Қазіргі заманғы ақша теориялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2013 в 22:24, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың өзектілігі. Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазіргі заманғы ақша теориялары» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.

Содержание

КIРIСПЕ ...............................................................................…………............…........3

1 АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ..................................................................................5

Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ...............................5
1.2 Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері.......................................................................................................................8

1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары...................................13



2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ................................................................17

2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары ..................................................................17

2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы .....................................................................................................................................20

2.3 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ..............................26



ҚОРЫТЫНДЫ .................................................................................…….…..……..29



ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................…....………..….31

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі заманғы ақша теориялары1.docx

— 85.06 Кб (Скачать документ)

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген  адамдар құнсыз қағаз ақшалардың  орнына мыс монеталардың келуi ақша айналысының реттелуiн, ақша  белгiлерiнiң эмиссиялауды қатаң  орталықтандырып Ұлы Отан соғысына  тұрақты ақша жүйесiмен қадам басуға мүмкiндiк жасады.

Ұлы отан соғысы елге – 679 млрд рубльге  шығын алып келдi, оның iшiнде әскери шығындар 551,1 млрд рубльдi құрады. Өндiрiс  пен халық тұтынатын тауарлардың  сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын азайтты. Бюджет тапшылығы ақша эмиссиясы  есебiнен жабылды.

Ақша  реформасын жүргiзумен қатар, барлық азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларына  деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғанда  нанның бағасы 10-12 % төмендедi. 1947 жылқы  ақша реформасының ерекшелiгi Мемлекеттiк  банктiң билеттерi черновеч емес рубль түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта отырып, ақшаның барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды.

1947 жылы ақша реформасынан кейiн  алғашқы жылдары экономиканың  дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер  және карточка жүйесiнiң алынып  тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының  төмендеуiне, дүкендерде азық-түлiктердiң  көбеюiне жол бердi. Жыл сайын  бөлшек сауда бағаларының төмендеуi басталды. Үкiмет рубльдiң бағамын  шетел валюталарына қатысты көтеру  және оны алтын базасына өткiзу  қажеттiгiн мойындады. 

1950 жылы 1 наурыздан бастап үкiмет  рубльдiң алтындық құрамын 0,222168 г таза алтынмен белгiледi. Осы белгiленген алтындық құрамына байланысты рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша АҚШ-тың 1 долларына 4 рубль болып жаңа бағам енгiзiлдi.

Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен  кейiнгi он жылдың iшiнде елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң  мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс, ұлттық табыс  көлемi шамадан тыс өстi. Сондықтан  да үкiмет баға масштабын 10 есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады. Айырбас 3 ай iшiнде 1961 жылы 1 қаңтарынан 1 сәуiрге дейiн ешқандай шектеусiз  жүргiзiлдi. Баға масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн жеңiлдеттi. 961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г алтын орнына 0,987412 г алтын етiлiп қайта белгiлендi.

1964 жыл Экономикалық ынтымақтастықтың  халықаралық банкiнiң құрылуымен  байланысты, 1991 жылға дейiн Экономикалық  өзара көмек кеңесiне мүше елдердiң  арасында көп жақты клирингтiк  есеп айырысулар үшiн қолданылатын  ақша бiрлiгi – аудармалы рубль  енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасының егемендiгiн алғаннан кейiнгi жүргiзген ақша реформалары  Қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы ақша массасының өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-түлiктер көбiне шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қжеттi валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсiрдi: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т. алтын сатылып кеттi.

КСРО  ыдыраған соң кеңес валютасы –  рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға кiрмейтiн  елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер  аумағында айналыста жүре бердi. Әр түрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң саяси тәуелсiздiкке  ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өтуi мүмкiн еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi.

  КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте күрделi жүргiзiлiп және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюталарын енгiзiлуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жариялағаннан кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банктер ролiн атқара бастады.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.

1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан  рРеспубликасының жетекшiлерi ендiгi  жерде рубльден күдер үзiп,  өз валютасын шығаруға бетбұрыс  жасаған болатын. Жаңа ақшаларды  шығаруға ағылшынның “Харрисон”  фирмасымен шарт жасасты. Сөйтiп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелiк  ақшалар Қазақстанға жеткiзiлдi. Оларды  қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесi  болды. 

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының  Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан  Республикасында Ұлттық валютаны  енгiзу түралы” Жарғыға қол  қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң  валюталық бағамын: 1 доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары  ол бiрден өсiп кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi.

Қолма-қол  ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге  айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас  бағамы бойынша жүргiзiлдi. Қазақстанның 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың рубль шегiнде ақша айырбастай алды.

15 қарашадан  18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен  және рубльмен де есеп айырыса  алды. Осылайша айналысқа ұлттық  валютамыз теңге ендi. Бiрақ көп  ұзамай инфляцияның өсуi бiршама  iрi ақша купюраларын қажет  еттi. 1994 жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы теңгелер айналысқа  шықты. 1995 жылы ұсақ тиындар бiртiндеп  айналыстан шығып қалды, олардың  орнына мыс никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегi монеталар шыға  бастады. 

Ақша  реформасы Қазақстанда одан ары  жалғасын таба бердi. 1998 жылы теңгенi еркiн  қалқымалы рынокқа жiбердiк. Әрине  бұл кездерде елiмiзде инфляция деңгейi бiршама төмендеген кездер едi. Сондай-ақ айналыста iрi ақшалар қажеттiгi туындауына байланысты соңғы жылдары айналысқа 5000 және 10000 теңгелiк ақшалар да шыға бастады. Бұған бiрден-бiр есеп елiмiздiң  экономикалық жағдайынын тұрақтала  бастағанынан және халықтың табысының өскендiгiнен болып отыр. Бүгiнгi таңда елiмiздегi инфляция деңгейi 6-7%-ды құрап келедi. Әрине бұл да болса бiздiң ұлттық валютамыздың күннен-күнге нығайған белгiсi деп айтсақ болады.

Қазақстан 1992 жылдың шiлдесiнде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кiргеннен бастап өзiнiң валюта қатынастарын “Ямаика” валюта жүйесiнiң құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатыныастарын ұйымдастырушы үшiн 1993 жылдың 14 сәуiрiнде “Валюталық реттеу туралы” ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жiберу деңгейiне сәйкес келiп кейбiр жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тiптi қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда “Валюталық реттеу туралы” жаңадан заң қабылданды.

Жоғарыда аталған заңға қоса, “Қазақстан республикасының ақша жүйесi туралы” 1993 жылдың 13 желтоқсандағы заң; “Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы” 1995 жылдың 30 наурыздағы заң “Асыл тастар және қымбат бағалы метелдармен байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы” 1995 жылдың 20 шiлдедегi заң, сонымен қатар ҚР Президентiнiң Жарлықтары үкiмет қаулылары мен ұлттық банк басқалырымен нормативтiк актiлерi жатады.

 

 

2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы

 

а) Ақшаның металдық теориясы.

Бұл теорияның өкiлдерiне капиталдың алғашқы қорлану кезеңiндегi меркантелистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бiрдей деп санау тән болған. Олардың пiкiрiнше қоғамның нағыз байлығы алтын мен күмiс, яғни бұлар өзiнiң табиғаты бойынша нағыз ақшалар болып табылады. Ақшаның металдық теориясы фетишистiк сипатта, себебi бұл теорияның пайымдауынша ақшаның ролiнде алтын, күмiс сияқты кез-келген бағалы металл бола алады, ал адамдардың тауар шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарын сипаттайтын ақша екендiгi жөнiнен хабарсыз.

Ресейде металдық теорияның өкiлi атақты мемлекеттiк  қызметкер М.М.Сперанский (1771-1839 ж.ж.) болып табылады. Ақша туралы оның теориясының барлық пайымдауларының негiзi – ақшаға тек нағыз бiр ғана ақша деп қарау керек деген көзқарасы бар. Сперанский ең мықты ақша материалды күмiс деп санады. Ақшаның қызметтерiн орындауда металдың қатысуы XIX ғ. теоретиктермен қолданылған. Бұл iс жүзiнде тек бiр тарихи кезең, яғни ақша жүйесiнiң жоғары және күрделi формаларына өту кезеңi болды. Алтын айналысының тар мағынада қолданылуы XIX ғ. дүниежүзiлiк экономиканың шеңберiне сыймады. Өндiрiстiң дамуы ақша базисiнiң адекватты түрiнiң болуын талап еттi. Объективтi түрде, металдық жүйенiң негiзiнде жаңа төлем әдiстерi мен формалары қалыптасты, олар несиеге негiзделдi.

Немiс экономистерi ақша деп тек  қана бағалы металдарды емес, сондай-ақ металға айырбасталатын Ұлттық банктiң  банкноталары да аталады деген. Ол кездерi ақшаның металдық теориясы ақша реформасына  негiзделiп қолданылады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз экономистерi Ж. Рюэфф және М. Дебре, ағылшын экономисi Р. Харрд халықаралық айналысқа алтын стандартын енгiзу идеясын ұсынады. Себебi 70-шi жылдардың басында жойылған Бреттон – Вуде валюталық жүйенiң орнына жаңа алтын стандартын енгiзуге тырысқан. Жекелей алғанда, АҚШ –тың экс-президентi Р. Рейган сайлау алдындағы күрес кезiнде алтын стандарты қайта оралуы мүмкiн деп санады. 1981 жылдың қаңтарында, ол президент болып тұрған кезiнде осы мәселе бойынша арнайы комиссия құрады, бiрақ ол комиссия алтын стандартын енгiзу онша қажет емес деген шешiмге келедi. Жалпы алтын стандартының мағынасы нарықтың күрделенуi, ұлғаюы және дамуымен байланысты өзгередi.

Қағаз – несиелiк ақшаларды алтын  қорымен жасанды түрде үйлестiру натуралдық айырбас формасына немесе бақыланбайтын стихиялы ақшалай  эквивалентке әкелiп соқтыруы сөзсiз, өйткенi алтын қорының өсiмi физикалық  тұрғыдан экономикалық дамуға қарсы  тұра алмайды, сөйтiп бұл ақша бiрлiгi құнының тым аса ұлғаюына әкелiп  соқтырып, соның салдарынан ақшаның  айырбасталынуы тәрiздi аса маңызды  қасиетiнiң (экономикалық бөлiнгiштiк) жоғалуы  т.б. пайда болды.

Қазiргi кезде алтынның негiзгi экономикалық қызметiнiң мәнi, оның капиталды инфляциядан  сақтау құралы ретiнде қызмет етуiмен, несие алуды қамтамасыз ету құралы болуымен және маңызды өнеркәсiптiк  шикiзат болып қала беруiмен сипатталады.

Металдың ақша ретiнде қызмет етуiмен  барып, одан бiрте – бiрте монеталар  пайда бола бастады. Көпестер классының бөлiнуiмен алғашқы монеталар пайда болды. Олардың пайда болуы ақшаның қалыптасуындағы соңғы кезеңдi сипаттайды.

Монета – ол формасы, сыртқы пiшiнi, салмақтық құрамы заңмен бекiтiлген металдан жасалған ақша белгiсi.

Монета бет жағы – аверс, келесi жағы – реверс, кесiндiсi – гурт болып  ажыратылады.

Егер монетаның номиналды құны құрамындағы металдың құнына сәйкес келсе, онда бұл толық құнды ақшалар. Толық құнды еместерi биллонды ақшалар  деп аталады.

Монеталық ақша айналысы тарихында  мынадай түсiнiктемелер бар:

Биметализм – жалпыға бiрдей эквивалент ролiн екi немесе одан да көп металл атқарады, яғни айналыста алтын және күмiс монеталар пайдаланылады.

Монометализм – жалпыға бiрдей эквивалент ретiнде бiр ғана металл түрi ( алтын, күмiс, т.б.) қолданылатын ақша жүйесi.

Осылай, б.э. дейiн III – II ғ. римде мыс  монометаллизмi, Ресейде 1843-1852 ж.ж. аралығында – күмiс монометаллизмi 1897 ж. II Николай  патша тұсында енгiзiлдi.

Түрiкше “акче” сөзi, қазақша “ақша” , яғни “ақ” сөзiнен күмiс монетаның  түсiне қарап шыққан.

 

б) Ақшаның номиалистiк теориясы.

Меркантелистердiң металлизмге  қарсы iс әрекетiнен ақшаның номиналистiк  теориясы пайда бболды. Тауар өндiрiсi мен айналымының өсуiне байланысты металл монеталарды вексель, банкнот түрiндегi несиелiк айланыс құралдарына жартылай ауыстыру бiртiндеп орын алды. Ақшалар мен бағалы металдардың арасындағы iшкi байланыстарды жоққа шығара отырып, номиналистер құн белгiлерiнiң жүру құқығын негiздедi, ол үшiн олардың металдық құрамын белгiледi.

Номинализмнiң негiзгi ережесi мынадай:

  • Ақша идеалды есеп бiрлiгi болып саналады және олардың көмегiмен тауарлардың айырбас құны анықталады;
  • Бұл бiрлiк ешқандай да iшкi құнға ие емес;

Сонымен номиналаистер  аұшаның құндық жаратылысын толық  жоққа шығара отырып, оларды техникалық айырбас құралы ретiнде қарастырады. Адам Смиттiң айтуынша, ақша – бұл айырбас процесiн жеңiлдететiн техникалық дөңгелек, айырбас және сауда құралы. Ол ақшаның құны екi жақты мәнге ие дп санайды:

  • Қандай-да бiр заттың пайдалылығын көрсетедi;
  • Басқа тауарды сатып алу мүмкiндiгi,

XIX ғ. аяғында және XX ғ. басында саяси экономияда номинализм үстемдiк ете бастады. Бiрақ бұрынғы номинализмнен айырмашылығы оның объектiсiне қағаз ақшалар жатады.

Номинализмнiң мәнi немiс экономисi Кнаптың (“Государсвенная теория денег”, 1905 ж.) еңбегiнде жақсы берiлген. Оның негiзгi ережелерi төменгiдей құрылған:

  • Ақша – құқықтық тәртiптiң өнiмi, мемлекеттiк билiктiң туындысы;
  • Ақша мемлекеттiк хартальдiк төлем құралы, яғни ол мемлекеттiң төлем күшiмен жасалған төлем белгiлерi болып табылады;
  • Ақшаның негiзгi қызметi – төлем құралы.

1929 – 1933 жж. Кономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрi қарай  дами түстi. Сөйтiп, Дж.М. Кейнс (1930ж. “Трактат о денгах”) алтын ақшаларды “жабайылық сарқыншағы”, “арбаның бесiншi дөңгелегi” деп хабарлайды. Ол идеалды ақшаларға қоғамның өркендеуiн үнемi қамтамасыз етiп отыратын қағаз ақшаларды жатқызды. Кнапп теориясының жеңiсi деп қарастырды. Кейнс барлық өркениеттi ақшалар қарапайым түрiнде қалып, кнапптық партализм толық жүзеге асты деп санады.

Ақшаның номиналистiк теориясы жағында американ экономиксi П. Самуэльсон да болды. Ол ақшалар өткен уақытта ғана тауармен байланыста болса, ал алдағы уақытта ақшалар шартты белгiге айналуда деп сендiредi. “Тауар ақшалардың дәуiрiн қағаз ақшалар алмастырды. Қағаз ақшалар ақшаның мәнiн, iшкi табиғатын ашады. Ақша дегенiмiз ол жасанды әлеуметтiк шарттылық”

Информация о работе Қазіргі заманғы ақша теориялары