Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 19:36, курсовая работа
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14
II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ..........................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі....................................................29
III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
ҚОСЫМША..........................................................................................................
ІІІ БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Қазіргі уақытта бюджет саясатының негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Бюджет жүйесінің осы және басқа да міндеттерін бюджет процесін ұйымдастырудың республиканың үш жылғы кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджет параметрлерінің болжамдарын пайдалану қарастырылған жаңа қағидаларын қалыптастырумен, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен үйлестіру керек.
Соңғы оқиғаларға сәйкес қоғамдық қаржыны басқару тәсілдемелері реформалануда. Бюджет процесінің негізін «бюджет ресурстарының (шығынды) басқарудан» орта мерзімді бағдарлау ауқымында бюджет процесіне қатысушылардың және бюджет қаражаты әкімшілігінің жауапкершілігі мен дербестігін арттыру арқылы «нәтижені басқаруға» көшу идеясы іске асырылуда («нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру»-НББ тұжырымдамасы).
«Ресурстарды басқару» тұжырымдамасының ауқымында бюджет негізінен бюджеттік жіктеу баптарына бөлінген қазіргі бар шығындарды индекстеу арқылы қалыптастырылады. Бюджеттік шектеулерді қатаң сақтаған жағдайда бюджеттің және бюджеттік жобалардың теңгерімділігі қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге бюджет шығыстарының күтілетін нәтижелері негізделмейді, ал бюджетті басқару тек нақты және жоспарлық көрсеткіштердің сәйкестігін бақылаумен шектеледі.
«Нәтижелерді басқару» тұжырымдамасының ауқымында бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен жоспарланған нәтижелеріне орай қалыптастырылады.
Бюджет қаражаты функциялармен (қызметтермен, қызмет түрлерімен) тығыз байланысты. Оларды жоспарлағанда бюджеттік бағдарламалар ауқымындағы олардың соңғы нәтижесіне ерекше назар аударылады, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дербестігі мен жауапкершілігі кеңейеді. Ұзақ мерзімді қаражаттың ауыспалы лимиті белгілені, олар орта мерзімді қаржы жоспарының ауқымында жыл сайын нақтыланады, белгіленген функциялар мен бағдарламаларға арналған қаражаттың жалпы соммасы қалыптастырылады, осының негізінде бюджет қаражатының әкімшісі ресурстар пайдаланылатын бағыттарды пысықтайды. Ресурстарды (қызметкерлерді, жабдықтарды, үй-жайларды және т.б) пайдалануды оңтайландыру үшін жағдай жасалады. Басымдық ішкі бақылауға беріледі, шешім қабылдау жауапкершілігі төмен деігейлерге жүктеледі. Қаржының қызмет нәтижесіне мониторинг пен кейінгі сыртқы аудит жүргізіледі, мұның өзінде бюджет қаражаты әкімшілерінің қызметі қол жеткізілген нәтиже бойынша бағаланады.
Әлемде кеңінен қолданылатын орта мерзімді қаржылық жоспарлау ауқымындағы «нәтижеге бағдарланған бюджеттендіру» тұжырымдамасы бюджет процесінің жаңа ұйымының негізіне айналады. Ол бюджет ресурстарын бюджет қаражаты әкімшілерінің және өзі іске асыратын бюджеттік бағдарламалардың арасында әлеуметтік-экономикалық саясаттың орта мерзімді басымдықтары мен бюджет ресурстарына (шығыс «шегі» шектерінде) сәйкес нақты нәтижелерге (көрсетілетін қызметтерге) қол жеткізуді ескеріп немесе оған тікелей байланысты бөледі.
Бюджетті жоспарлаудың
көрсетілген әдістерінің
Бүгінгі күні көптеген елдерде дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспары әлі әзірленген жоқ, оның орнына мемлекеттер жергілікті ауқымдағы шараларды қолданады. Сондықтан Қазақстанда қабылданған жаңа қаржы және экономикалық құралды, мемлекеттік холдингтердің активтерін шоғырландыру, ұлттық әл-ауқат қорын құру, түбегейлі салық өзгерістері, бюджеттік механизмді қайта қарау кіретін тұрақтандыру іс-шаралар жоспары көп аспектілі, жүйелі шара болып табылады және ол әлемдік дағдарыстың келеңсіз салдарын еңсеруге бағытталған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Республика салық қызметінің кәсіпорындардың көбісі тоқтап, жұрттың бәрі ұсақ саудагерлікке бет бұрған кезеңде ел бюджетін толықтыру бағытындағы жұмыстары күн тәртібінен түспек емес. Бюджет дегеніміздің өзі, халыққа түсінікті қарапайым тілде айтқанда, мемлекет үшін жұмыс істеп отырғандардың игілігі. «Халық болмаса мемлекет болмайды» деген аксиоммаға сүйенсек сан-салалы қызметін жандандырамыз. Бюджетті толтырудың қисынын тауып, қиюын келтіру оңай шаруа емес. Сондықтан да аса қатал қаржылық бюджеттік саясат қолданылуда. Қазір біздің барлық күшіміз кірістерді бюджетке шоғырландыру ісіне жұмылдырылып отыр.
1996 жыл Мемлекеттік
салық комитеті үшін жаңа
Үстіміздегі жылдағы
салық мәселесі мен бюджетке
түсетін кірісті сөз етпес
бұрын өткен жылғы
Қаржы министрлігінің коллегия мәжілісінде 2 рет талқыланды.
Салық комитетінің
орталық аппараты өзге де
Салық саласы бойынша тексерулердің бірін-бірі қайталамауы үшін әрі Салық кодексінің 137-бабының қалтықсыз орындалуы үшін іс-қимыл шаралары жаалып, ол төменгі органдарға жеткізіледі. Соның аясында тексерулер тәртібі қадағаланып отырды. Тексерулер тәртібін бұзушылар жазаланады. Мысалы, Оңтүстік Қазақcтан облысы, Түркістан аудандық салық комитетінің инспекторлары И. Анашев пен Г. Төрежанов қызметтен босатылады.
Кей аймақтарда
негізгі-негізгі берешек
Тағы бір назар
аударатын дүние-кәсіпкерлік
Салық органдарының
қызметін бағалаудан мына
- бюджеттің әрбір табыс көзі бойынша болжамның орындалуы;
- бюджетке төленетін қосымша салықтар мен басқа да міндетті
- берешектің көлемін жою және азайту;
- әлеуметтік қорлармен байланыс;
- жүйені компьютерлендіру;
- есте сақтау қабілеті бар кассалық аппараттарымен жұмыс істеу;
- салық заңын жетілдіруге ұсыныстар жасау;
Осы аталған көрсеткіштер
бойынша тоқсан сайын бірінші
басшылар мен облыстық салық
комитеттерінің рейтингісі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қосымша – А
Кесте 1
Республикалық бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы
Түсімдердің атауы |
млн.тг |
% |
ТҮСІМДЕР |
722034 |
100,0 |
КІРІСТЕР |
649000 |
89,9 |
Салықтық түсімдер |
603396 |
93,0 |
Соның ішінде: | ||
Корпоративтік табыс салығы |
272632 |
45,2 |
Қосылған құнға салынатын салық |
222161 |
36,8 |
Акциздер |
6019 |
1,0 |
Салықтық емес түсімдер |
39348 |
6,1 |
Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер |
6256 |
0,9 |
АЛЫНҒАН РЕСМИ ТРАНСФЕРТТЕР |
57630 |
8,0 |
КРЕДИТТЕРДІ ҚАЙТАРУ |
15404 |
2,1 |
Қосымша – Б
Кесте 2
Республикалық бюджеттің 2009-2011жылдарға арналған табысы мен шығысы (млрд теңге)
Атауы |
2009ж |
2010ж |
2011ж |
Табыстар
Салық түсімдері
Салықтан тыс түсімдер
Шығындар
Тапшылық |
3145
2126
55,3
3320
-539,0 |
3629
2376
58,4
3749
-625,4 |
3965
2716
60,7
4122
-482,6 |