Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа

Краткое описание

Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны..............................................................................................................5
Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері......11

ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек нарығының дамуына талдау................................................................17
Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты(Қызылорда облысы мысалында)........................................................................................20

ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары.........24
Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам.........................................26

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 132.99 Кб (Скачать документ)

А.Смит «Көрінбейтін қол» теориясының негізін қалаушы. «Көрінбейтін қол» туралы айтқанда А.Смит, шаруашылық іс–әрекетке араласатын әрбір адам өз мүддесін басшылыққа алады және жеке мақсаттарын көздейді деген, яғни оның мәні нарықтық экономика  автоматты түрде өзін–өзі реттейді дейді (нарықтағы сұраныс пен  ұсыныстың ауытқуы, бәсеке, бағалардың, жалақының, пайданың өзгеруі, және т.б.). Адамдар өзінің бас пайдасын ойлай  отырып, қызмет барысында олар қоғамдық өнімнің ұлғаюына, жалпы игіліктердің өсуіне ықпал етеді. Бұл нарық  заңдылықтарының «көрінбейтін қолы»  арқылы жүзеге асырылады, сонда адам өз пайдасын ойлай отырып қоғам мүддесіне  сай қызмет етеді екен. Нарықтық экономикадағы тәртіп бәсеке арқылы орнайды. Еркін бәсеке жағдайында өндірістің реттеушісі баға болады. Ол ресурстардың көлемін, бөлінуін, жұмыс күшінің  қозғалысын реттейді.

Классиктер  нарықтағы өзгерістерге тез үйрену – бұл нағыз ілгерілейтін, ұмтылыс жасайтын жағдай деген, өйткені сол жолмен жұмыссыздықты жоюға болады деп есептеген. Классиктер жұмыс күшін еңбекпен теңестіре отырып, оны басқа да өндіріс факторларымен (мысалы, жер мен капитал) қатар қюға болады деп айтқан экономика ғылымында осы классикалық мектеп өкілдері болатын, әйтсе де өндіріс факторларының экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан болсын, айрықша сипаты баса көрсетілмеген. Жұмысбастылық еңбекке қарағанда – қызмет емес, бұл адамдар арасындағы қоғамдық қатынас, ең алдымен жұмыскерді белгілі бір жұмыс орнында нақты бір еңбек кооперациясына енгізумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастар.

Жұмыскер шаруашылық кешенінің қандай да бір жүйесі ішінде жүрген кезінде бұл қатынастар үзілмейді. Сөйтіп, адамды жұмысбасты деп есептеу  үшін, оған қандай да бір жұмыс орнымен  байланыс орнатуы ғана қажет –  өндірістік ұжым мүшесі болу, жеке еңбектік іс–әрекеттің, жеке кәсіпкерліктің тәртібімен жұмыс  істеу және т.б. жағдайлар. Жұмысбастылық мәртебесі, адам дәл сол сәтте еңбек етуде ме, әлде демалуда ма, оған мүлде байланысты емес. Сондықтан «жұмысбастылық» түсінігін «қызмет» деп қарастыруға еш негіз жоқ. Жұмысбастылық қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және де басқа факторлармен қатар ол, қоғамдық ұдайы өндірістің негізі ретінде жүреді – халықтың игілігінің өсуінің көзі. Жұмыспен қамту және еңбек нарығы – ұлттық игілік, таңдап алынған бағыттағы бетбұрыстардың тиімділігі және олардың халық үшін тартымдылығы жөнінде айтуға болатын маңызды әлеуметтік индикаторлар. Сондықтан да мемлекетте бәрін жұмыспен қамту көптеген елдердің мемлекеттік саясатының маңызды аспектісі болып табылады.

