Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:43, курсовая работа
Краткое описание
Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін.
Содержание
Кіріспе Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары Жер бедері Климаты Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер Орман қорының жері Су қорының жері Босалқы жер ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу) Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер Орман қорының жері Су қорының жері Босалқы жер Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау Қорытынды
Мысалы: Кәдімгі қара топырақ
Ч2 балл банитетін
анықтау.
Т.б. =
Орташа өнім мөлшерін табу үшін
мына формула қолданылады.
Өорт.өн.мөл.
=
(VII)
Мысалы: Өорт.өн.мөл. =
Б = 32
Ө = 14
Ббаға=
яғни топырақ бонитетінің 1 баллы
0,43 ц тұрады.
Топырақтың баллы 1 балға төмендесе,
Ө =
Өорт = 55 х 0.43
= 23.65
Өорт = 60 х
0,43 = 25.8
Өнім мөлшерін табу үшін 1 баллдың
бағасын кез-келген топырақтың бонитет
балына көбейтеді.
Сондықтан топырақ бонитировкасы
жер бағалаудың негізі болып табылады.
V.Оңтүстік Қазақстан
облысының топырағының сапасын (бонитетін)
бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысы
республиканың ең ірі аймақтарының бірі
болып табылады және шығысында – Жамбыл,
солтүстігінде – Қарағанды, батысында
– Кызылорда облыстарымен, оңтүстігінде
– Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Облыс
аумағы – 117,3 мың шаршы шақырым, Қазақстан
аумағының 4,3 %, мұнда 2,5 млн. астам халық
тұрады.
Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымына
4 – облыстық, 11 ауылдық аудандар кіреді.
Қала халқының үлес салмағы – 40 пайыз.
Облыста жалпы ұзындығы 444,6 шақырым, екі
бағыттағы темір жол, 7,3 мың шақырым (ауылдық
елді-мекендердің жолдарын қоспағанда)
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары
бар, оның 1,3 мың шақырымы – қатты төселімдегі
жолдар.
Облыс орталығы – Оренбург-Ташкент және
Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының
түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек,
Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара
автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс
орнатылған.
Табиғи-климаттық
жағдайы
Оңтүстік Қазақстан облысының
жер бедері негізінен жазық болып келеді.
Солтүстігінде сазды топырақты, куаң Бетпақдала
жатыр. Шу өзенінің оңтүстігін ала қуаң
дала Мойынқұм орналасқан. Оңтүстік батыста
– Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр
оңтүстікте – Мырзашөл көлбеп жатыр. Орталық
бөлікте – Қаратау жотасы, оңтүстік-шығыста
– Талас Алатауы, Қаржантау, Өгем жотасы
орналасқан.
Ауа райы өте континенталды, қысы жұмсақ,
қысқа, жылылық жиі қайталанып тұрады,
жазы аптапты, ыстық, ұзаққа созылады.
Орта температура қаңтар айында солтүстікте
– 9,6°С, оңтүстікте – 0,9°С, шілдеде +20, +30°С.
Ылғалдың жылдық мөлшері солтүстікте
150-250 мм, биік таулы аудандарда 750 мм-ге
дейінгі мөлшерге жетеді.
Кең жайылымдық жер, топырақтың құнарлығы
және күн көзінің мол нұры ауыл шаруашылығының
түрлі салаларын, әсіресе бірінші кезекте
суармалы егін шаруашылығы мен жайылымдық
қой шаруашылығын дамыту үшін үлкен мүмкіндік
туғызады.
Оңтүстік қара топырақ дала аймағының оңтүстік бөлегін
қамтып, күңгірт-қара қоңыр топырақтармен
шектеседі. Гумустық жиек қалыңдығы =25-40
см, оның түсі күңгірт-сұр немесе қоңыр-күрең,
кесекті келеді. Одан төмен айқын қоңыр-күрең
түсті, кесек-призма түрлі, түйіртпектілі
В1 жиекше жатады.Жалпы
гумустық жиек /А+В1/ қалыңдығы
45-60 см жетеді.Иллювилік жиекте /Вк/ карбонат
«ақкөздері» айқын көрінеді. Тұз қышқылының
тасу тереңдігі В1-дің төменгі
бөлегінде немесе гумустық жиектің шекарасында
жатады. Төменгі 1,5-2м, кейде одан терең
жынысты, ұсақ кристаллды ғаныш, кейде
көтеріңкі мөлшерде жеңіл еритін тұздар
кездеседі. Қара топыраққұралу үрдісі
нәтижесінде топырақтың механикалық құрамында
кескін бойы айтарлықтай өзгеріс болмайды.
Тек күлгінденген, кейде сілтісізденген,
тектер кескіні төменгі жалынды тозаңды
түйірлер мөлшерінің аздап көбейгені
байқалады. Керісінше кебірленген және
кермектелген тектес кескінінің жоғарғы
бөлегінде тозаң мөлшері артқаны байқалады.
Минералогиялық құрамында біріншілік
минералдар басым, екіншілік /жоғары дисперсті/
минералдар монтморилонит пен сулыслюда
тобынан тұрады. Тозаң тобына солармен
қатар кристаллданған бір жарым тотықты
минералдар /гетит,гибсит/, аморфты заттар
мен аз мөлшерде жоғары дисперсті / тым
майда/ кварц кіреді.
Қара топырақтың химиялық құрамына
мына негізгі ерекшеліктер тән: кескінінің
жоғарғы жағында гумус пен қоректік заттардың
/N,Р,К, микроэлементтер/ биотекті жиналғаны,
кескін бойы минералды бөлшектің жалпы
құрамы салыстырмалы тұрақты болуы және
одан қарбонаттардың иллювилі /шайылымды/
типті таралуы және одан жеңіл еритін
тұздардың шайылғандығы. Топырақ кескініндегі
қарашірінді таралуын алсақ, оның мөлшері
жоғарғы жиекті көтеріңкі де, кескін тереңдеген
сайын біртіндеп кеми береді. Гумус түзілудегі
бұл ерекшелік шөптесін өсімдік тамырларының
тарауымен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Қара топырақ қарашіріндісі құрамында
гумин қышқылдары /гқ/ басым / Сгк:Сфк=1,5-2/. Олардың
өзегінде /ядро/ жоғары дәрежелі конденсацияланған
/күрделенген/ және кальциймен байланған
топ басым; күлгін топыраққа қарағанда,
фульвоқышқылдар тобы күрделі келеді
де оның еркін «белсенді» фракциясы мүлдем
болмайды. Сондықтан қарашірінді суда
шамалы ериді /1/200-1/250 бөлегі/.
Гумустің мөлшері топыраққұралу
жағдайлары мен аналық жыныстар құрамына
байланысты өзгереді: ең көп қор орташа
балшықты және ауыр құмбалшықты, қалыпты,
сілтісізденген және кәдімгі қара топырақ
типшелеріне келеді. Топырақтағы азот
үлесі /0,2-0,5 проц/ гумус мөлшеріне сәйкес
өзгереді.
Кремний қышқылы мен бір жарым
тотықты қосындылардың таралу жалпы мөлшері
кескін бойы біркелкі, яғни топырақта
минералдар бұзылуының жоқ екенін көрсетеді.
Тек күлгінденген және сәл сілтісізденген
қара топырақтар кескіні жоғарғы бөлегінде
біржарым тотықтылар азайғанымен кремний
қышқылының өскені байқалады;бұл құбылыстар
топыраққұралу үрдісінің ерекшеліктеріне
/күлгіндену, кебірлену немесе кермектенуге/байланысты.
Карбонаттардың иллювилі /шайынды түрлі/
таралуы топырақ кескінінде су-жылулық
құбылымдар ерекшеліктеріне, топырақ
ауасы мен ерітіндісі арасында жүретін
көмір қышқыл газы динамикасына /жылжуына/
байланысты.
Күңгірт қара-қоңыр тың топырақтарда қарашірінділі
жиек қоңыр түсті, кесек дәнді түйіртпекті
келеді, ал егістікке игерілгенде түйіртпектер
ыдырап, топырақ массасы шаңды-кесекті
құрылым алады. А+В жиегінің қалыңдығы
35-45 /50/ см, тасу тереңдігі 45-50 см, ғаныш
пен жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте
жатады. Кебірленген тереңде қарашірінділі
В1 жиекшенің
төменгі жағы шайылып келген коллоидтармен
байыған, ол кепкенде қатаяды да, құрылымы
кесек бағаналы немесе тоң кесекті, қырлары
қоңыр-күрең түсті 1,5 тотықты темір мен
қабыршықты агрегаттардан тұрады.
Әдетте кебірлігі күшейген
сайын соңғы белгі де үдей береді.
Күңгірт қара-қоңыр кебірлі
кермектенген топырақ белгісін қарашірінділі
жиектің жоғарғы және төменгі бөлігіндегі
түйіртпек қырларына қонған кремний тотығы
ұны мен тақталы (плиталы) немесе қабатшалы-
саңылаулы түйіртпектілік құрылым көрсетеді.
Корбанатқа қанық жыныстарда
құралған топырақтар карбонатты келеді
де, топырақ тұз қышқылынан кескін бойы
күшті тасиды. Ал карбонатты кебірленген
топырақтар карбонатты ауыр механикалық
құрамды жыныстарда қалыптасады да, кескіні
құрғақ күйінде қатты нығыздалған және
жарылған күйінде сақталып, ылғалданса
тым ісініп сазданып кетеді. Топырақтың
сіңіру кешенінде /В да/ алмаспалы натрий
мен магний басым. Қалдық кебірленген
күңгірт қара-қоңыр топырақтың сырт белгісі
анық сақталған, бірақ В мұндай кебірлік
қасиет «қалдық» саналады. Шамалы таситын
түрше жеңіл механикалық құрамды жыныстарда
құралған, олардың суды жақсы өткізуіне
байланысты, карбонаттары 1-1,5 м тереңдікте
шайылған және ғаныш қабаты болмайды.
Тұтасқан топырақ тегі балшықты жыныстарда
құралған, онда сіңірілген натрий мөлшері
аз болса да, В-жиегі айқын болады. Шала
дамыған тегі қатты тасты жыныстар үгіндісі
Дэлювиде құралады, оның кескіні сәл ғана
қалаптасқан және қарашірінділі жиек
жұқа А+В1 20 см аспайды.
Шөлейттік қоңыр топырақтың
негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары
өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы
құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының
аз өнімділігінде.Қарашірінді аздығы
және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр
топыраққа тән қасиеттер. Органикалық
заттардың бұзынуы артық болуына байланысты
олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік
қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі
металл-күлдік элементтер /200-кг/га/ жиналады.
Олардың құрамындағы натрий тұздары терең
шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру
кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың
кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік
жиек осы топырақтың аймақтық белгісі
болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген
топырақ деп атаған.Бірақ жеңіл механикалық
құрамы топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған.
Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға
ғаныш пен жеңіл еритін тұздардың және
корбанаттардан аз шайылғандық /сілтісіздену/
қасиет тән.
В.Докучаев /1900/ қара қоңыр және
қоңыр топырақтарды әуелі бөлек көрсетсе,
кейін оларды «қара-қоңыр және қоңыр топырақтар»
деп бір типке біріктірген. Н.Сибиоцев
/1901/ те оларды бір типке жатқызып, тек
қана қоңыр /құба-қоңыр/ топырақ типшесі
ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр
топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде
көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік
белгілері анықталады.
Топырақтағы қарашірінді мөлшері
мен аймақтық қасиеттердің /кебірлік,
карбрнаттылық, сортаңдылық/ айқындалу
және тұздардың сілтісіздену /шайылу/
дәрежесі тұрғысынан, тип ішіндегі айырмашылықтар
жергілікті жағдайлар /топырақтың механикалық
құрамы, жыныстар өзгешеліктері, т.б./ мен
өңірлік ерекшеліктеріне байланысты.
Шөлейттік қоңыр топырақ кескінінде
әлсіз қабат-қабат түйіртпекті және борпыл
құрылымды, құбалау-қоңыр немесе ашық
құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус
шайылатын / А1 жиекше айқындалған.
Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады.
Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол
төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті
немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе
тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр
қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/
В1 жиекшеге
ауысады. А1+А2 жиекшелердің
қалыңдығы -30-35 см.
Қарашірінділі-иллювилі жиектен
төмен біркелі реңді емес, ақшыл карбонат
дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты
Вк жиек жатыр, ол тығыз салындығы, тоңкесек
немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді;
80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/
шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады;
оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/
жиынтығы байқалады.
Оңтүстік
Қазақстан облысының топырағының балл
банитетін есептеу
Топырақ-тар
Индекс
Қара-
шірінді
0-50см
Негіз-гі
балл
Түзету коэфициенттері
Негіз-гі
балл
М/қ
Nа
тұз
тас
топ.
қаб.
қал.
Жер аст. Су дең.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кәдімгі
қара топырақ
Ч2 тс
4,7
67
0,95
1,0
-
-
1,0
1,0
64
Ч2 тсСН1
4,5
64
0,95
0,92
-
-
1,0
1,0
57
Ч2 глСН3
4,4
62
0,95
0,46
-
-
1,0
1,0
28
Оңтүстік
қара топырақ
Ч1 тсСН2
3,9
55
0,95
0,54
-
-
1,0
1,0
29
Ч1 глСН3
3,5
50
0,95
0,46
-
-
1,0
1,0
22
Қара қоңыр
топырақ
К3 тс
3,0
42
0,95
1,0
-
-
1,0
1,0
40
К3 тсСН3
2,8
40
0,95
0,44
-
-
1,0
1,0
16
Қорытынды:
Соңғы он жылдықта
аймақтың дамуының қорытындысы (2002-2012
жж.)
Соңғы он жылдықта аумақтың
негізгі көрсеткіштерінің өсімі облыс
экономикасының барлық негізгі бағыттарының
қарқын дамуымен сипатталады.
Елдің экономикалық қызметінің соңғы
нәтижесін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің
бірі – Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ). ЖӨӨ 2000
жылы 152 млрд. теңгеден 2009 жылы 925,5 млрд.
теңгеге дейін өсті. 2010 жылдың 9 айының
қорытындысымен Республикадағы үлесі
5,3 % құрады.
Өнеркәсіп өнімінің
көлемі соңғы 10 жылда 2,6 есеге, оның
ішінде өңдеу саласында – 1,9 есеге
артты. Республикада өнеркәсіп өнім
көлемінің үлесі 2,6%, оның ішінде
өңдеу саласының – 5,4%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
2,9 есе өсіп, 162,5 млрд. теңгені, немесе жалпы
республикадағы үлесі 11,3% құрады.
Инвестициялық қызмет қарқынды
дамуда. Инвестиция көлемі 10 жылда 16,8 есе
артты, республикадағы үлесі 5,5 % құрады.
Экономиканың нақты секторындағы
жетістіктер облыс бюджетінің көлеміне
де өз әсерін тигізді. Бюджетке түскен
салықтар мен басқа төлемдердің көлемі
10 жылда 6,5 есеге артып, 2010 жылдың қорытындысымен
156,9 млрд. теңгеге жетті. Республикадағы
үлесі 5,1 % құрады. Салықтық түсімдерді
бюджетке түсірудің өсу динамикасы бойынша
2010 жылы республика деңгейінде облыс бірінші
орынды иеленді.
Облыстың жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы
10 наурыз 1932 жылы
Аумағы, мың шаршы
км.
117,3
Халық саны, мың адам
(келесі есеп жылының 1 қаңтарына)