Қазіргі заманғы ақша теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:24, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазіргі заманғы ақша теориялары» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................…………............…........3

1 АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ..................................................................................5

Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ...............................5
1.2 Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері.......................................................................................................................8

1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары...................................13



2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ................................................................17

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары ..................................................................17

2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы .....................................................................................................................................20

2.3 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ..............................26



ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................…….…..……..29



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................…....………..….31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі заманғы ақша теориялары1.docx

— 85.06 Кб (Скачать документ)

Қағаз ақшалардың пайда болуы металл айналысының  объективтi заңдылықтары мен капитализм тұсындағы тауарлы өндiрiстiң дамуымен сипатталатын ақша айналымына деген  қосымша қажеттiлiктерiмен байланысты.

Бiрақ  қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. I ғ. тән, яғни ол кездегi терiден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта  Қытайда ақ бұғы терiсiнен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы император меншiгiнде  болған.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуы  Шынғысханның немересi Хубила ханмен байланыстырылады.

XVII ғ. алдындағы капиталистiк тауарлы  өндiрiстiң дамуымен қағаз ақшаның  қолданылуы өрiс ала бастады. Қағаз ақшалар 1690 жылы Солтүстiк Американың Британиялық отар елдерiнде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Ресейде алғашқы қағаз ақшалар 1769 ж. II Екатерина тұсында пайда болды.

Сырттай қарағанда, қағаз блгiлерi мемлекет тарапынан жасалынған – толық құнды ақшаның орнын алмастырушылар тәрiздi әсер етедi деген ой туады. Шыында олар металл ақшаның номиналды құнының нақты құнынан ауытқуынан көбеюi есесiнен пайда болды.

Металл  ақшадан қағаз ақшаға ауысу себептерi:

  1. Металл ақша айналысы өте қымбат болып келедi және капитализмнiң дамуымен мүмкiн емес, себебi қымбат металдарды өндiру айналыс құралдарына деген шаруашылықтың қажеттiлiгiнен әлдеқайда төмен;
  2. Монеталардың тозуы және бүлiнуi;
  3. Мемлекеттiк билiк пен жалған монеталарды жасаушылардың монеталарды бұзуы;
  4. Мемлекет шығындарын қағаз ақшаларды жабу үшiн шығарады.

Осыған  байланысты, К. Маркс атап көрсеткендей: “өзiнiң айналыстағы делдалы ретiнде  алтын әр түрлi өзгерiстерге ұшырады, тiптi жай ғана бiр жапырақ қағазға  дейiн жұқарды.

Қағаз ақшалар ақшаның номиналдық құрамының  нақты құрамынан бiртiндеп бөлiнуi нәтижесiнде пайда болған құн  белгiсiнiң ақырғы формасы.

Қағаз ақша мемлекеттiң өз шығындарын табу үшiн шығарылатын, әдетте металға  айырбасталмайтын, ерiксiз номиналға  ие ақша белгiсi.

Қағаз ақшалар толық құнсыз болып келедi, себебi, өзiнiң дербес құны жоқ. Оларды шығаруға кеткен шығындар өте аз. Заңды  төлем құралы болып тұрған кезде  ғана олар өздерiнiң сатып алу  қабiлетiн сақтай алады.

Егер  “нағыз” ақшалар айналыста өзiнiң  меншiктi құнының арқасында жүрсе, ал қағаз ақшалар айналыс процесiнде  нарықтық құнға ие болады. Мемлекет сол елдiң көлемiнде ғана оларға ерiксiз өзiндiк құн белгiлейдi. Осылайша , Қазақстанда 1993 жылы ең iрi капюрда 100 теңге, 1994 жылы 200 және 500 теңгелiк  капюрлар шығарылған болатын.

Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылаған. Бiрақ кейбiр жағдайларда мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды  толық номиналдық бағасы бойынша алтынға ауыстырған кездерi болған.

Қағаз ақшалардың өзiнiң меншiктi құны болмағандықтан да , олар айналыс саласындағы ақшаның  қызметтерiн толық құнды ақшалардың қызметтерi арқылы атқарады.

Қағаз ақшалардың меншiктi құндарының болмауына  байланысты олар өздерiнiң жаратылысына қарай тұрақсыз және құнсыздануға икемдi келедi. Ақшаның құнсыздануы әр түрлi себептерге байланысты болады: бюджет тапшылығын, әскери және басқа да өндiрiстiк  емес шығындарды жабуға артық ақшалардың шығарылуы; пассивтiк төлем балансының салдарынан алтынға дүниежүзiлiк  ақша ретiнде сұраныстын ұлғаюы; еңбек  өнiмдiлiгiнiң төмендеуi және тауар  массасының қысқаруы, т.б.

Мұның бәрi бағаның өсуiне әкелiп соғады. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға  тән нәрсе.

Қағаз ақшалар әрдайым көмекшi сипатқа  ие. Қағаз ақшалардың дербес түрде  ұзақ уақыт бойында айналуы мүмкiн  емес, сондықтан да олармен қатар  несиелiк ақшалар жүредi.

Несиелiк  ақшалар – бұл несие негiзiнде алтынның орнына келген құнның қағаздай белгiсi. Несие ақшалар несие берушi мен несие алушы арасындағы қарыз капиталының қозғалысын көрсетедi және “төлем құралы формасы ретiнде өмiр сүрудiң меншiктi формасын алады”.

Несие ақшалардың негiзгi түрлерiне: вексель, банкнота, чек, несие карточкалары жатады.

а) Ақшаның сандық теориясы.

Айналыстағы ақшаның саны К. Маркстiң  ашқан ақша айналысының заңымен  реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы  бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс  жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң  болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:

Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:

   

         PY = TV+DV1

мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;

 Y - өндiрiс көлемi;

 T – ақша белгiлерiнiң саны;

 D – депозиттер;

 V және V1 – ақшаның және депозиттiң айналыс жылдамдығы.

1929 ж. ұлы депрессиядан кейiн  ақшаның сандық теориясы өзiнiң  күшiн жоғалта бастады, себебi  кейнсиандық теория ақша массасын  емес, нақты экономиканы басқаруға  көп көңiл бөлдi.

Соңғы он жылдықта етек ала бастаған инфляциялық процестер ағылшын, американ экономистерiн монетаризмге деген жаңа қызығушылықтарын тудырды, себебi қазiргi кездегi монетаризм ақша массасы мен өндiрiс көлемiнiң  өзгерiсi арасындағы байланысты анықтауға  ұмтылуда. Монетаристер ақшаны реттеу және күтiлген өзгерiстердi анықтау  үшiн қажеттi мерзiмдер арасында пайда болуы мүмкiн үзiлiстердi ескере отырып, ақша массасын бiрқалыпты және ұдайы реттеудiң өсу қарқынының “алтын” ережесiн ұсына бастад.

Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуi айналысқа қажеттi ақшаның жалпы  көлемiн қысқартады. Бұл, қарыз мiндеттемелерiнiң  көп бөлiгi қарыз талаптары мен  мiндеттемелерiн өзара есептеу  арқылы жабу жолымен түсiндiрiледi. Сөйтiп, несиенiң даму дәрежесi ақша санына керi әсер етедi: неғұрлым тауарлардың көп бөлiгi несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшiн ақшаның аз саны қажет етiледi. Оған қоса мынаны ұмытпаған жөн: айналыстан алынған ақшаның белгiлi бiр саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервiн қалыптастырады. Осының нәтижесiнде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесi түрдегi формуламен анықталады:

 

Ас = Тб.с. – Нт.б.с. + Тс – От.м.с. / А + АР

мұндағы: Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретiнде қажеттi ақша саны;

Тб.с. – тауар бағасының сомасы;

Нт.б.с. – несиеге сатылған тауар бағасының сомасы,

Тс – қарыз және басқа мiндеттемелер бойынша төлем сомасы;

Өт.м.с. - өзара есептескен талаптар мен мiндеттемелер сомасы;

АР – ақша резервтерi;

А – ақшаның төлем  және айналыс құралдары ретiндегi айналымының орташа саны.

Теңдiкте  көрсетiлгендей экономикадағы ақша массасының айналуы мүмкiн себептердiң  бiрi ретiндегi тауарлар бағаларының  едәуiр аз төленбеген төлемi болып  табылады.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажеттi ақша санын дәл анықтауға мүмкiндiк  бермейдi, ол шаруашылық қатынастары  мен экономикалық даму факторларының  жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға оның қажеттiлiктерiне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша  қажеттi несие ақшаларының масасын беретiн, өзiеiң эмиссиялық және нсиенiң қызметiн атқарады. Ақша екi түрлi формада болады: қолма – қол және банктiк айналымның ақшалары, яғни банктiк шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражатының жазу формасындағы ақша белгiлерi. Ақшаның бұл екi формасы бiр – бiрiмен тығыз байланыста. Банктiк айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкiн.

Ақша  айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған  керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы

 

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар.

Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

Ақша  жүйесi келесi элементтерден тұрады:

Ақша  бiрлiгiнiң атауы. ҚР-ның ақша бiрлiгi ретiнде 100 тиыннан құралған 1 теңге  болып табылады.

Ақша  белгiлерiнiң түрлерi. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейiн айналыста қазыналық билеттер болса, онда қазiргi кезде ҚР ақша белгiлерi болып олардың өсу құны бойынша төлемнiң барлық түрлерiне қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады.

Сонымен Қазақстанның ұлттық валютасы теңге  соңғы жылдары тұрақты төлем  құралы ғана болып қалмай, еркiн алмастырылатын валюталарға шексiз айырбасталады  және бүгiнгi таңда теңгемiздiң тұрақтылығы, сондай-ақ АҚШ долларына қарағанда  нығаюда көрiнiп отыр. Әрине бұл  жетiстiктер елiмiздiң қаржы және ақша реформаларын тиiмдi жүргiзiп, Кеңес  Одағы елдерi деңгейiнде елiмiздiң  қаржы секторының ең қолайлы реформаланғанын  көрсетiп отыр. 

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген  елдегi ақша айналысың ұйымдастыру  ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.

Ұлттық банк Қазақстан Республикасының  валютасын шет ел мемлекеттерiнiң  ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын  анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол  ақшаның айналымы олардың банк кассасына  үздiксiз оралып отыру жолымен  жүзеге асады.

Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың , тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.

Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.

Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк депозиттерiнiң бөлiгi.

Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi. Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм болғанда ғана мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша үлесiнiң өсуiмен, ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен, шаруашылық субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен бiрге жүредi.

Ақша  айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне байланыцсты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен  анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен  болған сайын, монетарлық деңгейi жоғарылайды.

Елiмiздегi ақша агрегаттарының жалпы 2011 және 2012 жылдың бiрнеше айлары бойынша мөлшерi мен өзгерiсiн келесi кестеден көре аламыз.

Кестеден  көрiп отырғанымыздай, елiмiздегi ақша агрегаттары жылдан жылға және айдан  айға өсу үстiнде. Бұдан бiз елiмiз  экономикасының және халықтың өмiр  сүру деңгейiнiң өсiп келе жатқандығын  көре аламыз. Әрине бұл жердегi инфляция деңгейiн де ескеру керек. Бүгiнде  2012 жылы инфляция деңгейi 6,4%-ды құраған болатын.

          Кесте-1

Қазақстан Республикасындағы ақша агрегаттарының көлемi

 

 

2011

2012

Ақпан

Наурыз

Сәуiр

Өткен аймен салыстырған

дағы өзгерiсi

Өткен жылмен, %

М3

971,2

1016,3

1053,5

1090,3

+3,5

133,5

М2

692,8

732,4

770,0

784,1

+1,8

146,9146,9

М1

411,6

426,7

442,5

452,9

+2,4

147,4

М0

238,7

241,3

244,9

257,0

+4,9

153,9

М0-дiң М3-тегi үлес салмағы, %

24,6

23,7

23,2

23,6

-

-


Бiздiң  республикамыздағы айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымына мән беретiн болсақ, онда ол төмендегiдей:

М0 – айналыстағы қолма-қол ақшалар немесе банк жүйесiнен тыс ақша;

М1 - өзiне – М0 –дi қосады, сонымен қатар шаруашылықтардың есеп айырысу немесе басқа депозиттiк шоттардағы қаражаттардың қалдықтары, каптал салымдарын қаржыландыру мен несиелеу қорларының шоттарындағы, чектiк және аккредитивтiк шоттардағы қаражат қалдықтары, халықтың және заңды тұлғалардың талап еткенге дейiнгi салымдары кiредi;

М2 - өзiне М1 –дi қосады, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың шетел валюталарындағы аудармалы салымдарын қамтиды;

М3 – М2-ге банктiк емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттерi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келгенде, ақша нарығы ұлттық экономиканың дамуына алғашқы болып әсер ететiн нарық болып табылады. Өйткенi, ақша экономикалық категориялар iшiндегi маңыздысы және оның басты қасиетi өтiмдiлiк екенi белгiлi. Сол себептi осы нарық арқылы барлық экономика жүйелерiн реттеп, оны дамытып отыруға болады.

Информация о работе Қазіргі заманғы ақша теориялары