ХХ ғасырдың 70-ші жылдары қазіргі неоклассикалық теорияға кері бағыт жүрді. Ол кейнсиандықтарды дискредитациялаумен байланысты болды, дәлірек айтқанда, инфляция мен жұмыссыздық  туралы кейнсиандық пікірге орай. Кейнсиандық саясатқа өмірдің өзі  басты соққы берді.  70-ші жылдары АҚШ-та және басқа да елдерде стагфляция құбылысы байқалды – елдегі жұмыссыздықтың инфляциямен ұштасуы, яғни жұмыссыздық пен бағалардың бір уақытта өсуі жүрді. Бұл феномен Дж.М.Кейнстің экономикалық теория шегінде түсіндірілуіне жатпады. Осы тұста неоклассикалық теорияның жаңа варианты – монетаризм теориясы өріс алды. Қазіргі неоклассикалық бағыттың басты өкілдерінің бірі М.Фридмен екені мәлім. Бұл бағыттағы  кейбір көзқарастарға тоқталып өтейік. «Жұмыссыздықтың табиғи нормасы» туралы гипотеза толық жұмыспен қамтуды анықтаудың монетарлық жолын білдіреді. Мұнда мынандай сауал қойылады: Еңбекке жарамды халықтың толық жұмыспен қамтылуы мүмкін бе? Тіпті ең жақсы нарықтық конъюнктура кезінде де жұмысшылардың бір бөлігінің біліктілігін қайта көтеру қажеттілігі туындайды, өйткені жекелеген кәсіптер жарамсыз болып қалады, сондай-ақ адамдар әр түрлі себептермен тұрғылықты жерін ауыстырады, және т.б.

Экономистердің бірқатары 4-5 % шегіндегі жұмыссыздықты экономикалық қолайлы деп есептеуге болады және оны әлеуметтік қамту проблема туғызбайды деп есептейді. Әрине бұл орынды, өйткені олар жұмыссыздықтың «табиғи» нормасы деп бұл жерде жұмыспен қамту деңгейіне сай келетін норманы айтып отыр. Бұл деген табиғи жұмыссыздық, жұмыс күшіне деген сұраныспен қатаң анықталған дегенді білдіреді. М.Фридмен, кез-келген уақытта нақты жалақы ставкасының құрылымындағы тепе-теңдікпен сай келетін жұмыссыздықтың қандай да бір деңгейі болады дейді. Бұл кезде жұмыссыздық деңгейіне нақты жалақы ставкасы белгілі бір «формальды» қарқынмен өсу тенденциясында болады, яғни капиталдың жасалуы, техникалық жаңалықтардың енуі және басқа да процесстер өздерінің ұзақ мерзімді траекторияларында қалатын кезге дейін үздіксіз ұсталынып тұратын қарқынмен өседі. Егер  де саясаткер, жұмысбастылықтың табиғи деңгейін сол кездегі шегінен ары қарай асырғысы келетін болса, онда бірінші кезекте бағаның өсуі тұрады. Жұмыссыздықтың «табиғи нормасы» теориясының басты кемшілігі – оның еңбек нарығында да, тауар нарығында да жетілген бәсекені алатыны, ал егер ақшалай жалақының динамикасы инерциялы болса және де бәсеңдеуге көнбесе, онда бұл жағдайда күтілетін баға өсуі мен қазіргі бағаның сәйкес келуі бір ғана емес, әр түрлі жұмыссыздық нормасында орын алмақ (М.Фридмен бойынша ол жұмыссыздықтың деңгейінің «табиғи» белгісі болып келеді), яғни еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайда болуы міндетті емес.

Неоклассиктер жұмыссыздықтың мәжбүрлік сипатын жоққа шығарады және де кедейлікпен күресу бағдарламасын  қабылдамайды. Олардың ойынша жұмыссыздық, көбінде ерікті сипатта болады және де «еркін таңдау» нәтижесінде пайда болады: жұмыстан шығып қалған адамдар кәсібін, тұрғылықты жерін өзгерткілері келмейді, төменгі еңбек ақыға келіспейді. Кейде бұл бағыттың өкілдері төменгі жалақы деңгейін төмендетуді және жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақыны қысқартуды қолдайды, сол арқылы жұмыспен қамтуды ұлғайтуға болады дейді Жұмысбастылықтың жаңа микроэкономикалық теориясы еңбек нарығына жаңа көзқарас береді, оны ішкі біртекті емес және өте динамикалық, қозғалмалы жүйе деп көрсетеді. Динамикалық көзқарас ең алдымен Ч.Холт, Р.Холл, Ч.Перри, М.Фелдстейн зерттеулерімен байланысты. Бұл авторлар жұмыссыздықтан көп жағдайда жанұяның асыраушысы емес әйелдер мен жастар зардап шегетінін көрсетеді. Ғылыми айналымға жаңа көрсеткіш енгізілді – аяқталған жұмыссыздықтың орташа мерзімі, яғни жұмыссыздықтың басталғанынан аяқталғанына дейінгі мерзімі. Бұл мерзім әдетте бір – бір жарым айды құрайды деп белгіленген. Динамикалық көзқарастың жақтастары жұмыссыздық түрлерін жіктеуді талдауда еңбек нарығындағы жұмысшы күшінің ағымын алды. Бұл авторлар, жалпы жұмыссыздықты емес, жұмыс күшінің еңбек нарығындағы әрбір ағымдағы жекелеген категориялар үшін жұмыспен қамтылмаудың ерекше себептері мен көздерін іздеу керек дейді. Жұмыспен қамту проблемасын олар жұмыс орындарының жетіспеуінен емес, көптеген адамдар алған жұмыс орындарында ұзақ бола алмайтынымен түсіндіреді. Экономикаға әсер ету шарасының бірі ретінде бұл экономистер салықтарды азайтуды, жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақы мөлшерін қысқартуды, жалақының заңды түрде бекітілген төменгі деңгейін азайтуды немесе алып тастауды, еңбек нарығындағы ақпарат жүйесін жетілдіруді ұсынады. .[6]

Жұмысбастылықтың  жаңа макроэкономикалық теориясына теңсіздік моделі мен тазартылмайтын нарықтар парадигмасы кіреді. Бұл тұжырымдар жұмыссыздыққа ұзақ мерзімді тұрақты теңсіздік феномені ретінде қарауға түрткі болады. Онда жұмыссыздық шаруашылықтың жекелеген нарықтарының жалпы дәйексіздігімен түсіндіріледі. Бағалардың қатаңдығы және өзгермейтіндігі – теңсіздік моделінің басты алғы шарты болмақ. Екі нарықта да бағалар қандай деңгейде белгіленгеніне байланысты экономикада мына режимдердің бірінде болады: кейнсиандық жұмыссыздық режимі, басылған инфляция режимі (жалпы сұраныстың артуы), классикалық жұмыссыздық режимі (аталған екі режимнің арасында – еңбек нарығында және тауарлар нарығында сұраныстың артуымен), толық тұтынбау режимі (тауар нарығында сұраныстың жетіспеуі, еңбек нарығында ұсыныстың жетіспеуі), вальрасиандық тепе-теңдік (барлық төрт режимнің бірігу нүктесін білдіреді: бірде бір нарықта артық сұраныс, артық ұсыныс жоқ, келісімдер тепе-теңдік бағамен жүргізіледі). Жұмыспен қамтудың келісім-шарттық теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында пайда болды. Ол Д.Гордонмен, М.Бейлимен және К.Азариадиспен бірге «өмірге келді». Келісім-шарттық теорияның басты идеясы – еңбек нарығында субъектілердің циклдық іс-әрекетін іргелі аксиомамен сәйкестендіру, яғни бұл субъектілер өздерінің жеке мүдделері үшін әрекет етулері. Бұл теория авторларының айтуы бойынша, қатынастардың келісім-шарттық сипаты еңбек нарығында субъектілерді, олар жазбаша түрде келісім-шарт жасаспаса да байланыстырады. Бұл кезде келісім-шарт «имплициттік» болып шығады, яғни анық емес, заңды түрде рәсімделмеген, ал оның шарттарын екі жақ та бәрібір сақтауға тырысады, өйткені ол өзара пайда түсуіне әкеледі.

Мысалы, фирмалар дағдарыс кезінде жалақыны төмендетпей білікті  мамандарды ұстап тұруға тырысады, өйткені жұмысшылар ерікті түрде  жұмыстан кете бастаса, олар одан да көп  зиян шегеді. Бірақ экономикалық көтерілу болғанда олар жалақыны көтермеуіне  болады. Жұмысшылар да тәуекелден қашады: жұмысқа тұрмай қалу ықтималдығы  қашан да бар, сондықтан да олар үлкен  тұрақты жалақы болуын қалайды. Жұмыспен қамту мәселесіндегі тағы бір бағыт – ол институционалды бағыт. Бұл бағыттың өкілдері саясатты, идеологияны, құқықты және психологияны экономикалық жағдайға және еңбектің әрекет етуінің заңы мен оның қолданылуына қатысты шешуші факторлар ретінде қарастырады. Бұл авторлар макроэкономикалық талдау тұрғысынан қарайды, еңбек нарығының сипатын олар жекелеген салалардың, кәсіби және демографиялық топтар ерекшеліктерімен түсіндіргілері келеді, тіпті кейбірі мысалы, Адам Шредер, Лейн неоклассиктердің көзқарасын жоққа шығарады – толық жұмысбастылық қоғамның үлкен жетістігі және де ол социалистік экономиканың үлкен бір артықшылығы болатын деп есептейді. Толық жұмысбастылықты институционалистер, әрбір еңбекке құмар адам жұмыс ала алады, оның ішінде толық жұмыс күнінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар деп есептейді. Адам, социализм кезіндегі «шектен тыс жұмысбастылықтан» немесе «жасырын жұмыссыздықтан» болатын жоғалтуларды батыс елдеріндегімен салыстыра отырып, «шектен тыс жұмысбастылық» - оңды шектерде қалатын болса, ол өзін ақтады деген қорытындыға келеді. Жұмыссыздық, моральдық және психологиялық тұрғыда ауыр соғатын, тіпті экономикалық жағын айтпағанда, қоғамға қымбатқа түседі, толық жұмыспен қамтуды қалпына келтіру және оны ұстап тұрудан да қымбат болар.

Флексибилизация тұжырымдамасы. Флексибилизация тұжырымдамасы ақпараттандыру және компьютерлендірумен байланысты болған технологиядағы, техникадағы, өндірістегі түбегейлі өзгерістер кезеңінде басқару инновациясы ретінде пайда болған. Бұл тұжырымдамалар, еңбекті ұйымдастырудың көп формалығын, жұмыс уақытының икемді кестелерінің және жалдаудың жаңа жүйелерінің кеңеюін (уақытша орнын ауыстыру, қызметтерді қосымша атқаруды) білдіреді. Икемді жұмысбастылық саясаты көбінде, оның жүйелі түрде қосымша жұмыс күшін тартуға басты назар аударатынымен немесе тұрақты ядро – еңбек ұжымының кәсіби икемділігін дамытуға бағытталатынымен сипатталынады. Бірінші жағдайда жұмыспен қамтудағы экстернализациялау туралы сөз болып отыр (яғни сандық икемділік), екіншісінде, интернализациялау туралы (яғни қызмет атқарудағы икемділік). Негізінде қазіргі Қазақстан Республикасы жағдайында еңбек нарығында мемлекеттің ұзақ мерзімді стратегиясының және айқын нақты жасалынған нормативтік базаның жоқтығынан болып отырған қиыншылықтарға қарамастан, жұмыспен қамтудың нарықтық экономика қажеттіліктеріне жауап беретін қазіргі парадигмаларының қалыптасуы жүруде. Алайда, аталған себептерге орай бұл процесс белгілі мөлшерде стихиялы және де жұмыссыздықтың және қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің өсуі түріндегі маңызды әлеуметтік шығындармен жүруде. Жоғарыда келтірілген жұмыспен қамтудың кейбір тұжырымдамаларының қысқаша шолуы батыс елдерінде жұмысбастылық қатынастарын реттеудің тәжірибесінің жинақталғанын және де ол тәжірибелерді Ресей мен Қазақстан Республикасы тәжірибесінде қолдану мүкіншілігінің бар екендігі туралы көрініс береді. .[4] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 Еңбек нарығының дамуына талдау

