Рынок құрылымының сипаттама белгілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Апреля 2013 в 19:22, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1 МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ 4
1.1 Рынок құрылымының сипаттама белгілері 4
1.2 Монополияның белгілері мен түрлері 9
1.3 Монополистік, жетілмеген бәсеке 11
2 МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОҒАН ҚАРСЫ САЯСАТ 15
2.1 Монополия және нарық жағдайындағы монополия табиғаты 15
2.2 Ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттар 18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МОНОПОЛИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІ 21
3.1 Қазақстандағы монополиялық жағдай (“Қазақтелеком” ААҚ) мысалында 21
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовая 1.doc

— 374.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі: Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты экономикамызда микро және макро деңгейде қатынастары күрделенiп, экономикамызға әр түрлi әсерiн тигiзуде.

Қазiргi кезде нақты  рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн  тек қана сұраныс пен ұсыныс деп  төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды. Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, фирманың көлемiне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңiлдiгiне немесе ақпараттың қолда болуына байланысты. Осындай рынок құрылымдарының бiр түрi – монополия.

Монополия дегенiмiз белгiлi бiр тауарды немесе қызметтi өндiретiн жалғыз фирма және осы тауарды жақын алмастырушысы жоқ нарықты айтамыз.

Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуiне байланысты бәсеке туралы көп кездестiремiз. Бәсеке өз кезегiнде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негiзгi элементi болып табылады. Бiрақ қазiргi жағдайда қайбiр елдiң болмасын, оларда таза бәсекелестiк экономикалық рынок жоқ. Өйткенi қоғамның кейбiр салаларында көптеген кәсiпорындар бiрдей қызмет ете алмайды. Мысалы, ел аумағындағы электр желiсiн алатын болсақ ол табиғи монополия болып табылады, өйткенi бұл рынокқа бәсекелес фирма кiру үшiн ол фирма тағы да бүкiл ел аумағына электр тораптарын жүргiзуге тура келедi, ал бұл өз кезегiнде жалпы қоғамға немесе ұлттық экономикаға зиян шығындарды туғызады.

Бiрақ рыноктық экономикада қандай да болмасын монополиялық әрекеттердi өз бетiнше жiбермейдi, оны мемлекет белгiлi бiр деңгейде әр түрлi шаралармен реттеп отырады. Оны экономикада  “антимонополиялық саясат” дейдi.

Курстық жұмыстың мақсаты: монополиялық жағдайды толық қарастырып, оның теориясын және қызмет ету ерекшелiктерiн, қысқа және ұзақ мерзiмдегi монополист әрекеттерiн, монополиялық нарықтың жетiлген бәсеке рыногынан айырмашылығын қарастыру.

Курстық жұмыстың мiндетi:

-рынок құрылымының  сипаттамалық белгілерін зерттеу;

-монополияның белгілері  мен түрлерін анықтау;

-монополияның  зияны мен  пайдасын қарастыру;

-монополия және  нарық жағдайындағы монополия  табиғатын қарастыру;

-ұзақ мерзiмдi кезеңдегi монополиялы рынок және монополияға қарсы саясаттарды қарастыру;

-ҚР монополиялық жағдай  “Қазақтелеком”ААҚ  мысалында қарастыру;

-Қазақстандағы монополияға  қарсы заң актілерін қолдану  мәселелерін анықтау.

 

1  МОНОПОЛИЯ ТАБИҒАТЫ, ОНЫҢ СИПАТЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ

1.1  Рынок құрылымының  сипаттама белгілері

 

Нарық құрылымының ерекшелiктерiн сипаттайтын ең басты көрсеткiштердiң бiрi, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады.

Экономикада рынокты  анықтайтын, оны зерттейтiн, бағаны белгiлейтiн сұраныс пен ұсыныс қана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткенi әр рынок құрылымында бәсеке түрлерi де әр түрлi, соған сәйкес баға құру тәсiлi және фирманың қызмет етуi де өзгеше болып келедi.

Рынок құрылымының негiзгi түрлерiн келесi суреттен көруге болады: [1]

 


 

 

 

     

                             

 

 

 

 

 

 

Сурет-1 – Рынок құрылымының  жiктелуi

 

Бұл суреттегi жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,  олардың өзара келiсiм  жасауға  мүмкiндiгi болмауы тиiс.

Жетiлген бәсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар орындалатын нарық:

  1. Нарықта өнiм ұсынатын  тәуелсiз сатушылар саны көп  және өнiмдерi бiртектi болып келетiн;
  2. Iрі фирманың жалпы нарықтық  ұсыныстағы сату үлесi  елеусiз. Сондықтан, оның  өнiм көлемi туралы өндiрiстiк   шешiмдерi жалпы ұсынысқа  ықпал етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына  да әсер ете алмайды;
  3. Баға, технология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
  4. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ болуы.

Бәсекелес фирма  нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны сырттан белгiленген  баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық  бағамен сатады. Олардың сұранысы абсалюттi икемдi болып келедi [2].

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q)  тұрақты бағамен (Po)  сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке  жағдайында шектi түсiм (MR)  қисығы  жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi  баға көбейтiндiсiне тең , яғни 

TR = p * Q                                                              

Мұндағы:  TR – жалпы түсiм;

                    р – баға;

                    Q - өнiм көлемi.

 

               Р    


               

                      

                              

  Р0  D = MR

                                              

 

 

                                                                                               Q 

Сурет- 2- Бәсекелес фирманың сұраныс  қисығы

 

Бәсекелесу деген сөздiң  өзi экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендiгiн көрсетедi. Дәл осы себептен де өндiрушiлер тұтынушының  сұранысын арттыру үшiн әрекеттер жасайды.

Жетiлген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетiлген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерiнiң бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнiм өндiрушiлердiң басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткiзу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнiм көлемiн анықтауға ынталанады.

Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерiн тигiзедi. Бұл 3-суреттен көре аламыз.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-3 – Монополияның экономикадағы ерекшелiктерi

 

Берiлген тауарды өндiретiн  тек бiр ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық – монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз [3].

Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.

Бұл шектеулер төмендегiдей:

  1. Iрi өндiрiстiң басымдылығы;
  2. Легальды тосқауылдар (шикiзат қорын, жердi ғылым мен техниканың жетiстiктерiн монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндiру үшiн үкiметтен алынған ерекше құқықтар);
  3. Бәсекелесудi әдiлетсiз жүргiзу.

Iрi өндiрушiлердiң ұсақ  өндiрушiлермен салыстырғанда өте  көп артықшылықтары бар. Монополиялық  өндiрісте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi өндiрiстiң шығындары ұсақ өндiрiстiң шығындарынан гөрi төмен болатыны практика жүзiнде дәлелденген.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер  де қорғайды. Құқықтық шектеулердiң  көп тараған түрлерi – жеке меншiк  құқығы. Егер бiр фирманың меншiгiнде  өте сирек кездесетiн шикiзат  болса, онда ол фирма монополист болады. Легалды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзiне берiлген ерекше жеңiлдiлiктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың бiздiң мемлекетiмiз үшiн маңызы зор, өйткенi Кеңес үкiметi кезiнде ойлап тапқан жаңалықтардың көбiнiң мемлекет аралық  патентi жоқ болды, сондықтан да бұларды шет елдiң адамдары тегiн пайдаланды.

Бәсекенi әдiлетсiз түрде  жүргiзудiң негiзгi түрi – демпинг  – бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiндiк құнынан төмен бағамен сату. Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады.

Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгiлейдi де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемiн өзгерту арқылы рыноктық қалыптасқан бағаға әсерiн тигiзе алады, онда ол монополиялық билiкке ие болады деп атаймыз.

Кейбiр жағдайда әлемдiк  тұрғыдан бәсекенiң күшеюi ұлттық экономикада  белгiлi салаға ұлттық монополияны немесе табиғи және жоғары дамыған монополиялардың қажеттi екенiн дәлелдеп отыр [4].

Мысалы, АҚШ-тың “Microsoft” компаниясы әлемдегi “Windows” жүйесiнiң бiрден-бiр монополист компаниясы болып отыр, яғни, осы компанияның компьютерлiк бағдармалары арқылы АҚШ-тың әлемге аты танылып, жоғары пайда табуда.

Монополия – бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы.

Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі «таза» монополия  болмайды. П.Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.

Монополияны талдауда «монополия ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл  құбылыстың мәнін өз этимологиясынан («моно» – біреу, «полео» – сатамын)шығару дұрыс емес. нақты өмірде рынокта  бір ғана фирма – тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе. Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес.

«Таза» монополия ұғымы туралы әр уақытта шарттылықтың белгілі  бір үлесі бар екенін ұмытпау  керек. Кейбір экономистердің осы ұғымға балама іздеуі кездейсоқ емес, мысалы, «жетілмеген бәсекелес» - П. Самуэльсон, «баға іздеуші» – П. Хейне.

Жетілген бәсеке және «таза» абсолютті  монополия екі логикалық шекті, қарама-қарсы рыноктық жағдайды бейнелейтін  теориялық абстракциялар. Бұл үлгілер әрбір осы жағдайларда өз пайдласын барынша көбейтуге ұмтылатын жеке фирманың рационалды тәртібінің шарттарын тұжырымдауға мүмкіндік береді.

«Таза» монополияның абстрактілі  жағдайлары мынадай маңызды сипаттармен ерекшеленеді.

  1. Монополист деген жақын субинституттарда (яғни, өзара алмастыратын тауарлар) жоқ тауарды жалғыз сатушы. Бұл жағдайлардың шарттылығы жоғарыда айтылды.
  2. Монополист – сатушы рыноктық қатынастарға тек өз өнімін сатып алушымен түседі. Бұл өзара қатынастардың сипаты мынадай: егер монополист бағаны кемітсе, онда одан көп өнім сатып алынады. Бір қарағанда монополистің өз өнімінің бағасын төмендетуі туралы пайымдау оғаш көрінуі мүмкін. өйткені үйреншікті түсінікте монополист ұғымы шамадан тыс жоғары бағалармен байланысты. Монополист фирманың рыноктағы хал-ахуалын түсіну үшін жетілген және жетілмеген бәсекелердің шарттарын тағы да салыстыру керек.

Жетілген фирма «өндіруші» рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын  тауарға – баға деңгейін рынок  белгілейді. Осы жағдайда фирма өз пайдасын бағамен айлалы әрекет жасау жолымен емес, жиынтық шығындары барынша аз болатын өндіріс көлемін іздеу арқылы көбейте алады.

Жетілмеген бәсекелік жағдайында монополистің бағаға белгілі бір  билігі бар. Баға деңгейінде бақылаудың көлемі жетілмеген бәсекенің формаларына байланысты әр түрлі. Бірақ бастысы – монополист саналы түрде пайда ең жоғарғы болатын баға деңгейін іздейді және соны белгілейді. Мұнайда сұраныс қызметі белгілі болады, яғни монополист оны өзгерте алмайлы деп болжанады. Ал, егер сұраныс икемділігі категориясын еске алсақ, мынадай заңдылық бар: егер баға өссе, онда сұраныс (басқа шарттылықта) төмендейді және керісінше, баға төмендесе, сұраныс өседі. Егер «таза» монополист барлық рынокты басып алса, онда ол қосымша көлемде өнім сату үшін, бағаны төмендету керек екенін біледі. Бұл факт монополистің бағаға билігі абсолютті емес екенін тағы да қуаттайды, ол өзінің сыртынан бәсекелестерінің оның тауарының субинституттарын өндірушілердің тынысын сезінеді [5].

Монополияның түрлері: табиғи монополия; жасанды монолия.

«Монополияның үш негізгі көзі бар: «техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім қашан қандай да бір  нақты адам немесе кәсіпорын, басқа  біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады». (М. Фридман – Капитализм және бостандық). Жетілмеген бәсекемен салыстырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.

Информация о работе Рынок құрылымының сипаттама белгілері