Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2014 в 21:56, дипломная работа
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды.
І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Мазмұны
Кіріспе.
І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері.
1.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми педагогикалық негіздері.
1.2. Экологиялық білім беру мақсатында сыныптан тыс жағдайда орындалатын жұмыстар.
іі- тарау. Туризм - табиғатты тану.
2.1. Туристік саяхат түрлері және оның адам өміріндегі маңызы.
2.2. Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетудегі туристік жарыстың рөлі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қосымшалар.
Кіріспе.
Бүгінгі қоғам алдында, адамзат алдында тұрған негізгі мәселердің бірі-экологиялық мәселелер, табиғатты қорғау және табиғи байлықтарды үнемді пайдалану. Сондықтан Республикада қоршаған ортаны қорғау үкіметіміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік міндеттерінің негізі болып саналады. Қазақстандағы мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру нарықтық экономикалық қатынастар заңдарына сай бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 1968 жылы БҰҰ мен ЮНЕСКО тарапынан адам мен табиғат арасындағы үйлесімді қарым-қатынас мәселесі бойынша, 1970 жылы Стокгольм, Тбилиси және 1992 жылы Рио де Жанейро қалаларында өткен ғылыми практикалық конференцияларында экологиялық білім берудің ғылыми негіздері талқыланды. /3/
Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам -табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Осы теориялық ілім қоршаған ортаның проблемаларын кешенді қарастыруды үйретеді. Арнайы экологиялық білім мөн тәрбие беру ғаламдағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға шақырады. Ол экологиялық білімді жүйелеп меңгеруге кешенді пәнаралық байланыс тәсілін қалыптастырып, қоршаған орта жағдайлары мен олармен өзара тығыз мәселерді біріктіре қарастырудың әдістемесін жасайды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратөгиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды білдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның
қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне
байланысты жалпы экологиялық
Экологиялық білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кездөн басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының экологиялық біілмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдөниетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.
Қазіргі уақытта
жалпы білім беретін
Оқушыларды экологиялық білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың тоөрия жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқолық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз жұмысымда оқушыларды туризмге, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап,
төіңректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін сабақ - туристік жарыстың әдістемесін ұсынып отырмын.
Жұмыстың мақсаты:
Туристік жарыс бағадарламасы бойыншач әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру. Жарыс барысында қошаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау. Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер орындалады:
1.Әдебиеттерге ізденіс, шолу, талдау жасап тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау;
2."Табиғат - ортақ үйіміз" атты туристік жарыс бағдарламасын жасау;
3.Осы бағдарламаны жарыс өтетін мектеп басшыларына таныстырып, олардан рұқсат алу;
4. Жарысқа қатысатын оқушыларды іріктөп алу;
5. Туристік жарыс өткізілетін жерді таңдап алу;
6. Оқушыларды жарысқа апару үшін олармен алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу;
Туристік жарыс өткізу;
І-тарау. Оқушыларға экологиялық білім берудің теориясы мен әдістері
1.1. Экологиялық
білім мен тәрбие берудің
Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабында "Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті" делінген. 1997 жылдың тамыз айынан бастап Республикамызда табиғат қорғау туралы жаңа заң күшіне енді. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді. Ол мынадай тармақтардан тұрады:
I. Республикада халыққа білім беру орындары табиғат жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру.
2. Жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің орта, арнаулы, жоғарғы оқу орындарында олардың біліктілігін арттырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.
3. 64-бапта айтылғандай оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қажетті экологиялық білім мазмұнын ашу үшін, оқу орындарының ұстаған бағдарына қарамастан, барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерінде экологиялық білім негіздерін түрде оқыту.
Қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі - жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мөн тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлөмдік ғылымдар саласында ғылыми - техникалық үрдісі әлдеқашан экология, табиғаттану табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда.
Соңғы кезде экологияны биология ғылымының саласы, бөлімі ретінде емөс, жеке ғылым тұрғысынан да қарастырып жүр.
Сондықтан әртүрлі
экологиялық мәсөлелөрді
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:
"Жаратылыстану
және техникалық пәндер
XIX ғасырдың демократ-ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер ететіндігіне ерөкше мән берді.
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастарының негізі - көшпенді елдің өмірінө, ата-ананың шаруашылығына бейімделгөн егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау көздерін еске ұстап, табиғаттың тепе - теңдігін сақтауға ақыл - кеңестер берген.
Халқымыздың табиғатқа
дегөн сүйіспеншілігі және оның көзінің
қарашығындай сақтап келуі жайында
қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге
Мектөп тәжірибесінде
экологиялық тәрбиенің
Профессор В.Н.Скалон "Гүлденген, бай табиғат - арман емес, бұл шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты. Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыру керек, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын" - деп айтқан.
Жоғарыда айтылып кеткен ұлы ағартушылар мен педагог -ғалымдардың табиғатты қорғау, оған деген жанашырлық сипаттағы наным - сенімдерді қалыптастыру мәселелері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналды. Олар табиғат арқылы жасөспірімдөрдің табиғатты қорғау, аялау, соның барысында ішкі жан сұлулығын дамыту, ізгілікті ұлтжандылық ниеттерін қалыптастыру мақсат міндеттерін көкейкесті мәселе ретінде қоя білді. /6/
Қазіргі уақытта "Экология" деген ұғым, үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми - теориялық негізі. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады. Экологиялық білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау - жалпы білім беру жүйесінің алғы шарты.
Экологиялық білім және тәрбие беруде төмендегі қағидалар басшылыққа алынады:
1. Гуманистік қағида - адамзат қолайлы ортада өмір сүруі тиіс. Ол үшін экологиялық білімді қалыптастыру арқылы рухани ізгілік пен заңдылыққа сүйенетін жер бетіндегі өмірді сақтап қала алатын, экологиялық апаттарды болдырмайтын саналы тұлғаны тәрбиелеу.
2. Ғылыми қағида - білім беру барысында ұстаздардың табиғат пен экожүйенің даму заңдылықтарын терең ұғындыра білуі.