Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 10:05, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының актуалдығы. Қазіргі таңда кез келген өнімнің экспорты және импорты жай тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу ғана емес, глобалды экономикалық жүйедегі өзара әрекеттесудің күрделі механизмдердің бір бөлігін құрайды. Әлемдік экономиканың қазіргі жүйесіндегі негізгі нарық механизмдерінің өзара әрекеттесу жүйесінде субъектілердің экономикалық әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көптеген институттар құрылған.
КІРІСПЕ.................................................................................................................5
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Халықаралық сауда теориялары..........................................................6
1.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі...................................8
1.3 Дүние жүзілік сауда ұйымы мәні және құрылымы........................14
ІІ ҚІ Қазақстанның сыртқы сауда жағдайы
2.1 ҚР-ның сыртқы сауда қатынастарын талдау.......................16
2.2 Сауда саясатының құралдары мен ҚР-ның халықаралық саудадағы орны мен рөлі......................................19
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудасының дамуы мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының басты бағыттары................................................32
3.2 ҚР-ның дүние жүзілік сауда ұйымына ену мәселелері..................34
Қорытынды....................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................40
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Халықаралық сауда
теориялары....................
1.2 Халықаралық
сауданың стандартты моделі........................
1.3
Дүние жүзілік сауда ұйымы
мәні және құрылымы............
|
ІІ ҚІ Қазақстанның сыртқы сауда жағдайы 2.1
ҚР-ның сыртқы сауда қатынастарын
талдау....................... |
2.2
Сауда саясатының құралдары |
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудасының дамуы мен жетілдіру жолдары
3.1
Қазақстан Республикасының
3.2
ҚР-ның дүние жүзілік сауда
ұйымына ену мәселелері........
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының актуалдығы. Қазіргі таңда кез келген өнімнің экспорты және импорты жай тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу ғана емес, глобалды экономикалық жүйедегі өзара әрекеттесудің күрделі механизмдердің бір бөлігін құрайды.
Әлемдік экономиканың қазіргі жүйесіндегі негізгі нарық механизмдерінің өзара әрекеттесу жүйесінде субъектілердің экономикалық әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көптеген институттар құрылған. Оның негізгісі дүние жүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - әлемдегі мүше елдер арасындағы сауда –саттық жөніндегі келісімдерді реттейтін халықаралық ұйым.
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдықтарда бұл кеңістікке экономикалық блоктардың ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесе жекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін.
Өйткені кез келген-ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Ол сыртқы экономикалық саясаттың баламалы варианттар жиынтығымен, ең алдымен қысым көрсету немесе қарама-қарсы шығу әрекеттерімен толығуы қажетгілігін алдын-ала анықтайды.Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.
Курстық жұмыстың теориялық және методологиялық базасын шетел және отандық авторлар жұмыстары, заңдар, Үкіметтің және ҚР Президентінің ресми құжаттары, заңды және нормативті актілер, ҚР қаржы Министрлігінің ережелері мен нұсқаулары, ғылыми статьялар және статистикалық мәліметтер құрайды.
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.
Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық өрлеудің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз: дүниежүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Сыртқы сауда да «фритретерствоны» (еркін сауда), немесе «протекционизмді» (өз тауар өндірушілерін қолдау) таңдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісіне қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.
Фритретерство саясатынын ең алғаш А. Смит өзінің «Абсолютті артықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы, әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады», - деп жазған.Оның еңбңгін Д.Рикардо жалғастырды.Ол өзінің «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясында елдер арсында сауда сауда абсолютті артықшылықтар болмаса да тиімді болатынын көрсеткен. «Салыстырмалы артықшылықтар» теориясы бойынша елдер басқа елдерге қарағанда ,белгілі-бір өнімді тиімді әрі аз шығынмен өндіре алады және сол тауарды сыртқа шығарады ,-деп көрсеткен.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен жедел дами бастады.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етеді:
1. халықаралык еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. көптеген елдердің импортына кедергілердің жиылып, кеден бажы төмендеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6. сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
7. сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.
Соңғы онжылдықтарда сыртқы сауда динамикасының әркелкіге біліне бастады. Бұл дүниежүзілік рынокқа белсенді қатысушы елдердің өзара сауда-экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік рыноктағы басымдығынан айырыла бастады.
Егер 1950 жылы АҚШ-тың үлесіне дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, 1990 жылы ол тек қана 8/1 тең болды. Өз кезегінде Алмадияның экспорты АҚШ-тың деңгейіне жақындады.
Сөйтіп 90 жылдары Батыс Еурода халықаралық сауданың орталығына айналды. 80 жылдары халықаралық сауда-саттықта Жапония едәуір жетістіктерге жетті. Бұл жылдары машина мен жабдықтар экспорттауда Жапония дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезең өз тауарларының бәсекелік мүмкіндіктері бойынша Жапопияға Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.
Бәсекеге қабілеттіліктің дүниежүзілік классификациясы төрт жүзге жуық критерийлардан тұрады. Олардың негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда тепе-теңдігі жатады. Классификацияда, аталғандардан басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал-жабдықтар т.б факторлар ескеріледі.
Женевада өткен дүниежүзілік экономикалык форумның баяндамасында бәсекелікті нақты мемлекеттің дүниежүзілік рынокқа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.
Мамандардың болжауы бойынша XXI ғасырдың алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер санатында АҚШ пен Азиялық мемлекеттер болды. 2030 жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Қытай, Жапония болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің мүмкіндікгері мол.
Дамушы елдердің өз экспортын диверсификациялауға (шаруашылық қызметіне жаңа өріс табуға) ұмтылыстары, өнеркәсібі дамыған елдер тарапынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер, ең алдымен «жаңа индустриялды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспортында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының соның ішінде машиналар мен жабдықтар үлесі артты. Женевадаға дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1894 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді.
1-кесте
Мемлекеттер |
Экспорт млрд. долл. |
Дүниежүзілік саудадағы үлесі – % |
1. АҚШ |
512 |
12,3 |
2. Алмания |
421 |
10,1 |
3. Жапония |
397 |
9,5 |
4. Франция |
236 |
5,7 |
5. Ұлыбритания |
205 |
4,9 |
5. Италия |
189 |
4,5 |
7. Канада |
165 |
4,0 |
5. Гонконг |
152 |
3,7 |
9. Голландия |
148 |
3,6 |
10. Бельгия (Люксембург) |
131 |
3,1 |
11. Қытай |
121 |
2,9 |
12. Сингапур |
96 |
2,3 |
13. Оңтүстік Корея |
96 |
2,3 |
14. Тайвань |
93 |
2,2 |
15. Испания |
73 |
1,7 |
XX ғасырдың соңғы ширегінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының рөлі күшейді. Дүниежүзілік банктің есептеуі бойынша 2000 жылға қарай дүниежүзілік сауда көлемінің 40% Тынық мұхит бассейнінде шоғырланады.
Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің теңдігі олардың өзара сауда қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.
Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік» АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.
1.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі
Неоклассикалық ұсыныс пен сұраныс балансының постулаттарына негізделген халықаралық сауданың стандартты моделі көптеген неоклассик экономистерінің қоғамдық жалпылама сұранысына көңіл шоғырландырған зерттеулерінің қорытынды нәтижесі болды. Стандартты модельде қолданылатын негізгі ұғымдарды әр түрлі жылдары ирланд экономисі Фрэнсис Эджуор мен американ экономисі австралиялық Готтфрид Хэберлер қалыптастырды. Классикалық модельдерде шектелген нақты тауарлар шеңберіндегі ұсыныс пен сұраныс қарастырылған. Стандартты модель оны жиынтық ұсыныс пен сұранысқа дейін кеңейтті. Жеңіл түсіну үшін бұрынғыдай екі ел (I мен II) және екі-ақ тауар (I мен II) бар деп алынған. Салыстырмалы артықшылықтар моделінде тұрақты орнын басу шығындары шарттарындағы жағдайды қарастырды. Графикте өндірістік мүмкіндіктер шекаралары түзу сызық болып, 2-і тауардың қосымша бірлігін өндіру үшін 1-і тауардың тұрақты мөлшерінен бас тарту қажет екенін көрсеткен. Бұл жағдай елдің өзінің салыстырмалы артықшылыққа ие тауарға маманданып, салыстырмалы артықшылық басқа елде болған тауар өндірісінен бас тартуын білдіреді. Көріп отырғанымыздай, бұл экстремалды жағдай стандартты модель үшін жекелеген жағдай ғана болып табылады. Стандартты модель орнын басу шығындары мен жалпы экономикалық теориядан белгілі бар экономикалық жағдайларға сәйкес келетін заңдылықтар өсуінің алғышарттарына негізделген.
Орнын басу шығындарының өсуі 2-і тауардың әрбір қосымша бірлігін өндіру үшін 1 тауардың тұрақты емес, қосымша мөлшерінен бас тарту керектігін білдіреді.
Елдер бір-бірімен саудаға түскенге дейін баланс шекті трансформация деңгейі (ұсыныс) мен шекті орнын басу деңгейінің (сұраныс) өзара әрекеті жолымен қалыптасады (1-сурет).
Сурет 1. Сауда жоқ жағдайындағы баланс
1-і елдің өндірістік мүмкіндер қисығы орнын басу шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасады. Ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынады. 2-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орнын басу шекті деңгейі І-і қисығы осы елдің 1-і және 2-і тауардың максималды мөлшерін тұтынуды көрсететін А1 нүктесінде жанасады. 1-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, ол 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды. Ал 2-і елдегі 1-і тауардың салыстырмалы бағасы графикте А' нүктесі арқылы өтетін түзумен көрсетіліп, 2-і тауардың 4 бөлігін құрайды. Р/А<Р/А' болғандықтан, 1-і ел 1-і, тауар, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы басымдылыққа ие болады. 1-і мен 2-і елдің максималды өндіріс көлемі А және А1 нүктелерінде жетеді.