Литосфера

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2014 в 11:37, лекция

Краткое описание

1.Литосфера және Жердің құрылысы
2.Заттардың үлкен айналымы және ондағы адамның рөлі
3.Қолайсыз (жағымсыз) экзогендік құбылыстарға адамның шаруашылық әрекеті

Прикрепленные файлы: 1 файл

лекция (Автосохраненный).docx

— 80.71 Кб (Скачать документ)

Россия және СССР-ң бұрынғы елдерінде 4 мың ірі су қоймасы бар, көлемі 1 млн м3, яғни барлық өзен суларының 1200 км3 суы регулировие жасалынған, ол 25% өзен суы.

 Плотиналар бөгеттер  яғни- су қоймасы, суландыру жүйесімен, гидроэлектрстанциялар бар және  щлюздері барлары, сол елдің стратегиялық  дамуында маңызды роль атқарады.Бірақ  тропикалық белдеулерде және  ылғалды экваторлық ормандарда  өзен суларын регулировие жасау, қосымша геоэкологиялық проблеманы  туындатып отыр.Өзен суын бөгеу, судың ағысының төмендеуі, су  массасының көбеюі әр түрлі  аурулар мен өлім деңгейін  арттырады.

                           2,3Өзен ағыстарын переброска жасау.

Белгілі бір территорияда су жүйесі, яғни өзен суларын жеткілікті мөлшерде болса да, өзен ағысының белгілі бір бөлігін  су деңгейі төмен аймақтарға беру жүйесі қарастырылады, әлемде ірі көлемді су жүйелерін  суы тапшы жерлерге беру жылына 0,5-1 км3 өсті.ХХғ басында бұл көрсеткіш 10 км3 болды.Суды беру көп мемлекеттерде қарастырылған. Бұрынғы СССР-да ірі су жүйелерінің бірі Қарақұм каналы ол өзінің суын Амудария өзенінен алады.Жылына 10 км3 ауыл шаруашылығын суаруға су алады.

Өзен ағыстарын переброска жасау, геоэкологиялық тұрғыда сараптай қарағанда пайдалы жағы да болады, сол жердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда ерекше орын алады.Бірақ мыс:Амудария өзенін бұзу арқылы Үлкен Қарақұм каналы салынып,Түркменстан мемлекетінің халқын тұщы сумен қамтамасыз етіп отыр.Бірақ космостан алынған түсірулер бойынша Қарақұм шөлінде орналасқан Қарақұм каналы сол жердің құмды алқаптарының шамадан мөлшерден тыс тұздануына әсерін тигізуде. Булану жоғары тұздану да судың көп мөлшері булануға кетіп отыр.

              Арал теңізі негізгі  толып отыруына әсерін тигізетін өзен Амудария.Қазіргі уақытта Амудариядан Арал теңізіне су өте аз мөлшерде келіп, теңіздің тартылуына және сол жердің ландшафт өзгеруіне әкелуде.

                Суды қолдануды басқару және су шаруашылығы балансы.

Су шаруашылығында суды тиімді пайдалану дегеніміз – суға деген қажеттілікті өтей отырып6 суды тиімді пайдалану ,қоршаған ортаға залал тигізбеу.Осы нәтижеге жетудің екі жолы бар.

1)Су беруді көбейту, мыс: бөгеттер салу, жер асты суларын, көлдер суларын, мұздықтар суларын  пайдалану, әрине бұндай жолмен су көздерін пайдалану, соңы не болады деп ойлап барып жасалыну керек.

2)Суды ешқандай бөгеттерсіз, үнемдеп, тиімді пайдалану.

      Дүние жүзі суды көп қолданатын жүйе, суландыру жүйесі болып табылады.Шығындалған судың 65% ауыл шаруашылығын суландыруға кетеді.Ал аридті зоналарда бұл көрсеткіш 98% алады.Мыс: Египетте ауыл шаруашылығын суару барысында, суды көптеген пайдалану, өте тиімсіз.Әрине бұл сулардың біраз бөлігі жер асты суларын толықтырады, немесе жер беті суларына қайта қосылады..

        Ал өнеркәсіп орындарында суды пайдалану 25% алады.Су көздері жеткілікті және ылғал мөлшері жеткілікті,Англия,Франция,Германия секілді мемлекеттерде су өнеркәсіп орындарында 71-87% көптеп колданылады.Қала халқы судың 10%қолданады. Яғни құрылыста және экспедициялық жұмыстарда суды қолдану өте қымбатқа түседі.Дамушы елдердің үлкен қалаларында Манила (Филлипин)-55-65% , Джокарта (Индонезия)-50%,Мехико (Мексика)-50%,Каир -47%,Бангок (Тайланд)- 32% суды қолдануда.

