Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:33, курсовая работа
Адам капиталын дамыту үшiн лайықты еңбекке қол жетiмдiлiктi ұлғайтудың ерекше маңызы бар.
Мемлекет басшысы бiрнеше рет атап көрсеткенiндей, жұмыспен қамту саясаты кедейлiктi еңсеру мен адамдардың әл-ауқатын арттыруда ең негізгі құрал болып отыр.
Елбасының тапсырмасымен еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасқан жағдайды оң шешуге, индустриялық саясатты жүзеге асыру үшін еңбек әлеуетін тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бұрын - соңды болмаған «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы әзірленді. Жалпы бұл бағдарлама халық арасында жақсы қабылданып, экономиканың өрлеуіне, оң жетістіктерге жетуіне әсерін тигізуде.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың маңызы мен экономикалық мазмұны..............................................................................................................5
Жұмысбастылықты реттеудің негізгі принциптері мен механизмдері......11
ҚР-ДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Еңбек нарығының дамуына талдау................................................................17
Аймақтағы еңбек нарығы және жұмысбастылық саясаты(Қызылорда облысы мысалында)........................................................................................20
ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Жұмысбастылықты реттеу аясындағы мәселелерді шешу жолдары.........24
Жұмыспен қамту бойынша 2020 жылға болжам.........................................26
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................29
Еңбек нарығында жұмыссыздықтың мынадай негізгі үш түрі орын алады:
1) фрикциондық жұмыссыздық
– адамдардың әртүрлі өмір
кезеңдерін-де бір жұмыс
2) құрылымдық жұмыссыздық
– еңбек ұсынысы мен еңбекке
деген сұраныстың сәйкес
3) циклдік жұмыссыздық
– өндіріс деңгейінің
Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік
жағдайында болғанда да фрикциондық
және құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі
орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық
болса құлдырау кезеңдерінде орын алады
да, соның салдарынан жұмысбастылық
жиынтық сұраныс пен жиынтық
ұсыныстың тепе-теңсіздігінен
ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбастылық» және «жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.
Толық жұмысбастылық –
бұл жұмыс күшінің жалпы
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – бұл әлеуетті ЖІӨ-ге сәйкес келетін толық жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі фрикицондық және құрылымдық жұмыссыздық деңгейлерінің қосындысына тең. Шетелдік тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.
«NAIRU» (Non-Accelerations-Infliacion Rate of Unemployment) түсінігі – бұл инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздықтың деңгейі немесе инфляцияны тұрақтандыратын жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі. Жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейін ресми бағалау алғаш рет АҚШ-та 1960-жылдары жүргізілді және оның шамасы 4%-ды құрады. Кейіннен Р.Рейган, Б.Клинтон және Дж.Буш әкімшіліктерінің орын алған саясаттары нәтижесінде оның шамасы 6,5%-ға дейін өзгерді. Дегенмен, жоғарыда аталып өткендей, көптеген экономистердің айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін.
Жұмыссыздық пен өнім көлемі арасындағы өзара байланыс Оукен заңы деп аталады. Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың нақты деңгейі өзінің табиғи деңгейінен 1%-ға өссе, онда нақты ЖІӨ деңгейі әлеуетті ЖІӨ-ге қарағанда 2,5%-ға қысқарады. Ал 2,5% Оукен коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады:
Y* – Y / Y* = γ (u – u*),
мұндағы, Y* - толық жұмысбастылық жағдайындағы өндірістің әлеуетті көлемі; Y – ұлттық өндірістің нақты көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі; u* - жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті. Осы-ның нәтижесінде өндіріс көлемінің жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді:
а) демографиялық факторлар;
ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі;
б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б.
Табиғи жұмыссыздықтың өзгеруі ЖІӨ-нің әлеуетті деңгейінің өзгеруімен тығыз байланысты болғандықтан бұл мемлекет саясатының басты мәселесі болып табылады.
Жұмыссыздықтың экономикалық және экономикалық емес салдарлары бар, олар жеке және қоғамдық деңгейде көрініс табады.
Жұмыссыздықтың экономикалық емес салдарлары – бұл жұмысты жоғалтудың психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.
Жұмыссыздықтың экономикалық салдарлары табысты немесе табыстың белгілі бір бөлігін (яғни, ағымдық табыстың төмендеуінен) жоғалтудан, сонымен қатар, біліктілікті жоғалтудан (әсіресе, жаңа мамандық иелері үшін) көрінеді және сондықтанда болашақта жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін.
Жұмыссыздықтың осындай
экономикалық және экономикалық емес
зардаптарының болуы еңбек
Еңбек нарығын реттеудің негізгі мақсаттарын мыналар жатады:
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің мынадай бағыттарын атауға болады:
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің алғашқы үш бағытында мемлекеттің саясаты белсенді, ал соңғы төртінші бағытында мемлекеттің саясаты енжар болып табылады. .[3]
Белсенді саясат әрқашанда
толық жұмысбстылыққа қол жеткізуге
бағытталады және дамыған елдерде
еңбек нарығының басым
Белсенді саясат
кезінде атқарылатын іс-
Енжар саясат кезінде мемлекет еңбек нарығында жұмыссыз қалғандарды мемлекеттік қолдау және оларды әлеуметтік қорғау шараларын жасайды. Мұндай жағдайда жұмыссыз азаматтарға келесідей кепілдемелер беріледі:
Дамыған едерде жұмыссыздарға қаржылай көмек беру жұмыссыздық бойынша сақтандыру жүйесі негізінде жүзеге асырылады және сол арқылы жұмыссыздардың өмірлік ең төменгі шығындарын қамтамасыз етеді.
Жоғарыда аталып өткендей, еңбек нарығын реттеуде маңызды орынды еңбек биржалары алады. Осыған да жеке тоқталып кетуге болады.
Еңбек биржасы – бұл жұмыс күшін сату және сатып алуды жүзеге асыратын жұмыскерлер мен кәсіпкерлер арасында делдалдық қызметтер көрсететін ұйымдар болып табылады. Бұлар жұмыссыздықты түгел жоя алмаса да, жұмысқа орналастыру және жұмыскерлерді жалдау үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуына және тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика
жағдайында қоғамда әрбір еңбек
етем деген адамға мүмкіндіктер кепілдене
отырып жұмысбастылықтың түрін және
формасын еркін таңдауға болады деген
идеология басым екендігін
Негізінен жұмыспен қамтылған халыққа жалдамалы жұмыспен айналысушылар, оқушылар, әскери қызметтегілермен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтушы және кәсіпкерлікпен айналысушы азаматтар да жатқызылады. Бұл жердегі меңзеліп отырған пайдалы қызмет түрі деген жұмысбастылықтың табыс көзі екендігін көрсетеді. Жұмысбастылық түсінігіне экономикалық теориядағы негізгі экономикалық мектептердің өкілдері де көптеген анықтамалар береді, сол себепті де бұл экономикалық категорияның теориялық жағын қарастырып көрелік. Классикалық политэкономияның пайда болуы кәсіпкерлік қызметтің, сауда, ақша айналысы, оның сауда операцияларына тарауымен қатар, өнеркәсіпте және өндіріске түгелдей енуімен тығыз байланысты. Экономикалық теорияның атасы саналатын классикалық мектептің ең көрнекті өкілдері ағылшын экономистері У.Петти, А.Смит және Д.Рикардо. Олардың барлығы да өз дәрежесінде және де жекелей тұрғыда негізгі теориялардың бірі - еңбек құн теориясының негізін қалаушылар болып табылады.
Информация о работе Еңбек нарығы және аймақтағы жұмысбастылықты басқару