Литосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 11:37, лекция

Краткое описание

1.Литосфера және Жердің құрылысы
2.Заттардың үлкен айналымы және ондағы адамның рөлі
3.Қолайсыз (жағымсыз) экзогендік құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеті

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция (Автосохраненный).docx

— 80.71 Кб (Скачать документ)

-физикалық деградация (батпақтану, халық тығыз қоныстануы)- 1%

Топырақ деградация дәрежесі- әлсіз, умереннная, күшті, өте күшті болып бөлінеді.

Топырақ қабатының негізгі деградацияға ұшырау себептері- орманды кесу, қырқу, ауыл шаруашылығын жоспарсыз дамыту.

3.Әлемнің жер ресурстары  және оларды қолдану.

Жер бетінің, жалпы құрлықтың алып жатқан ауданы-149 млн км2. Оның ішінде-16 млн км2 мұздықтар алып жатыр, ал мұздықтардан босаған жерлер-13,3 млн км2. Құрлық жерінің 64%- халық шаруашылығы тиімді жерлер, яғни 95 млн км2 жер. 10%- жер егістігі, егілген, жайылым- 20%, ормандар-30%, ұолайсыз жерлер, халық шаруашылығына тиімсіз жерлер- 40% құрлық бетін алып жатыр.Яғни, ауыл шаруашығына қолданатын жерлер- егістікке, жайылымға қолданатын жерлер-құрлықтың 37% алады.

           Әлемнің жер ресурстарын пайдаланудағы  өзгерістер.

 

1700 жыл

1980 жыл

Ормандар

62 млн км2

50 млн км2

Жайылым

68 млн км2

68 млн км2

Егістік

3 млн км2

15 млн км2

Қорыта келгенде барлығы

133 млн км2

133 млн км2


 

Жерді қолдану – 1700 және 1980 ж дүние жүзі бойынша жыл басына шаққанда 0,41-0,48 га келеді.Бірақ дүние жүзі бойынша халық санының күрт өсуі, халықтың жан басына шаққандағы жерге деген үлес салмағы төмендеді. 1980 ж жан басына шаққанда- 0,34 га. 1990 ж. Жан басына шаққанда-0,29 га келді.

Ал, 2030 ж.Египет,Эфиопия,Нигерия,Пакистан,Бангладеш,Индонезия секілді мемлекеттер жер жан басына шаққанда 0,02-0,05 га келеді.Яғни, жерге деген сұраныс арта береді.Жерді қолданылмайтын жерлер: ылғалды экваторлық ормандарда Оңт.Америка және Африкада бар.Африканың бірау бөлігі цеце деген шыбынның тарауына байланысты ауыл шаруашылығы дамыта алмай отыр. Цеце шыбыны- ауыл шаруашылығы дамыған жерлерде болатын ауру туғызатын шыбын.Сонымен қатар таулы аудандарда ауыл шаруашылығын игеру қолайсыз болып отыр.

                     Жерді пайдаланудағы геоэкологиялық проблемалар.

Жерді пайдаланудағы геоэкологиялық проблемалар су және жел эрозиясынан туындап отыр.Эрозия процестері табиғи жолмен де жүріп отырады.Яғни эрозия дегеніміз- бұл табиғи геоморфологиялық құбылыс,ғаламдық биогеохимиялық айналымда су маңызды роль атқарады.Жерді маңызды пайдалану көздері- тамақ өнімдерін өндіру. Дүние жүзінде халық санының өсуі және олардығ жұтылу қажеттілігінің өсуі құнарлы жерге деген сұранысты арттырып отыр.Ол негізінен екі факторға тәуелді: ауыл шаруашылығын жүргізуге болатын жер көлемі және осы жерлердің әрбір шаршы жерінің құнарлы болуы.

             Тамақ өніміне деген сұраныстың артуы жер ресурстары және олардың стратегиялық жағдайына әлем экономикасына ықпалын тигізуде.Әлем халқының ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыру үшін жер көлемін ұлғайту емес, сонымен қатар қолданыстағы жерлердің топырақ қабатының құнарлығын арттыру болып отыр. 

             Эрозия процестерінің жүруі шөлейт және шөл аудандарда жақсы байқалады. Мұндағы ылғал мөлшері 250-500 мм(жылына) осы ылғал мөлшері топырақ эрозиясының туындауына да әсерін тигізеді.Табиғи жолмен топырақтың су эрозиясына таралуы, географиялық зоналарға байланысты болады.Жел эрозиясының жоғары дәрежеде болатын аймағы- шөлейт және шөл зоналарында. Салыстырмалы түрде қарағанда жел эрозиясы, су эрозиясына қарағанда төмен.Су эрозиясы басым болып келеді, екі есе басым артық.