                2,4.Әлемнің ағынсыз облысындағы геоэкологиялық ерекшеліктер.

Әлемнің су көздері гидрологиялық режимі 3 топқа бөлінеді:

1)Әлемдік мұхитқа шығатың  су көздері

2)Мұхиттарға ағып шықпайтын, ішкі ағындағы су көздері;

3)Ағынсыз облыстар.

Соңғы 2 категориясы әлемнің құрлық суларының ¼ бөлігін қамтиды.35 млн км2 жерді алады.Бұлар ірі территорияны алып жатыр Каспий,Аарл теңізі,Лабкор, Тау көлдері бассейндері алып жатыр.Ағынсыз су көздері негізінен алғанда оридті аудандарда, су көздерінің булануы жоғары жерлерде болады.Ағынсыз (ұлы мұхиттарға қосыомайтын) су көздері оридті зонада орналасқандықтан, халық шаруашылығына көптеп қолданады және олардың біразының жағдайы апатты жағдайда.Мыс:Арал теңізі.Арал теңізінің тартылуынан балық түрлері жойылды, бағалы  балықтар жойылды. Балықпен бірге , балық шаруашылығы да жойылунан адамдар жқмыс орнынан айырылды..Теңіз түбінде тұзды шөл қалыптасты, әрбір гектарына 500кг келетін тұз жиналады. Сырдария мен Амударияның дельталарында (атырауында) орналасқан жайылымның орман экосистемасы, шамадан тыс тұзданудан деградацияға ұшырады.Өзендердің төменгі ағыстарында судың тұздылығы метріне 1,5-2 гр келеді.Арал маңы тұрғындарының соңғы 20 жыл ішінде аурудың түрі 20 есе көбейді.Қарақалпақстанда рак ауруымен ауыратын адамдар саны 7 есеге өсті.Анемиямен жергілікті тұрғындардың 90% ауырады.Каспий теңізі бірнеше мемлекетің иелігінде , мұнайды, газды көптеп игеру болашақта өлі, лас су көздеріне айналады деген болжам бар.Бұл аймақтың климатының өзгеруіне әкеледі.

                3.Дүние жүзілік мұхит.Адамның шаруашылық әрекеті.

3,1.Мұхиттар мен теңіздердің  негізгі геоэкологиялық ерекшеліктері.

Әлемдік мұхиттардың негізгі ерекшеліктері-оның үлкен территорияны алып жатуы. Дүние жүзілік мұхит жер планетасының 71%,яғни 361 млн км2алып жатыр.

           Күн радиациясының түсетін 10%  ғана  өз бойына жұтылып, мұхит суларының беткі бөлігін жылытуға кетеді, қалған 90% булануға кетеді. Мұхит суының булануы, ғаламдық гидрологиялық айналымына қатысатын маңызды компонент,көз болып табылады.

             Дүние жүзілік мұхиттың гидросферада массасы 94% құрайды.Ұлы мұхиттардың суы 3 мың жылда  бір рет жаңарады.Мұхит суларының 200 м дейінгі жоғарғы бөлігінде жылу алмасу балансы қарқынды жүреді.Ол ауа райының қалыптасуында маңызды роль атқарады.Мұхит суларының беткі бөліктерінде желдің әрекетінен, мұхит суының айналымы жүреді.Мұхит суының циркуляциясы, экватордан полюске қарай жүріп отырады.Мұхит суының орташа тұздылығы 1 млрд да 37% (35 г/л) кеңістікке байланысты тұздылығы өзгеріп отырады, бірақ химиялық құрамы өзгеріссіз болады.Барлық дүние жүзілік мұхиттардың массаларының орташа температурасы 40С

            3,2.Мұхиттардағы  және теңіздердегі адамдардың шаруашылыұ әрекеті.

Ұлы мұхиттарға адамның шаруашылық әрекеті әртүрлі.Негізінен алғанда үлкен көлемді жүк тасу, мұнай және т.б. Әлемдік мұхит толық және көптеген биологиялық ресурстардың көзі: болып саналады.

Теңіздердің гидрологиялық режиміне адамның әрекеті.

1.Теңізге құятын өзендердің  суын қолдану, теңіз суының гидрологиялық  әсерін тигізеді.Өзен бассейіндерінде: егістік салу, құрылыс жүргізу, орманды  кесу, пестицидтер қолдану, суландыру  жүйелерінің құрылысын салу,адамның  қарқынды әрекеті суландырудың  режиміне әсерін тигізеді.Осындай  адамның шаруашылық әрекетінен теңіз суының деңгейі төмендейді және тұздылық мөлшері артады:Аарал. Азов,Сан-Франциско шығанағы, Жағалық белдеулерде жерді қолдану-т мұхит пен құрлықтың шекараларында жерді шаруашылыққа пайдалану жоғары деңгейде.Онда порттар,өнеркәсіп орындары, елді-мекендер тұратын кварталдар тығыз орналасады. Осы территорияда өзендер арқылы көптеген лас заттар мұхиттарға барып құйылады.

             Рекреация – жағалау белдеулерінде жерді қолдануы негізгі конкурент болып табылады.Теңіз жағалауларында әлемде демалатын адамдардың  жартысына жуығы осы теңіз жағалауларына келеді, 2025 ж бұл көрсеткіш екі есеге артады. Деген болжам бар.Тек қана Жерорта теңізінің жағалауларында жылына 110 млн турист демалады. Демалушылардың жағалау бойындағы табиғат әлемін ластауға, деградацияға ұшырауына негізгі әсер етуші фактор болып табылады.

           Теңіздердің  лас сулармен ластануы. Негізгі ластаушылар:микроорганизмдер, органикалық заттар,мауыр металдар, мұнай өнімдері, ластанған өзен сулары арқылы келіп теңіздерге құйылады.Осыдан келіп инфекциялықаурулар, оттегініңт жетіспеушілігі, химиялық затармен улану байқалады.

Теңіздерге лас қалдықтардың, заттардың төгілуі, құйылуы: Өзеннің жағалауларында, құяр сағасында орналасқан порттар  ластану дәрежесі жоғары:Нева, Екатериновка атырауларының құмдары әрбір тоннасына 40 кг келетін қорғасынмен ластанған. Сондықтан өзенге түсетін қалдықтарды тазартып отыру қажет.Әсіресе, өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар өте зиянды.Әсіресе су көздеріне пластик шөлмектерді тастау өте жоғарғы деңгейде болып отыр.Мұхиттардыңөзінде бұл құбылыс көп кездеседі.Улы заттарды тасымалдау- мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау су көздерінің ластануының  негізгі көзі болып отыр.Жерорта, Қара, Балтық, Қызыл, Персид және Адел шығанақтарына улы заттар  тастауға заң тұрғысында қатаң тиым салынған. Көптеген жерлерде мұнай тасымалдайтын  танкерлер жуу, тазалау тиым салынған. Ең ірі катострофикалық жағдай, танкерлердің апатқа ұшырауы.Мыс:1987 ж Франция жағалауларында «Амоно Кадис» танкері батып кетеді, нәтижесінде 220 мың тонна мұнай мұхит суына төгіледі. 1987 ж үлкен штром кезінде Ресейдің «Находка» деген мұнай таситын танкер апатқа ұшырап 5 мың т мазут төгіліп,Жапонияның Хонсю аралының көп бөлігін ластады.Қазіргі уақытта халықаралық ,яғни теңіздермен мұхит суларын қорғау жөніндегі келісімдер бар.

Биологиялық емес теңіз ресурстарын пайдалану.Теңіздердегі  мұнай қоры, жалпы қордың жартысы осында орналасқан. 1990 ж көрсеткіш бойынша теңіз жағалауында орналасқан мұнай қоры 13 млн км2 болды, мұнай мен газ кен орындарының саны 700 астам болды. Келесі биологиялық емес өнім құрылысқа құм және гравий алу.Сонымен қатар темір- марганец конкрециялары алдынады.Мұхиттардан- энергия көзін алу да тиімді болып саналады, бірақ әлі де болса дұрыс энергия алу технологиясы табылмай отыр.Теңіздердің биологиялық ресурстарын пайдалану.Адамның тамақтануына негізгі көзі- балық, қолданылатын ақ уыздық (белоктың) 20% осы балықтардың үлесіне тиеді. Бірқатар елдерде балықты көп қолданады: Жапонияда жылына адам басына шаққанда 69кг балық өнімін қолданады.Оңтүстік Корея – 51 кг(1 адам жылына),Филипинде-34кг

Соңғы 10 жылдықтарда балық аулау өсті. 1950 ж- 22 млн т болса, 1989ж-100млн тжетті.Жан басына шаққанда 1950 ж 9 кг балықтан келсе, 1989 ж 19 кг келді.

      3,3.Ішкі теңіздерде және теңіз жағалауларындағы геоэкологиялық проблемалар.

Теңіз жағалаулары Жер бетіндегі антропогендік өзгеріске көп ұшыраған бөлігіне жатады. Теңіздің жағалық зоналары негізінен мынадай ерекшеліктермен ерекшеленеді, экосферадағы маңызы:

-әлем халқының 60% өмір сүреді.

- жер бетінің 18% алып жатыр.

-қалалардың 2/3, янғи 1,6 млрд  адам тұрады.

-дүние жүзінде ауланатын  балықтың 90%  береді.