 

Еңбек ресурсын есептеуде  ең бірінші жас ерекшелігіне көңіл  бөлінеді. Еңбек ресурсы дегеніміз - мемлекет экономикасында жұмыс істеуге  қабілеті бар адамдар. Олар үш компоненттен тұрады.

Бірінші компонент- жасы 15-ке жеткен жасөспірімдер. (Еңбек  кодексі бойынша ата-анасы рұқсат берген жағдайда) олардың жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Сонымен бірге олар еңбекке кабілетті жас кезеңінің алдында тұр.

Екінші компонент - еңбекке жарамды жас кезеңіндегі  еңбекке қабілетті адамдар. Еңбек  ресурсының ең саны көбі де осы Қазақстандағы  еңбекке жарамды жас, оның төменгі  шекарасы 16 жас, ал жоғарғы деңгейі, жасына қарай зейнетке шығу (ерлер  үшін 63 жас, әйелдер үшін 58 жас) жасы. Олай болса еңбекке жарамды жас  ерлер арасында 16-63, әйелдер арасында 16-57. Бұл жастағы кейбір адамдар  жұмысқа жарамсыз (ауруына байланысты және мүгедектер). Олар еңбек ресурсы  қатарына жатқызылмайды.

Үшінші компонент - жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер. Еңбек ресурсы - ұдайы қозғалыста болғандықтан оның мөлшері халықтың жас ерекшелігіне және жұмыс істейтін зейнеткерлерге байланысты. Еңбек ресурсының көптеген бөлігі мемлекетіміздің экономикасына  жұмыс істесе (жұмысшылар), біраз  бөлігі жұмыс іздеуде (жұмыссыздар).

Жұмысшылар мен  жұмыссыздар бірігіп экономикалық белсенді халық деп аталады (ЭБХ). Экономикалық еңбекке қабілетсіз халық  саны салыстырмалы түрде өте аз. .[8]

 

  1. - кесте. Халықтың жұмыспен қамтылуы.

 

ХАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫ

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық

мың адам

8610,7

8774,6

8981,9

өткен жылға пайызбен

101,8

101,9

102,4

Жұмыспен қамтылған халық

мың адам

8114,2

8301,6

8507,1

өткен жылға пайызбен

102,7

102,3

102,5

Жалдамалы қызметкерлер

мың адам

5409,4

5581,4

5813,7

өткен жылға пайызбен

103,3

103,2

104,2

Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар

мың адам

2704,8

2720,2

2693,4

өткен жылға пайызбен

101,5

100,6

99,0

Жұмыссыз халық

мың адам

496,5

473,0

474,8

өткен жылға пайызбен

89,5

95,3

100,4

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың ішіндегі жұмыссыз тіркелген  халықтың санынан үлесі, пайызбен

0,4

0,44)

0,48)

Жұмыссыз тіркелген  халықтың саны, мың адам

35,4

36,64)

34,68)

Жұмыссыздық деңгейі, пайызбен

5,8

5,4

5,3

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-24 жас)5)

5,2

4,6

3,9

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, % (15-28 жас)6)

6,6

6,1

5,4

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі, %

2,2

2,1

2,5

Информация о работе Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару