Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
Жер бедері
Климаты
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры.docx

— 219.39 Кб (Скачать документ)

Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры

Жоспар

Кіріспе

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
    1. Жер бедері
    2. Климаты
    3. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
  2. Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
    1. Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
    2. Елді мекендердің  (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
    3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер
    4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
    5. Орман қорының жері
    6. Су қорының жері
    7. Босалқы жер
  3. ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
    1. Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
    2. Елді мекендердің  (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
    3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
    4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
    5. Орман қорының жері
    6. Су қорының жері
    7. Босалқы жер
  4. Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау
  5. Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
  6. Қорытынды
  7. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жер кадастры —  мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы мен оларды бағалау туралы мәліметтер жүйесі. Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін. Жер кадастрын жүргізу мемлекеттік тапсырыспен бюджет есебінен жүзеге асырылады. Жер кадастрының мәліметтеріне әркімнің қолы жете алады, ол мүдделітұлғаларға ақылы түрде беріледі. Мемлекеттік органдарға Жер кадастры мәліметтерін беру тегін жүзеге асырылады. Мемлекеттік Жер кадастрын жүргізу тәртібін ҚазақстанРеспубликасының Үкіметі белгілейді.

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн адам (2004). Орталығы –Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
      1. Жер бедері

 

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай(1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенініңсалалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.

 

    1. Климаты

 

Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.

 

      1. Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі

Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттікАқсу – Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған

 

 

    1. Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
      1. Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер

 

Аймақтағы климат жағдайлары жергілікті экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына қолайлы. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы соңғы жиырма жылда инновациялық салаға айналды. Мемлекеттің қаржылық қолдауының арқасында ауыл еңбеккерлері жаңа технологияларды белсене қолдана бастады, бұған ең алдымен ылғал үнемдегіш технологияларды жатқызуға болды. Ондаған жылдар бойы суға зәру болып келген Оңтүстік Қазақстан үшін бұл аграрлық саладағы нағыз ілгерілеу болды: 15 мың гектардан астам жер тамшылап суарылады. Осы бағыттағы жұмыс басталған 2010 жылмен салыстырғанда ылғал үнемдегіш технология пайдаланылатын аудандар екі еседен артық ұлғайды. Енді міне олар республикалық көрсеткіштің 70 пайызын құрайды. Түркістанда тамшылатып суаруға арналған жабдық шығаратын зауыт салынды, бұл шаруалар үшін технологияны әлдеқайда арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік туғызды.

Тек тәуелсіздік жылдары Қазақстан Шардара су қоймасынан Мақтаарал ауданының суармалы егістіктеріне машинамен су тарту жобасын іске асыру есебінен облыстың оңтүстігіндегі су мәселесін шешудің сәті түсті. Оңтүстіктер оны «Тәуелсіздік жобасы» деп атады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың арқасында ел үшін ең қысылтаяң қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекет бұған 14 миллиард теңге жұмсап, мақтааралдықтар мақта өсіру кезінде Сырдария суын Өзбекстан аумағы арқылы ағызатын мемлекетаралық «Достық» арнасындағы суға тәуелсіз етті.

Облыста Қазақ мақта шарушалығы ғылыми-зерттеу институты ашылды,  оның ғалымдары егістіктерде Қазақстанда аудандастырылмаған өзбек мақтасын ауыстырған бес отандық сұрыпты өсіріп шығарды. Оларды егуге көшу нәтижесінде облыс кірісінің экспорттық баптарының бірі болып табылатын шиті мақта өнімін арттырды. ОҚО – Қазақстандағы отандық тоқыма өнеркәсібінің дамуының негізін құрайтын шиті мақта өсірілетін жалғыз облыс.

Қазақстанның жем өндірісін дамыту тарихында тұңғыш рет институтта жоңышқаның «Көксарай» суармалы сұрыбы шығарылды, ол мақта-жоңышқа тұқым айналымын қалыптастыруға негіз болады. «Көксарайға» дейін Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның өнімділігі өте төмен болгарлық сұрыптары егілетін. Тұқымдар көршілес республикадан әкелініп, аудандастырылмады. Жемдік дақылдың нашар өнімділігі шаруалардың оны тұқым айналымында пайдаланудан тартынуына әкеліп, соның нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендей түсті. «Көксарай» жағдайды оңалтты.

Тағы бір ғылыми мекеме – «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылықтары ғылыми зерттеулер институты» АҚ қойдың жаңа тұқымын шығарды, сондай зерттеулері үшін бір топ ғалым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. Институтта шөлейттенуге қарсы, аридтік дақылдарды себу есебінен жайылымдардың құнарлылығын сақтау, жайылымдық мал шарушалығының оңтайлы тәсілдерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кеңес дәуірінде ұсақ мал басы бірнеше миллиондап жайылса, қазір олардың саны азайып кеткен. Дегенмен, жағдайдың оңалып келе жатқаны байқалады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жайылымдық мал шаруашылығына көңіл бөлуінің арқасында, ҒЗИ ғалымдары кейбір аймақтарда шопандарға қолайлы жағдай жасауға, зертханалар ашуға, байланыс жүйелерін құруға бағытталған жобаларды ойластырып, жүзеге асыруда. Мал шаруашылығының бүкіл елдің ауыл шаруашылығының жалпы өніміндегі үлесі 45,7%. Басым бөлігін ет, сүт және жұмыртқа өндірісі алады. ОҚО шаруалардың зор қызығушылығын тудырған «Сыбаға» фермерлік шаруашылықтарды дамыту бағдарламасына қосылды. Облыстың Оңтүстік өңірлерінің табиғи ресурстары мен экономикалық әлеуетін ескерсек, қазіргі уақытта газдалған минералды сулар өндірісі артты.

 

 

      1. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер

Өнеркәсіп. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде 237,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2011 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 102,5% құрады.  
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 74,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 100,9% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 67,3 млрд. теңгеге (101,5%), егін шаруашылығында -  6,8 млрд. теңгеге (97,0%) өнім өндірілді. 
Көлік және байланыс. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 62,0 млн. тонна жүк және 1204,9 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 129,1% және 132,9% құрады. 
Байланыс кәсіпорындары 4946,6 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 5,1% артық. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 70,4%-ды құрады. 
Шағын кәсіпкерлік. 2012 жылдың 1 тамызына облыс рыногында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің саны 115,1 мың бірлікті құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,0% артқан. Шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің шығарған өнімі (тауарлары, көрсеткен қызметі) 181,5 млрд. теңгені, немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 100,0%, жұмыспен қамтылғандар саны 293,0 мың  адамды, немесе, 101,0%  құрады. 
Инвестиция саласы. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 128,0 млрд. теңгені немесе 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 104,8% құрады.                              
2012 жылдың қаңтар-шілдесінде тұрғын үй құрылысына 7055,5 млн. теңге инвестиция бағытталған, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңіне 2,6 есеге артты. 
Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 185,1 мың шаршы метрді құрады. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне  184,2% құрады. 
Сыртқы сауда. 2012 жылғы қаңтар-маусымында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2085,1 млн. АҚШ долларын немесе 2011 жылғы қаңтар-маусымына 125,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 1465,4 млн. АҚШ доллары немесе 137,2%, импорт – 619,7  млн. АҚШ доллары немесе 104,4% құрады.  
Салықтық-бюджеттік сала. 2012 жылдың қаңтар-шілдесінде мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 99685,5 млн. теңгені, немесе жоспарға – 100,9%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 85,2% құрады. 
Республикалық бюджет 64165,6 млн.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 64,4%), немесе,  жоспарға – 98,7%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 74,1% құрады. Жергілікті бюджетке 35519,9 млн. теңге түсіп, жоспарға – 105,2% және 2011 жылдың сәйкес кезеңінен –16,9% артты.  
Ақша-несие саясаты. 2012 жылғы 1 шілдеге екінші деңгейлі банктермен 85,0 млрд. теңге көлемінде несиелер берілді, бұл 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артық, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 2,9 млрд. теңге несие берілді, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 1,9 есеге артты. 
Бағалар. 2012 жылдың шілдесінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2011 жылдың желтоқсанына 102,7% құрады. Азық-түлік тауарлары 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлары 1,9%-ға, ақылы қызметтер 4,7%-ға қымбаттады. 
Халықты әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың басында аз қамтамасыз етілген азаматтардың саны 13715 адамды, немесе облыс халқының – 0,5% құрады. 2012 жылдың 1 тамызына олардың саны 22,8% кеміп, 10593 адамды немесе облыс халқының 0,4% құрады. 

 

Көрсеткіштер

2011

2012

2013

2014

2015

1

ЖІӨ жыл сайын нақты өсімі, НКИ,  % өткен жылға

103,5

103,8

104,1

104,5

104,7

2

Өнеркәсіптің  НКИ, % өткен жылға

109,6

110,5

110,8

111,3

111,6

 

оның ішінде

         

3

тау-кен өндіру

110,2

111,2

111,4

111,6

111,3

4

өңдеу өнеркәсібі

109,5

110,6

110,9

111,7

112,1

5

Ауыл шаруашылығының НКИ, % өткен жылға

104,0

104,5

104,8

105,3

106,7

6

Құрылыс жұмыстарының НКИ, % өткен жылға

101,8

102,5

103,2

103,7

103,7

7

Бөлшеке сауда айналымының НКИ, % өткен жылға

103,4

103,7

104,2

106,5

107,0

8

Көлік қызметінің НКИ, % өткен жылға

102,6

103,0

103,5

104,0

104,0

9

Инфляцияны жылына 5-8% деңгейінде ұстап қалу

107,5

107,0

106,5

106,5

106,5

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры