабынан көруге болады.

2010 жылы “Қазақтелеком” ААҚ   Шығыс Қазақстан аймағындағы байланыс торабын жүргiзу қызметтерiн аяқтады, оның ұзындығы 2400 км құрап отыр. Сондай-ақ Солтүстiк Қазақстан мен Оңтүстiк Қазақстан арасындағынегiзгi байланыс торабын iске қосты, яғни ол: Петропавл – Көкшетау – Астана – Павлодар – Семей - Өскемен – Талдықорған қалаларын жүйелендiрдi. Жобаның құны 40,2 миллион евроны құрады және жобаға басты қатысушы Германияның “Сименс” компаниясы. Алдағы жылдары Қазақстанның басқа аймақтарына да Ұлттық байланыс супермагистралы тартылады. 

Бұл торап қазiр 14 халықаралық автоматты станцияларды және 18 елмен байланыс орнатуда. Яғни, елiмiз көлемiнде “цифровой” байланысты дамытуда. Мамандардың айтуынша “Қазақтелеком” ААҚ “Ұлттық байланыс супермагистрал” жобасын толығымен iске асырса, 2006 жылы Азия мен Европа арасындағы телекоммуникация бойынша iрi транзиттi орталыққа айналды. Бұл жоба елiмiздiң 80% халқын қазiргi заманғы байланыс жүйесiмен қамтамасыз етедi .

Сондай-ақ  2007 жылда елiмiздiң Алматы қаласында халықаралық қаржы орталығы ашылды, сондықтан мiндеттi түрде байланыс саласын және интернет тораптарын халықаралық стандарттарға енгiзiп, олардың қызмет ету жылдамдылығын арттыру керек.

Экономикалық тұрғысынан келетiн  болсақ, “Қазақтелеком” ААҚ  ұлттық компаниямызды табиғи монополия  қалпында сақтап тұру өте тиiмдi болып табылады, өйткенi елiмiздiң экономикалық өсуiмен байланысты алдағы жылдары байланыс және басқа қатынастар әлемдiк елдермен жоғары дәрежеде болатындықтан, қаржымыздың шетел компанияларына кетпей ұлттық компанияларда қалғаны тиiс. Ал компания пайдасы халықтың қызметiне жұмсалады.

Ұлттық компанияның әлемдiк рынокта  бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру елiмiздiң әлемдiк рыноктағы орнын ерекшелеп, Президентiмiз жолдауын-дағыдай “Елiмiздi әлем таныған алдынғы қатарлы елдер” санатына қосады.

 

“Қазақтелеком” ААҚ                       

 

2011 жылы сатылған өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) болжамды өзiндiк  құны 2009 жылдың деңгейiне қарағанда  12% өсiмiмен, 42,3 млрд. теңгенi құрайтын  болады.

 

Өзiндiк құн құрылымының 2011 жылға дейiнгi болжамы

 

2009ж

2010ж

2011ж

Материалдар

4133

4321

4808

Еңбек бойынша

11972

1410

12103

Үстеме шығындар

23803

24342

25405

өзіндік құн барлығы

39908

40073

42316


3.2 ҚР монополияға қарсы  заң актілерін қолдану мәселелері

    

      Қазақстанда осы уақытта пайда болған рынок бәсекеге жарамды емес. Біріншіден, тауар өндірушілердің, сатып алушылардың, делдалдардың саны олардың бағалардың дәрежесіне, тауарлық өндіріске, ұсыныстарға монопольдық әрекет жасау мүмкіншілігін жоққа шығаратын санынан көп төмен; екіншіден, тауар өндірушінің және сауда жүйесінің қуаты нарықты сұраныстың орташа төлем қабілеті дәрежесінде қамтамасыз ете алмайды, соның нәтижесінде жарыспалы өндірушілер мен сатушылардың көпшілігі бәсекелестер емес, монополистер болып табылады, үшіншіден, республикада жалпы рыноктық кеңістік жоқ, оның орнына әр түрлі тауар топтарының, жергілікті, әкімшілік, салық, көлік шекараларымен, тауарды орау, сақтау, апару және басқа тежеу шарттармен шектелген көптеген оқшауланған (жергілікті) базалар бар [19].

Монополияға қарсы заңдылықтар  – бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.

Қазақстан Республикасының монополияға  қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: Қазақстан  Республика-сының «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсекені дамыту және монополия қызметін шектеу туралы» Заңдары.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 маусымдағы «Адал емес бәсекелестік туралы» Заңы адал емес бәсекелестікті мойындайтын әрекеттерді белгілейді, адал емес бәсекені және оның зардаптарын болдырмау және жою механизмін белгілейді. Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы адал емес бәсекенің келесі түрлері бөлінеді:

  1. Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану… бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін.
  2. Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру… бұл тұтынушыда өндіруші туралы теріс пікір тудыруы мүмкін.
  3. Сатушының… сатудың қосымша шарттарын зорлап енгізуі…
  4. Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын … жарнаманы тарату…
  5. Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.
  6. Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін рыноктық қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы және т.б.

«Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 9 шілдедегі №272-1 Заңы Қазақстан Республикасындағы табиғи монополя аясындағы іс-әрекетті реттейді және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталан.

1-бап. Осы Заңның мақсаты:

  1. табиғи монополия аясындағы қызметі мемлекеттік бақылау мен реттеудің құқықтық негіздерін белгілеу;
  2. тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің теңдестірілуіне қол жеткізу болып табылады.

2-бап. Осы Заңның қолданылуы:

  1. Табиғи монополия субъектілерінің өмір сүруіне және іс-әрекетіне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
  2. Осы Заңның ережелері табиғи монополиялар субъектілерінің, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) де, осы әрекеттер (әрекетсіздік) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтірген жағдайларда қолданылады.
  3. Осы Заңның күші табиғи монополия аясына жатқызылған, бірақ та жеке өзінің ғана мұқтаждықтарына арналған объектілерді салу мен пайдалануға байланысты іс-әрекетті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
    1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған іс-әрекетті жүзеге асыратын рынок субъектілері үшін мемлекеттік реттеу мен бақылау осындай іс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.
  4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының басқа заңдарымен реттеледі.

5-бап. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін шектеу.

  1. табиғи монополия субъектісіне:
  2. қызметтер көрсетуге және реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты; Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгіленген; табиғи монополия аясына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кірістер рынок субъектісінің барлық қызметінен күнтізбелік бір жыл ішінде түскен кірістердің бір процентінен аспаған жағдайдағы күнтізбелік бір жыл ішінде өзге қызметтің кірістері табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінің бес процентінен аспаған жағдайдағы; табиғи монополия аясында қызметтер көрсететін (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлімшенің ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайдағы қызметтрді қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметті жүзеге асыруға;
  3. табиғи монополия субъектісінің өндіріспен және реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектісі үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығына ие болуға;
  4. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және осы Заңмен табиғи монополия субъектісі үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдарың акцияларын (үлестерін) иеленуге немесе олардың қызметіне өзге де түрде қатысуға;
  5. реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкілетті орган белгілеген мөлшерен асатын ақы алуға, сондай-ақ шығындары бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) немесе олардың шекті деңгейлерінде ескерілмеген реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін тұтынушылардан ақы алу есебінен кіріс алуға;
  6. табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсітуге әкеп соғатын өзге де іс-әрекеттер жасауға;

5.1 реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндірген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншік құқығымен немесе заңды негізде өзгеше тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға беруге);

  1. реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен байланысты талап ету құқығын үшінші тұлғаларға беруге;
  2. реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін жосықсыз тұтынушылардың төлемеуіне байланысты адал тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
  3. реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтеріне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шекті деңгейін енгізуге;
  4. мемлекеттік органдар өздерінің құзыретті шегінде белгілеген, реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салынады.

Информация о работе Рынок құрылымының сипаттама белгілері