Оңтүстік Қазақстан
облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты
8 орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі
мемлекеттік мекемелеріне бекітіліп берілген
мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі
3132294 гектар, оның 1553186 гектары орманмен
көмкерілген алқабын құрайды. Осы орман
қорында заңсыз ағаш кесуден, өрттен қорғау
және орманмен көмкерілген алқаптарын
ұлғайтуға бағытталған шараларды іске
асыру басты бағыт болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы
орман қоры жерлерінде сексеуіл алқаптарын
молайтудың 2012-2014 жылдарға арналған іс-
шара жоспарына сәйкес, 2012 жылы Арыс, Отырар,
Созақ және Шардара мемлекеттік мекемелеріне
қарасты шөлді аймақтарда сексеуіл ағашын
егу және тұқымын себу жұмыстары 17000 гектарға
жүргізілсе, таулы және тоғайлы ормандарда
978 гектарға ағаш егу жұмыстары орындалды.
Орманды молайту жұмыстары 2011 жылмен салыстырғанда
15609 гектарға артығымен орындалды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2011 жылғы 15 сәуірдегі №85 қаулысымен бекітілген
«Оңтүстік Қазақстан облысын көгалдандырудың
2011-2013 жылдарға арналған «Жасыл аймақ»
іс шара жоспары» аясында облыстың елді-мекендерін
көгалдандыру жұмыстарында 2011 жылы 7205
га жерге 3107,0 мың түп ағаш көшеттері егілсе,
2012 жылы 7534 га жерге 3164,4 мың түп ағаш көшеттері
егілді.
Орман шаруашылығы мекемелері орманды
өрттен қорғау және оны болдырмау жөнінде
іс-шаралар бойынша үгіт-насихат жұмыстарында
жергілікті ақпарат құралдары арқылы
70 рет теледидар мен радиодан хабарлар
берілді, 1600 дана буклеттер таратылып,
240 мақалалар газет беттерінде жарияланды.
Осындай атқарылған іс- шаралардың нәтижесінде
алдыңғы жылдармен салыстырғанда өрт
оқиғалары есепті жылы 2 есеге кемітуге
қол жеткізілді.
Орман қорғау мекемелері есепті 2012 жылы
орман қорында 546 рейдтік бақылаулар жүргізіп,
264 заң бұзушылық оқиғалары анықталып,
1551,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып
1378,6 мың теңгесі өндірілді.
Түркістан орман шаруашылығына қарасты
Сырдария өзені бойында 2169,0 га жері Сырдария
кешенді табиғи қаумалында Бұқар бұғыларын
жерсіндіріп өсіруде есепті жылы 8 бас
жас төл алынып бұғылардың саны 54 басқа
жеткізілді, жерсіндіру нәтижесінде 24
бас бұғы тоғайлы орманға еркіндікке шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2012 жылғы 5 қыркүйектегі №264 қаулысымен
Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік
табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі құрылды. Осы құрылған мемлекеттік
мекеменің жалпы орман қоры жері 119978,4
га, оның құрылымдық бөлімдері бойынша
Сырдария филиалының жері 47265,4 га, Түркістан
филиалының жері 36458 га және Боралдай филиалының
жері 36255 га болып белгіленді.
объектілердің санаттарға
бөлінуі және мемлекеттік экологиялық
сараптамаға тапсырылатын құжаттар
- ОҚО
табиғи ресуртсар және табиғатты пайдалану
басқармасы ІІ, Ш және ІV санатқа жатқызылған
объектілерге мемлекеттік экологиялық
сараптаманы жүргізеді.
ҚР Экологиялық кодексінің 40 бабы бойынша
жоспарланатын шаруашылық және өзге де
қызмет маңыздылығы мен толымдылығы бойынша
I, II, III, IV болып 4 санатқа бөлiнген:
I санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық
сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 1 және
2-сыныбына жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ
кең таралған пайдалы қазбалардан басқа
пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру
жатады.
Санитарлық сыныптауға сәйкес 1 сыныпқа
– 1000 м, 2 сыныпқа - 500 м санитарлық қорғаныш
аймағы белгіленеді.
II санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық
сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 3-сыныбына
жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ кең
таралған пайдалы қазбаларды өндiру, орман
пайдалану мен суды арнайы пайдаланудың
барлық түрлерi жатады. Санитарлық сыныптауға
сәйкес 3 сыныпқа–300м санитарлық қорғаныш
аймағы белгіленеді.
III санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық
сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 4-сыныбына
жататын қызмет түрлерi жатады. Санитарлық
қорғаныш аймағы – 100 м.
IV санатқа өндiрiстiк объектiлердi санитарлық
сыныптауға сәйкес қауiптiлiктiң 5-сыныбына
жататын қызмет түрлерi, сондай-ақ әуесқойлық
(спорттық) балық аулау мен аң аулауды
қоспағанда, жануарлар дүниесi объектiлерiн
пайдаланудың барлық түрлерi жатады. 5
сынып нысандарының санитарлық қорғаныш
аймағы – 50 м.
Негізгі тапсырылып жатқан құжаттар сипаттамасы.
Мемлекеттік экологиялық сараптама қарауына
негізінен облыс аумағында құрылысы жоспарланатын
шағын және орта кәсіпкерлік нысандары,
өндіріс орындарының жобалау материалдары,
қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің
жобалары, кең таралған пайдалы қазбаларды
барлау, өндіру жобалары тапсырылады.
Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің
жобалары пайдаланудағы кәсіпорындарға
жасалады.
Қоршаған ортаға әсердi бағалауды жасау
қажеттілігі. ҚР Экологиялық кодексінің
36 бабына сәйкес қоршаған ортаға әсердi
бағалау қоршаған ортаєға және халықтың
денсаулығына тiкелей немесе жанама әсер
етуi мүмкiн болатын кез келген шаруашылық
және өзге де қызмет түрлерi үшiн мiндеттi
болып табылады.
Қоршаған ортаға әсер ететiн шаруашылық
және өзге де жобаларды, қоршаған ортаға
әсерiн баєғаламай әзiрлеуге және iске
асыруға тыйым салынады. Әсердi бағєалау
нәтижелерiн жоспарлау алдындағы, жоспарлау
құжаттамасының, жобалау алдындағы және
жобалау құжаттамасының ажырамас бөлiгi
болып табылады.
Қоршаған ортаға әсердi бағалау мынадай
кезеңдердi қамтиды:
1) қоршаған ортаға әсердi алдын ала бағалау
(1-кезең);
2) қоршаған ортаға әсердi бағалау (2-кезең);
3) жұмыс жобасы құрамындағы «Қоршаған
ортаны қорғау» бөлiмi (3-кезең)
Қоршаған ортаға әсердi бағалаудың 2 немесе
3- қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерi
әзiрленедi.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға
жобалау құжаттамалары төмендегі құрамда
тапсырылады:
1) Сараптама жасауға өтінім;
2) Бұқаралық ақпарат құралдарында өтінімді
тапсырғаны жөнінде хабарландыруі;
3) Сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
3) Жұмыс жобасының түсініктеме жазбасы,
тиісті сызбалар, альбомдар;
5) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының;
6) «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі ;
7) Қоғамдық тыңдау хаттамасы (Iске асырылуы
қоршаған ортаға және азаматтардың денсаулығына
тiкелей ықпал етуi мүмкiн жобалар бойынша).
Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің
жобалары төмендегі құрамда тапсырылады:
1) Қоршаған ортаға эмиссия нормативтерінің
жобасы (түсініктеме жазба) алдын алынған
сараптама қорытындылары, эмиссияға рұқсат
қоса тіркеледі;
2) Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының қорытындысы.
Облысымыз аграрлы,
жеріміз суармалы жер болғандықтан, айналымнан
шыққан суармалы жерлерді қайта қалпына
келтіру мақсатында және облыс әкімі А.
Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес,
жалпы айналымнан шыққан жерлерді анықтап,
сол жерлерге баратын каналдар мен арықтардың
жағдайын зерттеп, толық түгендеу жұмыстары
нәтижесінде бірінші кезекте қалпына
келтіруді қажет ететін су шаруашылығы
нысандарын қалпына келтіру жұмыстары
атқарылды.
Облыс бойынша 3 жыл
ішінде су шаруашылығы нысандарын қалпына
келтіру жұмыстарының нәтижесінде жалпы
447 415 га суармалы жердің айналымнан шыққан
103 691 га жер толығымен қайта айналымға
қосылды. Оның ішінде 2011 жылы 6 су қойманы,
973,9 шақырымдық 128 каналды, 212,0 шақырымдық
31 қашыртқыны, 73 дана тік ұңғыманы қайта
қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп,
нәтижесінде 26661 гектар суармалы жерлер
қайта ауыл шаруашылығы айналымына қосылды.
2012 жылы 3 су қоймасы,
3 су тоғаны, 874 шақырымдық 104 канал, 450 шақырымдық
166 қашыртқыны қайта қалпына келтіру жұмыстары
жүргізіліп, нәтижесінде 36886 га суармалы
жерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарды
және 915 га жер ауыл шаруашылығы айналымына
жаңадан қосылды.
Оңтүстік Қазақстан
облысы аумағында орналасқан 41 су қоймасының
20 - республикалық меншікте, 13 - облыстық
коммуналдық меншікте, 1 - аудандық коммуналдық
меншікте , 7 - жеке меншікте.
Су тасқыны салдарынан
төтенше жағдайды болдырмау мақсатында
2011 жылы Созақ ауданындағы Бақырлы, Ақсүмбе,
Түлкібас ауданындағы Құлан, Төлеби ауданындағы
Текесу, Ақжар, Ащы су қоймаларында күрделі
жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2012 жылы
Қазығұрт ауданындағы Көкібел, Ағанай
су қоймаларында, Түркістан қаласындағы
Майдантал су қоймасында күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілді.
Жер бетiндегi судың
ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау,
су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын
санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық
талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер
дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде
ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi
белгiленедi.
Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша жалпы ұзындығы 4700 шақырымды
құрайтын 122 өзен бар. Оның ішінде су қорғау
аймағы мен белдеулерін орнатуға қажетті
ұзындығы - 4437 шақырым.
2005-2011 жылдар аралығында
облыс көлемінде жалпы ұзындығы
1952 шақырымды құрайтын 60 өзенге және 2012
жылы жалпы ұзындығы 745 шақырымды құрайтын
32 өзенге су қорғау аймақтары мен белдеулері
орнатылды.
VI. Жер учаскесінің
бал бонитетін бағалау
Бонитет
латын тілінен аударғанда «сапалылық»
дегенді білдіреді.
Бонитет-табиғи қорларды бағалауға,
сондай-ақ жануарлар әлемі мен өсімдіктер
дүниесін, жерді, топырақты, орманды тиімді
пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасын
бағалауға қолданылатын шартты көрсеткіш.
Бағалау табиғат қорларының нақтылы жеке
түрлерін есепке алу тұрғысында анықталады.
Мысалы, мал бонитеті малды тұқымдық
және өндірістік топқа бөліп, малдың өнімін
арттыру, тұқымдық сапасын жақсартуда
жаппай қолданылатын негізгі шаралардың
бірі.
Жер
салығының мөлшері салық салынған
жердің сапасына, құнарлығына және
оның орналасуына байланысты
дифференциалды түрде жердің
бір шаршы метріне, немесе бір
гектарына есептеліп бекітіледі.
Салықтың базалық мөлшері республика
заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп
және де басқа өндіріс саласындағы
жерлерге салынатын жер салығының
базалық ставкалары бір гектарға
шаққанда бонитет балына бара-бар
сарапталып бекітіледі. Мысалы, Қостанай
өнірінде топырақтың бонитеті 32
балл,Солтүстік Қазақстан облысы
жерінің бонитеті-55, Ақмола облысында
топырақ бонитеті-40 баллдан асады.Озық
технологияның артықшылығын осыдан-ақ
бағалай беруге болады.
Жер салығын
айқындау үшін жер учаскісінің
алаңы салық базасы болып табылады.
Салық мөлшерлемелері жердің
сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз
етілуіне қарай, топырақ сапасы
бойынша сараланған және жер
алаңының бір өлшеміне- гектарға,
шаршы метрге белгіленген. Жерлерге
салынатын базалық салық мөлшерлемелері
салық заңңамасымен белгіленеді.
Ең жоғарғы мөлшерлемелер елді
мекендердің жерлеріне белгіленеді;
бұл мөлшерлемелер алаңның бір
шаршы метріне белгіленген және
елді мекендердің түрлері бойынша;
елді мекендердің жеріне, тұрғын
үй қорының жеріне, соның ішінде
оның іргесіндегі құрылыстар
мен ғимараттар алып жатқан
жерлерге белгіленеді. Жеке тұлғаларға
қора-қопсы салынған жерді қоса
алғанда, өзіндік үй шаруашылығын,
бағбандық және саяжай құрылысын
жүргізу үшін берілген ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жерлеге
базалық салық мөлшерлемелері
мынадай мөлшерде белгіленген: [3,-52-б]
- алаңы 0,50 гектарға дейін қоса
алғанда-0,01 гектар үшін 20 теңге
- алаңы 0,50 гектардан асатын алаңға-0,01
гектар үшін 100 теңге
Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіптік
және басқа салалық мақсаттағы жерлерге
мөлшерлемелер алаңның бір гектарына
есептеліп бонитет балына бара-бар түрде
жер салығының базалық мөлшерлемелері
1-ден 100 балға және одан жоғары болып белгіленген.
Елді мекендер түрлері және учаскілердің
мөлшерлері бойынша сараланған үй іргесіндегі
жер учаскілеріне жекелеген базалық мөлшерлемелер
белгіленген. Жергілікті өкілді органдардың
жер заңнамасына сәйкес жер салығының
базалық мөлшерлемелерінің 50 пайызынан
аспайтындай етіп түзетуге, яғни төмендетуге
немесе жоғарылатуға тыйым салынады.
Қызметтің игіліктік және әлеуметтік
сипатындағы төлеушілері анаттарының
бірқатары салықты есептеген кезде базалық
мөлшерлемелерге 0,1 коэффицентті қолданады.
Сонымен бірге жер салығын төлеушілер
жер учаскісін немесе оның бір бөлігін
жалға өзге негіздерде пайдалануға
беру немесе коммерциялық мақсаттарда
пайдалану негізінде салықты 0,1 коэффициенті
қолданбай есептейді.
Қара шіріндінің
мөлшері
Берілген кестемен
қара шіріндінің мөлшерін өлшегенін анықтаймыз
(2012жыл)
Жер құнарлығының түрлері |
Ауданы
S га |
Базалық ставкасы жерге төленетін
теңгемен 1 га |
Түзету коэффициенті
|
Нарықтық құны теңге |
Балл бонитет |
Қою қызыл қоңыр |
|
|
|
|
|
Суармалы жерлер |
0,9 |
126,9 |
1,5 |
171,3 |
82 |
Барлығы |
0,9 |
|
|
171,3 |
|
Қара шіріндінің құрамы:
= 21х3,40+14х2,41+15х1,97
= 134,7 =
2,7%
50
50
Түзету коэффициенттер:
Ауыр сазды топырақтың механикалық
құрамы - 0,95
Натрийдің мөлшері (болмауы)
– 1,0
Топырақтың тұзссыздығы – 1,0
Тастақ (болмауы) - 1,0
Қуатты топырақ (100 см тереңдігі)
– 1,0
Гидроморфностік (жер асы суы
6 метрден терең) – 1,0
Суармалы шаруашылық жерлердің
балл банитеті мына формула бойынша анықталады:
Б = 2,7 %
х 100 х 0,95 х 1,9 х 1,9 х 1,0 х 1,0 х 1,0 = 82 балл.
2,5% (эталон)
Сөйтіп
жердің сапасы 82 баллмен бағаланады.
Жер топырақ (топырақ) жоғары табиғи
құнарлықпен сипатталады.
Топырақ бонитетінің
(1979 ж) Мемлекеттік әдістемесі
Топырақ бонитетін анықтайтын
(1979) Мемлекеттік әдіс мына формуламен
анықталады:
Топырақ бонитеті =
(VI)
Мұндағы:
К –дегеніміз топырақ критерилері
Қарашірінді
Кмех.құр- механикалық құрам
КNа- кебірлік
Ктұз- тұздылық
Ктас- тастылық
Ктоп.қаб.- топырақ қабаттылығы