Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны..............................................................................................................5
Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері......11

ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек нарығының дамуына талдау................................................................17
Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты(Қызылорда облысы мысалында)........................................................................................20

ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары.........24
Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам.........................................26

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 132.99 Кб (Скачать документ)

 

3.1 Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары

 

Еңбек нарығын реттеу еңбекке  орналастыру жүйесі арқылы іске асады. Бұл жүйеге жұмыспен қамту қызмет ұйымдарының кең торабы, жұмыс  орны туралы мәліметтер банкісі, кәсіби білім алу мен еңбекке орналасуға жәрдемдесетін мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпорындардың өз мамандарын кәсіби қайта даярлауды қарастыратын мақсатты бағдарламалары т.б. кіреді.

Тұрғындарды тиімді жұмыспен қамту мемлекеттің қайта бөлу, оқыту, әлеуметтік қолдау мен қорғауы  бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекетінсіз  қамтамасыз етілуі мүмкін емес. Дегенмен, бұл әрекет нарықтық қатынастағы  субъектілердің еркін іс-қимылына қайшы  келмей, еңбек нарығындағы талаптарға сай болуын қадағалайды.

Еңбек нарығын мемлекеттік  реттеу шаралар жүйесінде төмендегідей элементтерді атап көрсетуге болады:

- еңбекке деген сұранысты реттеу бойынша шаралар: қоғамдық жұмыстар бағдарламасы, жұмыспен қамтуды субсидиялау, еңбек нарығында қаржылай-несиелей ықпал ету, өзіндік жұмыспен қамтуды қолдау, босаған жұмыс күшін тарта отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау;

- еңбек ұсынысын реттеу шаралары: еңбек нарығындағы талаптарға сай жұмыс күшін даярлау мен қайта даярлау, біліктілікті көтеру, жұмыскерлердің аумақтық шоғырлануын ұйымдастыруда көмек көрсету, әсіресе, аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысы арасындағы теңсіздікті жою;

- жұмыспен қамтудың әлеуметтік кепілдіктерін беру бойынша шаралар: жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы төлеу, әлеуметтік материалдық көмек көрсету.

Еңбек нарығын реттеудің  негізгі тетіктері: экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық – институтционалдық (инфрақұрылымдық), құқықтық, қаржылық, мотивациялық. Еңбек нарығын реттеудің  тетіктері үздіксіз өзара байланыста болады.

Салалық немесе аймақтық еңбек  нарығын реттеу тетіктерінің айырмашылығы осы деңгейдегі тұрған міндеттер  мен мақсаттар ерекшелігінде. Республиканың  батыс аймағындағы еңбек нарығында  шешілетін мәселелер оңтүстік немесе солтүстік аймақтағы еңбек нарығында  тұрған міндеттерден ерекшеленеді, ал ауыл шаруашылығындағы мәселелер құрылыс  немесе темір жол көлігіндегі  мәселелерден өзгеше.

Еңбек нарығындағы қазіргі  таңдағы ең маңызды мәселелер - халықты, соның ішінде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту. Осы мәселелерді шешу үшін, ең алдымен, еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әрбір аймақтың, облыстың, экономика салалараның өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет.

Қазақстан бойынша ауыл тұрғындары жалпы халықтың 45,0 пайыздайын құрады. Ауыл жағдайының нашарлауынан, мұндағы  қызмет орындарының тапшылығынан, жұмысқа  орналасудағы қиыншылықтан аудандардың  көпшілігінде жұмыссыздық төмендеді, ал мұның өзі ауылдағы еңбек нарығын  әлсіретеді. Осыған байланысты ауылдық  жерлердегі еңбекке жарамды жастағы  тұрғындарды жұмыспен қамту және оны экономика салаларында, соның  ішінде ауыл шаруашылығында пайдалану  бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Нарықтық экономиканың дәл  қазіргі қалыптасқан жағдайына  байланысты пайда болған еңбек мәселелерін  шешу үшін еңбек нарығының белсенді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық құралдарды іске қосу керек. Олар:

- ауылдық жерлердегі еңбек  ресурстарының ұдайы өсу процесінің  мониторингісін құру негізінде  экономикалық белсенді халық  санын, жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды есепке алу жүйесін  жетілдіру;

- ауыл шаруашылығында  жасырын жұмыспен қамтылғандарды, жасырын жұмыссыздықты, өзіндік  жұмыспен қамтылғандарды айқындау, олардың еңбек табысы жөніндегі  мәліметтерді анықтай отырып, салық  жүйесін жетілдіру;

- ауыл шаруашылығында  шағын және орта кәсшкерлікті  дамыту негізінде жаңа жұмыс  орындарын құру;

- жұмыссыздардың бәсеке  қабілеттілігін жоғарылату, яғни  ауыл шаруашылығы саласы бойынша  мамандарды дайындау және қайта  дайындау, кәсіптік бағдар беру  жүйелерін жетілдіру;

- жұмыссыздарды жұмыспен  қамтудың жаңа икемді түрлеріне  ынталандыру қажет.

Қазіргі әлемдік қаржылық жағдайында еңбек нарығында дағдарысты басынан кешіп отырған аймақтарда, әсіресе, жекеленген ауылдық жерлерде ауыртпалықты жеңілдетуге бағытталған  төмендегідей шаралар қолданған  жөн:

  • жұмыскерлерді жаппай босататын кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайына сараптама жүргізу;
  • жұмыспен қамтуға ықпал ету қорынан қосымша қаржыландыруды қарастыра отырып, жұмыскерлерді босату процесін тоқтату немесе оны сатылап жүргізу;
  • кәсіпорын басшылары мен жұмыс берушілерге бос жұмыс орындарын қысқартқаны үшін белгіленетін санкцияны күшейту;
  • еңбек нарығындағы жағдайды жеңілдетуге мүмкіндік беретін мақсатты республикалық бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін іздестіру.

Жергілікті орындардағы  жұмыспен қамту қызметтері жастармен  әлдеқайда белсенді жұмыс жүргізуі керек. Осы мақсатта еңбек нарығының  сұраныстары мен экономикалық дамудың перспективаларын ескере отырып, жастарды қажет мамандықтарға оқыту мен қайта оқыту жөніндегі ауқымды бағдарламаларға кірісу маңызды болмақ.

 

    1. Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам

 

Жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 2020 жылға дейін бір жарым миллион адамға дейiн, оның iшiнде шамамен 800 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарланып отыр.

Жұмыспен тиiмсiз  қамтудың үлес салмағы төмендейдi, жұмыссыздық  азаяды, еңбек өнiмдiлiгi, сондай-ақ халықтың табысы артады.

2-кесте. 2020 жылға дейін 5 % жұмыссыздық деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жоспары.                                                                

 адам

Өңірлер

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

Ақмола облысы

4172

2613

2560

2569

2695

3046

3523

3860

Ақтөбе облысы

4105

2571

2519

2527

2652

2997

3466

3798

Алматы облысы

9701

6077

5954

5973

6267

7083

8191

8976

Атырау облысы

2767

1733

1698

1704

1788

2020

2337

2560

Батыс Қазақстан облысы

3148

1972

1932

1938

2034

2299

2658

2913

Жамбыл облысы

5557

3481

3410

3422

3590

4057

4692

5141

Қарағанды облысы

7012

4393

4304

4318

4530

5120

5921

6488

Қостанай облысы

5075

3179

3115

3125

3278

3705

4285

4695

Қызылорда облысы

3278

2053

2012

2018

2118

2393

2768

3033

Маңғыстау облысы

2550

1597

1565

1570

1647

1861

2153

2359

Оңтүстік Қазақстан облысы

11709

7336

7187

7210

7565

8550

9888

10834

Павлодар облысы

4136

2591

2539

2547

2672

3020

3493

3827

Солтүстік Қазақстан облысы

3268

2047

2006

2012

2111

2386

2759

3024

Шығыс Қазақстан облысы

7102

4450

4359

4373

4589

5186

5997

6571

Алматы қ.

3942

2470

2420

2427

2547

2878

3329

3648

Астана қ.

7304

4576

4483

4498

4719

5333

6168

6758

Қазақстан Республикасы

84826

53139

52063

52231

54802

61934

71628

78485


 

Бағдарламаны іске асыру  екі кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезең 2013-2015жылдар, екінші кезең 2016-2020жылдар. 
      Бiрiншi кезеңде пилоттық режимде үшiншi бағытта (экономикалық өсу орталықтарына және әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге көшу) қызметтік тұрғын үйлерді сатып алу, салып бітіру және қоныстандыру жұмыс берушінің қатысуымен жүзеге асырылады. 
      Халықты жұмыспен қамтуды және жұмыссыздық деңгейін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қалаларда және ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен жұмыс орындарын жедел құру шаралары пысықталады.

Тірек елді мекендерді кешенді  дамыту тетіктері пысықталады, микрокредиттер, кредиттер және Қаржылық лизинг, гранттар беру шарттары бойынша субсидиялау  тетіктері енгізіледі.

Сонымен қатар Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу  үшін облыстық және аудандық маңызы бар  жергілікті атқарушы органдар: 
      1) Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын жобалардың тізбесін, қатысушылардың санаттарын, олардың белсенділігін арттыру шаралары мен тәсілдерін (Бағдарлама операторымен келісім бойынша) айқындайды; 
      2) қызметтік тұрғын үй құрылысына және (немесе) оны сатып алуға жергілікті бюджет қаражатынан қоса қаржыландыру үлесін ескере отырып, Бағдарламаны іске асыруға бюджеттік өтінім ұсынады.

Екінші кезеңде: 2016 – 2020 жылдары  – Бағдарламаның өңірлік құрамдас бөліктері әзірленіп, келісілетін  болады және орындалуға қабылданады, еңбек  нарығында туындайтын қатерлерді басқару  және жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу Бағдарламада ұсынылған тетіктер мен  құралдар негізінде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаны іске асыруға  республикалық бюджетте:

      1) 2013 жылға  – 104,9 млрд. теңге;

      2) 2014 жылға  – 100,6 млрд. теңге;

      3) 2015 жылға  – 98,7 млрд. теңге көзделген.

Келесі жылдары республикалық  бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарланатын  кезеңге арналған тиісті бюджеттерді  қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Еңбек нарығын реттеудің  әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау,  қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ол өз кезегінде ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.

Еліміз күннен-күнге қарыштап дамып, биік арман мақсаттар мен  мұраттарға қол жеткізіп келеді. Алайда, жұмыссыз адамдардың санының көбеюі - басты проблема күйінде қалып  отыр.

Нарықтық қатынастардың  дамуы жұмыс күшіне деген сұраныс  пен ұсынысты реттеу, еңбек қатынастары  жүйесін реформалау мен жұмыс  орындарының сапалық сипаттамаларының артуы, кәсіби білім беру жүйесінің  жаңа экономикалық жағдайға бейімделуімен  байланысты еңбек нарығында туындайтын мәселелерді зерттеуді көздейді.

Еңбек нарығы аясында жинақталған  мәліметтер төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:

1) Жұмыспен қамтудың мемлекеттік қызметі халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешуді, үйлестіруді, жұмыс күшіне ұсыныс пен сұранысты реттеуді қаматамасыз етуге бағтталған, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға ықпал етуге, олардың кәсіби даярлығын ұйымдастыру және жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған ерекше мемлекеттік органдардың құрылымы болып табылады.

2) Еңбек нарығы - нарықтық экономиканың аса күрделi элементтерiнiң бiрi. Мұнда  еңбектің құнын және оның қызмет ету шарттарын анықтауда тек жұмысшы мен жұмыс берушiнiң мүдделерi айқындалып қана қоймайды, сонымен бiрге, қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтiк - экономикалық құбылыстар  бейнеленедi.

3) Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде халықты жұмыспен қамтуды басқаруға тырысуда. Халықты жұмыспен қамтуды басқару, бір жағынан, маңызды мәселе- еңбек құқығын жүзеге асыруда мақсатты бағытталған болса, екінші жағынан, әлеуметтік-еңбек қатынастары жүйесін қамтамасыз етуде кешенді бағытталған болуы тиіс.  

Өңірдегі қалыптасқан  жастардың жұмыспен қамтылу мәселелерін  талдау жасай отырып, келесідей тұжырым жасауға болады: Қызылорда облысы жастарының жұмысқа орналасуындағы кедергілер ретінде бітіруші студенттердің еңбек дағдылары мен тәжірибелерінің аздығы, жұмыс берушілердің парақорлығын, тұрып жатқан ауданда жұмыс орындарының жоқтығын, алған білім мен бос орындағы мамандықтың сәйкес келмеуі, еңбек нарығында жас мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуын және басқа себептерді атауға болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. . Хамбар Б. Ауыл жастарын жұмыспен қамтуды реттеу ерекшеліктері - Вестник КазНУ. Серия экономическая, Алматы, №5(57), 2006. – 0,3 б.т.

2. Еңбек нарығының қалыптасуының теориялық-әдістемелік негіздері. // Поиск-Ізденіс.- 2012 ,- №2, - 66-70 б.

3. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

Информация о работе Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару