Қазіргі заманғы ақша теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:24, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазіргі заманғы ақша теориялары» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................…………............…........3

1 АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ..................................................................................5

Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ...............................5
1.2 Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері.......................................................................................................................8

1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары...................................13



2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ................................................................17

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары ..................................................................17

2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы .....................................................................................................................................20

2.3 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ..............................26



ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................…….…..……..29



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................…....………..….31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі заманғы ақша теориялары1.docx

— 85.06 Кб (Скачать документ)

Капиталистiк  қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн  байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым  қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк  жүйе және қор биржалары арқылы пайда  әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң  қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.

Әрбiр  тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде  байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек , қазына жинау құралы қызметiн  тек қана толық бағалы немесе нағыз  ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды  қорландыру – алтын монеталар  мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде  жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының  кеңеюi барысында металл ақшалар  қазынадан айналысқа шығып отырады  немесе керiсiнше .

Несиелiк  және қағаз ақшалар қазына жинау  құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта  осы қызмет негiзiнде олар қорлану  қызметiн жүзеге асырады.

Ақша  айналыс саласынан уақытша шығып  қалғаннан кейiн олар қорлана  бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа  төлем немесе айналым құралы ретiнде  түсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.

Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада  жүредi:

  • кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
  • банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

Дүниежүзiлiк  ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.

Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел  валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға  балап бекiттi.

Егер  де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң  айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн  шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.

Бреттон – Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге  келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк  валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық есепке алу  бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң  ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа  шықты.

 

1.2  Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына  өзгеру себептері  

 

Ақша  өзінің материалдық – заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық  билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін XVIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауларымен бірдей. Мысалы, фунт стерлинг, ливер, марка – «жарты фунт» деген ұйым. Ал фунт – қадақ                                                                                                                                                         -орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тен екен. Киев Русьіндегі ақша өлшемі грифна күмістің фунты деген мағынаны білдірген, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.

Металл  ақшаның алғашқы түрі – құйма  металл. Оның формасы да әр түрлі  болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). салмақты металл құймалары айырбаста  алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне  әкеп соқтырған.

Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы  да өзгерген. Мысалы ертедегі Римде  ақша орнына белгілі бір салмағы  бар формасыз мыс құймасы, одан кейін  жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы  екі жағында суретт салынған массасы  бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар  – ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Қоғамдық  еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы  сатысында металдан монета түрінде  ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың  дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынана көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасына тек делдалдық  кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы  белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы  ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін, ремедикмын (заңды  түрде бекітілгн нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия  ережесін бекітті. Монетаның бет  жағын – аверс, сыртын – реверс, жиегін обрез деп атайды.

Металл  ақшалар толық құнды және толық  құны жоқ  ақша болып бөлінеді. Толық  құнды ақша деп монетада көрсетілген  құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай  ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған  металдың құнынан жоғары болатын  ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім  төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан  соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден соғылады.

Ақша  айналысында майда ақшаның үлесі  аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа  түсіру мемлекетке пайдалы.ол пайда  монетада көрсеиілген құнмен оның құрамындағы  металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.

20- ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация(көрсеткіш  ірілендіру) жүргізілді. Алғашқыда  алтын елдің ішкі ақша айналымында  айналыс және төлем құралы  ретінде пайдаланылса, ал 1976  жылдан  бастап ло дүниежүзілік ақша  қызметін орындамайды. Алтынмемлекеттің  ішкі айналымынан да, әлемдік  нарықтан да қағаз және несие  ақшаларымен ығыстырылды. 

Әлемдiк  тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:

  • Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады,  ал несие ақшалар металға айырбасталады;
  • Несие және қағаз ақша айналысы,  мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.

Металдық  айналысқа байланысты аталып өткен  екi ақша жүйесi – биметализм  және монометализмге тән.

Биметаллизм – бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн  заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:

  • Қатар жүретін валюта жүйесi,  алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
  • Қос валюталық  жүйесi,  бұл қатынасты мемлекет анықтады;
  • “Қосалқы”  валюта жүйесi , яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді. 

Биметализм  XVI-XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Дегенмен 1865 жылы Франция, Бельгия, Швейцарияда және Италияда биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады.  Нәтижесінде латын монеталық одағы конференциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны бес франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы  1/15,5  шамаға тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алмен мен күмістің нарықтық құнына сай келемейді.

Биметализм  жүйесі өскелең капиталситік шаруашылықтың  талабын  қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды  қатар қолдану ақшаның бұл  қызметіне қайшы келді, жалпыға  бірдей құн өлшеі ретінде тек  бір ғана тауар жүреді.  Ондай  тауар не алытн , не күміс. Оған қоса XIX аяқ шегінде күміс шығарудың  арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын  мен күмістің арақатынасы 1/20 тең  болды. Ал заң жүзінде алтын мен  күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда  төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.

  Нәтижесінде жалпы құн өлшемі  ретінде қызмет ететін бір  ғана металдың болуы талап  етілді. Сөтіп, биметализм ақша  жүйесінің орнына монометализм  жүйесі келді. 

Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын (алтын немесе күміс) ақша жүйесi.

Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет етті.

Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда  қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде  бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.

Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:

Алтын монета стандарты,  оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:

  • Алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады;
  • Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді, яғни елдің монета сарайында;
  • Толық ұнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз алтын монетаға ауыстырылды;
  • Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруғаболатын болатын.

Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық  банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының  болуын және оның монета айналысының  резерві ретінде қызмет етуін  талап етеді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп  мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз  ақшалардың алтын монеталарға еркін  ауыстырылу қауіпін туғызды. Бұл  кезеңдерде алтын монета стандарты  соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатты, кейіннен көптеген елдерде  (АҚШ-тан  басқасы) осы себептерге байланысты тоқтатылды. Сөйтіп банкнотаны алтынға  ауыстыру тоқтатылды және оны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Алтын монеталар  қазынаға сақтауға жіберілді.

1924-29 жж. ақша реформасының жүруі барысында  алтын стандартына қайта оралып, яғни оның келесідей екі қысқартылған  формасы жасалады: алтын құйма  стандарты және алтын девиз  стандарты.

Алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды. Оның алтын монетадан айырмашылығы мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады. Ұлыбританияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стирлинг, Францияда 12,7 кг алтын құймасының бағасы 215 франтке тең болды.

Алтын девиз стандарты – Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға,  шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.

Бұл кезде алтын монетаның еркін  соғылуы жойылып, ол айналыстан алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы  жолмен ғана алытн девизді ақша жүретін  елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бірқалыпты сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу  немесе сату арқылы жүзеге асырылды.сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде  бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.

1929-1933 жылдары әлемдік экономикалық  дағдарыс нәтижесінде барлық  мемлекеттерде әр кездері алтын  монометализмнің барлық формасы  жойылды.

1944 жылы Бреттон-Вудсте құрылған  Халықаралық валюта жүйесі еркін  айырбасталатын валютасы бармемлекеттердің  қолдануы үшін мемлекетаралық  алтын девизді стандартты, шын  мәнінде алтын долларлы стандартты  енгізді. Оның ерекшелігі, яғни  алтын долларлы стандарт –  тек АҚШ доллары алтынмен байланысын  үзген жоқ, себебі бұл стандарт  тек орталық банктер мен үкімет  мекемелері үшін ғана бекітілді.  АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының  азаюына байланысты 1971 жылдан бастап  алтын құймаларын долларға сатуды  тоқтатты, сондықтан алтын долларлы  стандарт та айналыстан шықты.

Информация о работе Қазіргі заманғы ақша теориялары