Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14
II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ..........................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі....................................................29
III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
ҚОСЫМША..........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттик бюджет.Бюджет тапшылыгы (2).doc

— 300.00 Кб (Скачать документ)

2) қорғаныс, қоғамдық  тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің  қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес; Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру; жедел іздестіру; тергеу қызметі; азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру; экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары;

3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет; азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау; зандылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету; соттың сараптамалық қызметі; сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары;

4) білім беру: білім  берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім бер; республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу; республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау; жоғары кәсіби жөне жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау; республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау; білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету; республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары;

5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету; ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру; ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-ерекет; республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету; сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары;

6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері; мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек; әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету; құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер; көші-қон іс-шаралары; баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары;

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік;

8) ауыл, су, орман, балық  шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары;

9) өнеркәсіп, жер қойнауын  пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі;

 10) көлік және коммуникациялар;

11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау; метреология және сертификаттау; патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау; мемлекеттік инновациялық саясат; мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау; саудалық және демпингке қарсы реттеу; бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу;

12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық  маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне; Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер; үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу; мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.

 Республикалық бюджеттен  сонымен бірге барлық мемлекеттік  органдардың және басқа мемлекеттік  мекемелердің қызметтін қамтамасыз  етуге (кадрларды қайта даярлауды  және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады. (Қосымша-Б)

Орталық мемлекеттік  органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан  Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.

 Нарықтық қатынастарға  көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.

 Алайда нарықтық  механизмдердің іс-әрекеті жағдайында  да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды,  экономиканың мемлекеттік секторын  бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

 Бұрынғы кезеңмен  салыстырғанда шығыстардың құрылымында  бюджеттік ресурстардың әлеуметтік  бағыттылығы арта түсуде. Республикалық  деңгейдегі білім беруді, денсаулық  сақтауды, әлеуметтік сақтандыру  мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60%-нан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.

 Сөйтіп, жалпы мемлекеттік  мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді (жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары).

 Рынокқа өтпелі  кезеңде бюджет жүйесінің барлық  дербес буындары жалпы мемлекеттік  қажеттіліктерді қанағаттандыру  үшін қоғамдық өндірістің құндық  ара қатынастарын жақсартуға  ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

 

 

1.3 Бюджет балансы және  бюджет тапшылығы.

 

 

Әр бюджетте оның кіріс  және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстандырылған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден (шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан) асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

 Тапшылықтың ұйғарымды  деңгейі деп елдің жалпы ішкі  өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады.Мұндай  жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.

 Бюджет тапшылығы  экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

1) елдің экономикасында  өндірістің жалпы құлдырауы;

2) қоғамдық өндіріс  шығындарының өсуі;

3) айналысқа тауар  жиынымен жабылмайтын ақшаны  шектен тыс шығару;

4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;

5) әскери-өнеркәсіп кешендерін  ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың  қомақты ауқымы;

6) «көлеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар.

 Бюджет тапшылығын  жабудың мынадай әдістері бар:

 а) мемлекеттік  қарыздар;

 б) салық салуды көбейту;

 в) ақша эмиссиясы.

 Өз кезегінде ақша  эмиссиясы ақша белгілерін тікелей  шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банкткерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.

 Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

1. Жыл сайынғы теңдестірілетін бюджет. Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискадық саясаттың тұрлауландырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңдестіру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңдестіру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлерін арттыруы, не бұл екі әрекетті де жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдырауы болып табылады.

 Бюджетті теңдестіру  саясаты сонымен бірге инфляцияны  үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы  кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның ұштастырылуын пайдалануы тиіс.

2. Циклдік негізде  теңестірілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға  сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында  теңестіріледі. Өндірістің құлдырауын  болдырмау үшін мемлекет тапшылықты  әдейілеп жасай отырып салықтарды  азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклға қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өртеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.

3.Қаржының функционалдық  тұжырымдамасының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық толық емес қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңдестіру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұқсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.

 Циклдік негізде  және функционалдық қаржы тұжырымдамасында  теңестірілетін бюджеттің тұжырымдамасына  бағдарланған фискалдық саясат  ақша айналысының жай-күйін есепке  алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына  бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

 Теріс белгімен  алынған шама бюджет тапшылығы,  оң белгімен алынған шама бюджет  профициті болып табылады.

 Бюджет тапшылығының  жол берілетін шекті мөлшері  әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

 Бюджет тапшылыгын  қаржыландыру – қарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет  қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Информация о работе Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы