Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2014 в 21:43, курсовая работа

Краткое описание

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау Жер кадастрының мәліметтері жүйесіне кіреді. Мемлекеттік Жер кадастрының деректері жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлаған, жерге орналастырған, шаруашылық қызметін бағалаған, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да шараларды жүзеге асырған кезде сүйенетін негіз болып табылады. Ол деректер жер үшін төлем мөлшерін анықтау кезінде, құқықтық және басқа кадастрды жүргізген кезде пайдаланылуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысының агроклиматтық ресурстары
Жер бедері
Климаты
Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Оңтүстік Қазақстан облысының жер ресурстары
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатынаарналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер
Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер
Орман қорының жері
Су қорының жері
Босалқы жер
Жер учаскесінің бал бонитетін бағалау
Оңтүстік Қазақстан облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қорытынды

Прикрепленные файлы: 1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры.docx

— 219.39 Кб (Скачать документ)

Қалашықта табылған тиындар және керамика Қазақ Орталық Мемлекеттік музейінде сақталған.   

 

      1. Орман қорының жері

Оңтүстік Қазақстан облысының орман қоры

Оңтүстік Қазақстан облысы ормандарының негізінен су қорғау, топырақты қорғау, эрозияға қарсы маңызы бар. Бұдан басқа тұрғындар орманда ағаш сүрегін,  техникалық және дәрілік шикізатты, жемістерді, жидектерді дайындайды, мал бағады, бал арасын ұстайды, жабайы жануарларды аулайды,отын ретінде тұрмыста және құрылыста пайдаланады.


N

п/п

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар

Ауданы, 
гектар

Орналасуы

Уәкілетті органдар

1

Ақсу-Жабағылы 
мемлекеттік табиғи қорығы

131934

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас,Толе би ж\е Байдібек 
аудандары, 
Жамбыл облысының Жуалы ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

2

Каратау 
мемлекеттік табиғи қорығы

34300

Түркістан ауданы ж\е Түркістан қаласы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

3

Сайрам-Өгем 
мемлекеттік

 ұлттық табиғи парк

149053

Қазығұрт, Төле би, Түлкібас аудандары

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

4

Ақдала мемлекеттік 

табиғи қорықшасы 
(ботаникалық)

3000

Арыс ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

5

Жамбыл 
мемлекеттік табиғи қорықшасы 
(ботаникалық)

8600

Байдібек ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті


п/п

Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар

Ауданы, 
гектар

Орналасуы

Уәкілетті органдар

6

Задария 
мемлекеттік табиғи қорықша 
(ботаникалық)

8400

Арыс ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

7

Боралдай 
мемлекеттік табиғи қорықша 
(ботаникалық)

52500

Түлкібас ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

8

Тимур 
мемлекеттік табиғи қорықша 
(ботаникалық)

4000

Отырар ауданы

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

9

Арыс ж\е 
Каратау 
мемлекеттік қорықтағы зона

404000

Арыс, Отырар, Шардара аудандары

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті

10

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік қорықтағы зона

6258000

Жамбыл облысының Сарысу ж\е 
Шу аудандары,  Қызылорда облысының Жанақорған ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Созақ,Сарыағаш, 
Ордабасы аудандары

ҚР ауыл шаруашылық министрлігі, аңшылық ж\е орман шаруашылығының комитеті


 

 

  • Ақсу канионы Орта Азиядағы ең терең каниондардың бірі болып табылады. (оның тереңдігі 300 ден 500 м дейін, жоғарғы шеттері 800 м, ал ұзындығы – 30 шақырымды құрайды.) Канионға түсу өте қиын, өзеннің жағалауы тасты және одан сайын қиындата туседі. Күн көзіне жақсы жылынған тау өзендері мен жартастар ауаныңы ылғалдылығын сақтап, канионда кәдімгі оранжереялы климат түзеді және қорықтың басқа дерлерінде өсімдіктерден бөлек канионда қылқан жапрақтыларды, папоротниктерді кездестіруге болады

  • Қаратау қорығы, Қаратау тау жоталарының орталық бөлігінде орналасқан. 2004 ж. ұйымдастырылған. Аумағы 34,3 мың га. Қорықтың солтүстік-шығысында Созақ ауданы бар, батысында Байалдыр және Түйетас, оңтүстігінен Талдыбұлақ, ал ұзына бойына Жыңғылшық өзендері ағып өтіп, Қараағаш тау жотасына ұласады. Ал Қаратау қорығының Берікқара шатқалында ғана өсетін Берікқара терегі – өте сирек кездесетін эндемик, реликті түр болғандықтан қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қорықта өсімдіктердің 1666 түрі өсетіні анықталған, оның 153 түрі – эндемик.

Қаратаудың  тау беткейлерінде және жазықтарыда, тұзды сортанды жерлерде, өзен анғарларында қалың шеңгел кездеседі. Тауларда шие, тобылғы, итмұрын, зірік, куриль шайы, ырғай, қара арша, тобылғы гүл мен қылшалар кездеседі. 
Субальпілік шалғындар жатаған аршалар белдемінде тараған.  
Қаратаудың күнгей беткейінде, Сырдарияның бойында қалың орман, тоғайлар кезедеседі.

Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі.

Қаратау мен Батыс Тәніртаудың сайжыраларында  Іле талы, сонымен қатар талас терегінің ормандары бар. Қаратау мен Машат тауларынын кейбір аңғарында Тянь-Шань қайыңы мен талас қайыңының,аршаның  үш түрі бар: қара арша, сауыр және Түркістан аршасы. Түркістан аршасы  1200 — 2000 м  Қаратау мен Машаттағы кішкене "арша аралдарында» өссе, сауыр арша 1600 — 2500 м 
биіктіктегі белдемде,  Қара арша 1700 — 3000 м белдемдерінде кең тараған.Тау беткейлерімен жоғары  көтерілген сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер көбейе түседі. 
Қаратаудың далалық,  саванналық фриганойты өсімдіктер бірлестіктеріне жататын бұталар — тобылғы, бал қараған, тобылғылардың  гүлдері болады.

Теректі тоғай

Өгем өзенінің Азартеке шатқалынан әрі қарай шығысқа қарай созылған жайпақ арнасының ең бір көрікті жері – Теректі тоғай шатқалы.

Аршалы ормандар

Ақсу Жабағылы қорығы теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан. Негізгі биік аймақтары өзінің таңқаларлық бейнелерімен жартылай шөлейттер ылғалды жазықтармен алмасып аршалы ормандарына өтеді. Ылғалды даладағы бай жазықтар аршалармен астасып жатқан жіңішке бұталардың өсуіне қолайлы жағдай туғызған. Көздің жауын алатын қатаң қарлы шыңдардың бөктерінде түрлі түсті альпі гүлдері жайқалып өскен.

Тоғайлы ормандар (тоғайлар) – құрғамайтын өзендердің бойымен созыла өскен өзен жағасынан небәрі бірнеше ондаған метр аумақта орналасқан ұзынша келген ерекше оазистер. Сырдария тоғай өсінділерінің негізгі түрлері жиде нулары, тамариска және тұраңғы, әйгілі азиялық таусыншақ терек кездеседі.

Оңтүстіктің шөлейтті жеріндегі сексеуілді орман

Шеті көзге шалынбас құладүзді құлазудан құтқаратын табиғаты айрықша ағаштың бұл түрі негізінен оңтүстік өңірінің Түркістан, Шардара, Отырар, Арыс, Созақ аймақтарында өседі. Облыста сексеуіл 2941600 гектардан астам алқапты алып жатса, оның басым бөлігі Созақ ауданының аумағында – 1599200 га.

Сексеуіл алқабын сауықтыра отырып, бұл өңірде молайту шаруасымен Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі айналысады. Ауданның жер көлемі 4 миллион гектар болса, оның 1 млн. 200 гектары осы мекеменің иелігіне тиесілі. Осыншама кеңдікті ен жайлаған орман қорының бір шеті Жамбыл облысындағы Мойынқұмның толқынды құм жоталарынан басталады. Екінші ендігі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданына барып тіреледі. Шөлейтті, құмды далада табиғи өсетін қатты ағаш тұқымдасқа жататын сексеуілдің жалпы ақ, қара, Зайсан деп аталатын үш түрі бар. Созақта соның алдыңғы екеуі өседі. Ағы құмды төбелерде, қарасы тегіс жазықтарда бітеді. Оларға баяу бой көтерер кірпияздық тән. Жиырма бес жылда 1,5-2 метрге дейін өседі. Осы кезде ғана пісіп-жетілді деп есептеледі.

Былтыр Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері ұйымдастырған 108 рейдтің нәтижесінде орман заңнамасын бұзушылықтың 31 оқиғасы тіркелді. Келтірілген зиян 1868553,5 теңгені құрады.

Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Батыс Тянь-Шань алабында – Талас Алатауы, Қаратау мен Өгем жоталарында негізінен жерге төселіп өсетін қылқан жапырақты арша ағашы, ал бұталардан – басқа жерлерде кездеспейтін алша, пісте, долана, таудың ортаңғы және төменгі белдеулерінде алма, грек жаңғағы, алмұрт, үйеңкі, өрік ағаштары өседі.

СЕКСЕУІЛді ормандар

Көлемі жағынан Қазақстан Ормандарының жартысынан астамын (52,2%) шөлді аймақтардағы сексеуілді Ормандар алып жатыр. Сексеуілдің Қазақстанда 2 түрі (қара сексеуіл мен ақ сексеуіл) өседі. Қара сексеуіл бүкіл Бетпақ даланың батысында, Сарысу өзені бойының орталығында, Іле өзені сағасының оң жағалауында және Шу өзені мен Мойынқұмның аралығында таралған. Ақ сексеуілді Орманды алқаптар Қарақұмда, Мойынқұмда, Балқаш төңірегі мен Қызылқұмда өседі. Сексеуілден басқа Қазақстанның шөлді аймақтарын кесіп өтетін Сырдария, Шу, Іле, т.б. өзендердің бойларында түрлі ағаш-бұталар (терек, тобылғы, жыңғыл, шетен, емен, шегіршін, тал, т.б.) өсетін тоғайлы ормандар кездеседі

Жыңғылды тоғай

Жыңғылдың ақшыл сарғыш түстi дiңi қолөнер бұйымдарын iстеуге таптырмайтын материал болып есептеледi. Ол Сарыағаш ауданының шөлді, шөлейтті, өзен бойында, тоғай арасында өседі.  
Қаратаудың бойында да жыңғылды тоғайлар бар.Отпан таудың етегiндегi сондай бiр тоғайға Жыңғылды деп аталады.

Дендросаябақ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 24 наурызда «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» кәсіпорны құрылған болатын. Орман шаруашылығы мекемелерінің орман қоры жер көлемі 1990 жылдары 3044,0 мың гектар болса, соңғы 20 жыл ішінде 88,1 мың гектарға ұлғайып,  3132,0 мың гектарға жетіп отыр.


 

      1. Су қорының жері

Облыс Сырдария өзені (жалпы ұзындығы 2219 км, оның ішінде Қазақстан аумағынан өтетіні 1400 км) бассейнінде орналасқан. Оның саласы болып табылатын Арыс (378 км), Келес (241 км), Бөген (164 км) өзендері бұл өңірдің аса ірі өзендері қатарына жатады. Облыс аумағынан Орта Азияның ірі өзендерінің бір Шудың төменгі ағысы өтеді. 
Облыста көптеген шағын, негізінен тұзды көлдер бар. Оның ішінде ең үлкені Ақжайқын көлі (алаңы 48 шаршы км). Негізгі және тұрақты су көздері реттелген өзен саласындағы жасанды су қоймалары болып табылады. Атап айтқанда, Сырдария өзенінде - Шардара (алаңы 400 шаршы км, су көлемі 5200 млн. текше метр), Бадам өзенінде - Бөген (67 шаршы км және 377 млн. текше метр), Бадам өзеніндегі - Бадам (4,7 шаршы км және 61,5 текше метр) және т.б. су қоймалары.  

 

    1. ОҚО Жер ресурстарын бағалау (топырақ бонитировкасы, жердің экономикалық құнын есептеу)
      1. Ауыл-шаруашылығы мақсатындағы жер

Ауыл шаруашылығы. 2012 жылдың қаңтар-қазанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, қолданыстағы бағада, 199,9 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5% – ға кеміген. Оның ішінде мал шаруашылығы – 95,8 млрд. теңге (101,8%),  егін шаруашылығы – 103,2 млрд. теңгені (96,0%) құрады (Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, егін шаруашылығының кему себебі ауа-райының қолайсыздығынан күздік және жаздық дәнді дақылдардың толық көлемде егілмеуі есебінен орын алды (өткен жылы қыс мезгілінің ерте басталып, көктем мезгілінің кеш шығуы және құрғақшылық болуы). 
Облыстың ауылшаруашылық тауар өндірушілері 139,7 мың тонна - мал және құс етін (тірі салмақта), немесе 2011 жылдың  тиісті кезеңіне – 103,2%, сүт – 571 мың тонна, немесе 100,6%, жұмыртқа – 236 млн. дана, немесе 104,6% өндірді.  
2012 жылдың 1 қарашасында облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 902,1 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 101,3%, қой – 3708,3 мың бас, немесе 101,2%, ешкі – 393,7 мың бас, немесе 95,0%, жылқы – 198,7 мың бас, немесе 108,0%, түйе – 21 мың бас, немесе 103,2%, шошқа – 50,1 мың бас, немесе 110,6%, құс саны – 2409,4 мың бас, немесе 96,3% құрады.

 

Ауылшаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері

(шаруашылықтың барлық санаттары)

Көрсеткіштер

2011

2012

Ауылшаруашылық дақылдарының жалпы өнімі, мың тонна

Дәнді дақылдар, барлығы (есепке алынғаны)

408,0

371,3

Оның ішінде:  бидай

290,7

244,1

                        арпа

22,1

14,9

Майлы дақылдар - барлығы

60,4

78,8

Картоп

155,3

188,2

Көкөніс

555,3

633,1

Өнімділігі,  ц/га

Дәнді дақылдар - барлығы

21,2

17,6

Оның ішінде:  бидай

19,3

14,7

Картоп

151,4

152,3

Көкөніс

217,6

213,1

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндіру, мың тонна*

Мал мен құс (өткизилген, сойысқа тірідей салмақта)

83,1

84,6

Сиыр сүті

607,0

624,9

Тауық жұмыртқасы (млн. дана)

243,2

267,3

Қойдын жүні

6,6

6,9

Жыл соңына мал мен құстың басы,  мың бас*

Ірі қара мал

749,2

803,8

Оның ішінде:  сиырлар

320,5

327,5

Қойлар мен ешкілер

3570,7

3656,8

Шошқалар

34,8

37,5

Жылқылар

151,9

156,4

Құстар - барлығы

2282,4

2443,3

Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының жер кадастры