Экологиялық білім

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 21:56, дипломная работа

Краткое описание

Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.

Содержание

І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Экологиялық білім.doc

— 397.00 Кб (Скачать документ)

3.Болжам жасау қағидасы - ұрпақтар санасына болашақ туралы ой салып адамзаттың даму жолдары туралы биолгиялық әр тіршілікті, генетикалық қорды, адам популяциясын сақтау жолдарын болжауға, негіздөуге ұмтылдыру.

4.Жалғастық қағидасы - экологиялық білім беру толассыз жүруі тиіс. Білім беру мектепке дейін де, мектептен кейін де үзіліссіз жүруі керек. Білім деңгейі әрдайым жоғарылап, тереңдеуі тиіс.

5.Жүйелендіру қағидасы - экологиялық білімді көтерудің жүйелі түрде жүруін әр түрлі тәсілдерді жан - жақты қолдана отырып, ұйымдастыру үлгісін әрдайым жетілдіре беру керек.

Бүгінгі таңда  педагогика ғылымының салалары экологиялық  білім мен тәрбиенің ғылыми негіздерін, ұстанымдары мен міндеттерін  толық анықтауға ұмтылуда. Мектептегі экологиялық білім беру әдістемелік  және теориялық тұрғыдан зерттелуде.

Экологиялық білім  мен тәрбие беруді барлық пәндердің  нақтылы мазмұнына сүйене отырып жүргізу мүмкіндіктерін зерттеу - басты  мәселе. Ал, пәндерді экологияландыруда  оқушыларға табиғат жайлы білім  негіздерін беріп қана қоймай, әр пәннің оқушыларды қоршаған ортасын сүюге баулудағы тәрбиелік орнын, қуатын аша отырып оқыту, сол арқылы оқушының дүние танымын, эстетикалық сезімін, мейірімділік, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін дамытуға, яғни қоршаған ортасына қиянат жасамауға, оның заңдылықтарын ескере отырып, жаңартуға, қорғауға атсалысуына басты назар аударылады.

Табиғатқа адамзат  әрекетінің күшеюі экологиялық мәселөні туындатуда. Ал оған теорияның және іс жүзінде мән берілуі - табиғат  пен практиканы дамытудың қажеттілігі  керек. Жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажет. Бірақ қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалуда. Сол себепті экологиялық сауатты, тәрбиелі жастарды дайындауды толықтай қамтамасыз ете алмай отыр. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше, мұндай жағдайлардың туындалуындағы басты себептердің бірі - гуманитарлық циклді пәндер мазмұнында әлеуметтік экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі. Сондай-ақ экологиялық мазмұндағы гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен байланыстылығының болмауы деп түсіндіріледі.

Экологиялық білім  беру мен тәрбиелеу мәселөсінің  қандай да болмасын бір ғана мектеп пәні арқалы шешілуі мүмкін еместігі айқын. Шын мәнінде қоршаған ортаны қорғау идеяларының мазмұнын ашатын бірдө-бір пән жоқ. Мектептегі экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұны болуының мүмкіндігі оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастыруын, зөрттелуін қажет етеді.

Қазіргі заман  талабына сай мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:

І.Оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.

2.Экологиялық  тәрбиені пәнаралық байланыстар  негізінде іске асыру.

З.Оқу курстарының жүйесі мен өзіндік құрылымы, оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін басшылыққа алу.

4. оқулықтағы  экологиялық сипаты бар материалды  іріктей білу.

Оқушылардың экологиялық  тәрбиесін бағалауда іс - тәжірибеде қолданылып жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:

1.  Адамзаттық - патриоттық себеп (мотив) - табиғат байлығын байыта  түсуге  ынталануы,  табиғатты  қорғауды  қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.

2.   Эстетикалық себеп - табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш алуы.

3.   Гуманистік себеп - оқушылардың іс - әрекеттері мен қылықтарында барлық тіршілікті қорғауға ынталандыруы, жақсылық жасау, жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.

4.   Ғылыми - танымдық себеп - табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.

5.    Экономикалық  себеп  -практикалық  себеп  -  табиғи ресурстарды адамның тұрмыс тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.

6.   Гигиеналық себеп - табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну және зиян келтірмеуге тырысу.

Экологиялық білім  беру қажеттілігі "адам - қоғам - табиғат" жүйесіндегі өзара әсерлесудің  диалектикалық сипатынан туындайды. Қоғам мен табиғат арасынадғы күрделі қатынаста адамды, табиғатты  өзгертіп әсер етуші субъект әрі  сол іс-әрекетінің жағымды және жағымсыз нәтижелері өзіне қайта айналып сағатын объект ретінде қарастыру қажет. Осы екі жоқтылық пен қайшылықтың дүниеге ғылыми экологиялық, көзқарас қалыптастырудағы маңызы зор. Қазіргі кезде адамзат алдында тұрған экологиялық проблемалардың жинақталған  түрі  1-кестеде  келтірілді.  Кестеде  келтірілген мәселелерді әлемдік деңгейде тиімді шешу антропогендік фактордың жағымсыз әсерін азайтады, жағымды жақтарын молайтады. Кестеден экологиялық білім мен тәрбие беру экологиялық проблөмаларды шешудің бір жолы екені көрінеді.

Экологиялық білім  мен тәрбие мына бөліктерден тұрады:

а) адам мен табиғаттың бір- біріне әсері жөнідегі білім;

ә) жасөспірімде  экологиялық  құндылықтар  жөнінде  білім қалыптастыру;

б) экологиялық этика қалыптастыру;

в) табиғатты білу мен қорғаудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;   

Экологиялық білім мазмұнының құрам бөліктері бір пәннің тіпті бір мектептің деңгейінде қалыптасуы мүмкін емес. Қазіргі кездегі педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде экологиялық білім берудің мынадай ұстанымдары айқындалған.

1. Экологиялық білімді  пән аралық байланысты жүзеге  асыра отырып беру. Мұның әдістемелік негізі "адам - қоғам - табиғат" жүйесінің бірлігінде,  жаратылыстану,  қоғамдық  және  техникалық ғылымдардың бір - бірімен байланыстылығында жатыр.

Экологиялық білім беруде осы ғылымдардың бәрінің қолы жеткен жетістіктері іске жаратылады. Бұған қарағанда пән аралық байланысты жүзеге асыратын экологиялық көзқарас мектепте оқылатын барлық пәндердің басын біріктіретін жинақтаушы идея ретінде қызмет атқаруы тиіс. Осы кезге дейін жек дара жүргізіліп, әр пән өз қазанында қайнап олардың бәрін біріктіретін жетекші идеяның болағаны белгілі. Ендігі жерде жеке пәндерді экологияландыра оқыту мен тәрбие беру үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ету керек.

2.  Экологиялық  білім  беруде  жүйелілік  және  үздіксіздік ұстанымдарын қолдану. Мұның мәнісі тәрбие беру адам дүниеге келген күнінен отбасында басталып, бүкір ғұмыры бойында жалғасын табуы тиіс. Ол үшін жүйелілік тәсілін қолдана отырып, әр буында берілетін экологиялық білім мен тәрбиенің маңызы, тиімді әдістері мен ұйымдастыру формалары анықталады.

3. Оқушылардың табиғатты танып білу, сақтау және жақсарту бағытындағы ақыл-ой және сезім-ерік әрекеттерінің бірлігін, үйлесімділігін қамтамасыз ету. Мұның өзі экологиялық сана және мәдениет қалыптастыру мен тығыз байланысты. Табиғаттың тамаша көріністері оқушыда эстетикалық қуаныш, ал бүлінуі аяныш сезімін туғызып, нақтылы іс-әрекеттерге итермелейтін күйге жеткізу. /8/

4. Табиғатты сақтау мен көркейтуге байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік және өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын алып көрсетуге байланысты экологиялық мәселелерді әлемдік, жеке елдік өлкелік деңгейде түсінетін дәрежеге жеткізу, оқыту үрдісінде олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Осы ұстанымдарға сәйкес экологиялық білім берудің бағыттары мен үлгілері қалыптасып келеді:

1.Оқушыларда  экологиялық ғылыми көзқарас  қалыптастыру. Ол үшін  адам  мен  табиғат  арасынадағы  қатынастардың философиялық проблемаларына көңіл аудару.

2.  Айналадғы ортаға байланысты жек аймақтарда және салаларда жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижелерін экологиялық білім беруге пайдалану.

3. Жеке пәндерден берілетін ғылым негізін экологиялық материалдармен толықтырды.

4.  Орта мектепте экологиядан жүйелі білім беретін арнайы пән енгізу.

5.  Экология мен басқа ғылымдардың негіздерін біріктіріп оқытатын міндетті, арнайы және факультативті курстар жасау.

Экологиялық  білім  берудің  құрамы  ұстанымдары  және бағыттарынан мынадай міндеттер туындайды.

• Экология ғылымының негізін құрайтын деректерді, ұғымдарды,  заңдар  мен  заңдылықтарды,  жетекші идеяларды игеру;

• Экологияға байланысты практикалық білімді, біліктерді және дағдыларды үйрену, оларды күнделікті өмірде табиғатты қорғауға қолдана білу, өзінің іс-әрөкетінің табиғатқа тигізетін әсерінің салдарын алдын-ала болжай білу;

•   Табиғат және оның байлығы туралы құндылықтарды нақты білу, қадірлеу және қастерлеу;

• Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндетөрді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру, немқұрайлыққа қарсы күресе білу;

• Айналадағы ортаны жақсарту іс-әрекетінің барлық түрлеріне белсене қатынасу, табиғатты қорғау қажеттігін насихаттау;

Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы іске асыруға болады. Ол үшін жүйеге белгілі  бір мазмұн, әдіс оқыту құралдаы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық ұстанымдары енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқу құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс. Бірақ олардың ішіндегі ең басты, шешуші элемент - оқылатын оқулықтың мазмұны. Қазіргі мектептерде экологиялық тәрбие беруге толық мүмкіндіктер болмай отыр. Бұл мәселеге төмендегідей фактілер қиыншылықтар келтіруде:

1. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін пән мұғалымдеріне қажетті ұсыныс, бағдарламалардың жеткіліксіздігі.

2. Арнайы әдістемелік нұсқаулардың болмауы.

3. Сабақтағы экологиялық материалдардың көпшілік жағдайы сыныптан және мектептен тыс жұмыстармен байланыстың жетімсіздігі.

Оқушыларға  экологиялық білім мен тәрбие беруде өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру жүйесінде оқушыларды экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше.

1.2. Экологиялық  білім беру мақсатында сыныптан  тыс орындалатын жұмыстар.

Биологиядан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар, оқушылардың  өз қалауы мен еркі, мұғалімнің жетекшілігімен, олардың танымдық қызықшылығын белсендіріп, анықтау және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту барысында жүргізілетін іс-шаралар мен оқытудың бір формасы болып табылады.

Сыныптан тыс  орындалатын жұмыстар арқылы, мұғалімнің шығармашылық мүмкіншіліктерімен бірге оқушылардың танымдық белсенділіктері анықталып, тәрбиелеу жұмыстары да жүзеге асады. Сыныптан тыс өткізілетін жұмыстардың барлық түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Оқушылардың жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс жасауға қызығушылығы сабақ үстінде туындайды. Өте қызығатын оқушылар мұғалімнің тапсырмасынан бөлек, өз еріктерімен өте күрделі жұмыстарды да орындайды.

Пәнге қызығушылығы жоғары сынып оқушыларды мұғалім  үйірме жұмыстарына біріктіреді. Үйірме жұмысының немесе топқа біріктірілген оқушылардың жұмысын мұғалім сабақ кезінде ғана емес, көпшілік іс-шараларда да пайдаланып, көпшілікке танымал етеді. Мысалы, кештерде, конференцияларда, көрмелерде т.б. іс-шараларда.

Сыныптан тыс  өткізілетін жұмыстардың барлық түрлерінің принципі - тәрбиелеп оқыту, жүйелі түрде дамыту.

 

Биологиядан орындалатын  сыныптан тыс жұмыстар.

І.Топпен орындалатын  жұмыстар

Жас табиғатшылар үйірмесі.

ІІ.Көпшілікпен  орындалатын жұмыстар

Табиғатта жасалатын  таным-жорықтар мен топсеруендер, Ғылыми конференциялар мен кештер, оқушылардың жасаған жұмыстарының көрмесі. Журналдар, қабырға газеттерін шығару. Кампаниялар: сабан той, Бақ аптасы, құстар күні, Биология аптасы т.б.

ІІІ.Жөкеше

орындалатын жұмыстар

Тірі табиғат  мүйісіндө орындалатын жұмыстар.

Оқу-тәжірибие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Сыныптан тыс оқу. Ғылыми зерттеу жұмыстары.


А) Жас  табиғатшылар үйірмесі.

Биологиядан орындалатын  сыныптан тыс жұмыстардың ішінде, негізгі орынды алатын жас табиғатшылар үйірмесі. Жас табиғатшылар үйірмесінің  негізгі мақсаты - оқушылардың пәнгө  қызығушылығын арттырып, білім деңгейлерін  көтеру, ғылыми көзқарастарын қалыптастыру және бақылау, зерттеу, эксперимент жұмыстарын орындау икемдағдыларын қалыптастыру.

Жас табиғатшылар үйірмесінің жұмысы жүйелі түрде, нақты  құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылар саны тұрақты, өз еріктерімен қатысады.

Мектеп тәжірибесінде әр сыныптарда жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы үйірмелер болады:

•  6-7 сыныптарда "жас ботаниктер" үйірмесі.

•  7-8 сыныптарда "жас физиолог" үйірмесі.

• 10-11 сыныптарда "жас биолог" үйірмесі.

Информация о работе Экологиялық білім