Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2013 в 19:36, курсовая работа

Краткое описание

Мемлекеттік бюджеттің кірістері, біріншіден, орталық және жергілікті ұйымдар жинайтын салықтардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаражатты ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырландыру қызметтерінен тұрады. Бұлардың қатарына: әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және тағы басқалары жатады.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ..........................4
1.1 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы......................................................4
1.2 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы...............6
1.3 Бюджет балансы және бюджет тапшылығы...............................................14
II МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БЮДЖЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ..........................................................................22
2.1 Қазақстан Республикасының бюджеттік рәсімі.........................................22
2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі....................................................29
III БЮДЖЕТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІН ЖЕТІЛДІРУ.........................................................................33
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................................................35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
ҚОСЫМША..........................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттик бюджет.Бюджет тапшылыгы (2).doc

— 300.00 Кб (Скачать документ)

Жауапкершілік қағидасы – тура және түпкілікті нәтижелерге қолжетімділікке және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер басшыларының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмейтін шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы.

Бюджеттік қаражаттардың  атаулық және нысаналық сипаты қағидасы – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтай отырып, бюджеттік қаражаттарды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне кол жеткізуге бағыттауы және пайдалануы.

 Бюджет жүйесін  құрудың барлық қағидалары өзара  үйлестірілген және бірін-бірі  толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджеттік кодексте, «Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы заңдарында және басқа заңнамалық актілерінде көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидалардан жиі ауытқу болады. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидасынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Реалистік кағидасы да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржылық қатынастарды саралауға ұмтылады. Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және өңірлік бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-эрекеттеріне негізделген.

2005 жылы бюджетті  қалыптастырудан  бастап, оны атқарумен  және  бақылаумен аяқтаудың барлық  қаржылық рәсімдерін регламенттейтін   бірыңғай заң – Бюджеттік кодекс  күшіне енді. Бюджеттік кодексте бюджет жүйесінің жаңа кағидалары қойылған, бюджеттік жоспарлаудың бұрынғы қағидалары,барлық денгейлер бюджеттерінің кіріс және шығыс бөлімдерін қалыптастыру жөніндегі амалдар түбегейлі қайта қаралды. Орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды әзірлеу өзінің дамуы жағынан жетілдірілді, бюджеттің атқарылу үдерісі тәртіпке келтірілді, бюджеттік қаражаттарды пайдалануды бақылау жүйесі туралы қағида күшейтілді.

 Стратегиялық және  бюджеттік жоспарлауды үйлестіру  үшін үш жылдық кезеңге арналған  салықтық-бюджеттік саясатты анықтайтын  құжат – орта мерзімді фискалдық саясат әзірленді. Сонымен бірге бюджеттің атқарылу үдерісі де тым егжей-тегжейлі регламенттелінді, бюджеттік үдерістің жаңа кагидаттары енгізілді.

 Бюджет деңгейлері  жүйеленілді, әрбір деңгейдің  кала мен аудан бюджетіне дейінгі  шығыстары, олардың түсімдері мен бюджеттерді әзірлеудің тәртібі егжей-тегжейлі жазылып қойылды.

Заңнамада бюджеттердің тек екі деңгейі – республикалық және облыстық денгейі ретке келтірілген, ал төменгілері «ойын ережелерін» өздері анықтайды. Айқындықты қамтамасыз ету және олардың қызметіне бірыңғай талаптарды белгілеу үшін тиісті нормалар енгізілді.

 

 

2.2 Бюджетаралық қатынас – бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі

 

 

 Бюджетаралық қатынастар  – бұл тұрақты немесе ұзақ  мерзімді негізде елдің бюджеттік  жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктері шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу тәртібі бойынша жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізінде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртурлі мүддесінде, шығындарды қаржыландыру үшін аумақтарды біріктіру бойыншабюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері мынадай:

- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;

- екіншіден, берілген  анықтамада бір деңгей бюджеттері  арасындағы қатынастар да бюджетаралық  қатынастарға жатқызылған.

 Бюджет жүйесі – мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық нышаны болып табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.

 Бюджетаралық қатынас  – мемлекетті басқарудың негізгі  мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты  қоғамды және өнімді өспелі  ұлттық экономиканы құру аумақаралық  айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін  шешпейіше мүмкін емес. Бюджетаралық  қатынастарға мыналар жатады:

- жеке әлеуметтік  және экономикалық функцияларды  орындау үшін жауапкершілікті  республикалық және жергілікті  деңгейлер арасында бөлу және  заңдық тағайындауға негізделген  шығыстарды тарату;

- бюджеттік жүйенің  әрбір деңгейінебекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;

- барлық деңгейдегі  бюджеттер кірістерінің көздерін  заңдық бекіту және анықтауды  көздейтін кірістерді тарату.

 Қалыптасатын бюджетаралық  мәнін, олардың ұйымдстырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу; бюджетаралық реттеу; бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.

 Республика үшін  бюджетаралық қатынастарды реттеу  өте көкейтесті және күрделі  мәселеге айналып отыр. Бюджеаралық  қатынастардың жетілдірілмеуіне  байланысты әртүрлі деңгейдегі  билік органдарының көптеген қаржылық мәселелері өршуде. Қаржыларды орталық бюджетке шоғырландыру, әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер арасында қарсы қаржылық ағымдардың болуы, жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері деңгейінің төмендігі – осылардың барлығы жергілікті билік органдарының, халықтың өмірлік маңызды мәселелерін шешу мүмкіндігінен айырады, сонымен қатар сәйкес аумақтарда тиімді салықтық-бюджеттік саясатты жүргізуге кедергі жасайды.

Бюджеттік процес маңында  заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік  органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.

 Егеменді мемлекеттің  бюджеттік процесі әрекеттегі  бюджеттік заңнамаларға сәйкес  ұйымдастырылады. Қазақстанда ол  бюджеттік кодексі және басқа  да бюджеттік процеске қатысты  заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.

  • Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
  • Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
  • Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына.

 Жоғарыда айтылған  принциптердің талаптарын сақтау  бюджет тұрақтылығы мен аймақтар  және іс әрекет салалары аралығындағы  ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.

 Бюджеттік кодекс  бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:

-Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;

- әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;

- салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;

- бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;

- бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;

- республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;

- жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;

- мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;

 Бюджеттік процесті  ұйымдастыру бойынша бюджеттік  іс әрекеттің барлық сатыларында  келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

- Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;

- Бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;

- Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру;

- Экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;

- Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;

 - әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;

- заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.

 Бюджеттік процестердің  ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау  бойынша өкілетті орган ол  Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады.

 Ұсынылған құжаттар  ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді.

 Елдің бюджеттік  жайластырушылық пен бюджеттік  құқықтарға негізделген бюджеттік  процесс мазмұнымен оның іс  әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы  айтқанда бюджеттік процесті  іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:

1. Бюджет жобасын құрастыру; 

2. Бюджетті қарау және  бекіту;

3. Бюджетті атқару;

4. Бюджетті атқару  жөніндегі есеп беруді құрастыру  мен оны бекіту.

 Бюджет жобаларын  құрастыру толығымен Республика  Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.

 Бюджеттік жыл аяқталғаннан  кейін әрекеттейтін бюджет процесінің  ақырғы кезеңі ол бюджет атқару  жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік). Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі.

 

 

 

 

 

 

Информация о работе Мемлекеттік бюджет. Бюджет тапшылығы