Экологиялық білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.

Содержание

І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық білім.doc

— 397.00 Кб (Скачать документ)

Жорыққа шыққанда қандай азық - түлік алып шығу көректігіне тоқталайық.

Нан. Жорыққа қара нан алып шыққан абзал және оны үш күннөн кейін жеуге болмайды. Мұндай кезде нанның орнын кептірілген нанмен алмастыруға болады.

Жарма. Туристік жорыққа қарақұмық және сұлы жармасып алып шығуға болады. өйткені олар өте құнарлы жармалар болып табылады. Сонымен қатар күріш және ұнтақ жармасын да алып шыққан дұрыс. Жорық кезінде асбұршақ жармасын қолданып ас әзірлеген жақсы. Асбұршақ құрамындағы ақуыз мөлшері еттікінен кем емес. Асбұршақ кенеулі заттарға бай келеді.

Ет. Етті негізінен  бұқтырма түрінде алып шығу керек. Сиыр етінен жасалған бұқтырманы қолданған  жөн. Саяхат кезінде балықты және балықтан жасалған бұқтырманы міндетті түрде алып шығу керек. Біріншіден, балық бұқтырмалары дайын тамақ. Екіншіден, балық құрамында майдың мөлшері аз(10%). Ал үшіншіден балық бұқтырмасының құнарлығын ет алмастыра алмайды және ағзаға екі есе жеңіл сіңіріледі.

Сүт. Саяхатқа шыққанда қоютылған және құрғақ сүтті жиі пайдаланады.

Май. Күнбағыс майын жорық кезінде қолданан дұрыс.

Қант. Саяхат кезінде шекер пайдалану керек.

Бал. Бағалы азық түлік. Оны түнде жеген дұрыс. Көкөністер. Жазғы және күзгі саяхат кезінде оларды табу қиындық келтірмейді.

Шай, кофе, какаоны  метал қорапта тасымалдаған жөн. Таңертең нөгізінен какаоны, түсте - кофені, кешке - шайды ішкен жақсы. Саяха кезінде жеміс киселін міндетті түрде салып шығу керек.

Бұл пунктте  әр топ өздерімен бірге алып шыққан азық - түлікпен ас әзірлейді. Табиғатта жеген ас қандай дәмді сіңімді десеңізші!

Ас дайындау үшін әрине от жағу керек.

От жағудың  бірнеше әдістері бар.

1. Құдық тәрізді жағу. Бұл әдісті ашық күнде қолданады. Жауын-шашын бұлай жаққан отты тез сөндіреді.

2. Конус тәрізді жағу. Бұл әдісті тамақ пісіргенде немесе шай қайнатқанда қолданған жөн.

3.   Жұлдыз тәрізді жағу. Бұл әдіс те тамақ пісіргенде

қолданылады.

4.   Айқастырып жағу. Жаңбырлы күнде тамақ пісіргенде. қолданатын ең.қолайлы әдіс.

5.   Үш бөрене. Бұл әдісті жылыну үшін түнде қолданған жөн. Оқушылардың пісірген тамақтарының дәміне, сапасына қазған ошақтары мен жаққан оттарының барлығына баға беріледі.

Қорытынды

Табиғат - адам тәрбиешісі. Адам - адам болып туып адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар ролі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануаралар дүниесі, өсімдіктер әлемі, өзен-сай, биік таулар, сағым тербеген сары дала, бәрі-бәрі адамдардың ойына-сана, денесіне - қуат, бойына - күш, өнеріне шабыт, көңіліне қанат бөреді.

Ертө замандардан  бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып көлді. Табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз да сондықтан.

Қазіргі кезде  адам табиғат байлықтарын өз керегінше  алып, пайдаға заратып қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Біздің көбіміз күнделікті тіршілікпен жүріп, өзіміздің айнала қоршаған ортаның күн санап жұтаң тартып, өзінің бірте-бірте табиғи кейпінен айырылып бара жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда  біздің ғаламшарымызды келешекте адам өмір сүруге жарайтын күйде сақтап қалудың негізгі бір-ақ жолы қалды. Ол - бүкіл халыққа экологиялық білім беру мен оларды табиғат қорғауға тәрбиелеу. Соның арқасында әрбір азамат өзі тұратын өлкенің өлі және тірі табиғатын ластап - улануына, қорының ысырап болып, шашылып - төгілуіне, көркемдігінің тапталуына саналы түрде іс жүзінде қарсы тұруға үлес қоса алады.

Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге табиғи тірек болып тұрған - болмыс, әлем, бар дүние. Адам баласы өмірінің, материалдық және рухани тіршілігінің бір-ақ табиғи тірегі бар. Ол - табиғат. Табиғатсыз адам жоқ. Онсыз адам жайлы сөз етуге болмайды.

Ал табиғат  адам өмірінің барлық қажетін толық  өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен ластанып, уланбаған болуы тиіс.

Ғалымдардың зерттеу  жұмыстары табиғат адам баласының  барлық материалдық және рухани қажетін тек таза болса ғана, адам баласының қолымен ластанып - уланбағанда ғана атқара алатындығын көрсетіп отыр. өз қолымызбен ластанып уланған табиғатты өзіміз пайдалануымыз - біздің сорымз. Ол бізге жазылмас ауру, айықпас дерт әкеледі.

Табиғаттың  мол қазынасын парықсыз шашып-төгетін - адам, адам-құрайтын қоғам. Сондықтан  қазір адамзат алдында тұрған көкейкесті мәселенің бірі - туған  табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.

Қазіргі оқыту  бағдарламалары экологиялық білім  беруді дамыту педагогика ғылымының басым бағыты екенін көрсетіп отыр. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда биология ғылымының зор мүмкіндіктері бар, себебі биология ғаламшардағы сирек тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, тірі табиғатты қорғауға шақырады.

Туған жер - алтын  бесік, сая бағым,

Тау-тасыңды, топырағыңды  аялаймын.

Орманың жасыл  желек, гүлді алқап,

Табиғат береріңді аямадың!

Көліңе сән  береді аққу жүзіп,

Өзенің сарқырайды тауды бұзып,

Жан-жануар түрі мол аумағында 

Тамсанамын, қараймын көзді сүзіп.

Мендегі табиғаттың бөлшегімен,

Табиғаттың  берерін өлшеді кім?

Таусылмас түпсіз терең мұхит па ол?

Ойланатын кез  келді, достым бүгін!

Табиғатты ұқсатып, мәпелейік!

Барды сақтап, мәртебе  әперейік!

Келер ұрпақ  мәз болып ісімізге,

Жалғастырсын  күш қосып күшімізге!

Табиғатты қорғайық, аянбайық!

Барды-жоқты  пайымдап баяндайық!

Болашақта қызығын  көру үшін

Қатысса деп  ойлаймыз барша халық!

Қорыта айтқанда, экологиялық білім мен тәрбие беруде сыныптан тыс орындалатын  туристік жарыс - оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастырып, табиғатты  сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше жүргізу икем дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мен мәселе көтеру дағдыларын дамытады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Арбит А.Е. Луговьер Д.А.

Фотография  и киносьемка в путешествий.-м., 1988

2.  Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995.

3.  Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З. Экология. - Алматы, 2001.

4.  Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.

5. Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.

6.   Брем Альфред Птицы.-М.,1999.

7.  Верзилин Н.М, Корсунская В.М.

Общая методика преподавания биологий.-М., 1983.

8.  Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003.

9.  Вуколов В.Н.

  Основы төхники и тактики активных видов туризма.-Алматы, 1996.

10.  Грин Н., Стаут У.

Биология в 3-хтомах,-М.,1990.

11. Гировка Н.Н.

Туристско-рекреационные  ресурсы Семиречья и опасные  экзогенные процессы. - Алматы, 1996.

12. Жатқанбаев Ж.Ж.

Экология негіздері. - Алматы, 1989.

13.  Зверев И.Д., Мягкова А.Н.

Общая методика прөподавания.-Алматы, 1998.

14. Ердавлетов С.Р.

Казахстан туристский.-Алматы, 1989.

15.   Кабушкин Н.И.

 Менеджменттуризма.-Минск, 2001.

16. Ковшар А.Ф

Мир птиц Казахстана.-Алматы, 1988.

17.   Қалиүлы Б.

Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 1993.

18.   Қайым Қ.

Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.

19.  Қайым Қ.

Жануартану.-Алматы, 2001.

20.    Қасымбекова Т

Тіршіліктану.-Алматы, 1993.

21.  Қуанышова С.Е.

Өсімдіктану пәнінен  табиғатта өткізілетін танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000.

22.  Қуанышова С.Е.

Халықтық педагогика элөменттерін биология сабақтарында қолдану. -ОҚМУ, 2000.

23.  Қуанышова. С.Е.

Биологияны  оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003.

24.  Остапенко В.А.

Птицы и звөри  в вашөм домө.-М.,1992.

25.  Терещук В.А. Спутниктуриста.-Алматы,1997.

26.   Шілдебаөв Ж.Б. Қызықты экология.-2000.


Информация о работе Экологиялық білім