Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Августа 2013 в 10:05, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының актуалдығы. Қазіргі таңда кез келген өнімнің экспорты және импорты жай тауарды сатушыдан сатып алушыға жеткізу ғана емес, глобалды экономикалық жүйедегі өзара әрекеттесудің күрделі механизмдердің бір бөлігін құрайды. Әлемдік экономиканың қазіргі жүйесіндегі негізгі нарық механизмдерінің өзара әрекеттесу жүйесінде субъектілердің экономикалық әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін көптеген институттар құрылған.
КІРІСПЕ.................................................................................................................5
І ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Халықаралық сауда теориялары..........................................................6
1.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі...................................8
1.3 Дүние жүзілік сауда ұйымы мәні және құрылымы........................14
ІІ ҚІ Қазақстанның сыртқы сауда жағдайы
2.1 ҚР-ның сыртқы сауда қатынастарын талдау.......................16
2.2 Сауда саясатының құралдары мен ҚР-ның халықаралық саудадағы орны мен рөлі......................................19
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудасының дамуы мен жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының басты бағыттары................................................32
3.2 ҚР-ның дүние жүзілік сауда ұйымына ену мәселелері..................34
Қорытынды....................................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................40
Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады. ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымның шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемаларды талқылау үшін мүше елдер арасында келіссөздер, консультациялар, кездесулер өткізіледі. ГАТТ-тың толық құқылы мүшелерінін, саны 1990 жылы 90-ға жетті.
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоцияциясы 1960 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ассоцияцияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдар кіреді. ЮНКТАД – халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына және реттелуіне қолдау жасайды.
ІІ Қазақстанның сыртқы сауда жағдайы
2.1 ҚР-ның сыртқы сауда қатынастарын талдау
Біздің республика саяси және экономикалық тәуелсіздікке ие болып, халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың толық құқықты субъектісі болды: серіктес-елдердің аясын кеңейтті, көптеген дамыған және даму үстіндегі мемлекеттермен экономикалық байланыстарды орнатты, бұрынғы әріптестермен қатынастарын қайтадан құрды, әлем рыногына ықпалдасу жолында ілгері басты.
Қазақстанның сауда
әріптестері қатарында
1997 жылдан бастап елдің
сыртқы саудасының географиясы
шалғай шетел елдерімен
1995 жылмен салыстырғанда 2005 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 5 есеге өсіп, 45201,5 АҚШ долларын құрады (2004 жылы өсім - 37,5%). Экспорт операцияларының өсу қарқыны 1999 жылы 10%-ға, 2000 жылы 50%-ға кетерілгеннен кейін 2005 жылы 38,6% құрады. 2005 жылы сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт операциялары көлемінің көтерілуі ықпал етті (1-сурет).
2005 жылы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының 167 әлем ел-дерінде сауда серіктестері болды (1995 жылы - 146 елде). 2005 жылы ҚазақстанныңТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы 12200,7 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 19,4%-ға көтеріл-ді, оның ішінде экспорт - 4066,8 млн. АҚШ долларына (1%-ға төменде-ді), импорт - 8133,9 млн. АҚШ долларына (33%-ға өсті).
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымында Ресей Фе-дерациясымен жасалатын сауда жетекші роль атқарады, ол бұрынғы тарихи қалыптасқан процестердің арқасында Қазақстанның негізгі сауда әріптесі және қазақстан өнімінің негізгі тұтынушысы болып табылады.
Әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 33000,8 млн. АҚШ долларын құрады және 2004 жылмен салыстырғанда 45,6%-ға көтерілді, соның ішінде экспорт - 23782,2 млн. АҚШ доллары, 48,6%-ға көтерілді, импорт - 9218,6 млн. АҚШ доллары, 38,3%-ға көтерілді (1-кесте).
Сыртқы сауда айналымының серпіні
2-кесте
Сыртқы сауданың негізгі көрсеткіштері
өткен жылға %-бен
1995 |
2000 |
2005 | |
Тауар айналымы |
133,3 |
145,4 |
137,5 |
ТМД елдері |
136,7 |
162,7 |
119,4 |
ТМД-дан тыс елдер |
128,4 |
137,0 |
145,6 |
Экспорт |
162,5 |
150,1 |
138,6 |
ТМД елдері |
153,9 |
154,7 |
99,3 |
ТМД-дан тыс елдер |
174,4 |
148,5 |
148,6 |
Импорт |
106,9 |
137,9 |
135,8 |
ТМД елдері |
121,9 |
170,3 |
133,0 |
ТМД-дан тыс елдер |
83,4 |
112,5 |
138,3 |
1-диаграмма
Қазақстан Республикасы экспортының тауарлық құрылымы
2005
3-кесте
ТМД елдеріне Қазақстан Республикасы экспортының серпіні
млн.АҚШ доллары
Елдің атауы |
1995 |
2000 |
2005 |
Барлығы |
5250,2 |
8812,2 |
27849,0 |
Соның ішінде |
|||
ТМД елдері |
2883,5 |
2336,7 |
4066,8 |
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ |
2535,3 |
1882,2 |
3329,7 |
Беларус |
54,2 |
19,9 |
26,5 |
Қырғыстан |
74,9 |
58,3 |
225,5 |
Ресей Федерациясы |
2365,8 |
1751,4 |
2927,2 |
Тәжікстан |
40,4 |
52,6 |
150,6 |
ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНАН ТЫС ЕЛДЕР |
348,2 |
454,5 |
727,0 |
Әзірбайжан |
23,1 |
46,8 |
129,1 |
Армения |
0,2 |
4,1 |
43,1 |
Грузия |
0,3 |
7,7 |
52,0 |
Молдова |
2,5 |
1,1 |
52,5 |
Түрікменстан |
47,5 |
7,1 |
17,3 |
Өзбекстан |
153,1 |
133,5 |
242,6 |
Украина |
121,5 |
254,2 |
200,4 |
2-диаграмма
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі әріптес елдер бөлінісіндегі экспорты мен импорттың құрылымы
Экспорт Импорт
3-диаграмма
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы негізгі тауарлық топтар бойынша экспорты мен импортының құрылымы
Экспорт
Импорт
1.2 Сауда саясатының құралдары мен ҚР-ның халықаралық саудадағы орны мен рөлі
Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.
Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылык субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.
Әлемдік нарықтың динамикалық
өзгермелі конъюнктурасы
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды шығады: яғни сауда саясаты бірінші немесе екінші әдісті жүзеге асыру жағдайында да, әр алуан экономикалық салдарды қамтамасыз етеді. Бірақ мынаны атап өту керек, реформалардың басталған мерзіміне байланысты, экономиканың дамуы үшін бөгеттердің ашылуы, халықаралық экономикалық ұйымдарға кіруі, аймақтық принциптерді күшейту жағдайларында елдер үшін экономикалық реттеу құралдарын таңдау әр алуан, кейде шектеулі болады.
Мысалы, қазіргі кезде барлық постсоциалистік мемлекеттер сыртқы сауда ұйымына кіру жолында кедендік және басқа келісімдер шеңберінде қабылданған міндеттемелердің қиындығымен кездеседі.
Әр түрлі елдердің
сыртқы экономикалық саясатын зерттеу
нәтижесінде мыналар
Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың
дамуы үшін жағдайлар жасау
немесе экспорттық өндіріс
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір
саланың келешекте әлемдік
1) кедендік қорғау;
2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;
3) қолайлы жағдайлар
мен жеңілдіктердің басқа
Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).
Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.
Осы жағдайда белгілі бір таңдалған құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.
Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылатын салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.
Осы кезде дамыған
елдердің халықаралық экономикалық
ұйымдары тарапынан болатын
Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.
Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.
Төлем балансының тең
болмауы, экспорт тиімділігінің
төмендеуі жағдайларында
Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.
АҚШ-тың сауда саясатының ерекшеліктері. Сауда саясаты сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты болатыны белгілі. Мұндай өзара байланыстың мазмұндылығы – сыртқы сауданың американдық экономикаға елеулі түрде әсер етуімен анықталған.
Тиісінше, сыртқы саудалық саясатты анықтайтын құрамдас бөліктер ішіндегі сыртқы саудалық емес, жалпы-шаруашылық сипаты бар инфляциялық экономикалық дамуды атап өту керек.
Дегенмен, сауда саясатының автономдылығы: инвестициялауға ынталандыруды күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, инфляцияны әлсірету сияқты саясаттарды толықтырады. Экономикалық қайта өркендеудің мұндай саясаты президент Р. Рейганның басқаруы кезінде орын алған еді, ал саудалық тапшылық оның дамуы жолындағы «тежегіш» болды, АҚШ сөрелерін шетел тауарларының «ағылып келуі» бәсекені күшейтті. Мұндай жағдайға дәстүрлі емес салалар тап болды. Олар нарық пен жұмысшы күшінің жойылуына тойтарыс бере алмады. Аталған жағдай АҚШ қоғамын «тебіренте» алмады. АҚШ-тың демократиялық партиясы мұндай сұрақты бірінші рет қозғап нәтижесінде оны шешуге беделді республикаларды қосты. Бұл кезең заңдарға протекционистік ұсыныстардың ағылып келуін интенсивті дамытумен сипатталады.
1984 жылы АҚШ Үкіметі
Тарифтер мен сауданың Бас
келісімдері (ТСБА) шеңберінде халықаралық
ынтымақтастықты дамыту
Тиісінше, 1985 жылы Р. Рейган әкімшілігі сыртқы сауда балансындағы тапшылықты төмендеудің арнайы шараларын жасады және төмендегі шаралардан тұратын нақты бағдарламаны ұсынды:
а) сыртқы нарықтағы әділетсіз бәсекені ығыстыру жолымен американдық экспорт үшін қолайлы жағдайларды жасау;
ә) американдық экспортты субсидиялауды едәуір кеңейту;
б) доллар бағамын төмендету мақсатында валюталық нарықтардағы операцияларды Батыс серіктестерімен бірігіп басқару.
Американдық үкімет ірі Батыс мемлекеттеріне күшті қысым көрсетті.
Ондағы мақсат – осы мемлекеттерде экспансионистік ішкі экономикалық саясатты күшейту.
Осы мезетте Р. Рейган әкімшілігі демпингпен және патенттік құқықтарды бұзумен күресті күшейте отырып, халықаралық саудадағы АҚШ-тың мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жоба дайындады.
Р. Рейган мынаны атап өтті: «егер американдық еркін саудаға ықпал етуде күмәнданатын болса, онда ол баршаға зиян келіп, күйрейді». Бұл айтылғанды тек қана теориялық абстракция деп есептеген басқарушы органдар мен кәсіподақ қозғалысы арасында бұл жайт резонанс тудырды.