-Ресей жерінің жартысына  жуығы су және жел эрозиясына  ұшыраған.Бұрынғы СССР тер-қ жерлері 5 млн га жері топырақ эрозиясына  ұшыраған.Астық өнімділігі 40% аспайды.Ал  АҚШ-та 200 жыл ішінде топырақ қабатының  жоғары бөлігінің 1/3 эрозия процесіне  ұшырап, өнімділігі 10-15% төмендеген.

-Дамушы елдерде топырақ эрозиясы өте қарқынды жүруде.Мыс: Ева аралдарында соңғы 10-15 жыл ішінде  өнім алу жылына 4% болып отыр, бұл топырақ қабатының мүлдем құнарсыздығын көрсетеді.

Топырақ эрозиясының жүру, болу себептері- ауыл шаруашылығын дамыту болып отыр.Су эрозиясынан жылына дүние жүзі бойынша 90 млрд т топырақ жойылып отырады.Ал табиғи жолмен салыстыратын болсақ дүние жүзі өзендері жылына 22 млрд т қатты заттар тасымалдайды.Яғни, 5 есе көп антропогендік жолмен топырақ эрозиясы жүріп отырады.

-Қытайдың шығысында,орталығында  жылына су өте мол түседі.Осы  территорияда ауыл шаруашылығы  өркендеуіне байланысты,ж-ш болған  кездері, қопсытылған құнарлы топырақты  сел арқылы Хуанхэ өзені ұлы  мұхиттарға құйып отырады.Осыдан 1000-2000 жыл Хуанхэ өзенінің суымен тасымалданатын ағын нормаға, талапқа сай болатын.Бірақ топырағы борпылдақ болғандықтан, су эрозиясының деңгейі жоғарылай түседі.Жылына 1 млрд т.зат тасымалдайды.Судың тұнықтығы 1 т/м3. Әлем мұхитына

                Минералды шикізаттарды пайдаланудағы  геологиялық селдер.

Өсімдік әлемі даму үшін белгілі бір мөлшерде биогенді заттар; азот, фосфор қажет.

Табиғи жағдайда экосистемадағы биогендік заттар өздігінен реттеліп отырады.Бірақ ауыл шаруашылығына қолданатын жерлерде су қолдану және жытру барысында топырақ қабатында минеральды заттар шайылып немесе ұшып кетіп отырады.Яғни, ауыл шаруашылығында топырақ қабатының табиғи айналымын бұзады.Дүние жүзі бойынша жылына астық өнімінен 40 млн т азот минералы шайылып кетеді.Негізінен алғанда минералды шикізаттарды қолдану сол жердің табиғи ерекшеләіктеріне де байланысты.

          Минералды тыңайтқыштарды өндіру және қолдану 1950-1990 ж аралығында 10 есеге өсті.Дүние жүзі бойынша 1993 жылғы көрсеткіш бойынша 1 га егістік жеріне 83 кг минералды тыңайтқыштан келеді.Минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың тек пайдалы жағы ғана емес, зиянды жағы да бар,қоршаған орта нитриттермен ластанады. Нитриттендің адам денсаулығына ғана зияндылығы өте жоғары.

                  Пестициттерді қолданғандағы геоэкологиялық  проблемалары.

Егілген астық және бау- бақша өнімдерінің көп бөлігі әртүрлі аурулардан, зиянкестерден дұрыс өнім бермейді.Кейде астық өнімінің жартысына жуығы осындай аурулар мен зиянкестердің салдарынан болады. Ауыл шаруашылығы зиянын тигізетін зиянкестермен күресті әртүрлі химиялық заттар яғни пестицидтер қолдану арқылы жүзеге асады.Мыс: АҚШ –та ауыл шаруашылығында патогенных грибов и бактериялардың 160 түрі, вирустың 250 түрі, 8000 насеком жіне бүрге, арам шөптердің 2000 түрімен күреседі.Пестицидтер дегеніміз- бұл барлық зиянкестермен және әртүрлі насекомдармен күресуде қолданатын химиялық заттардың атауы.Ал гербицидтер- арам шөптер, кеміргіштермен және грибоктармен күресу үшін қажет.Пестицидтерді қолданушылар ауыл шаруашылығы.1989 ж СССР тер-да егістік алқаптарының 88% пестицидтермен өнделді. Дүние жүзі бойынша 180 пестицидтер түрі қолданылады. Ауыл шаруашылығында пестицидтерді қолдану тиімді болғанымен, оның қоршаған ортаға тигізер зияндылығы да өте жоғары. Бүкіл әлемдік Денсаулықты сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша (ВОЗ) жыл сайын пестицидтерді қолдану барысында 20 мың адам қайтыс болады және 1 млн адам уланады.Сондықтан болашақта ауыл шаруашылығында химиялық заттарды қолдануға тиым салып, биологиялық жолмен күресуді жолға қою керек.

Топырақ тығыздығы:Ауыл шараушылығын интенсивтендіру жолдары- техникалы немесе қол еңбегін қажет қолдану.Техникамен ауыл шаруашылығын өркендету қазіргі кезде кеңінен жолға қойылған.Дүниежүзі бойынша 30 млн трактор қолданылады екен, комбаин, тырма, ауыр машиналарды есептегенде. Осы ауыр ауыл шаруашылығына қажетті көліктерді пайдалану, топырақ қабатының құрылысы және құрамы өзгереді. Осының нәтижесінде өсімдік әлемінің тамырына зиян келіп, топырақ қабаты құнарсызданады.Бұл процесс топырақ қабатының жоғарғы бөлігінде қарқынды жүреді.

                   Суландыру жүйесінің геоэкологиялық  проблемасы.

Қолмен суару алынатын өнімнің санымен сапасы және тұрақтылығын арттырады.  1995 ж. Суғарылатын жерлердің көлемі дүние жүзі бойынша 250 млн га құрайды. Бұл барлығы суарылатын жердің 1/3 бөлігін қамтамасыз етеді.Суландыру жүйесі ежелгі цивилизацияның өркендеуіне әсерін тигізді.Негізгі суландыру жүйесі ХХғ.  5-6 есеге күрт өсті.ХХ ғ басында дүние жүзі бойынша суару жүйесі 40 млн га көбейді. Суғару жүйесінің көбеюі, халық санының курт өсуіне ықпалын тигізді.Бірақ қазіргі кезде суғару жүйесі біршама төмендеді.Себептері:

-Суғару жүйесін енгізуге  қажетті жаңа қондырғылардың  қымбат болуы, орташа құны 1000-2000 доллардан  келеді.

-Су ресурсының дефицит болуы.

-Суғару жүйесіне сәйкес  келетін жердің жоқтығы

-Суғару барысында топырақтың  тұздану, батпақтану, су басудан  топырақ құнарлығын жоюы.

-суғару жүйесінің деградациясы.

-Суғару жүйесінің басқа  жүйелермен салыстырғанда инвестиция салудың тиімсіздігі келетін пайда шамалы.

  Суландыру жүйесі- бұл  адамзаттың дамуы үшін жақсы  жағдай туғызады, бірақ бір кезеңде  геоэкологиялық проблемалар да  туғызады.Мыс: дүние жүзі бойынша  суғарылатын жердің ¼ бөлігі  деградацияға ұшыраған.Орыс ғалымы  Н,Ф.Глазовскийдің зерттеуі бойынша  жыл сайын суғару жүйесіне  байланысты егістік алқаптарда 2 млрд т тұз жиналады.

Ауыл шаруашылығындағы геоэкологиялық тұрақтылық- топырақ құнарсыздануының, негізгі көзі- ауыл шаруашылығы болып отыр.Топырақ құнарлығын арттыру барысында- минералды шикізат, пестицид және қолдан суару, әртүрлі ауыл шаруашылығы минералын қолдану топырақ қабатының деградацияға ұшырауына әкеледі.

            Ауыл шаруашылығы барысында топырақ  қабатының құнарсыздануын көптеген  бай немесе кедей мемлекеттерде  орын алып отыр.Мыс: АҚШ-ң Айова  штатында соңғы 150 жыл ішінде топырақ  қабатының жартысының құнарлығы  шайылып кеткен.Бір қап жүгері  өнімін алу үшін эрозия салдарынан  екі қап топырақтың құнарлы қабаты эрозияға ұшырайды.Ауыл шаруашылығы дамыған ірі 4 мемлекет: АҚШ,Қытай, Индия,бұрынғы КСРО мемлекеттерінің топырағының жартысы құнарсызданған.

          Бірақ топырақ қабатының құнарсыздануына  қарамай, ауыл шаруашылығы әлем  халқын тамақпен қамтамасыз етуі  керек.Сондықтан геологиялық тұрақты  ауыл шаруашылығын өнімдерін  алуға көшу керек.Бұл жағдайларға  адам санын реттеу, тамақ өнімдерінің  сапасын арттыру, ауыл шаруашылығына  бөлінетін қаржыны дұрыс бөліп,  ауыл шаруашылығана пайдалану.Сонымен  қатар, ауыл шаруашылығына қолданатын  минералдық тынайтқыштар, пестицидтерді  органикалық заттармен алмастыру,бұл  өнімнің саны кеміткенмен сапасын арттырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:           Табиғи – техногендікижүйелердің геоэколгиялық проблемалары.

1.Табиғи- техногедік жүйе.

2.Урбанизациялардың геологиялық  аспектілері 

3Энергетиканың геоэкологиялық  аспектілері.

4.Өнеркәсіптің геоэкологиялық  аспектілері.

5.Транспорттың геоэкологиялық  аспектілері

6.Ауыл шаруашылығының  геоэкологиялық аспектілері.

     Адамзаттың  қарқынды әрекеті нәтижесінде, жердің  дамуының бүкіл тарихында және  соңғы 50-100 жыл ішінде тек қана  табиғи жолмен емес, сонымен қатар  техногендік процестердің әсерінен  де өзгеріске ұшырап даму үстінде. Бұл даму жүйесін табиғи- техногендік  жүйе деп атауға болады.Бұл  жүйелерге: қала және селолық  елді-мекендер, ауылшаруашылық жүйелері, индустриальды зоналар және жеке  өнеркәсіп орындары, көлік және  көлік коммуникациялары, энергетикалық  жүйе, тау-кен өнеркәсібі және  рекреациялық жүйелер және т.б.

      Табиғи- техногендік  жүйелер, ежелгі Рим  мемлекеті кезінде, өнеркәсіп орындары дамып, қоршаған ортаға өз әсерін тигізді.Табиғи- техногендік жүйелер аз жерді қамтыса да экосфераға және оның құрамына тигізер әсері орасан зор.Дегенмен техногендік процестер қарқынды әрекет еткен, кез-келген жер көбіне өзінің кейбір ландшафт типтерін сақтап қалады: геология, рельеф, климат және табиғи сулар негізгі ерекшеліктерін сақтап қалады.Мыс:Үлкен қала Москвоның өзі негізгі бейнесін сақтап қалған.

     Табиғи –  техногендік геологиялық жүйені  екі жақтама зерттеп қарастыруға  болады. Себебі, кез- келген антропогендік  жолмен өзгерген жер табиғи  бейнесін де техногендік бейнесін  сақтап қалады.Осы тұрғыдан қарағанда  геоэкологияның негізгі зерттеу  объектісі техникалық жүйе және табиғаттың өзара байланыса отырып дамуын зерттеу болып табылады.Сонымен қатар өнеркәсіптегі транспорттық жүйедегі,елді- мекенндерді, ауыл шаруашылығын зерттегенде инженерлік, агрономиялық, архитектуралық, ғылым- білім жүйелеріне жатады.

2.Урбанизацияның геоэкологиялық  аспектілері.

Дүние жүзінде бірден-бір маңызды проблеманың бірі- урбанизация немесе қала халқының және қалалардың жылдам өсуі.Бұл процесс геоэкологияның ғаламдық өзгеруіне әсер етуші факторларының бірі.1996 ж. Әлем халқының саны 2,64 млрд немесе жалпы халықтың 46% . Дүние жүзі халқының өсуі 1990-1995 жж 2,5% жылына жетті. Ауылдаға, селолық жердегі халық саны 0,8% көбейген жоқ. Дамушы елдердің халқының есебінен жыл сайын, қала халқы 150 мың адамға көбейіп отырады.Қала халқының өсуіндегі негізгі себептер:1) селолы жерден қалаларға халықтың қоныстануы.Басқа елдерден де келіп толығып жатады.2)Баланың туылу деңгейінің жоғарылығы, өлім деңгейінің төмендігі.

      Осыдан 25-70 жыл бұрын қала халқының саны,яғни, 1975 ж. Дүние жүзі халқының 1/3 бөлігі  қалады.Ал 2025ж. Қала халқының саны  әлем халқының 2/3 бөлігін алады.

     Дамыған елдерде  қала халқының өсуі, үлес салмағы  осыдан 100 жыыл бұрын біліне бастады.Ал  соңғы 50 жыл ішінде 1975-2025ж. Қала халқының  өсуі мұнда айтарлықтай болмайды..Себебі олар дамудың ең жоғарға сатысына жетеді.Африка және Азия 1/3 бөлігі ғана қазіргі уақытта қалаларда тұрады, ал 2025 жылдан кеін халықтың  50% қалаларда тұратын болады.Село халқының  саны тұрақтанады немесе азаяды.Қаланың  үлкеюі, селоның азаюы, барлық компонентте байқалады.Ірі қалалар-  мегаполистер байқалады.Әр елде қала халқының саны әр түрлі, күшті өзгерістерге ұшырайды. Дамушы елдерде, бұл көрсеткіш өте төмен 5% мөлшерде.Мыс:Буркино-Роса, Мазомбик,Непал,Афганстан.

Информация о работе Литосфера