Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 09:05, лекция

Краткое описание

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.
2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.
3. Позитивті және нормативті экономика.

Прикрепленные файлы: 1 файл

силлабус эктеория .doc

— 4.53 Мб (Скачать документ)

Кесте 1 -  Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткеруді есептеудің-мысалы (долл)

 

Экономикалық процестің стадиясы

Ара уақыттық баға немесе түпкі өнім бағасы

Қосарланған құн

есептеу

сомасы

1.Қой шаруашылығы  фермасы

Арауақыттық өнім -60

60-0

60

2.Жүнді алғашқы  өңдеу фабрикасы

Арауақыттық өнім –100

100-60

40

3.Тігін фабрикасы

Арауақыттық өнім -125

125-100

25

Сырт киімнің көтерме саудасы

Арауақыттық өнім -175

175-125

50

5.Сырт киім  бөлшек саудасы

Арауақыттық өнім -250

250-175

75

 

Жалпы құн (сатылған сомасы)-710

Барлығы : 205


 

Кестеде байқалғандай, барлық арауақыттық өнім мен түпкі өнім құны 710 долл. құраса, қайталамған есеп-шот - 460 долл., ал қосарланған құн – 250 долл.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ-ді өлшеудің негізінен екі  тәсілі қолданылады:                                                                                       

1. шығын немесе өндіріс  бойынша;

2. табыс немесе түсім  бойынша.

Екі тәсілде бірдей болып бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.                                                          

ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретілде анықтайды. ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP =  C +  I +  Y +  X

мұндағы   GNP – жалпы ұлттық табыс, С — тұтыну шығындары, G — тауар мен қызмет көрсетуді мемлекетгік сатыл алуы, I - жатпы инвестициялар, X - тауар мен шзмет керсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардын ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады. ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y = W + R +  I +  P

мұндағы Ү — жалпы ұлттық өнім, W — жалдамалы жұмысшының жалақасы, Р - фирма мен корпорацияның пайдасы, R — ренталық төлемдер, I - қарыз капиталына пайыз (%).

ЖҰӨ-ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал реалды ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады, яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ / баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақта ЖҰӨ х  ЖҰӨ дефляторы.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ/нақты  ЖҰӨ

ЖҰӨ-м дефляторының  көмегімен  өндірістің нақты  көлемі  баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет тенденциясы элеминацияланады.

Тауар мен қызмет  көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін — баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жылды дейміз. Базистік жылда әрбір бағаға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санынына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100 тең болады.

ЖІӨ ағымдағы рыноктық бағалармен есептеледі, бұл оның номиналдық маңызын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты мөлшерін анықтау үшін бағаны инфляция ықпалынан арылтып, таразылау керек, яғни тұтыну бағаларының индексін  қолдану қажет, сөйтіп ЖІӨ нақты құнын білуге болады. Тұтыну бағаларының индексі ағымдық тұтыну кәрзеңкесінің құнының базалық жылдағы осы кәрзеңкенің құнына қатынасы арқылы анықталады.

 Номиналды ЖІӨ-нің нақты ЖІӨ-ге қатынасы бағаның көтерілу есебін ЖІӨ-нің өсуін көрсетеді және оны ЖІӨ дефляторы деп атайды. ЖІӨ көлемін өлшеуде батыстық экономистер мен статистика қоғамдық өндірістің   ұлғаймалы концепциясына сүйенеді. ЖІӨ материалдық өндірісте өндірілетін игіліктер мен қызметті ғана емес, сонымен қатар материалдық емес қызмет түрлерін де, яғни ғылым, денсаулық сақтау, білім беру т. б. қамтиды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік

1. Экономикалық өсудің  теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік  теориялары.

Негізгі сөздер: Мультипликатор, акселератор, экономикалық өсу, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс.

Иллюстрациялық материал: слаид, кесте, схема

1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі.      Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары болып үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өндірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарастырылады. Макроэкономика тауар көлемі мен бағасын агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады. Мұнда ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.

     Макроэкономикалық  аспектіде ұлттық экономиканың  құрылымы елдің өндірістік ресурстарының  бір-бірімен нақты қалыптасқан  қатынастар жүйесімен олардың  мөлшерінің экономикалық агенттер  арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

      Ұлттық  экономикалық қызмет ету нәтижесін  өлшеу үшін теория мен шаруашылық  практикада әр түрлі көрсеткіштер  қолданылады. Бұл көрсеткіштердің бірнеше түрі ұлттық өндірістің көлемінің шамасын бағалау үшін қолданылады. Оған жататындар: жалпы қоғамдық өнім, түпкі қоғамдық өнім, таза қоғамдық өнім, таза ұлттық өнім, жалпы іштік өнім, ұлттық табыс, жеке табыс, арадағы өнім.

    Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953 ж. бастап қолданылып келеді.

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі  мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.

Өсу формуласынын негізінде кейнстің "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор - бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономисі Кан  1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы" (1936) кітабында дамытты.

Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс  ендірген тәуекелділіктің мәні зор : тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс – “орташа тұтынуға бейімділік” – арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті (“АРС” – арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда “психологиялық фактор” ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y).

және “шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі,

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік  теориялары.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель.Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдағанда ЖҰӨ тепе-тендігін құруға талап етілген дейгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі.

     Жалпы экономикалық  тепе-теңдік идеясы бұдан көп  бұрын экономист-классиктердің назарын аударған А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі.

Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдік болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

       Микродәрежедегі  жалпы экономикалық тепе-теңдіктің  болуы тауарлардың, қызметтердің  және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді.

       Басқаша  айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда да осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын нөлге тең болады.

       Ұлттық  экономикалық тепе-теңдікке жету  үшін А.Маршаллдың неоклассикалық  концепциясы кең қолданылады. Оның мәні: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық коньюктураның жағдайын үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болушыларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлеміне өсіреді, немесе төмендетеді.

      Экономикалық  тепе-теңдік түсінігіне жетімсіз  информация, экономикалық субьектілердің  болжауларының қателіктерінің немесе  мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақсыздығының нәтижесінде пайда болған, экономикалық коньюктураның ауытқуларын жатқызады. Бұл жағдайда, экономикалық субьектілердің күтімдеріне сәйкес келетін экономикалық болмыстың практика жүзінде қандай болмасын, ол тепе-теңдік болмысы деп ұйғарылады.  Ал эконмикада рационалды субьектілер әрекет еткендіктен, олардың күтімдері орынды деп есептеледі, оларды тепе-теңдікке жету үшін мемлекеттің кірісуі қажет болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде.

1. Экономикалық цикл, циклдың  кейнстік, неокейнстік және монетарлық  тұжырымдамалары.

2. Қазіргі циклдық дамудың  ерекшеліктері, ұзын толқындар.

Негізгі сөздер: Экономикалық кезең (цикл), дағдарыс, өрлеу, депрессия, тірілу

1.      Тұрақсыздық нарықтық экономикаға тән сипаттардың бірі. Оған  экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құраушы бөлігінің бірі болып табылады. Көптеген зерттеуші экономистер осы рыноктық экономиканың циклдық ауытқуының құпиясы неде деген сұраққа жауап іздеді. Ал, экономикалық цикл дегеніміз-бұл экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмысбастылық және табыс мөлшері деңгейінің үнемі ауытқып отыруы. Экономикалық циклдың болуының себептері: автономды инвестициялардың таусылуы, ақша массасының ауытқуы, негізгі капиталдың жаңартылуы, мултипликатор әсерінің әлсіреуі және көптеген экономистердің пікірлері бойынша ең маңызды себеп – тұтыну мен инвестиция арасындағы  ауытқудың болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегриалды теориясы жоқ, сол себепті түрлі бағыттар мен мектептердің экономистері циклдың болуының себептеріне әртүрлі көзқараспен тоқталады. 

     К. Маркс экономикалық цикл мәселесіне алғаш көп көңіл бөлген экономист ғалымдардың бірі болып саналады. Ол циклдың бірін-бірі кезектесе алмастырып отыратын негізгі төрт фазасын бөліп қарастырды.

Экономикалық цикл фазалары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде АҚШ-ның экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жасалған терминалогия бойынша цикл келесідей фазаларды қамтиды: шың немесе бум, рецессия немесе құлдырау, депрессия және жандану.  Экономикалық конъюнктураны сипаттау үшін бір қатар экономикалық көрсеткіштер қолданылады (ЖҰӨ, ЖІӨ, жұмыссыздық деңгейі, жеке табыс, өнеркәсіптік өнімдер көлемі, бағалар деңгейі, т.б.).

Цикл барысында экономикалық параметрлердің өзгеруіне байланысты олар проциклдық, контрциклдық және ациклдық болып бөлінеді.

    Қазіргі  кезде статистиктер мен экономистер  экономикалық конъюнктураға толық, нақты болжамдар жасай алмайды, тек оның жалпы тенденциясын  ғана  анықтай алады. Себебі экономикалық  тұрақсыздық пен саяси қақтығыстар  кезінде барлық әсер етуші  факторларды есепке алу, ұлттық экономикаға халықаралық ортаның ықпалын анықтау қиын және де даму тенденциясын анықтағанның өзінде фазалардың жүру мерзімін  нақты атап, экономикалық саясатты сол өзгерістерге қарай бағыттау мүмкін емес.

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері