Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа
Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны..............................................................................................................5
Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері......11
ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек нарығының дамуына талдау................................................................17
Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты(Қызылорда облысы мысалында)........................................................................................20
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары.........24
Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам.........................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29
ҚР Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Экономика факультеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару
Орындаған: Қарақұлова А.Б.
мжб-41қ.
Тексерген: Хасенова К.Қ.
Астана, 2013ж.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ.......................
1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
КІРІСПЕ
Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар
2012 жылғы Қазақстан халқына
Жұмыспен қамтудың
белсенді саясатын жүргізу Қазақстан
Республикасының Үкіметі
Тұрғындар жұмысбастылығы азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.
Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгейін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды.
Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар?
Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді;
Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді;
Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты экономикалық әдебиеттерді қолдана отырып теориялық тұрғыда еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару ерекшеліктерін, артықшылықтарын және қазіргі жағдайын талдау. Сонымен қатар еңбек нарығын жетілдіруге ұсыныстар енгізу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек.
Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді.
Әлеуметтік тұрғыдан жұмысбастылық жалпы білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы көрініс табады.
Еңбек нарығын реттеу
тек жұмыспен қамту аясын ғана
емес, сонымен бірге, қоғамның экономикалық
жүйесінің барлық элементтерін қамтитын
шаралардың күрделі жүйесін білдіреді.
Еңбек нарығындағы басты
Курстық жұмыстың тақырыбы осы мақсатқа арналып, мазмұны негізгі бөлімдерде тереңірек ашылмақ.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және 6 бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Еңбек нарығы және жұмысбастылық маңызы мен экономикалық мазмұны
Әлеуметтік-нарықтық экономиканың және экономикалық саясаттың басты назардағы теориялық және практикалық мәселелерінің бірі халықтың жұмысбастылық мәселесі болып табылады. Біздің елдегі және де көптеген дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі қалыптасқан жағдайлардың ерекшелігі бұл мәселенің бірден бір ғаламдық әлеуметтік-экономикалық мәселе екендігін және ол солай блып қалатындығын айқын көрсетіп отыр. Көптеген адамдар үшін еңбектегі іс-әрекеті барлық өмірі сабақтасатын бір «өмірдің өзегі» ретінде жүреді. Жұмыспен индивидтің материалдық жағдайы, оның қоғамдағы орны, өзінің еңбектік потенциалын ашу мүмкіндігі және т.б. байланысты болып келеді. Бұл өз кезегінде еңбектегі іс-әрекетінің әлеуметтік-психологиялық аспектісі болып табылады.
Бірақ оның экономикалық аспектісі маңызды екенін ұмытпау керек. Адам, кәсіби-біліктілік дайындық процесінде қоғамдық қажетті деңгейге жеткен жұмыс күшінің бірлігі ретінде және жиынтық жұмысшы күшінің құрамында әрекет ете отырып өндірістің жеке факторы болып табылады. Алайда, қазіргі экономикалық ғылым адам факторын тек өндірістік ресурс ретінде қарастырған маркстік теориядан алшақтауы қажет. Өйткені адам - өзінің экономикалық мүдделері бар шаруашылық субъектісі болып табылады. Осы мүдделерді жүзеге асыра отырып үй шаруашылығы экономикалық өмірдің барлық көрсеткіштерінің динамикасына әсер етеді.Қазіргі экономикадағы жұмысшы күшінің ұдайы өндірісі экономикалық іс-әрекеттің барлық субъектілерінің мүдделерін біріктіреді – кәсіпкерлерді, мемлекетті және жұмысшы күшінің иегерінің өзі.
Әлеуметтік маңыздылығы
жағынан жұмысбастылықты ең жоғары
құндылыққа жатқызуға болады. Оның
анықтамасы және мәселесі қазіргі кезде
экономикалық әдебиеттерде өте маңызды
орынды алады. Көп жағдайда оны өндірістік
көзқарас тұрғысынан қарастырады. Бұл
тұста экономист-ғалым А.Э.
Жұмысбастылықты анықтаудың екі негізгі белгісі бар. Бір жағынан ол жұмыстың өзінің болуы, екінші жағынан – ол одан түсетін табыс (ақшалай немесе натуралдық түрде). Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде қабылданған ереже бойынша жұмысбастылық түрлерінің жіктемесінің негізіне табыс түрлері енгізілген (ХЕҰ әдіснамасы бойынша, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) - 1919 жылы Версаль бейбітшілік келісім шартына сәйкес Ұлттар лигасында автономды ұйым ретінде құрылған. 1946 жылдан БҰҰ құрылтайшысы болды. Қазіргі күнде құрамына 160 мемлекет кіреді). Мысалы, жалақы немесе төлем ақы алу үшін жұмыс түрін ажыратады, сондай-ақ пайда алу үшін (дивиденд, пайыз, рента және т.б.) іс-әрекеттерді бөліп көрсетеді. Соңғысы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамту категориясын көрсетеді.[2]
Әкімшілік-әміршілдік
экономика тұсында барлық еңбекке
қабілетті халықтың жаппай жұмысбасты
болуының идеологиясы басым болды.
Онда бір жағынан, мемлекетпен кепілденген
жұмысқа тұрғызу болды, ал екінші
жағынан – қоғамның барлық еңбекке
қабілетті мүшелерін әр түрлі
жазалау шараларын (әкімшіліктік айып-пұлдар
салу және қоғамдық келемеждеу жолымен)
қолдана отырып жатып-ішер арамтамақ
деп кіна тағумен қорқыта отырып
еңбектік іс-әрекетке мәжбүрлеу жүрді.
«Жаппай» жұмысбастылықтың болуы жұмыссыздықтың
жоқ екендігін паш етуге
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар – жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады. Еңбек нарығының негізгі субъектілері ретінде кәсіпкерлер-ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер, мемлекет, жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар) қарастырылады. Еңбек нарығында қалыптасатын бағалар жұмыс күшінің ақшалай нысандағы құны болып табылатын жалақы мөлшерлемелері ретінде сипатталады. Еңбек нарығының динамикасы оның негізгі екі элементінің арақатынасына, яғни: жұмыс күшіне деген нарықтық сұраныс пен жұмыс күшінің нарықтық ұсынысына тәуелді болып табылады.
Еңбек нарығының экономикалық және әлеуметтік деген екі негізгі қызметі бар. Экономикалық қызметі еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді, ал әлеуметтік қызметі жұмыскерлердің және олардың отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.
Жұмыс күші – бұл адамның еңбекке деген қабілеттілігі; адамдардың игіліктерді өндіру үрдісіндегі физикалық және ой қабілеттіліктерінің жиынты-ғы; елдегі жұмыскерлердің жалпы саны; жұмыспен қамтылған мен жұмыспен қамтылмаған (жұмыссыздар) халықтың бір бөлігі.
Жұмыссыздық – бұл еңбек
ұсынысының еңбекке деген сұраныстан
артып кетуі; еңбекке жарамды
халықтың жұмыс таба алмауы немесе
жұмыспен қамтылмауы. Еңбек нарығында
тепе-теңдік орын алғанда экономикада
толық жұмысбастылық
Макроэкономикада 16 жастан бастап және одан жоғары жастағы халықты мынадай екі топқа бөліп қарастырады:
1) экономикалық белсенді халық (бұл топқа жұмыс күші жатады, ол өз кезегінде жұмыспен қамтылғандар және жұмыссыздар болып бөлінеді);
2) экономикалық белсенді емес халық (бұлар жұмыс күші құрамына кірмейтін оқушылар, зейнеткерлер, т.б.).
Жұмыссыздықтың негізгі
көрсеткіші болып жұмыссыздық деңгейі
табылады, ол жұмыссыздар санының
жұмыс күшінің жалпы санына (жұмыс
істейтіндер мен жұмыс
мұндағы, u – жұмыссыздық деңгейі, U - жұмыссыздар саны, L – жұмыс күші, E – жұмыспен қамтылғандар саны.
Информация о работе Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару