Үдемелі индустриялық-инновациялық
даму бағдарламасы шеңберінде қабылданған
2010-2014 жылдарға арналған өнеркәсіптің
салалық даму бағдарламаларында, қазақстандық
қамтуды дамыту бағдарламасында мақсатты
индикаторлар белгіленген. Сондай-ақ,
Оңтүстік Қазақстан облысының 2011-2015 жылдарға
арналған даму бағдарламасында келесідей
индикаторлар жоспарланған:
2011 жылы облыстың ЖӨӨ өнеркәсіптің үлесі – кемінде 23,5% (2009 жылы – 19,2%);
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін
1,1 есеге арттыру;
2011 жылы облыстың ЖӨӨ шағын және орта кәсіпкерліктің
үлесі – 25% (2009 жылы – 24%);
Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін
негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары
құрайды. Түсті металлургия, машина жасау,
химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс
өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын
бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы
ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл
Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина”
ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі
басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ
(қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина
жасау саласының жетекші кәсіпорындары:
“Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар
үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К”
ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен
қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор”
ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ,
“Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен
“Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен
– “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін
шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход”
ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс
істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы
жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”,
“Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек”
АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері,
т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын
шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы
шығарады.
Көлігі
Облыс экономикасының тұрақты
дамуында темір жол тасымалының үлесі
басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент,Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың
жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет
ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан
– Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары.
Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200
км, оның 800 км-ден астамы республикалық,
4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс
жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы
– Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент
– Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент
әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және
транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға
қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент
– Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар
– Шымкент мұнай құбыры өтеді.
Геологиясы мен кен байлықтары
Облыс жерінің
көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына
кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен
кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан
(тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі
төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас,
гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы
ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне
толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл,
қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит,
вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді
саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен
байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай,
Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш
кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс
істейді. Республикада уран кентастарының
қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және
темір кентасының қоры жағынан үшінші
орын алады
- Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы,
рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы
жер
Р/с
N |
Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың атауы |
Алаңы, гектар |
Орналасқан
жерi |
Кiмнiң қарауында |
103 |
Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк
табиғи қорығы |
81236 |
Оңтүстiк Қазақстан
облысының Түлкiбас, Төлеби және Бәйдiбек
аудандары, Жамбыл облысының Жуалы
ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
104 |
Қаратау мемлекеттік
табиғи
қорығы |
34300 |
Түркiстан ауданы және
Түркiстан қаласы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
104-1 |
Сайрам-Өгем мемлекеттiк
ұлттық табиғи паркi |
149053 |
Қазығұрт,
Төле би және
Түлкiбас
аудандары |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман
және аңшылық шаруашылығы комитеті |
105 |
Ақдала мемлекеттiк
табиғи қаумалы (ботаникалық) |
3000 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
106 |
(Алынып
тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) |
107 |
Жамбыл мемлекеттік
табиғи қаумалы
(ботаникалық) |
8600 |
Бәйдiбек ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
108 |
Задария мемлекеттік
табиғи қаумалы (ботаникалық) |
8400 |
Арыс ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
109 |
Боралдай мемлекеттiк
табиғи
қаумалы (кешендi) |
52500 |
Түлкiбас
ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
110 |
Темiр мемлекеттiк табиғи
қаумалы (ботаникалық) |
4000 |
Отырар
ауданы |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
111 |
(Алынып
тасталды - 2006.01.26. N 52 Қаулысымен) |
112 |
Арыс және Қарақтау
мемлекеттiк қорық аймағы |
404000 |
Арыс,
Отырар,
Шардара
аудандары |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
113 |
Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік қорық аймағы |
6258000 |
Жамбыл облысының Сарысу
және Шу аудандары,
Қызылорда облысының
Жаңақорған ауданы, Оңтүстiк
Қазақстан облысының Арыс, Созақ,
Сарыағаш,
Ордабасы
аудандары |
Қазақстан Республикасы
Ауыл
шаруашылығы министрлігінiң
Орман және аңшылық
шаруашылығы
комитеті |
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық
табиғи паркі
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи
паркі Қазақстан Республикасының Үкіметінің
2006 жылғы 26 қаңтардағы №52 қаулысы бойынша
бұрынғы Өгем, Төлеби және Түлкібас орман
және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемелерді қосу жолымен
құрылды. Яғни паркке қарасты аумақ облысымыздың
Түлкібас, Төлеби және Қазығұрт аудандарында
орналасқан. Толығырақ...
Ақсу – жабағлы мемлекеттік
табиғи қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы
ертеден келе жатқан қорық. Қорық
Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып
жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды.
1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу
өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі
бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы
ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері
өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі
шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп
өсетін түркістан аршасынан басқа
ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі
бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі
және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені
есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға
алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды
шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап
ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері
басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық
филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі
болған. Қазір оның орнында әр түрлі
сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ
денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған.
Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние
эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы
бар.
Қаратау мемлекеттік табиғи
қорығы
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы-республика
қорықтарының ішіндегі ең жасы.Ол 2004 жылғы
1 наурыздағы №240 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің арнайы Қаулысында бекітілген.
Оның құрылу тарихы өте ұзақ және қиын
болды,30 жылға созылды.Қаратаудың ерекше
эндемикті флорасын сақтаудың қажеттілігі
туралы өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан
бастап көптеген қазақстандық ботаниктер-М.С.Бәйтенов,В.П.Голоскоков,Н.Х.Кармышева
және басқалар жазған болатын.1975 жылы
«Қазақстандағы қорықтық істердің ғылыми
негіздері» коммисиясының төрағасы академик
Б.А.Быков Қаратау қорығын құру туралы
ұсынысты алға қойды.
Оңтүстік Қазақстан – ежелгі цивилизацияның жері. Ежелгі
дәуірден бастап қазақ жерінің тұрғындары
тұрмыстық мәдениетті құраған болатын.
Ұлы жібек жолы жерінің қиылысында Оңтүстік
Қазақстан облысының жері қазақ мемлекетінің
бесігі болып есептеледі. Оңтүстік Қазақстан
облысы тарихи ескерткіштерімен әйгілі
– қорғандар, бекіністер, ежелгі қалалық
кесенелер, тұрғындардың қоныс қалдықтары
жетерлік. Оңтүстік Қазақстан облысының
802 тарихи және мәдени ескерткіштердің
ішінен 528 археология ескерткіштері, 42
тарихи ескерткіштері, 226 архитектулық
ескерткіштер.
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларының
ішінде Түркістан қаласы ерекше орын ерекше
орын алады. XVI-XIX ғасырдағы Ұлы Жібек жолында
орналасқан Түркістан қаласы Қазақ хандығының
астанасы және түрік тілді халықты адамдардың
орталығы.
Бұл жерде Қазақстанның архитектураның
монументалды ескерткіштердің, қасиетті
орны болып есептеледі.
Түркістан қаласы діни орталықтардың
бірі, екінші Мекке ретінде маңызды болып
есептеледі.
Түркістан (қаз. تركستان) — Қазақстандағы қала.[2] Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы
қаланған. Есім
ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ
хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан
облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ
Теміріргетасын қалаған Қожа
Ахмет Иасауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Иасауи
өзінің уағызшылық қызметін жүргізген.
Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек
би, Абылай
хан, Есім хан, Хақназар
хан, Тәуке
хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай
батыртағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы
біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас
кезінде каланған. Археологтар Түркістан
қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп
отыр. Түркістан қаласының айналасындағы
аймақта тас дәуірі ескерт¬кіштері —
Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам
кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін
көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы
1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде
Қазақстанның басқа да өңіріндегідей
Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған.
Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Архео¬логтар
ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге
сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар-
да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған.
Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда
қарлұқтар мен оғыздардың қол астында
болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында
Хорасан билеушісі әл-Манун,
10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық
жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан
кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды.
Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен
кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет
Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі
басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті
орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы
Жібек жолының бойында, Дешті
Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық
жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге
адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың
қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне
ықпал етті. Ясы қаласы туралы деректер
13 ғасырда жарык көрген Киракос Гандзакенцидің
"Армения тарихы" атты еңбе¬гінде
кездеседі. Бұл еңбекте Ясы қаласы Асон
деген атаумен берілген. Ясы атауы 14 ғасырдан
бастап тарихи шығармалардың беттерінде
жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің
хабарларына қарағанда, 1388 жылы Ясыны
Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік
тайпаларының қасиетті мекеніне айналған
Қожа Ахмет Ясауи мазарын тонайды. Әмір
Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін
жаулап алған олжаның бір болігін Қожа
Ахмет Ясауи кесенесін салуға жұмсайды. Ясы орта ғасырларда
Орта Азия ғимараттары үрдісі бойынша
дамыды:қамал, шахристан, рабад қалыптасты.
15 ғасырдың 1-жартысында Шараф
әд-Дин Әли Иезди Ясыны шағын елді мекен болды деп атап
көрсетсе, ал 16 ғасырда Рузбехан
Исфахани "Михманнаме-и Бухари" атты шығармасында
Ясыны былайша суреттейді: "Аса қасиетгі
Қожаның сағанасы орналасқан Ясы қаласы
өрісі кең әрі құнарлы жер, Түркістан аймағының
орталығы. Ясы қаласына тауарлар мен қымбат
бағалы заттар жеткізеді де, сол жерде
оларды сату басталады. Сондықтан ол көпестердің
тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын
ор елге аттандыратын орын болды". 15—17
ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер
күмбездері салынып, олардың ішінде Рабига
Сұлтан Бегім (15 ғ), Есімхан (17 ғ.) күмбездері ерекше
маңызды болды. 1579 жылы Ясы қаласы Ақназар
ханның иелігіне айналды. Түркістан Есім
ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы
болды. Сол кезден Ясы қаласы Түркістан
деп атала бастады. 18 ғасырда жоңғар шапқыншылықтары
каланы құлдыратып жіберді. 1819—64 жылы
Түркістан Қокан хандығының қол астына
қарады. Сол кезеңде Түркістан қаласының
аумағы 10 гектарға жуық болды. Оны балшықтан
соғылған қамал қоршап тұрды. Қабырғада
12 мұнара мен 4 қақпа болған. 19 ғасырдың
60-жылдары Түркістанда 20-ға жуық мешіттер,
2 медресе, базар, 22 су диірмені, 5 мыңдай
тұрғыны болды. 1864 жылы 11 маусымда Түркістанды
Ресей әскер¬лері жаулап алды. 1872 жылдан
уездік қала аталды. 20 ғасырдың басында
Түркістан 1400 гектардай жерді алып жатты.
1903 жылы Түркістанда темір жолы вокзалы
салынды. 1908 жылы 3616 үй, 41 мешіт, 2 класты
қалалық училище, қыздар училищесі, 1 медресе,
23 мектеп, 2 шіркеу болған. Қала халқы 1910
жылы 15236 адам болды. Өнеркәсіп және сауда
орындарынан 1912 жылы мақта тазалайтын,
10 май шайқайтын, 8 сабын қайнататын, кірпіш
зауытттары, 15 су диірмені жұмыс істеді.
1918 жылы 6—9 каңтар аралығында Түркістанда
Сырдария облысы қазақтарының съезі етті.
Съез¬де Сырдария облысының Алаш автономиясына
қосылу моселесі каралды. Онда Сырдария
қазақтары Алаш автономиясына қосылған
жағдайда Түркістан қаласы Алаш астанасы
болады деген шешім кабылданды. Түркістан
қаласы 1928 жылдан Түркістан ауданының
әкімшілік орталығы. Қалада жөндеу-механик,
мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары,
темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұр¬мыс
қажетін өтейтін комбинаттар т.б. кәсіпорындар
жұмыс істейді. Саттар Ерубаев мұражайы
қызмет көрсетуде. 1991 жылы "Әзіреті
Сұлтан қорық-мұражайы" ашылды. Түркістанда
орта білім беретін мектептерден баска,
арнаулы білім беретін оқу орындары бар.
1991 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің негізі қаланып, қазіргі кезде еліміздегі
жетекші білім беру ордасына айналды.
ЮНЕСКО шешімімен Түркістан каласының 1500 жылдық
мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді
(2000).
Абай «Жиырма жеті жасында...» деген өлеңінде сүйікті ұлы Әбдірахманның ғылым іздеп, білімін жетілдіру барысында
Түркістан өлкесімен таныс болғандығы
жөнінде айтады.[3][4]
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі
XIV-XV ғ.ғ. Тамерланның бұрығымен құрылған
ЮНЕСКО әлем ескерткіштерінің тізіміне
2004 жылы енгізіліп, ежелгі қасиетті орындардың
ортағасыр сәулетінің киелі мекені. Мұсылмандарда
Қожа Ахмет Яссауи Мұхамедтен кейін екінші
болып саналады.
Барлық қалалық орталық Қазірет сұлтанының
тарихи-мәдени ордасы. Қожа Ахмет кесенесінен
басқа шығыс моншаны, кесене Тимур Рабидің
немересі -Сұлтан Бегім тұрған және басқа
ескерткіштер Құмшық ата үшін жер асты
үй болған жерді де қамтидфы.
Арыстан баб кесенесі – Қожа Ахмет Яссауидің
ұстазы жерленген орны болып келеді. Аңыз
бойынша, о дүниеге кетер алдында Мұхаммед
пайғамбар Арыстан бабқа аманат тас биғын
берді, ал ол 11 жастағы бала Қожа Ахмет
Яссауиге ұсынды. Арыстан баб кесенесі
жанында емдеу қасиеттері бар өте тұзды
сулы құдық бар. (Сайрам ауылы).
Ғайып берген құдығы – тереңдігі 40 метр.
Бұл суды тек жаны таза адам ғана толтырып
ала алады. Көбіне бұл қолдан келмейтін
іс, өйткені шелек не сынады, не су жан-жаққа
шашырайды. Бұл екі сынақты жолаушылар
Түркістанның киелі жерлерін аралап шыққан
соң барады. Бұл сынақ адам қаншалықты
жанын тазартқанын және Алла қаншалықты
оның сыйынуын естігенін тексеріледі
Түркістанның солтүстігінде 40 км шақырықта
Ұлы Жібек жолы бағытындағы ежелгі қала
Сауран (XVII ғ.) бейнелеу жазылымдары сақталған.
Ең қызықты сәулет ескерткіштері IX-Xll
ғ.ғ. Қарахандықтар дәуірімен байланысты.
Бұл Ұлы жібек жолының бағытында жақсы
дамыған қалалардың бірі, сәулет қазбалық
жұмыстарынан кейін тарихи мәдени Отырар
оазисі туристік объект болып келеді
Тарихи орын Ордабасы қазіргі уақытта
тарихи қорық ретінде қамтылған. К Здесь,
в 30 км от Шымкента, в начале XVIII ғ. Басында
Шымкенттен 30 км қашықтықта Батыс моңғолдарға
қарсы қазақтар бірңккен болатын.
Айша-бибі кесенесі – бұл жер бала көтере
алмайтын және мықты жанұя сұрайтын әйел
адамдар аса киелі тұтатын жер болып саналады
Сауран
Сауран қаласы туралы алғашқы ақпарат
Х ғасырға жатады. В X IV ғасырда Сауран
Ақ Орданың астанасы болды. Авторлар барлығына
тоқталып, Түркістан қорғандарының ішінде
Сауран қаласы климаты жағынан, қорғану
қамалдарымен, қаланың орнығуымен, жерімен
артық екендігін ескертеді. Қазіргі қалашық
солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа
550 м созылған қабырғамен қоршалған, қабырғадан
асып түсетін 4 дөңгелек 2 төбеден тұратын
елді мекен. Көлемі қоршаған ортаның үстінен
2-2.5 м созылған. Сақталған қабырғаның ұзындығы
шашамен 1400 метрді құрайды. Қаланың ішіне
екі қақпаны орналастырған. Қабырғаның
айналасы іші тереңдігі 1-3 м., қалыңдығы
15-20 м. Қалашықтың сақталуына байланыстыоңтүстік
қазақстандық ежелгі ортағасыр дәуіріндегі
өнердің ерекшеліктерін тануға мүмкіндік
береді.