Жағалау зоналары әлем мұхитының 8% ауданын алады және оның 0,5% көлемін құрайды.Биологиялық өнімнің 18-33% осы мұхиттардың үлесіне тиеді.Жағалық зоналары ластанған заттармен қоса 75-90% ағынды жұтып отырады. Әлемнің жұмсақ шөгінді жыныстарының 90 % шөгіп отырады.Сонымен қатар 80% органикалық заттар жиналады. Осы жағалау зоналарында , яғни әлемдік мұхит деңгейі 2100 жыл шамамен 20-86 см көтеріледі немесе орташа 50 см көтеріледі деген болжам бар.Егер су деңгейі осылайша көтеріле беретін болса, жағалаудағы орналасқан құмды алқаптар толығымен шайылып кетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып:             Топырақ және жер ресурстарын пайдаланудағы геоэкологиялық

                                                                проблемалар.

1.Топырақ (педосфера) қабатының  негізгі функциялары.

2.Топырақтың антропогендік  жолмен деградацияға ұшы табиғирауы.

Педосфера- грек тілінде педон- топырақ.

               Топырақ қабаты- құрлықта ғана қалыптасады. Құрлықта оның рөлі ерекше.Топырақ- көп компоненті, тұтас табиғи жолмен түзіледі.Топырақ-экосфераның төрт геосферасы. Литосфера,гидросфера,атмосфера,биосфера қабаттарының өзара байланысынан пайда болады.

В.А.Ковдоның берген анықтамасы бойынша топырақ қабатының негізгі функциялары:

- Биоэкологиялық( тірі организмдердің  дамуына жағдай туғызатын қабат)

-Биоэнергетикалық ( топырақ  қабатының жылуымен, биомассаның  пайда болуы)

-Азот және ақ уыздың (белок) түзілуіне жағдай жасалынады.

-Негізгі химиялық элементтердің  ғаламдық биогеохимиялық циклінің  қарқынды жүрді.

-Үгілу процесінің жүруі.

-Гидрологиялық қызмет (геосфералардың  өзара су айналымының осы қабатта  жүруі)

Метеорологиялық қызмет (атмосфераның рпежимі және құрамының қалыптасуына маңызды роль атқарады).

          Зерттеу бойынша дүние жүзі бойынша 32,8 млн км2 жер жыртуға жарамды немесе дүние жүзі құрлығының  22%  жыртуға жарамды жерлер.Соның 3% жоғары өнім беретін топырақтар. Жер беті топырағының 28%- құрғақ топырақ; 23%- минералдық құрамы шектеулі; 22% - топырақ тығыздығы төмен;10%- ылғалы шамадан тыс жерлер;

6%- мәңгілік тоң басқан  жерлер.

                  2.Топырақ антропогендік жолмен деградацияға ұшырауы.

Табиғи жолмен топырақ  деградацияға ұшырауы, антропогендік жолмен салыстырғанда әлдеқайда төмен болады.Мыс: егістңктерде адам әрекетінен су эрозиясының болуы табиғи жолмен болатын эрозиялармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

       Қорыта  айтқанда, топырақ негізінен алғанда  қайта қалпына келетін табиғи  ресурс, бірақ антропогендік процестің  қарқынды болуы, топырақ табиғи  жолмен қайта қалпына келе  алмауы, топырақ қабатын қайта  қалпына келмейтін ресурстарға  жатқызуға болады.

       Топырақ  қабатының деградацияға ұшырауы  дегеніміз- топырақ көптеген өзінің  табиғи ерекшелігін жояды, топырақ  қабатының қара шіріндісі жойылады, халық шаруашылығы тиімді бағалы  құндылығын жоғалтады.Топырақ қабатының  деградацияға  ұшырауы жергілікті  жердің мәселесі- бірақ болашақта, ғаламдық проблемаға айналуы.Себебі, топырақ әлем халқын тамақпен қамтамсыз ететін маңызды көз болып саналады.1990 ж халықаралық ұйым ЮНЕП-топырақ қабатына сипаттама берілді.Берілген мәлімет бойынша – халық өз қоныстанған бо-сальды.Ормандар және шөлдерің топырақ қабаты антропогендік деградацияға ұшыраған. ЮНЕП-ң бағалауы бойынша дүние жүзі жер бетінің, ауыл шаруашылығы қолданылатын жерлерінің 15%  деградацияға ұшыраған.

      Топырақ  қабатының деградацияға ұшырау  себептері антропогендік жолмен  жолмен болып отыр. Су және  жел эрозиясы- топырақ қабатының 84% деградацияға ұшырауына әсерін тигізеді.Әлем топырақ қабатының деградацияға ұшыраған жерлердің дәрежесі:

-су эрозиясына ұшырау-8%

-жел эрозиясы-4%

-химиялық деградация (тұздану,қышқылдану, ластану)-2%

Информация о работе Литосфера