Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14
II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ..........................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі....................................................29
III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
ҚОСЫМША..........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттик бюджет.Бюджет тапшылыгы (2).doc

— 300.00 Кб (Скачать документ)

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ  ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

               ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ МЖБ  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

        

 

                   КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

           Тақырыбы: «Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы»

 

        5В050900 «Қаржы»

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           Орындаған: Ф-11к топ студенті

       Исайын Н. А.

                    Тексерген:  Оқытушы,магистрант

       Юсупов  М.Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2012

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

 

 I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4

1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6

1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14

 

 II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ......................................................................................................................22

    2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22

 2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір  қайнар көзі............................................................................................................29

 

III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ  ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................................................33

 

 ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

 

ҚОСЫМША..........................................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Экономикалық теория тұрғысынан, ел экономикасынан, ел экономикасының дамуында, мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттің жүйе құрылымы, оны қалыптастырып пайдалану, өте күрделі механизмдер арқылы жасалады. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Сонымен қатар бюджеттің құрылымы, жалпы елдің мемлекеттік құрылымымен тікелей байланысты болып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан, мемлекет, бүкіл ел дамуының қаржы негізі пайда болады. Бюджеттің екі түрі бар:

1.республикалық (мемлекеттік)  бюджет;

2.жергілікті бюджет.

 Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттен тұрады. Федеративтік мемлекеттерде, штаттардан (АҚШ), жерлердің өз бюджеттері болады. Оған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.

 Мемлекеттік бюджет  – үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппараттарды, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік – экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзге асырудың аса күшті құралы.Қазіргі мемлекеттік бюджет, оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де, көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте – мемлекеттің кірісі мен шығынының құрылымы бейнеленеді. Шығында бюджеттік ассигнациялардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығыны мынадай бөлімдерден тұрады:

  • әскери шығындар;
  • мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары;
  • сыртқы экономикалық шығындар.

 Мемлекеттік шығындардың  басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.

 Мемлекет бюджетінің  басты құрамды бөлігі – жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырады.

 Мемлекеттік бюджеттің  кірістері, біріншіден, орталық және  жергілікті ұйымдар жинайтын  салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.

Бюджет – салық  саясат экономиканың тұрақтылығы мен оның орнықты өсуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шығысқа, салық салу мен бюджеттің жай-күйіне ықпал ету арқылы елдегі экономикалық белсенділіктің деңгейін реттеуге бағытталады. Осы мақсатқа тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды, мемлекеттік инвестицияларды, салык салу жүйесі, сондай-ақ жиынтық ұсыныста да реттеуге бағдарлануы мүмкін. Бірінші жағдайда дискрециялық және дискрециялық емес саясат деп жеке бөлінеді. Дискрециялық саясат реттеудің (жеделдетілген өтелім, салық жеңілдіктері, нақты мемлекеттік шығыс және т.б) нақты проблемалары бойынша арнайы шара мен шешім қабылдауға бағдарланады, ал дискрециялық емес саясат экономикадағы ауытқуларды тегістеуге және әр жағдайда нақты шешім шығармай жұмыспен шешу және шығарылымның деңгейін қолдауға мүмкіндік беретін қоса кіріктілердің (автоматикалық) тұрақтандырғыштар арқылы экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Қоса кіріктірілген тұрақтандырғыштар, әдетте, алдын ала заңмен шақталады және экономика субъектілері шешім қабылдағанда соларға үнемі бағдарланады. Осындай тұрақтандырғыш ретінде прогрессивтік салык салу; мемлекеттік трансферт пен төлемдер жүйесі; мемлекеттік көмек көрсету бағдарламасы және т.б. болады.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Бюджет  жүйесі және бюджет құрылысы

 

 

Бюджет жүйесі дегеніміз  экономикалық қатынастар мен заңды  нормаларға негізделген  бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада  провинциялардың, Ресейде федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде өңірлердің шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақшалай ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңестіру үдерісінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады, осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүние жүзінің әр түрлі  елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің  құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы  мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында  басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер  бюджеттерінің, сонымен бірге бюджеттік  үдеріс пен қатынастардың жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Шығыстарды бөлудің  негізгі уәжі шығыстардың үлкен  бөлігін жергілікті деңгейге табыстау болып табылады. Әрбір бюджеттің  белгілі бір, қатаң жүйеленілген және орнықты шектері болуы тиіс. Шығыстардың бағыттары Бюджеттік кодексте мемлекеттік басқарудың ауылдық деңгейіне дейін анықталған. Ауылға (селоға) бекітілген шығыстар жекелеген бағдарламалармен аудандық бюджетке бекітілетін болды, олардың әкімшілері ауылдың және поселкілердің әкімдері болады.

 Республикалық және  жергілікті бюджеттерді ішкі  бақылаудың сатылас сызбасы енгізілді:  ішкі бақылауды Қаржы министірлігінің  Қаржылық бақылау және мемлекеттік  сатып алу комитеті жүргізеді. Сыртқы бақылаудың функциялары Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі Есеп комитеті мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларында қалды. Бюджеттік инвестициялар ұғымы кеңейтілді, инвестициялық жобаларды кезеңдік іріктеу, сондай-ақ жобалардың тиімділігін бағалау тәртібі енгізілді. Капиталдың ішкі және сыртқы рыноктарында жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы жойылған, тек жоғарғы бюджеттен олардың қарыз алуы сақталынған.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорына қаражаттарды аударудың  жаңа механизмі енгізілді. Ұлттық қордың койылған міндеттерін тиімді іске асыру мақсаттарында оңтайлы дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып байланыстандырылған бюджеттік әдіс әзірленді.

Әр аймақтың экономикалық әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды  қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады.

Қазақстан Республикасының егемен мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы жаңа деңгейін анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттік бюджетке тиесілі.

Мемлекеттік бюджет – бұл мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға, қажетті әлеуметтік-экономикалық қызметтер атқаруға бағытталған ел үкіметінің қарамағында болатын ақша ресурстарының орталықтанған қоры болып табылады. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Қаржының айқындылығы – нақты демократияның бірден бір мәнді көрсеткіші. Бюджет, қаржы саласындағы заң, тәртіп бұзушылықтар мен зиянкестіктер небір хронологиялық байланысқа, ұлттық тамырларға ие емес, себебі:

-  біріншіден, әр мемлекеттің қажеттілігі оның қаржылық мүмкіндіктерінен асады, сондықтан шенеуніктер тез арада, заңды және Парламентті айналып өтіп, қаржыны тығыз қажеттіліктерге бөлістіруге ұмтылады;

- екіншіден, әр қоғамда әртүрлі дәрежедегі түрлі компаниялардың, топтардың саяси және коммерциялық мүдделері айқындалады, аталған мүдделерді экономика саласында қорғау, түрлі жеңілдіктер алу көзделеді.

 

 

1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының

 құрамы мен құрылымы

 

 

 Мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын қалыптастырумен және  пайдаланумен байланысты болып  келетін бюджеттің жұмыс жасауы  ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.

 Кірістер мен шығыстардың  құрамы мен құрылымы нақты  әлеуметтік-экономикалық және тарихи  жағдайларда жүзеге асырылатын  мемлекеттік бюджет және салық  саясатын жүргізудің бағыттарына  байланысты болады. Бұл кезде  мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.

 Нарықтық қатынастарға  кешкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік  бюджетінің кірістері мемлекеттік  кәсіпорындардың ақша жинақтарына  негізделіп келді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90%-ын құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.

 Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға пара-пар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы