Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 19:36, курсовая работа
Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14
II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ..........................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі....................................................29
III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
ҚОСЫМША..........................................................................................................
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
- қаржы активтерін сатып алу;
- мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері
салықтық және басқа міндетті
төлемдер (салықтар және бюджетке
төленетін басқа міндетті
Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджеттің шығындары – қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің
2) тұрақты сипаты жоқ іс-
3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар – мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер – қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке тұлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңи тұлғаларға субсидиялар – мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.
Заңи тұлғаларға субсидиялар
нақты саланы немесе қызмет
аясын әлеуметтік-экономикалық
Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Республикалық және
Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті;
3) облыстық бюджеттердің,
республикалық маңызы бар
Үкімет резервінің
және жергілікті атқарушы
Үкіметтің және
жергілікті атқарушы
Резерв құрамында
көзделген ақша толық
Үкіметтің немесе
жергілікті атқарушы органның
резервінен бөлінген ақша
Үкіметтің және
жергілікті атқарушы
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Бюджет шығындарының
бюджет кірістерінен асып
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс.
Таза бюджеттік
кредит беру бюджеттік
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін
Қаржы активтерін сатып алу – заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – мемлекеттік меншіктегі заңи тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер.
Қаржы активтерімен
жасалатын операциялар бойынша
сальдо қаржы активтерін сатып
алу мен мемлекеттің қаржы
активтерін сатудан түсетін
Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің кірістері – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:
1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті тәлемдер: корпорациялық табыс салығы; қосылған құнға салынатын салық; соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орыңдалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы; импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда; шикі мұнайға салынатын акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері; экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы; Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым; телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алынатын алым; теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым; қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін, радиожиілік съестрін; кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем; әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары; отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар; консулдық алым; Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж; жүргізуші куәліктерін және көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж; мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;
2) салықтық емес түсімдер
республикалық меншіктен
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік қосалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);
4)ресми трансферттердің түсімдері (облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).
Республикалық бюджетке
республикалық бюджеттен
Қазақстан Республикасының
2003 жылғы республикалық бюджет
кірістерінің құрамы мен
Жоғарыда көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі – салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің
шығыстары мына бағыттар бойынш
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету; оларға қызмет көрсету және күзету; Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі; сайлаулар мен референдумдар өткізу; мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау; салық службасы органдарының қызметі; республикалық меншікті басқару; мемлекеттің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; мемлекеттік қаржылық бақылау; кеден қызметтері; мемлекеттің сыртқы саяси қызметі; іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп; мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сферасында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары;