Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2014 в 09:05, лекция

Краткое описание

1. «Экономика» ұғымы. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.
2. Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның қызметтері, зерттеу әдістері.
3. Позитивті және нормативті экономика.

Прикрепленные файлы: 1 файл

силлабус эктеория .doc

— 4.53 Мб (Скачать документ)

Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.

Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.

Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.

Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.

Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:

A - T   ... O ... T1- A1

Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:

A - Т ...

Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңлегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалауы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартыла апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. 1-шіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорлар - тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, денсаулық, білім, мәдениет, спорт салалары арналған.

Айналмалы капитал - өндірістік процеске тек бір рет қана қатысып қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.

Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:

... Ө ...

Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:

... Т1 - А1 -

Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.

П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:

d=A> - A

Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.

Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.

Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.

Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.

Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.

2. Негізгі капиталдың  құнсыздануы. Амортизация.

Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет еткендіктен бір-бірте ол тозады. Тозу табиғи және сапалық болады. Табиғи тозу- жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғыру арқылы ішінара қалпына келеді.

Сапалық тозу- ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімінң сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді.

Амортизация - бұл шығарылатын өнімге негізгі өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол ақшалай қаражатының қорлану мақсатында негізгі қорлардың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске асырылады.

Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.

Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.

Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.

Капиталдың қызмет ету мерзімінің сипаттамалары өте маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады. Өйткені, басқа кәсіпкерлермен бәсекелестік жағдайда ұтысқа тек уақыт үнемдегендер жетеді.

Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.

Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:

п = о/т,

мұнда /7 — айналым саны,

0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).

Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:

К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.

Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.

Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.

Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.

3. Инвестиция өндіріс  қорларын қаржыландыру көзі ретінде.

«Инвестиция» немістің «invesition» деген сөзі және бұл кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыда инвестиция күрделі қаржыға қарағанда кең мағынада берілген.

Күрделі қаржы -капитал жасаушы инвестицияның құрамды бөлігі. Олар жасауға және негізгі қорларды ұдайы жаңғыртуға бағытталған шығындар.

Жалы және таза инвестиялар болады. Жалпы инвестициялар - капитал қорының жалпы өсуі.Жалпы инвестициялар шығынның орнын өтеумен салыстырады.  Өтеу - тозған негізі капиталды ауыстыру процесі. Таза инвестциялар - жалпы инвестцииялар минус өтеуге кеткен қаражаттар.

Жалпы инвестиция - өтеу= таза инвестиция.

Егер жалпы инвестициялар өтеуден көп болса, онда таза инвестцииялар жағымды(+). Егер жалпы инвестициялар өтеуден аз болса, онда таза инвестициялар жағымсыз (-).Егер жалпы инвестциялар өтеуден тең  болса, онда капитал қоры сол өзінің бірқалыпты деңгейінде қалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы.

1. Бухгалтерлік және экономикалық  шығындар.

2. Тұрақты, өзгермелі және  жалпы шығындар.

3. Фирманың жалпы, орташа  және шекті табысы.

Негізгі сөздер: сыртқы шығындар, ішкі шығындар, тұрақты, өзгермелі және жалпы шығындар.

1.      Егер сатып алушыны тауарды алғанда бәрінен бұрын қызықтыратыны оның пайдалылығы болса, онда сатушы үшін маңыздысы өндіріс шығындары. Жетілген бәсеке жағдайында өндіруші рынок бағасының деңгейіне іс жүзінде әсер ете алмайды, сондықтан өндіріс шығындарының деңгейі пайдаға да, өндірісті ұлғайту мөлшеріне де әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның ағымдағы өндірісінде туындайтын шығындары – басқарушылық есептің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Өндірістік шығындар туралы ақпараттар, сол шығындарды басқаруды ұйымдастыруы үшін өте маңызды. Кәсіпорындағы өндірістік  шығындарды басқарудың басты мақсаты -   тиімділікті, ұтымды немесе оңтайлы баға және шығын деңгейін орнату, алдын ала белгілеген, көздеген табысқа жету болып табылады. «Шығындар дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс алуына бағытталыған шығындарының бір бөлігі.

Өндірістік шығындардың негізгі элементтеріне мыналар жатады:

1. материалдарға кеткен  тікелей шығындар;

2. еңбек ақы шығындары.

Өндірістік жанама шығындар өндірістік қызметке жатады және үш түрге бөлінеді:

  • Материалдарға кеткен жанама шығындар;
  • Еңбек ақы төлеуге байланысты жанама шығындар;
  • Басқа да жанама шығындар.

Тікелей шығындар, алғашқы құжаттар негізінде (тауар құжаттамасы, наряд), пайда болған уақытында оны дайын өнімге жатқызады (калькуляциялау объектісі). Ал өндірістік  үстеме шығындар пайда болған кезінде дайын өнімге жатқызылмайды. Дайын өнімге жатқызу үшін олар алдын ала жиналып есептеу арқылы өнімнің (тауардың, қызметтің) өзіндік құнына бөлініп қосылуы керек. Сонымен қатар өндірістік шығындар сомасын өнімге кеткен шығындар деп те атайды.

Бір өнімді өндіруге кеткен өнімнің өзіндік құны дайын өнімнің өндірістік бағасын өндірілген өнімнің санына бөлу арқылы есептейді.

Өндірістік шығындар және үстеме жалпы шаруашылық шығындар коммерциялық шығындармен бірге өнімнің (тауардың, қызметтің) толық өзіндік құнын құрайды.

Бақылау және реттеу функциясын жүзеге асыру – шығындарға анализ жасау және жоспарлы бюджеттік көрсеткіштердің және ресурстар шығыстарының көрсетіштерінің  нормаға сәйкес болуына бақылау жасау, жоспардан ауытқушылықтарды айқындау және нақты шығындардың жоспарлы шығындардан көбеймеуіне шараларды әзірлеу.

Ынталандыру (мотивация) функциясы арқылы кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылдырады (жұмысшыны немесе бөлімшені), қазіргі жағдайдағы мақсаты – кәсіпорынның шығындарын төмендетуге  қызмет ету.

      Бағаның  төмендеуі жоғары деңгейлі шығындары  бар кәсіпорындарды зиянды етіп, оларды бұл саланы тастап кетуге  мәжбүр етеді. Егер орта шығындар  бағадан төмен болса, онда фирма тепе-теңдік жағдайда бола тұра «қарапайым пайдадан» жоғары пайда алады, яғни үстеме пайда немесе квазирента алады.

      Орта шығындар  бағадан төмен болса, онда фирма  жеке өнімге шаққанда ең жоғарғы  пайда алады деп тұжырымдалады. Фирма тепе-теңдік шартын былайша түсіндіруге болады: МС=МР=Р. Фирма алатын жалпы пайда жалпы саудадан түсірген табыстары мен шығындарының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады: П = табыс – шығындар.

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Өндіріс шығыны өзіне шикізат, материал, жаңармай, электроэнергия, тұрақты капиталдың өткізілген бөлігі (амортизациялық) мен жұмыс күшін сатып алуға кететін шығындарды енгізеді. Өндіріс шығындары анық және анық емес болып бөлінеді. Анық шығындар (сыртқы шығындар) - сырттан алынған ресурстарға ақша төлемдері (жалданбалы жұмысшылар жалақысы, шикізат және материалдарға төлемдер,транспорт, қаржы, заң қызметтеріне төлем). Осы шығындар бухгалтериямен есептелініп, оларды бухгалтерлік шығындар деп атайды.  Анық емес шығындар (ішкі шығындар) - өз ішік ресурстарын пайдаланумен байланысты шығындар. Бұл шығындар төленбейді және бухгалтерлік есептеулерде көрсетілмейді. Олар көбінесе жасырын формада болады. Осындай жасырын формадағы шығындарды балама (альтернативті) шығындар деп атайды.  Анық және анық емес шығындар сомасын экономистер экономикалық шығындар деп атайды.

2. Тұрақты, өзгермелі және  жалпы шығындар. Тұрақты шығындар (FC) - бұл фирманың өнім шығару  көлеміне тәуелсіз шығындары. (сыртқы  өндіріс факторын тікелей қолданумен байланысты шығындар). Кәсіпорын өнім өндірмеседе төленеді. Бұған жалгерлік ақы, жабдықтар үшін шығын, қызметкер (бухгалтер) жалақысы, салық төлеу, амортизациялық төлемдер, зайым бойынша пайыз т.б. жатады. Өзгермелі шығындар (VC) - өнім шығару көлеміне сәйкес өзгеретін шығындар.  Материал, шикізат үшін төлемдер, энергетикалық  шығындар, өнімді өндіретін жұмысшылардың жалақысы. Жалпы шығындар (TC) - тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы.  TC = FC+ VC.  Шығындарды тағы 2 түрі бар -орташа және шекті. Өнімнің бірлігіне қарай шығындарды өлшеу үшін орташа шығындар қолданылады. Ол жиынтық шығындарды өнімнің көлеміне бөлумен анықталады. Пайданы көп алу үшін өндіріс көлемін есептеу қажет, ол өз кезегінде шекті шығындарды анықтау қажеттілігін тұдырады. Шекті шығындар әрбір өндіріс бірлігін қосымша өндіру үшін қосымша шығындарды жұмсауды көрсетеді. 

Информация о работе Экономикалық теорияның пәні және әдіс-тәсілдері