Протекционизм саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 10:05, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыс тақырыбының актуалдығы. Қазіргі таңда кез келген өнімнің экспорты және импорты жай тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу ғана емес, глобалды экономикалық жүйедегі өзара әрекеттесудің күрделі механизмдердің бір бөлігін құрайды. Әлемдік экономиканың қазіргі жүйесіндегі негізгі нарық механизмдерінің өзара әрекеттесу жүйесінде субъектілердің экономикалық әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көптеген институттар құрылған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................5
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Халықаралық сауда теориялары..........................................................6
1.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі...................................8
1.3 Дүние жүзілік сауда ұйымы мәні және құрылымы........................14
ІІ ҚІ Қазақстанның сыртқы сауда жағдайы
2.1 ҚР-ның сыртқы сауда қатынастарын талдау.......................16
2.2 Сауда саясатының құралдары мен ҚР-ның халықаралық саудадағы орны мен рөлі......................................19
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудасының дамуы мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының басты бағыттары................................................32
3.2 ҚР-ның дүние жүзілік сауда ұйымына ену мәселелері..................34
Қорытынды....................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

30ҚР протекционизм саясаты және ДСҰ.doc

— 749.00 Кб (Скачать документ)

Экспорт мүмкіндіктерін ұлғайта беру үшін, интенсивті ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін жан-жақты дамыту жөніндегі іс-шараларды батыл қолға алу міндетгері тұр.

Аталған салалар мен  өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттің экспорттық потенциялын ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту мәселесіне де қолайлы жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы арзандығымен қолда бар шикізатты, мысалы өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез іске асыруға болатындығын ескерсек олардың экономикалық тиімділік деңгейі жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін күшейту үшін оған тән ерекшеліктерді байқап, бағдарлау қажет. Қазақстанның осы замандағы басты ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.

Қазақстанда дамыған  елдер қатарына қосатын факторларға  халқының жаппай сауаттылығы, ғылыми зерттеу  мекемелерінің кең жүйесі, ғарыштық зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.

Экономиканың, шикізаттың бағыты, шетел инвестициялары мен  жаңа технологияларға деген қажеттілік, инфрақұрылымның төмен дәрежесі Республиканың дамушы ел екендігінің дәлелдері.

Ал, дамушы елдердің өз экспортына қолайлы база жасау бағытындағы іс-қимылдары көптеген кедергілерге кездесетіні белгілі. Мысалы, дамыған елдер, атап айтсақ, АҚШ «таргетинг» дегенді пайдаланушы елдерге қарсы санкциялар (жазалау шаралары) қолданады.

Таргетинг — экспорттық потенциалды, негізінде бір мақсатты ғана көздеп, өсіре беру. 1997 жылдың басында Мәскеуде, Интеграциялық комитетте Белорусьтің, Қазақстанның, Қырғызстанның және Ресей Федерациясының сарапшы топтарының бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселесі жөнінде жұмыс бабындағы кеңесі болып өтті. Кеңеске қатысушылар 1996 жылдың соңында Сингапурда өткен бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (БСҰ) мүше мемлекеттер министрлерінің конференциясының жұмыс қорытындысын талқылады. Бүл форумның мақсаты – БСҰ мүшелерінің келісімдер мен шешімдер жөніндегі міндеттемелерін орындауын қарау, беделді халықаралық сауда ұйымы қызметінің жұмыс бағдарламасына шолу жасау, дүниежүзілік саудада қалыптасып отырған бағыттарды және ең алдымен дамушы елдерге қойылатын талаптарды талдады.

1996 жылы Белорусь, Қазақстан,  Қырғызстан және Ресей өкіметтері делегацияларының БСҰ-ға кіру мәселелері жөніндегі жұмысының қорытындылары, олардың осы бағытта қазір жүргізіп отырған қызметінің жоспарлары қаралды.

«Төрттік» елдердің БСҰ-ға қосылу туралы құжаттарды дербес жасайтыны және дербес келіссөз жүргізетіні атап өтілді. Кеден одағына қатысушылардың БСҰ-ға қосылуы айтарлықтай күрделі процесс болып табылатыны, сондықтан ұзақ уақытқа созылатыны айтылды.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде  халықаралық саудада қалыптасқан  жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы қажет.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

Соңғы онжылдықтарды  ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

Дүниежүзілік шаруашылық – ХЭҚ-тің объективті негізі және маңызды бөлігі. ХЭҚ дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты ХЭҚ-тің да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады.

XX ғасырдың бас кезінде дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтың нарықтық және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр.

Интернационалдану дегеніміз: халықаралық еңбек бөлінісі негізінде жекелеген елдер арасындағы тұрақты өндірістік-экономикалық байланыстарды қалыптастыру.

ХЭҚ-тің дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда  жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы. Дүниежүзілік сауданың ең қарқынды және өскелең дамып келе жатқан секторы өндеуші өнеркәсіп саласының тауарлары, оның ішінде ғылыми сыйымды тауарлар.

Қазақстан дербес сыртқы экономикалық саясатты жасау мәселесінде халықаралық саудада қалыптасқан жағдайлармен есептесіп, өз бағыт-бағдарын соларға сәйкестендіре анықтауы керек.

Халықаралық сауданың артықшылықтары

Бір елдегі жеке кісілер  мен фирмалар сияқты, елдегі компаниялар  бір-бірімен сауда жасасқанда, ол екі жаққа да тиімді болады. Олай дейтін себебіміз, сатылатын тауар бір жағынан керек емес және артық болатын болса, екінші жағынан тауар қажетті болғандықтан оны сатып алады.

Көптеген жағдайларда, халықаралық саудаға екі ел емес, әр елдің жеке азаматтары мен кәсіпорындары қатысады.

Саудадағы кейбір түбегейлі  артықшылықтар

Қайсыбір елдерде, басқа  жақта өндіруге болмайтын нәрселер өндірілуі мүмкін. Мысалы, жылы климаты  мен топырақ ерекшеліктеріне байланысты, Флоридада бадайға қарағанда апельсин өсірген тиімді. Ад Канзаста керісінше, апельсинге қарағанда бидай өсірген тиімді. Флоридадағы және Канзастағы адамдарға апельсин де, бидай да керек, сондықтанда әр елді мекендегі фермерлер бір өнімді шығаруға маманданып, соңынан артықтарын бір-біріне сатады. Әрине, Канзастағы фермерлер арнайы жылы жердер жасап, онда апельсиндер өсіруі болар еді. Дәл сол сияқты Флориданың өзінде де бидай өсіруге болады. Алайда, ол екі жаққа да қымбатқа түсер еді. Сондықтан да, әр елді мекеннің қайсыбір өнімге маманданып, соңынан бір-бірімен алмасқаны екі жаққа да тиімді болады. Сол сияқты кез-келген өндіріс саласы үшін, бір аймақ белгілі бір өнімдерді өндіргенге бейім болып, екіншісі басқа өнімге ыңғайлы болады. Ал енді кейбір аймақтың табиғат ресурстары, ысылған мамандары, дамыған көлік желісі қайсыбір саладағы тауарлар мен қызмет көрсетулер орындауға ыңғайлы болады.

Әрбір мемлекеттегі ерекше жағдайлар оларға қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулер жасауда артықшылықгар беріп, оларды өндіруден үлкен пайда табуға жағдай жасайды. Егер қайсыбір елдің кәсіпорнына белгілі бір өнімді шығару, басқа өнімге қарағанда тиімді болатын болса, онда ол түбегейлі артықшылық деп аталады.

Әлем саудасындағы салыстырмалы артықшылықтар

Жоғарыда аталғандай барлық елдердің түбегейлі артықшылығы  бола бермейді. Алайда, олардан басқа  елдер де халықаралық саудада өздерінің салыстырмалы артықшылықтарын пайдаланып қатыса алады. Қайсыбір елдің белгілі бір өнімді шығаруда салыстырмалы артықшылығы бар дейді, егер осы өнімді өндірудің құны, басқа елдермен салыстырғанда төмен болатын болса, алайда, оны ұғыну қиындау болады, соған қарамастан келесі мысал арқылы түсіндіріп көрейік.

Дороти Диксон заң  колледжінде оқып жүріп, сабақтан бос уақытында шаштараз болып жұмыс істеп жүрді. Ал, қазір жоғары жалақы алатын заң қызметкері болғанымен, егер қаласа маман шаштаразда жұмыс істей алар еді. Алайда, Доротидің үш баласы шаштарын жақын жердегі шаштаразға алдырады. Дороти бұл тұста, шаштараздың қызмет көрсетулеріне төлеген ақшадан оның өзінің клиенттеріне сол уақытта көрсететін қызметі үшін табатын ақшасы артық болатынын ескеріп, өзіне тиімді шешімді қабылдап отыр. Міне, осы шешім салыстырмалы артықшалықтарды ескеріп қабылданған болатын. Соның нәтижесінде Дороти үшін оның өзі заң жұмыстарымен шұғылданып, басқаларға балаларының шашын алғызғаны тиімді.

Әлемдегі барлық елдер өздерінің салыстырмалы артықшылықтарының ең үлкен мөлшерлі салалары бойынша маманданып тауарлар және қызмет көрсетулер өндіріп, халықаралық сауда жасайтындығын салыстырмалы артықшылық заңдары түсіндіріп бере алады. Әрбір жеке елдер өздерінің жақсы шығаратын заттарын өркендете өндіргеннен барлық елдер ұтысты болады, өйткені тек осындай жағдайда ғана артық еңбек, қаржы және табиғат ресурстарының шығынынсыз көп мөлшерде тауарлар және қызмет көрсетулер өндіруге болады.

Еркін сауданың артықшылықтары

Елдер арасындағы еркін  сауданы қолдаушылар (ешқандай шектеулерсіз) оның келесідей артықшылықтарын атайды:

1. Тұтынушыларға пайда түсіреді. Саудаға қойылатын кез келген шектеулер сол қорғалған өнеркәсіп саласына түсетін пайданы тек тұтынушылардан алады. Мысалға, Солтүстік Каролинадай Айоваға әкелінетін киімдер тарифы осы саланың Айовада дамуына көмегін тигізеді, алайда ол ақшалар қымбаттатыла сатылған киімдерді тұтынушылар алғаштан кейінгі түскен ақшалар. Бұл дәлел халықаралық сауда үшін де осындай қатынаста болады.

2. Қайта койылатын шектеулік шараларды болдырмайды. Басқа елдің бір елге қоятын шектеулері, әдетте оған қарама-қарсы жауап шараларды қабылдауға алып келеді. Американың басқа ел тауарына қойылған тарифтері мен импорт үлестері, ол елде Америка тауарларына сондай шаралардың қабылдануына себеп болады. Сондықтан да ондай қолдаушы тарифтер америка экономикасының онша тиімді емес салалары үшін қолданылып, оны шетел бәсекелестігінен қорғайды. Соның өзінде АҚШ-тың экспорт шығаратын салалары ол шектеулерге қарсы жасалған шектеулерден зиян тартатын болады. Бұл тұста кейбір елдер америкада өндірілген тауарлардың әкелуіне тура шектеулер қойса, енді біреулерінің оларға төлейтін қаржыларының болмауы кесірін тигізеді.

Халықаралық саудадағы  кедергілер

Жоғарыда аталған халықаралық сауданың артықшылықтарына қарамастан, көптеген елдер оған шектеу қоюда, оның ішінде АҚШ-та бар.

Кеден тарифтері. Бұл импортқа келетін тауарлар және қызмет көрсетулерге салынатын салық. Кеден тарифтерінің негізгі екі түрі бар. Мемлекеттің ақша қаржысын толтыру үшін қолданатын ресми тарифтері және ұлт өнеркәсібін шетелдік бәсекелестерінен қорғау үшін қолданылатын қолдаушы тарифтері болады. 1910 жылға дейін АҚШ-тың негізгі табыс көзі ресми тарифтер болып келген. Бұл тарифтердің негізгі мақсаты шетел тауарлары мен қызмет көрсетулерін отандық өнімдерден, қымбаттатып, олардың сатылуына шектеулер қою болып табылады.

Импорт үлесі. Бұл импортқа кететін қайсыбір тауарлар және қызмет көрсетулердің аты мен санына қойылатын шектеулер. Бұл шектеулерде қолдаушы тарифтер сияқты ұлт өнеркәсібінің белгілі бір салаларын жекелей шетел бәсекелестерінен қорғау болады. Мысалға, 1980 жылдары АҚШ үкіметі Жапониядан импортқа келетін автокөліктер үшін осындай шектеулер енгізген болатын.

Басқа шектеулер. Аталғаннан басқа да елдер арасындағы сауда  еркіндігін шектейтін бірқатар әрекеттер бар. Оларға мысал ретінде экспорт субсидияларын айтуға болады. Бұл экспортқа тауар шығаратын кәсіпорындарға өнімдерін шетелдерде төменірек бағамен сатуы үшін берілетін ақшалай жәрдем. Шетелдегі тауарлардың осы елдің өзінің нарығындағы бағадан кем бағада сатылуы демпинг деп аталады. Халықаралық саудаға шектеу жасайтын тағы бір нәрсе «былықшылық» деп аталады. Бұл жағдайда мемлекеттік ережелер мен тәртіптерге сүйеніп, кеденнен өтетін тауарлардың құжаттарының толтырылуы әуре-сарсаңға айналдырып, көпке созылады.

 

Қорытынды

 

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына  және басқа да көптеген халықаралық  ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына  интеграциялауға объективті жағдайлар  жасады.

Қазақстан ДСҰ-на енуді 2010 жылға жоспарлап отыр.Қазір сол ұйымға кіру үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық экономикалық қатынастар жекелеген елдердің салалық, аймақтық шаруашылығының субъектілері - өндірістік бірлестіктер мен кәсіпорындардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі кешенді экономикалық қарым-қатынастарын зерттейді.

ХЭҚ-тің негізгі нысаны — халықаралық сауда. Дүниежүзілік шаруашылық кешенінде өзінің құндық көлемі бойынша сыртқы сауда қатынастары алдыңғы позицияларды сақтап тұр.

Соңғы онжылдықтарды ғылыми-техникалық, көлік, қамсыздандыру, туризм, ақпарат, жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға беру, консультациялық қызмет көрсету жүйелеріндегі мемлекетаралық қатынастар да дамып келеді.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына  және басқа да көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.

Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз мынадай оңды құбылыстарды байқар едік.

Ғаламда  қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына 2006 ж Жолдауында: “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпілес жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы. ” деп атады.

 Сонымен қатар,  еліміздің басты даму тұспалдарын  анықтап берген құжа”Қазақстан -2030” даму стратегиялық бағдарламасымен үндес келетін айта келген абзал.

Қорыта айтқанда, отандық  тауар өндірушілерін қолдау Қазақстандық кәсіпкерлерді жаңа өнімдерді ашуға және әлемдік нарықтарға жаңа өнімді шығаруға ынталандырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Указ Президента РК имеющим силу Закона «О лицензировании» от 17 апреля 1995 г. №2200 с изменениями и дополнениями по состоянию на 10 июля 2003г.;
  2. Постановление Правительства РК от 30.06.1997г. №1037 «О лицензировании экспорта и импорта товаров (работ, услуг) в Республике Казахстан»;
  3. Учет внешнеэкономической деятельности, Алматы,

            2001г. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя»

Информация о работе Протекционизм саясаты